Неоклассикалық бағыт ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін билік етті және еркін бәсеке туын көтерді. Дегенмен, 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық күйзеліс еркін бә-секемен қоғамдағы барлық әлеуметтік-экономикалық мәселе-лерді шешу мүмкін емес екенін көрсетті. Осыған байланысты жаңа экономикалық ілім - кейнсиандық бағыт қалыптасты.
Кейнсиандық бағыттың негізін Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) қалады. Кейнсиандық теория – бұл нарықтық эконо-миканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін және маңыздылығын не-гіздейтін макроэкономикалық теория. Джон Мейнард Кейнс, К.Маркс пен А.Смитпен бірлесіп, әлемнің ұлы экономистерінің қатарына кіреді.
ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында институционалдық-әлеуметтік бағыт (латын тілінен іnstіtutіo – құрылым, мекеме) пайда болды. Оның негізін американдық экономист Торстейн Веблен (1857-1929) қалады. Институционализм – экономикалық дамудағы әлеуметтік институттардың роліне көңіл бөлетін тео-риялардың жиынтығы. Институционалистер экономиканы түрлі (экономикалық және экономикалық емес) факторлардың әсері-нен қалыптасатын шаруашылық субъектлердің арасындағы қа-тынастардың жүйесі ретінде қарастырады. Бұл теорияда «инс-титут» ұғымы өте кең мағынада қолданылады: мемлекет, корпо-рация, кәсіподақтар, салықтар, заң нормалары ретінде. Бұл тео-рияның басқалардан ерекшелігі – мұнда экономикалық процес-тер тек экономикалық жағдайлармен ғана емес, әлеуметтік-сая-си, құқықтық, әлеуметтік-психикалық, этикалық жағдайлармен және де әдет-ғұрыптармен, дәстүрлермен түсіндіріледі.
ХХ ғасырдың соңында экономикалық теорияда монета-ризм бағыты қалыптасты. Монетаризм – ақша факторларын эко-номиканы тұрақтандырудың негізгі құралы ретінде қарастыра-тын теория. Монетаризм теориясының негізін американдық эконо-мист Милтон Фридмен қалады. М.Фридмен 1976 жылы экономика саласы бойынша Нобелев сыйақысының лауреаты болды.
Экономикалық теорияның пәні мен зерттеу әдістері. Кез келген ғылымның зерттеу пәні болады. Экономикалық теория пәнінің көптеген анықтамалары кездеседі. Бұл ғылым-ның пәні өте күрделі және сан қырлы, өйткені адам өмірі, соның ішінде экономикалық өмірі күрделі. Сондықтан оған қысқа да нұсқа анықтама беру қиынға соғады. Экономикалық теорияның анықтамалары оның пәнінің түрлі жақтарын ашып көрсетеді.
К. Макконелл мен С. Брюдің "Экономикс" атты оқулығын-да келесі анықтама келтірілген: "Экономикалық теория – бұл шектелген ресурстар әлемінде материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және тұтыну үрдісіндегі адамдардың мінез-құлқын зерттеу".
Ресей ғалымдары экономикалық теорияның пәніне берген кейбір анықтамаларын қарастырып өтейік. Н.С.Чернецова В.А.Скворцова, И.Е.Медушевская "Экономическая теория" оқу-лығында келесі анықтаманы келтіреді: "Экономикалық теория – категория, заңдар мен үлгілер және олардың даму заңдылықта-рымен айқындалатын экономикалық құбылыстар мен процестер туралы білім жиынтығы".
Г.М.Гукасьян "Экономическая теория" оқу құралында бе-рілген анықтама: "Экономикалық теория – шаруашылық жүр-гізудің заңдарын және түрлі деңгейдегі шаруашылық жүргізуші субъектлердің рационалды мінез-құлқын зерттейді, оның объек-тісі ретінде әлеуметтік-бағытталған аралас экономиканы қарас-тырады".
В.И.Видяпин, Г.П.Журавлева "Экономическая теория (по-литэкономия)" оқулығында экономика ғылымдарының докторы, профессор А.И.Добрыниннің экономикалық теорияның пәніне берген анықтамасын ең ауқымды және дұрыс деп санап, оның анықтамасын келтіреді: "Жалпы экономикалық теория – бұл бә-секені тудыратын шектелген ресурстар жағдайында қажеттілік-терді қанағаттандыру мақсатында материалдық игіліктерді өнді-рудегі, бөлудегі, айырбастадағы және тұтынудағы адамдар мен топтардың мінез-құлқын зерттейтін қоғамдық ғылым".
Қазақстандық ғалымдардың оқулықтарында да экономи-калық теорияның пәніне түрлі анықтамалар берілген. Соның ішін-де, Ө.Қ.Шеденов, Ғ.Н.Сагындыков, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов және т.б. "Жалпы экономикалық теория" оқулығында "Эконо-микалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды реттей-тін ғылым" деп қарастырады.
Ал, Б.Бихондиев "Экономикалық теория" оқу құралында экономикалық теорияның пәніне келесі анықтаманы береді: "Сан-алуан тарихи кезеңдерде және түрлі деңгейде шаруашы-лықты жүргізетін тұлғалардың қызметі мен шаруашылықты ұтымды басқару заңдарын зерттейтін ғылым".
Жоғарыдағы анықтамаларға сүйене отырып, экономикалық теорияның пәніне мынадай анықтама беруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |