3.2. Жыныс хромосомалары жүйесіндегі ауытқулар.
Малдың
кариотиптерін
зерттеу
нәтижесінде
жыныс
хромосомаларының жүйесінде болатын аномалиялар анықталды. Олар
негізінен мейоз кезінде хромосомалардың дұрыс ажыраспауынан, сондай - ақ
әр түрлі өкілдердің жасушаларының алмасуының нәтижесінде болады. Бұл
деректерден жыныс хромосомалары жүйесіндегі зақымданулар малдың
ұрықтандырғыштығына зиянын тигізетінін көруге болады.
Малдардың интерсексуалдығы. Ағзаның жыныстық белгісінің
өзгеруіне онтогенездегі ішкі ортаның әсерін интерсексуалдықты зерттегенде
байқауға болады. Үй жануарларында қызтекеліктің бірнеше түрлері
кездеседі. Олар жалпылама гермофродиттілік деген атпен атайды.
Гермофродиттердің екі жыныстысында жыныс мүшелерінің пайда болуы –
мейоздағы бластоцистаның даму кезіндегі зақымданудың салдары деп
қаралады.
Клайнфельтер синдромы – гонодалардың жыныс бездерінің
дамымауымен, гонатропиннің жыныс гормоны көп бөлінуі және басқа да
өзгерістермен сипатталады. Малдарға тән сипаттың бірі: бойының өспеуі,
дамымауы, жыныс бездерінің екі жақты дамымауы олиго және
некроспермиялар т.с.с. Клайнфельтер синдромының пайда болуы мейозда
жыныс хромосомаларының дұрыс ажыраспауына байланысты болады.
Фенотиптің ғажайып ерекшелігінің бірі осы синдромда 2Х - хромосомамен
бірге бір У - хромосома болса, ондай мал ұрықсыз болса да аталық малға
ұқсас болады. У - хромосомасы жоқ малдардың фенотипі ұрғашы малдарға
ұқсас болады. Бұл малдардың У - хромосомасында еркек жынысты
бақылайтын және ұрықтылыққа жауапты гендердің барлығының белгісі. И.
Л. Гольдман мен И. К. Живалев бұқалардың У - хромосомаларының
ұзындығын өлшей отырып, оның сперма мөлшерімен дұрыс байланысы
барлығын анықтады.
Гинандроморфизм — жәндік денесінің әр жерінде теңбілденген
аталық және аналық жыныс белгілері бар бөлімдердің болуы.
Тернер синдромы - ұрғашыларға тән гонадаларының дамымауымен
басқа да жыныс мүшелерінің кемістіктері бар фенотиппен сипатталады.
Тернер синдромының цитогенетикалық формуласы 2n+ХО. Гермофродиттік
белгілер, сондай - ақ клайнфельтер және тернер және тернер синдромдары
бар малдар уақытында бордақыланатын топқа жіберуі керек.
Фримартинизм - қызтекеліктің ерекше түрі, ірі қара малда жиі
кездеседі. Фримартиндер - бедеу құнажындар еркек егіздің сыңары болып
туады. Екі жынысты егіздердің ұрғашыларының 95%-ы фримартиндік
белгімен туатыны анықталған.
46
17-сурет. Дрозофила шыбынының латеральді гинандроморф түріне
Достарыңызбен бөлісу: |