2.8. «Арай» шұжықтарның барлық ассортименттеріне санитарлық және дегустациялық баға беру.
Шұжық өнімдеріне ветеринарлық- санитарлық анализді олардың жоғары сапалығын және өнеркәсіп шығаратын өнімге сай стандартты және техникалық шарттарын тексеру шарттарын тексеру мақсатында жүргізеді. Шұжық өнімдерінің жоғары сапалығы өнімнің сапасына, дайындаудағы техникалық режимдерді сақтау және де сақтаудан реализациялау шарттарына байланысты.Бұл зерттеуден кейін келесі нормативтік- техникалық құжаттандыру (МЕМСТ, техникалық шарттар, техникалық нұсқаулар және т.б.) жүргізіледі. [9].
Технохимиялық анализ шығарылатын өнімдердің әрбір партиясында: рецепт құрамының сақталуын, органолептикалық белгілерін анықтау бойынша жүргізіледі.Зерттеуге әрбір біржақты партиядағы өнімнен үлгі алады, олар қақталған, т.рі, сорты, және аталуы бір, бір сменде шығарылған, бірдей технологиялық өңдеу режимінде жүргізілген өнімдер болуы тиіс. Біржақты партия сыртқы түрін тексергенде әрбір партиядағы шұжық өнімнің 10 пайызына жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеулерде (органолептикалық, химиялық, микробиологиялық) жүргізу үшін келесі үлгілерді алады: қабықшадан және еттен жасалған өнімнен салмаы 2 кг өнімнің екі бірлігін барлық түрінен сынаудан; қабықшадан және еттен жасалған өнімнен салмағы 2 кг- нан аспайтын өнімнің екі бірлігін барлық түрінен сынаудан; қабықшасыз өнімнің үш бірлігін барлық түрінен сынаудан өткен. Алынған бірліктерден барлық салмағы 800-1000 г болатын органолептикалық сынау жүргізу үшін 1 үлгі алады, ал химилық сынауға 400- 500 г- нан кем дегенде 2 үлгі алады, 200- 250 г- ға әр үш бірліктен микробиологиялық зерттеу жүргізеді.
Алынған үлгілерді әрбіреуін бөлек пергаментті қағаздарға қаптайды. Егер зертхана дайындаушы өнеркәсіптен тыс орналасса, онда үлгіні пломбирлейтін немесе печать басылған ыдыстарға (жәшік, пакет, банка) салады. Үлгіге алынған сынаманы актын жапсырады, онда өнеркәсіп аты, өндірілетін өнім, түрі, сорты және өндіру күні, МЕМСТ номері немесе техникалық шарты, яғни шығарылуы, партияның размері, яғни қандай үлгіден алынғаны, партияның сыртқы түрінің қорытындысы, өнімнің зерттеуге жіберілгендегі мақсаты, үлгінің өткізілген орны мен күні, үлгіні таңдаған және тексерген тұлғаның фамилиясы мен дәрежесі. [15].
Достарыңызбен бөлісу: |