89
Полиплоидтар туралы айтылғандардан, олардың жемістілігі гомологты
хромосомалардың мейозда конъюгациялануы
сипатымен анықталады деген
қорытынды шығарды. Алайда хромосомалар цитоплазмамен тығыз, әрі
күрделі байланыста болады. Жасушалар біріңғай жүйе ретінде қызмет
атқарады, сондықтан полиплоидтар үйлесіміндегі айырмашылық кейде
геномдардың цитоплазмамен үйлесімділігі немесе үйлесімді емес екендігімен
анықталуы мүмкін.
Цитоплазманың
аллоплойдтарда
гаметогенезіндегі
рөлін
рафанобрассика мысалында көрсетуге болады. Будан шомыр гүлін капуста
тозаңымен тозаңдандырудан алғандықтан
оның цитоплазмасы шомырға
жатады. Цитоплазманың рөлін анықтау үшін Г. Д. Карпеченко 2 ата-аналық
формалармен кері будандастыру жүргізді. 1-ші ұрпақ будандарында (Fx)
шомыр цитоплазмасы ғана болады, ал хромосомалардың арақатынасы
өзгеріп отырады. Шындығында да сырт қарағанда мейоз буданының екеуінде
де бірдей өтетін болып шықты, бірақ екінші жағдайда гаметалар толығымен
қырылады, ал бірінші жағдайда - қырылмайды. Мұның себебі 1-ші жағдайда
шомырдың 9 биваленті үшін шомыр цитоплазмасы өзінікі, ал екінші
жағдайда - капустаның 9 биваленті үшін бөтен болып шығады.
Сонымен
цитоплазмасы бірдей, бірақ хромосомалардың жиынтығы
түрліше аллоплойдтардың өсімталдығы жөнінен айырмашылығы болады,
өйткені олардың гаметогенезінде цитоплазма айтарлықтай роль атқармайды.
Полиплоида
өсімдіктерде
кеңінен
таралған.
Бұл
олардың
гермафродитизмінің (өздігінен тозаңдануы) апомиксистің (партеногенез)
және валенттілік көбеюдің барынша кеңінен таралғандығына байланысты.
Сірә, өсімдіктерде полиплоидияның жүзеге асуына себепші болатын басқа да
себептер болса керек.
Гаплоидтық санына сәйкес еселенбеген хромосомаларының санының
өзгеруі
полисомия
деп
аталады.
Полисомияның
диплоидтардан
айырмашылығы бір хромосома қосылады немесе кем болады.
Полиплоидты ағзалар хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3
n - триплоиды, 4 n - тетраплоидты, 5 n - пентаплоидты және т.б.
болып
келеді. Полиплоидия ағзанЫң түрлі белгілерінің өзгеруіне себеп болады.
Сондықтан ол эволюция мен селекция үшін аса маңызды болып есептеледі.
Мысалы, орыс селекционері В.С.Федоров шығарған қарабидайдың
тетраплоидты формасын алайық. Қарабидайдың бұл түрі қалыпты диплоидты
формасына қарағанда сабағы мықты, дәндері ірі, әрі салмақты болып
өзгерген. Бұл әрине шаруашылық маңызы жағынан тиімді өзгеріс.
Жалпы полиплоидияның нәтижесінде өсімдіктердің жеке мүшелерінің
көлемі ұлғаяды. Ал оның негізінде жасуша көлемінің ұлғаюы жатады, соған
сәйкес
оның құрамындағы ақуыз, көмірсу, майлар, витаминдер және т.б.
заттардың мөлшері артады.
Полиплоидия — жануарларда өте сирек кезедсетін құбылыс. Бұл
көбінесе жыныстық көбеюі партеногенез жолымен жүретін жәндіктерде
кездеседі. Мысал ретінде аскариданы, жер құрттарын, көбелектерді алуға
90
болады. Полиплоидияның жануарларда сирек кездесуінің бір себебі, олардың
полиплоидия жағдайында ұрпақ бере алмайтындығына байланысты.
Мысалы, тышқандарда триплоидты зиготаның
болатындығы анықталған,
бірақ олардың тіршілік қабілеті болмайды.
Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидты
жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұл құбылысты
ең алғаш К. Бриджес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқым
қуалау заңдылығын зерттеу барысында байқаған. Ол аналық шыбынның дене
жасушасынан ХХУ хромосомалардың (сонда У артық), ал аталықтарынан
ХО (яғни У жоқ) хромосомаларды тапты. Осыған байланысты дрозофила
шыбындарының кейбір белгілерінің (қанаты, көзі және т.б.) өзгеретіндігі
анықталды. Мұндай жағдай өсімдіктер мен
жануарларда және адамда да
кездеседі. Мысалы, адамда 21-ші жұп хромосомада 46-ның орнына 47
хромосома болса Даун ауруы пайда болады. Ондай адамның ақылы кем, дене
мүшелерінде түрлі кемістіктер болады (
31-сурет).
Анеуплоидия құбылысының практикалық маңызы да бар. Ол
өсімдіктер селекциясында жекелеген хромосомаларды ауыстыру арқылы
жаңа мол өнімді беретін түрлерін алу үшін қолданылады.
Цитоплазмалық мутация. Бұл жасуша цитоплазмасында кездесетін
плазмогендердің өзгеруіне байланысты болады. Плазмогендер негізінен
пластидтер мен митохондрияларда болады. Цитоплазмалық мутация да
гендік және т.б. мутациялар сияқты ұрпақтан-ұрпаққа
беріліп тұқым
қуалайды. Мысалы, кейбір саңырауқұлақтарда тыныс алу кемістігі
болатындығы анықталған. Зерттей келе, ондай кемістік олардың
митохондрияларында болатын геннің мутацияға ұшырасуына байланысты
екендігі белгілі болған. Осы сияқты пластидтер
құрамында болатын геннің
өзгеруіне байланысты хлорофилдік мутация пайда болады
Ауру адамның үш 21 хромосомасы бар, хромасомалық жиынтығы
46 емес 47 (трисомик)
31-сурет. Даун синдромы.