Лекция№4. Тақырып: Ресей мемлекеттік Думасы және Қазақстан. (1905-1917)
Жоспар:
1.Ресей мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау компаниясының жұмысы мен құрылымы.
2.Әлеуметтік – экономикалық,саяси мәселелердің дұрыс әрі бейбіт жолмен шешілуіндегі парламентаризімнің ролі мен жолы.
3.ХХ ғ .басындағы ұлттық интеллигенция.
Пайдаланатын әдебиеттер.
а)негізгі
Омирзак Озганбай.
1. Государственная Дума России и Казахстан (1905-1917).
2.Ғ.Ахметов .Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.
3.Аманжолова Д.А. Движение Алаш в 1917 г М,1993 ж.
4.Аманжолова Д.А Казахский автономизм и Россия. Историческая наука 5.Казахстана А 1992
6.М..Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А1992ж 272 б.
б)қосымша
1.М..Қозыбаев .Историческая наука Казакстана А 1992ж.
2.Б. Қойшыбаев Жазықсыз жапа шеккендер.
3.С.Өтениязов .Тарихтың ащы ақиқаттары А.1990
4.М.Қойгелдиев Алашорда II Егемен Қазақстан 1992 ,18 қаңтар
5.К.Н.Нұрпейісов .Алаш һәм Алашорада
6.Подробно о партий (а) А.1995 «Алаш « сборник документов А.1992
7.Ә.Әбдікәкімұлы «Қаз тар» оқу құралы А.1997
Лекция мәтіні
1905-1907жж.орыс революциясы жылдарындағы қазақ қоғамы.17 қазан 1905жылғы манифест.1905ж.қаңтарда қраусыз халыққа қарсы оқ атқан патшаның қанды ісі жайлы хабар қазақ даласына тез тарап кетті.Қала мен ауылдарды,елдің жиналыстарында патша саясатына қарсы назарлық үндері шыға бастады. Верный қаласының,Әулиеатаның,Орал,Ақтөбе,Петропавл,Семеи жұмысшыларымен демократиялық бағыттағы еңбекшілері наразылық шеруге шыға бастады.Қазақтың шаруаларының ,орыс жұмысшылары мен қоныс аударушы шаруалардың патша үкіметіне сенімсіздігі күшейе түсті.1905жылы Семей,Торғай және Орал облыстарында аграрлы қозғалыстар жүріп өтті.1905 жылы 1-мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында демонстратсиялармен жиналыстар өтті. 1905 ж жазда эканомика менг өмір жағдайын жақсартуды талап еткен Қазалы мен Шалқар темір жолшылары көтерілді.
Қозғалыстар Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындарының барлығын дерлік қамтып алды. Ірі бас көтеру Өспен руднигінде( Ақмола облысы)өтті,мұнда 300-ден аса жұмысшы еңбек етті,оның 265-қазақтар болды.Жалпы Спасскакцонерлік қоғамында 5000-нан аса қазақ жұмысшылар болды.
Төңкерістің қуатты тасқынынан үріккен патша үкіметі 1-қазанда манифест жариялады,онда-адам ар ұят,сөз,жиналыс,одақ бостандықтары уәде етілді.
1905-ж патша атына жазылған көптеген петициялар мен жедел хат ішіннен мазмұны мен принциптілігі жағыннан Қоянды жәрмеңкесінде жазылған петиция ерекшеленеді. Төменде оның бірнеше пунктері келтірілген(барлығы 47-болды).
1.Қазақ халқына мешіт,медресе салуға, медреселерде араб,парсы, түрік тілдерін оқытуға және кітаппен газет шығару үшін баспахана тұрғызуға рұқсат ету.
2.Қазақтарды басқаратын басшылар қазақ тілін білу керек. Оларды тағайындау және орныннан алу қазақ өкілдерінің қатысуымен өтсе.Қазіргі шаруа басшыларының орнына (крестьян начальнигі) бибіт делдалдар болса. Бұл лауазымға жеткілікті білімі бар қазақтарды тағайындаса.
3.Бүкіл іс қағазы қазақ тілінде жүргізілсе, сондай-ақ хатшылармен күзетшілер,хабар тасушылар тек қазақтардан болса.
4.Бұрынғы заманан рудың игілігінде болған,одан кейін әскердің пайдасына бнрілгенЕртіс бойындағы жерлер,сондай-ақ Жоғарғы Мәртебелінің Кабинетіне тиісті жерлер бұрынғыдай ру жері ретінде мәңгілікке қазақтардықы болып қалса.
5.Қазақ ауылдарына тиісті қырдағы жерлерде тау-кен ісін ашу жердің иелерінің қазақтардың өздеріне берілсін,зауыт ашуға,шахта жасауға және т.б. ұсынылады.Егерде олар мұндай кәсіпорыннан бас тартса ғана,десятина бойынша аренда төлейтін басқа адамдар бар осы кендерді пайдалануға рұқсат берілсе.
6.Қазақ ауылдарына миссинерлердің жақындауына тиым салынса.
7.Қазақтар империяның барлық уезд,облыс, губернияларының жер сатып алуға және мемлекеттік қызметке орналасуда провославия діндегілермен тең құқығы болса.
8.Мектептерде хрестиандық діни сабақтар жүргізілмесе.
9.Қазақ – депутаттар қазақтарға қатысты мәселелер туған кезде Мемлекеттік Кеңеске қатысса.
10.Өткен уақытта қазақтар туралы жағымсыз мәліметтер берілетін , яғни қазақ ұры,қазақ-даукес, қазақ-өтірікші,қазақ-жалқау деген сияқты, әрине бұл жоғарғы лауазым иелерімен бейшара қазақтар арасында түсініспеушіліктерге әкеледі.Шын мәнінде патша бодандарының арасында қазақ халқы ең шыдамды,ең төзімді ел.
Дала мен Түркістан аймақтық парламентарийлерімен, Ресей Мемлекттік Думасының бірінші және екінші шақырылымндағы қазақ депутаттарының тағдырымен, ел үшін еткен еңбектерімен таныстырады. Депутат-қазақтардың Дала және Түркістан аймақтарындағы қоғамдық –саяси өмірі ғана емес, күллі империядағы салмағы ой өлшеміне салынады.
Бұл ғылыми еңбекте Ресей мемлекеттік Думасына депутаттарды сайлау компаниясының жұмысы мен құрылымы сөз етіледі.
Әлуметтік-экономикалық, саяси мәселелердің дұрыс әрі бейбіт жолмен шешілуіндегі парламентаризмнің рөлі мен көрсетіледі.
1. Ахмет БІРІМЖАН -1871 жылы туған, І және ІІ думаларға Торғай облысынан депутат болып сайланған. Екі кластық училищені, Орынбор гимназиясын және Қазан университетінің заң факультетін бітірген. Біраз жылдар Орынбор, Ақтөбе уездерінде сот қызметкері, бітімгер судья болып істеген. Ағартушы –демократ Ыбырай Алтынсариннің туысы. 1906 жылы 2 шілде күнгі Дума отырысында қазақтар арасынан бірінші болып мінберден сөйлеген адам.
2. Сәлімгерей ЖАНТӨРЕ – 1864 жылы туған. І Думаға Уфа губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, жоғары білімді. Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург универсиетінің заң, Мәскеу университетінің физика- математика факультеттерінде оқыған. Губерниялық земствоның бастығы қызметін атқарған. Өзі башқұрт жерінен депутат болып сайланса да туған халқының мұң-мұқтажын қорғауға үлес қосты. Қазақ халқының болашақта орыстанып кетуінен қауіптенген адам.
3. Алпысбай ҚАЛМЕН-1860жылы туған , І Думаға Орал обылысанан сайланған. Кадет партиясының мүшесі , Орныбор гимназиясын бітірген соң жоғары білім алған, Ішкі Орданы басқару кеңесінің мүшесі болған. Халқының білім алып, отырықшы болуы істері оны үнемі толғандырған. Ана тілінде мектептер ашылуын қолдаған.
4. Дәуіт НОЯН ТҰНДЫТ-1860 жыл туған, І Думаға Астрахань губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, ауқаты отбасында туып, пташа лицейінен білім алған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген. Мемлекеттік Дума мүшелерінің тізімінде жер иеленуші деп көрсетілген.
5. Шәмерден ҚОСШЫҒҰЛҰЛЫ-1869 жылы туған, І және ІІ думаларға Ақмола обылысанан сайланған. Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты , бай адам деп көрестілген. Орыс тілін білмейтіндігі себепті ІІ Думаның ресми тізімнен кіргізілмеген. Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халқыты қанушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған.
6. Әлихан БӨКЕЙХАН -1870 жылы туған, қазақ халқының рухани көсемі. Алаш партиясының және Алашорда өкіметінің төрағасы. І думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі , алдымен Қарқаралдағы Зариф молда медресесін, одан кейін төрт жылдық қалалық кәсіптік училищені және техникалық училищені бітірген. 1890 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық Орман институтыга түседі. Осы жылдарда орыс демократтарымен тығыз араласып, олар Ә. Бөкейханның саяси талаптар жасап, 14,5 мың адам қол қойған «Қарқаралы петициясының» ұйымдастырушысы болды. Үкіметке қарсы үгіт жүргізді деген айыппен полиция 1906 жылы қаңтар айында Павлодар абақтысына қамады. Дәл осы уақытта Думаға сайлау қызу жүріп жатқан. Тек 30 сәуір күні ғана халықтың ноы сырттай Думаға сайлап қойған белгілі болған соң ғана амалсыз босатты. Бұл кезде І-ші Дума өзінің жұмысын бастап кеткен еді. Сөйтіп, халық қалаулысы оның жұмысына тым кеш келеді. Өмірінің соңғы күніне дейін Әлихан Бөкейхан халқының жоғын жоқтап, сол үшін қолынан келгеннің бәрін жасап, қызу күрес жүргізгені белгілі.
7. Темірғали НҰРЕКЕН-1858 жылы туған, ІІ Думаға Семей облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, ауқатты отбасынан шыққан. Осы облыстағы Сәйтен әкімшілігінің болысы болған. Думаның мұсылмандар фракциясына енген. Өзі де көкірек көзі ояу, қажылық парызын да өтеген, діни сауатты адам екен.
8. Тілеулі АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ -1856 жылы туған ІІ Думаға Сырдария облысынан сайланған. Бастауыш білімді, бай адам болған. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшелігіне өткен.
9. Мұхамеджан ТЫНЫШБАЙҰЛЫ-1879 жылы туған. Қазақ арасынан шыққан тұңғыш темір жол инженері. ІІ Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Алматыдағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын медальмен бітірген. Сонан соң Санк-Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын институтқа түскен. Осы оқу орнында жүрген жылдар оның саяси көзқарасы қалыптасады. 1905 жылғы Петербордағы автономияшылар одағының І құрылтайына қатысып, «Қазақтар һәм азаттық қозғалысы » губернаторлықты жойып, азаматтық басқару жүйесіне көшу, Мемлекеттік Думаға халықтың санына сәйкес мандат беру, арождан, сөз бостандығы беру, баспахана, газет –журналдар ашу, т.б. мәселелерін көтерген. Қазақтың өз еліндегі және шетелдегі саны, қоныстану жиілігі, т.б. зерттеп, ең алғашқы ғылыми –демографиялық еңбек жазған. Кеңес одағы кезінде ол өз маманыдығы бойынша түрлі қызметтер істеді. Бірақ Алаш партиясына мүше болғандығы себепті НКВД соңына шырақ алып түсіп, 1932 жылы тұтқындап, Воронежге жер аударады. Есіл ер сол жақта көз жұмады.
10 Бақтыгерей Қаратай -Әбілқайыр ханның шөбересі .,1860 жылы туған. 2 Думаға Орал облысынан сайланған. Орынбор гимназиясын ,ал 1890 жылы Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген . Патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен бірге Орал облысынан он сегіз отбасы бірге барады. 189 жылдан туған еліне оралып, адвокаттық қызмет атқарады. Кеңес одағы кезнде де түрлі қызметтер істеген. 1934 жылы, 74 жасында дүниеден өтті.
11.Бақтыгерей Құлман– 1857 жылы туған. I жәнеII Думаға Астрахань губерниясындағы Ішкі Орда қазақтарынан сайланған ауқатты адам болған. Депуттаттардың тізімінде жоғары білімді шенеулік деп жазылған. Мұсылмандар фракциясының мүшесі.
12.Молда Тайынұлы I Жетісу облысынан дәл оның тарайтын қарсаңында сайланған.Сондықтан болса керек оның есімі ресми тізімге енгізілмеген. Ол туралы басқа деректер жоқтың қасы.
Лекция №5.Тақырып: Алихан Бөкейханов .(1870-1937)
Жоспар:
-
Өмірі мен қызметі.
-
Шығармашылығымен еңбегі.
-
Қоғамдық қызметі.
Пайдаланған әдибиеттер.
а)негізгі
-
Мәмбет Қойгелдиев«Ұлттық саяси элита» А. 2004ж
-
Мұқтарқұл Мұхаммед «Алаш Бағдарламасы қиянат пен ақихат» А. 2000ж.
Пайдаланған әдибиеттер.
б)қосымша
-
Ғалым Ахмедов «Алаш – Алаш болғанда» А. 1996ж.
-
М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» А. 1995ж.
Лекция мәтіні
1917 жылы 5–13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақтардың съезі Алаш автаномиясы аталатын мемлекеттік құрылым үшін күресетіндігін мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясы көлемінде бұл аса зор болмағаны мен отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекшеленетін. Өйткені бұл қабылдаған шешімдер қазақ елінің ХVІІІ ғасырдан бері өз бостандығы мен теңдігі үшін патшалық билікке қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысын анықтайтын айғақтайтын оқиға еді.
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық мақсатты көздеген Ресейдегі бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеядан қорықты сондықтанда кеңестік билік тұсында біз қазақ ұлт азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолы мен олардың артында қалдырған шығармашылық мұрасы мен танысу мүнкіндігі мен айырылдық. Азаттық қозғалыс тарихында сондай терең із қалдырған тұлғалардың бірі - Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейханов.
ІІ. 1. Әлихан Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бұл елді мекен Жезқазған облысы Ақторғай ауданы Даратал савхозына қарайды.
Алашорда үкіметінін премьер-министрі, аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым публицист аудармашы. Әуелі білімді Қарқаралы үш класты мектебімен Қарқаралы училищесінде алған (1879 – 86) Омбы техникалық училищесін (1890) С Петербург императорлық орман институтын (1894) бітірген студент кезінде отаршылыққа қарсы «Зарзаман» тобының жұмысына қатысып, саяси күреске ораласа бастайды. 1894-1908 ж Омбы орман мектебінде оқытушы, Омбы қоныс аударушылар басқармасында қызмет істейді. 1896ж Императорлық орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің мүшелігіне өтті. 1896-98ж әуілі Тобыл губерниясынсы эканомикасын зерттеуге арналған экспидициясының кейін Ф. А. Изербина экспидициясының құрамында болды. Осы кезеңде ол қазақ елінің эканомикалық жай күйін шаруашылығын, этнографиясын, тұрмыс-салтын материалдық және рухани мәдениетін зерттейді. 1903ж С.П. Швецов басқарған Сібір экспидициясы құрамында болып, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы – қой өсірудің жай – күйіне арналған іргелі еңбегін жазды. 1905 жылдан бастап қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы саяси күрес ісіне белсене араласады. 1905 жылы Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүше болып, осы жылы Қарқаралыда өткен қозғалысқа басшылық жасап 14500 адам қол қойған петиция ұйымдастыруды осы жылы Орал қаласында Қазақстанның бес облысы зиялылары мен игі жақсылары бас қосқан съездге басшылық жасап бастапқыда Ресей кадет партиясының филалы ретінде құрылған Алаш партиясының іргесін қалады.
ІІ. 1906 жылдың 9 – қаңтарында саяси қозғалыс көсемі ретінде тұтқындалып, Павладар түрмесіне жабылды. Сол жылы Ресейдің І Мемлекеттік думасына мүше болып сайланар алдында түрмеден босатылып саяси күресін жалғастырады. Патша үкіметінің І Мемлекеттік думаны күш пен таратуына қарсы бағытталған «Выборг үндеуін» ұйымдастыруға қатысқаны үшін 1907 жылдың соңында қамауға алынып, түрмеге отырғызылды. 1908 жылы абақтыдынбосатылғаннан кейін Омбыға қайтіп оралған Бөкейхановты патша үкіметі Самараға жер аударады. 1908-15 ж Самарада тұрған кезінде Батыс Қазақстандағы қазақ зиялыларымен бірлесе отырып Алаш қозғалысының жұмысын жандандыра түседі. 1913 жылы А. Байтұасынов, М. Дулатовтармен бірге бүкілқазақтық, жалпы ұлттық баспасөз ұйымы – «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырады. Саяси партия құру жөніндегі ісінде одақтастар іздеу мақсаты мен 1914 жылы социал – революционерлер партиясымен («ЭССР») жақындасып, 1914 – 15 ж оның басшысы А. Ф. Керенскиймен үш рет кездеседі. 1914 ж С Петербургте өткен Ресейде мекендейтін 10 мұсылман халықтарының өкілдері қатысқан Мұсылман съезіне қатысып, Ресей мұсылман халықтарының орыс отаршылығына қарсы ортақ күрес идеясын ұсынды. Уақытша үкіметтің 1917 жылдың 3 – ңаурызында Торғай облысы бойынша комиссары, ал 7 – сәуірде Түркістан комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін 1917 – жылдың 21 – 26 шілдесінде Орынборда бүкілқазақ съзін өткізіп, Алаш партиясы атқару комитетінің төрағасы болып сайланады. 1917 жылы Қазан революциясынан кейін тәуелсіз қазақ мемлекеті Алаш автаномиясын құру мақсаты мен Орынборда 5 – 13 желтоқсанда Алаш партиясының ІІ съезін өткізіп, Алаш автаномиясын құру туралы шешім қабылдады. Осы съезде «Алашорда» үкіметі құрылып, Бөкейханов жасырын дауыспен оның төралығына саиланды. Алашорда үкіметі Батыс бөлімшесінің қызметіне рухани басшылық етті.
Ресей федерациясы құрамында қазақ мемлекетінің сақтап қалуға тырысқан Бөкейханов 1918 жылы наурвзда Семейден тікелей телефон арқылы РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасы В. Лениннің Ұлт істері халық комиссаы И .Сталинмен келіссөз жүргізеді. Азамат соғысының аяқталу қарсаңында Алашорданың қазақ халқа арасындаға беделінен қаймыққан кеңес үкіметі қырғыз (қазақ) ревалюциялық комитетінің 1920 ж 9 – науруздағы бұйрығы мен Алашорда мемлекетің таратып , оның басшыларын қуғын сүргінге ұшыратты. Бұл кезде 1922 – 27 ж Бөкейханов Мәскеуде КСРО халықтары орталық баспасының қазақ секциясында әдеби қызметкер болып істейді. 1927 – 37 ж Мәскеуде бірыңғай ғылыми әдеби аудармашылық қызметпен айналысада. Осы мерзім ішінде бірнеше рет саяси айып тағылып, жауапқа тартылған Бөкейхановты 1937 ж тамызында түрмеге жауып, 27 – қыркүйекте ату жазасына кеседі.
3. Бөкейханов экономист-ғалым ретінде орыс тілінде «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры» , «Қазақтар» , «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы», «Қарқарала уезіндегі қазақтардың рулық құрылымы» , «Павладар уезі» және «Адай уезінің қазақтары » атты іргелі ғылыми еңбектер жариалады. Бөкейханов 1894 – 1913 ж «Степной край», «Степной пионер», «Голос степей», «Иртыш», «Семипалатенский листок» , «Тургайская газета», «Туркестанские ведомости», «Оренбургский листок» басылымдары мен Айқап журналы мен тығыз қарым қатынас орнатып, олардың беттерінде өзінің публицистикалық шығармаларын жариялады. Алашорданың органы болған – «Қазақ» ( 1913 – 18), «Сарарқа» (1918) газеттерін, «Абай» (1918) журналын шығаруды ұйымдастырып, Кеңес үкіметі жылдарында «Темірқазық», «Қызыл Қазақстан» , «Жаңа әдебиет», т.б. журналдары мен «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Советская степь» т.б. газаттері мен жиі араласып, олардың беттерінде «Қыр баласы » , «Ғ Б», «Қ Б», «А Б», «Сын степей» , «Гуземец» деген бүркеніш аттар мен көптеген публицистикалық еңбектерін жариялады.
Бөкейханов қазақ тарихы, әдибиеті мен фольклорын зерттеу ісіне де зор үлес қосты. 1907 ж Абай қазасына арналған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев » атты қазанамалық мақала жазып, 1909ж Абайдың ұлы Турағұл Құнанбаев пне Кәкітай Ысқақов дайындаған қазақтың ұлы ақыны – А. Құнанбаевтың бір томдық шығармалар жинағын басып шығарды. Әр жылдары «Қарақыпшақ», «Қобыланды», «Батыр Бекет», «Мырза Едіге», «Роман бәйгесі», «Роман деген кім?», «Ән-өлең және оның құралы» т. б. еңбектерін қазақтардың шығу тегіне арналған «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» этнографиялық сипаттағы «Қазақтардың ас беруі» зерттеулерін жариялады. «Ер Тарғын» мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»жырларын жинап бастырды. Орыс жазушылары Толстой, Чехов, Короленко, Малин – Сибиряк, француз жасушысы Ги Де Мопассаның шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Бөкейханов 1989ж 16- мамырда ақталып, туған халқымен қайта табысты.
ІІІ. 1937 жылы 27-қыркүйекте КСРО жоғары соты әскери коллегиясыныңнегізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейханов 1989 жылы 14- мамырда КСРО жоғары сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.
Әр заманның өзіндік көкейтесті мәселелері болған. Әлихан Нұрмұхамедұлы мен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті меселе ұлттық теңдік, саяси бостандық еді.
Әлихан Бөкейханов мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Ұлы қайраткердің соңынан ерген інілерлерінің бірі, азаттықтың тағы бір құрбаны Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басынды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз! Өмірінде жүрген жолың біздің інілерімізге жағып қойған шамшырақ » - дегенде асыра айтып қателескен жоқ еді
Лекция№ 6 Тақырып: Әлихан Бөкейханов
Жоспар:
1 Әлихан Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикасын зерттеуге қосқан үлесі.
2 Әлихан Бөкейханов Қазақстанның қоғамдық саяси және мәдени өмірі.
Пайдаланған әдибиеттер.
а)негізгі
1.Мәмбет Қойгелдиев«Ұлттық саяси элита» А. 2004ж
2.Мұқтарқұл Мұхаммед «Алаш Бағдарламасы қиянат пен ақихат» А. 2000ж.
3.Папов Ю. Әлихан Бөкейханов Тағдыр және уақыт “Орталық Қазақстан” 1992 ж. 22 қазан.
4.Қойгелдиев М. “Қуандым түнде жүріп күн шығар деп”. “Социалистік 5.Қазақстан”. 1990 ж. 14 январь.
6.Қойгельдиев М., “Әлихан Бөкейханов А., 1994ж. 7-б.
7.Қойгельдиев М. “Алаштың Әлиханы” Ақиқат 1991 ж. №11
б)қосымша
1.Сұлтанхан Аққұлұлы “Ұлт мұддесін қорғаған” Егеменді Қазақстан 1994 ж. 15-шілде.
2.Ә.Бөкейханұлы “Қазақтар” Ана тілі 1990 ж.
3.Ғалым Ахмедов «Алаш – Алаш болғанда» А. 1996ж.
4.М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» А. 1995ж.
Қазақ халқының атамекенінің немесе экономикалық территориясының қалыптасуының сан ғасырларға созылған күрделі тарихы бар. Тұтас бір территорияға негізделген, орталықтанған қазақ мемелекетін құру процесі Қазақстанның Россияға қосылуына дейін аяқталып болмаған еді.
ХVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан дейінгі мерзімде Қазақстан Россияға түгелдей қосылдырылды да, нәтижесінде Россия империясының феодалдық-патриархаттық қатынастар үстем болған отары болып тынды. Отаршылдар қазақтың орталықтанған мемлекеттігінің құрылуымен оның біртұтас этникалық территориясының қалыптасу процесін күштеп тоқтатты.
Патша үкіметі қазақ хылқы мекендеген жерді, оның сан ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан ата мекенін мемлекеттің меншігі деп жариялап, жұрайлы жабындықпен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-қазақ әскерлерін орналастыру алқаптарына, патшаның жеке меншігіне тағы сол сияқтыларға пайдалану үшін күшейте тартып алып отырды. 1917 жылға дейін отарлаушылар қазақ халқының иелігінде болып келген жердің 45 миллион десатинасына қожалық етті. Патша отаршылары мұрат мөңкеұлының сөзімен айтсақ, Еділді алып етекке, Жайықты алып жағаға қол салды, ойылды алып ойындағысын орындады.
Түрлі қазақ ххалқынның сан ғасырдан бері қалыптасу процесін бастап кешіп келе жатқан территориялық тұтастығын да тас –талқан етті. Әкімшілік басқару тұрғысынан Қазақстан басқару тұрғысынан Қазақстан территориясы бөлшектенді. Өлкенің батысының айтарлықтай бөлігі Авсрахань генерал-губернаторлығына, солтүстік шығыс-Батыс Сібірге, оңтүстік облыстар-Түркістан генерал-губернаторлығына т.б. бағындырылды.
Бұл империалистік алпауыстар отар аймақтарда орнатқан “бөліп ал да, билей бер”, -деген принциптің айқын көрінісі еді.
Өз заманында халқының қамын ойлап, отарлау саясаты жете түсініп, оған қарсы әр түрлі әрекет жасаған ғалым, экономист, қоғам қайраткері Әлихан Нурмухаммедұлы Бөкейханов болды.
ХІХ ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылық училищисінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстарын айналысты. Россияның көрнекті экономистері, географтары қатысқан “Россия біздің отанымыздың жалпы географиялықсипаттамасы”, атты көп томдық еңбектің Қазақстан даласына арналған 18 томына автор ретіндегі қатысты. Ол 1903 жылы шықты.
Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын жалғастырып келе жатқан халықтың болашағына Әлихан Бөкейхановтың көзқарастары онда кеңінен орын алуы табиғи нәрсе. Кітап беттерінде ол оқырмандарды былай деп нандырады: Самодержавие жартылай жабайы халықтың мінез-құлқын жұмсартып, дәулет деңгейін көтеруге өзінің міндеті етіп отыр, ол “қазақтардың өздерінің мүддесі көздейді, сауда транспорттарының жүріп тұруына ыңғайлылық” жасау үшін мүмкін болғанның бәрін істейді, ең бастысы, күллі цивилизаторлық ісін жүзеге асыру нәтижесінде самодержавие астықты арзандатып, көшпелілердің өмір сүруін қамтамасыз ететін болады.
1896 жылы үкімет орындарының шешімімен Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған. Ф.А. Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылды.
Әлихан Нурмұхамедұлының 1896 жылы құрылған қазақ даласының шаруашылығын зерттеу экспедициясына қатысуы оның қоғам-қайраткері, ғалым ретінде танылған елеулі еңбегінің жарқырап көрінген тұсы еді.
Экспедиция мүшелерінің қатарында белгілі ғалымдар Л.К. Чермак, И.Ф. Гусев, И.Д.Трипольский, Н.Ф.Дмитриев, В.А. Владимирский т.б. болды. Әлихан олардың ішіндегі ең беделділерінің бірі және өз алдына жеке топқа басшылық жасады. Өйткені ол көшпелі байырғы жалықтың әдет-ғұрыпмен жер шаруашылығын етене жақсы білді. Қазақ даласына қоныс аударушы орыс мұжықтарына “артық жер” бөліктерін кесіп беру үшін экспедиция әуелі төмендегідей мәліметтерді зерттеп, шешіп алуды өз алдарына мақсат етіп қойды.
1.Көшпелі шаруашылықтың жер пайдалану әдіс-тәсілдердің заңдылықтарына көз жеткізу.
2.Қазақтарды ауылдық қауылға бөліп, оларды шаруашылық жүйе бойынша жіктеу.
3.Сол жеке шаруашылықтарға қажет төрт түлік малдың келемін есептеп шығару.
4.Әр түліктің керекті жайылым мөлшерін, яки жер нормасын анықтау.
5.Этникалық жағынан, жоғырафиялық ерекшелігімен тарихи даму тұрғысынан зерттеу. Экспедицияның қызметі 1896 мен 1903 жылға дейінгі мерзімге созылып, жалпы саны 12 уезді қамтыды, 13 томнан тұратын ғылыми-зерттеу еңбегін бастырып шығарды.
Нурмұхамедұлы осы жылдары өзінің ғалымдық қырының мол мүмкіндіктері таныта білді .
Ол көшпелі шаруашылықтың сан ғасырдан бері жинақталған тәжірибелерінің құпия сырларын ғылыми зерттеліп, жіліктеп, талдай келіп, “қазақ көшпелі шаруашылығы-бұрынғы табиғат құбылыстарына орай сәйкестендірілген дәстүрлі түрінен өзгеріп, қазір жер өңдеу яки диханшылықпен малшылық орналасқан, жылдың 8-10 айын отырықшылықпен өткізетін жаңа сапаға көтерілген шаруашылық”, деген тың пікір айтады
Бұл көшпелі тұрмыстың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан шаруашылық түрінен әулеттік-экономикалық құрсаудың нәтижесінде соны бір сатысына оту кезеңін сипаттаған ғылыми мәні зор тұжырым еді. Екінші қазақтық ауылдық қауым және оның жүйелену қисынын ғылыми сүзгіден өткізіп, түзіп шыққан да Әлихан болатын Ол ескі рулық патриархалдық қауымының енді шаруашылық негізде саны сапалық деңгейде қайта құралатындағы анықталды. Ауыл шаруашылығының тұңғыш ретғылыми тілде айналысқан түсрігне “қыстау”, тағы “жайлау”, “күзету”, “шаңырақ меншігі”, “қой бөлік”, “Ата бөлік” т.б. қазақша төл ұғымдарымыз арқылы экономикалықкатегориялар жіктегендігін айтып кетуіміз ләзім. Қыстаудың шаңырақ санына қарай бірінің “5-тен 50-ге шейін”, олардың қоғамдық еңбек бөлінісі “қар арту”, “пішен дайындау” ортақ болатынын жайылым меншігі – бір атаның немесе бірнеше атаның иелігі болатынын атап көрсетті .
Ғылыми ауылдық қауымның ішкі экономикалық байланысты әлеуметтік рухани бірегейліктің мықты негізі екенін дәлелдеп берді. Күні бүгінгі дейін тарихшы, этнограф, экономист ғалымдар қазақ халқының өткен ғасырдағы қоғамдық өмірін зерттеген еңбектерінде Ә.Н.Бөкейхан жасаған осы жүйеге сүйеніп келді .
Экспедиция мүшелерінің тыңғылықты зерттеу жұмысының нәтижесінде кіші отаудың орташа күн көрісі үшін 1-24 мал басына, 5-8 десятинаға дейін тиеселі енші кесіп берілетіндігін, ал ауылдық қауымның шаңырақ иесі 90-192 десятина шамасында жер мөлшерін пайдалануға толық құқысы барлығын есептеп шықты. Экспедиция барысында шаруашылықтардың 67%-не санақ жүргізілді.
Материалдар 1905 жылы жарық көрді. Топ жетекшісі Л.К. Чермак Ә.Бөкейхановтың үлесін жоғары бағалады, “Ол қауымдық-ауылдық топтарға ескертулер енгізіп отырды, түрлі схема жасады, табығи тарихи өлкелердің құрылымын анықтады, оларды сүреттеп жазды, көшіп-қонудың кестесін, сондай-ақ қырғыз сөздерінің алфавиттік көрсеткішін жасады. Ол И.Ф. Гусевпен бірігіп, қырғыздардың “қазақтар” жер пайдалану картасын жасалды.
Қазақтардың шаруашылық өмірін зерттеу қортындысы бойынша Әлихан бөкейханов Қарқаралы уезінің халқы әртүрлі кәсіппен шұғылданатынын атап өтеді. Халықтың 12 % егін салған, 27 %-і әртүрлі кәсіппен шұғылданған, 4%-і тұрғылықты жатақтар.
Ал, өмір сүрудің негізінен көзі мал өсіру болып қалған. Бұл –халықтың барлық мұқтажын қамтамасыз етіп отырған. Өлке жағдайында мал өсіру шаруашылықты жүргізудің бірден бір тиімді жолы деп бағалаған .
Бұл сала егер пайдамен жүргізілсе, барлық қажетті ашады, соның ішінде астықпенде қамтамасыз ете алады.
Ленинград ғалымы С.П. Шведцов 1928 жылы оның еңбегіне былай деп баға берді. “Ғылымның экспедициядағы жүрген жұмыстары ерекшеленеді”. Автор терең білімге ие және қазақ ауылын жетік біледі. Жағдайға сын көзбен қарап, әділ баға береді. Бұрын мүлде зерттелмеген қазақ ауылының аса күрделі болмысын алдыңызға жайып салады .
Әлихан Бөкейхановтың тағы бір қыры орман шаруашылығын жептік білетін, ол кен жыныстарын ,минералдар туралы да тамаша біліктілік танытқан. Қарқаралы уезінің пайдалы кен қазбаларының бірнеше түріне тапсырыс түсірген. Оның бір мәліметінде. Едірей болысының шейі арқалық жерінде асбестің мол қоры бар екені айтылады. Оның қазақ тарихының сан қырын зерттеудегі еңбегі ұшантеңіз: ол сирек те ғажайып кітап авторларының бірі болып табылады. “Қырғыз өлкесі” 1903 жылы жарыққа шықты .
Әлихан Бөкейханов; А. Седельников және С.Чадовпен бірлесіп кітаптың “Қырғыз өлкесінің тарихи тағдырымен оның мәдени жетекшілері”-деген тарауын жазып шықты. Бұл шын мәнінде Қазақстан туралы үстіміздегі ғасырдың басында пайда болған бірегей монография. Кітапта өлкенің табиғатты, ауа райы, өсімдік және жан-жануар дүниесі; халқы оның этнографиялық құрылымы, турмысы мен мәдениеті, кәсібі, қатынас жолдары, көрікті жерлері бәрі-бәрі қамтылған .
Қазақстан туралы кеңес заманында көпшілікке кең тараған тап осындай кітап жарық көргеннін атап айту керек.
ХХ ғасырдың басы, анығырақ айтқанда, 1905-1910 жылдары Ресейдің переселен саясатында, сол арқылы Оралдың шығыс бөлігін отарлау саясатында жаңа кезең болды. оған мынадай фактілер арқылы көз жеткізу қыйын емес. Егер 1864-1885 жылдар аралығында Олардың шығыс жақ бетіне қоныс аударушылардың саны 300 мың адам болса, бүл сан 1885-1910жылдар 2,5 миллионға өсті .
Қоныс аударушылардың үлкен бөлігі қазақ жерлеріне ұмтылды. Егер 1896-1905 жылдары Қазақстанның Ақмола, Торғай, орал және Семей облыстары 294 мың 296 адам келіп қоныстанған болса, 1906-1910 жылдары 770000 адам көшіп келіп орын тепті .
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығының орта тұсында империя көлемінде қоныстандыру ісі белгілі бір жүйеге түсті. 1904 жылы аудару және жерге орналастыру бас басқармасы құрылды. Ал келесі бір-екі жылдың ішінде бұл басқарманың мекемеоері губерния, облыс және уезд деңгейінде барлық қазақ дерлерінде құрылды. Мемлекет тарапынан алған бұл мекемелердің құқықтық статусы да жоғары болды. және олардың негізгі міндеті артық “жердерді” анықтап, ол жердерге ішкі Ресейден орыс шаруалрының қашып келіп орналасуына жағдай жасау еді.
Белгілі бір жүйеге түскен, ұлы державолық отарлау саясатының басында патшаның өзі, Мемлекеттік Дума және басқа өкімет орындары тұрды, сондай-ақ бұл іс жақсы қаржыландырылды. Міне, осындай жағдайда патша өкіметінің отарлау саясаты мен күрес жүргізу де жеңіл желпі іс еместін. Жалпы саяси деңгейі төмен, оқыған азаматтары саусақпен санарлық қазақ қоғамы үшін бұл ауырдың аурып еді. Студенттік жылдары және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркисстік бағытта тұрған Ә. Бөкейхановтың саяси платформасының біртіндеп өзгеріске ұшырау себептерін осы жағдайдан іздеу орынды болатын сияқты. Басқаша айтқанда, қазақ даласын ашықтан-ашық отарлау саясатына білек түрініп кіріскен патшалық жүйемен пәрменді күрес жүргізу үшін, әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді көздеген әрекеттер жасап, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы оппозияда тұрған саяси күштердің қолдауына сүйену керек еді. Ал мұндай сипаттағы іске, біріншідан, жалпы ұлттық мүддені түсунуге көтеріле алмаған қазақ жұртын таптық негізді бөлшектейтін, екіншіден, Ресей жағдайында ашық, ресми саяси күшке айналмаған Марксистік партия бағытын ұстану тиімсіз болды.
Қалай болғанда да, Әлихан Бөкейхановтың көзқарасының Щербина экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағанын анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ оқиғандарының саяси көз-қарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Патшалық отарлау аппараты өзіне қызметке даярлаған түрлі мамандық иегері арасынан шыққан қазақ зиялылары елде жаңа сипаты, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық ұйымдасқан сипаты беру жолдарын қарастырды. Осы тарихи кезеңде ол атқарған жұмыстар арасынан мыналарды бөліп айтуға болар еді, олар белгілі Қарқаралы петициясын ұйымдастыру және өлкеде Россиялық конституциялық демократиялық партияның жергілікті филиалын құру жолында жасалған әрекет. Сол тұста жалпы қазақ қоғамының саяси өмірінде жаңылық есебінде болған. Бұл оқиғлардың Ә. Бөкейханов қызметіне тікелей қатынасы болғандықтан, олардың тарихи қоғамдық әлеуметтік астарына қысқаша тоқталып өтейік:
1905 жылы маусым айында Қоянды жәрменкесінде жазылған қарқаралы петищеясында қазақ қоғамының негізгі діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін ұйымдастыруда жернгілікті халықтың мүдделеріне қайшы келетін шектеулерді жою, ауылдарда сабақ оыр тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу, қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға қажет құралсыз газет шығаруға және баспахана ашуға руқсат беру, жаппай қоныстану қарқынының күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау, мемлекетке аппаратта сот орындарында іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу .
Қарқаралы петициясының тархи маңызы сапалы жаңа даму сатысына аяқ басқан қазақ азаттық қозғалысының ең нігзгі талап тілектерін тұңғыш рет тұжырымдап, қалыпқа салып, патшалық биліктің алдына қойып, сол арқылы қазақ елінің өз еркіндігі үшін табиғи күрес жолына түскендігін алшық, оның білдіруіне еді.
Бүкіл елдік наразылықтың қазақ қоғамына бұдан бұрын тән емес, петиция тұңғыш россиялық революцияыда ал оны жазған азаматтық қозғалыстың басына келген жаңа әлеуметтік күш-ұлттық интеллигенция өкілдері еді. Деректік материалдардағы көрсетуге қарағанда петиция авторларының қатарында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және басқа сол кезеңдегі белсенді қазақ интеллигенттері болған. Ол турасында М.Дулатов кейінірек “1905 жылдан бері біздің қазақ жұрта да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқиға басшыларды көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз балып қалды”-деп жазды .
Жандарм орындарында шамамен петиция авторы деген кісілерді сеператтық насихат, билікке қарсы ірекет жасады сияқты түрлі айыптармен қуғынға алып, абақтаға жапты. Бұдан былай кезеңде қазақ даласындағы патша жандармиясы басқа революциялық күштер мен бірге қазақ демократиялық интеллигециясын да қуғынға ала бастады, сөйтіп қабырғасы қата қоймаған ұлттық демократиялық интеллигенция халық тарихындағы азаматтық күрестің жаңа бетін ашты.
Қоғамдық күрес жолына түскен жас қазақ интеллигенциясының алдына көлденең тартылған өзекті жайлардың бірі –ел тағдырына қатысты жер мәселесі еді. Осы мәселеге байланысты.
Петерборда 1910 жылы шыққан “Қазыргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс тұрлері – атты үлкен жинақта жарияланған “Қазақстан” деген атпен берілген, бұл ғылыми очеркте Ә.Бөкейханов өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басындағы қазақ тұрмысының саяси-экономикалық жағдайымен мәдени-әлеуметтік ахуалын, отаршылардың қазақ жеріне келешекте көзей жаппай қоныс аудару саясатын қалай жүргізгенін тынысы кең білгерлікпен оқырман алдына жайып салады .
Әлихан Бөкейханов патша үкіметінің Қазақстанда орыстандыру саясатын жүргізіп келгендігін айта келіп, бұл жерлердегі орыс шенеунігі білім жағынан да жергілікті жердің жағдайын түсіну жағынанда оның тұрған жоқ деп көрсетті. Орыстандыру саясатының дағдыдағы белгілері –дөрерлік, зорлық-зомбылық, халықтың қасиетті деп аталатындарының бар атаулысына деген жосықсыз келістіру, дала облыстарында ондған
әкімдердің халықтың тілін білмеуі және тілмаштар арқылы түсіністігіне байланысты одан әрі күшейе түседі. Орыс білімінің көп жылдық тарихының көлеңкелі белгілерін қазақ жұрты арасына кеңінен тараған мақал-мателдерден де көруге болады. бұл тұрғыда қазақтардың “Орыстан досың болса, қойныңда балтаң болсып”, “Орыс нан жесе де ақша алады”, “Қазақ түлеген түйе, оыр-тікенек бұта”, -деп нақылдануы сірә кездейсоқ емес.
Әлихан Бөкейхановтың мәліметтері бойынша 1907 жылдың өзінде қоныс аударушылардың қазақ жерінің 54 мың десатина жер кесіліп берілген. Әсіресе теріскен, бұл өктемдіктің шектеп асып кеткен жайларды да көп болды. Ол құжат тілімен айтқанда, қазақтарды “өкіметке қарсылық” жасауға дейін мәжбур етті. Көкшетау аязы қазақтардың өз жерлеріне тағы да қол сұғұшылық білдіріп,қоныс аудару басқармасының жер өлшеусін сабаймыз деп қорқытып, жеріне кіргізбей қойған. Бұл күтпеген оқиға 1907 жылы маусымда өткен еді.
Қазақтар шекараны жер бедері, тау жоспары, өзен, көл, жайылым бойынша белгіленген. Ал айдалған боразданы ғана шекара ретінде шаруасы өзінің қазақ көршілерін еш түсінгісі келмейді. Осыдан қазақтың малының шаруа межелеген белгіден асып кешіп, оның егінін таптауынан барып, қақтығыстар басталып жатады. Жұрттың бәріне Петропавл оязында 1906 жылдың маусымында болған қазақтар мен орыс шаруашылар арасындағы қақтығыс қарулы қоныс аударушылармен қазақтар қатынасқан, нәтижесінде екі жақтан да бірнеше құрбандықтар болды .
Заң бойынша қазақтардың жерінің бәрі қазынанікі деп есептеледі де осы сылтаумен егін егуге қолайлы, шұрайлы жерлер олардан тартылып алынып, өздерін басқа қонысқа кетуге мәжбур етеді. Бұл ретте қазына сол кертіп алған жердің ауқымына ғана кіретін қыстаулардың құнын төлейді. Өз шаңырағының да құнын ала алмаған байғус қазақ амал жоқ бәрінен күндер үзіп басқа жаққа кетуге мәжбур болды.
Қоныс аударту басқармасының қазақ даласына сырттан келушілерді одан әрі көптеп орналастыру бағытындағы айқын саясатын айта отырып, бұл жұмыстың да депутат Марковқа тым аз көрінгеніне таңданбасқа болмайды.
Ол дума мінбесінен қазақтар Шыңғысхан мен Темірлан ордасының ұрпақтары, демек оларға дәл Америкада үндістерге жасаланғандай сойқанды жасау деп ашықтап –ашық мәлімдеді.
ХХ-ғасырдың алғашқы онжылдығында қабылданған Столыпиндік заңдардың артын ала Қазақстанға ішкі Россиядан жерсіз шаруалардың топ-тобымен ағылуы өлкеде жер мәселесін асқындырып жіберген еді. Бұл ретте қазақ шаруаларына әсіресе тиген 1909 жылы 9 маусымда Министрлер Совет бекіткен Ақмола, Семей, Торғай және Орал облыстарындағы Мемлекеттік Жер қорын анықтау туралы нұсқау мен Түркістан өлкесін басқару туралы ереженің 270 статьясына қосымша заң болды . Крепостниктік сипатта жазылған бұл екі документ іс жүзінде қазақ жерін переселен басқармасының еркіне берді. Бұл документтер бекітіле салысымен переселен мекемелері қазақ жерін тезірек әрі кең көлемде өз қармағына алу мақстаында қазақ шаруаларына да орыс қатынасушылары сияқты 15 десятина жер үлесін алып отырғышылыққа көшу науқанын ашты, және бұл процесс қайсібір аудандарда қорқыту үркіту шаруаларымен қатар жүрді.
Міне, осындай жағдайда отыршыл аппараттық зорлағын, жасап отырған айласын жан-жақты сынап, сол арқылы халықтың көзін ашып, оған бұл көкей кесті мәселені өз дәрежесінде түсінуге көмектесе алатын ғылыми, публицистикалық мақалалар аса қажет болды.
“Айқап”, және “Қазақ” басылымдары бұл мәселені ұлттық ауқымға көтеріп, пікір, сомысқа айналдырды. Айтыс барысында авторлар екі баламалы пікірге бөлініп кетті. Бірі (Б.Қаратаев, М.Серамин, Ж. Сейдалин) ішкі Россиядан шаруалардың жаппай көшіп келуі қоныстануы жағдайында отырықшы нормамен болса да, егіншілікке қолайлы жерден үлес алып, отырықшылыққа көшуді қолдады. Оларға ерген оқыған жастар қазақ отырғышылыққа көшсе, оның арасында өнер-білім тарауға жағдай тауады деп түсінді.
Екінші пікірдегілер (Ә.Бөкейханов. А.Байтурсынов және басқалар) көшпелі шаруашылыққа үйренген қазақ отырықшы нормамен үлес алып, көндігіп кете алмайды, мұндай норма тек жері құнарлы, бұрыннан егіншілік мәдениетін игерген аудандарға ғана келеді.
Ал оны шығарған үкімет орындарының түпкі мақсаты өткен, айламен қазақ жерін көбірек алу және қазақтардың өз ризашылығымен алдық деген пікір туғызуды,-деп түсіндірді.
Мәселенің егжей-тегжейін халыққа түсіндіруге көп күш салған “Қазақ” газеті бетінде бұл тақырып бойынша дәлелді; терең ғылыми мацалалар жарияланған Әлихан бөкейханов болды. Ол деректерге негізделген, нанымдық мақалаларында халыққа патшалықтың жер туралы заңдарының отарлық, реакциялық мазмұнын түсіндіруді көздеді. Перелесен басқармасының қаруына айналған 1909 жылдың 9 маусымында Министрлер Советі бекіткен екенін, демек оған сүйеніп патша чиновниктерінің жергілікті халықты өз жерінен ығыстыруды заңсыз, ал переселен басқармасы айтты деп халықтың ыңыса беруі жігерсіздік екенін айтып: “Қазақ 15-тен надел алмаса, қыстау, егінжай, пішендік, арығынан қу, айда деген закон қайда?” “15-тен алсаң жер белгілейтін, қазақ болып отырсаң жерден күнде көшірем деп, қазақты күнде көшіріп отыр. Өстіп жұртты билеген патшалық барма екен?”. Біздің қазақ жерінен күнде көшіретін не жазып еді? Бұл жұрт жұмысын жұрт болып іздемейтін бе? Әр жерде әр қайсың аяғын ат басқан шыңғырмай!”-деп жазды.
Әлихан бөкейханов орманшы-ғалым ретінде шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне өту жеңіл –желпі нәрсе емес екендігін, ол үшін түрлі әзірліктердің қажет екендігін терең түсінді, мақалаларында халыққа мәселені осы тұрғыдан түсіндіруге күш салды да “Біздің ақылымызша, адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен, көп жылдарда ауылдарды. Мал бағып, шаруа қылып келе жатқан жұрт патша 15-тен жер берді деп, егінші бола қоймайды. Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға жұмып алатын. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт онбестен киген болады.
Біз қазақ-ау, 15-тен алмай тұрып, жан-жағына қара дейтініміз сондықтан, қазақ 15-ті алып осы алақайдай жерге мел бақпақ, бұған мал бағылмайды”
Тарихи әділеттілік үшін атап айту керек “Қазақ” газеті Ә.Бөкейханов және оның серіктері қазақ халқының отырықшылыққа көшуіне емес(кезінде солай түсіндірілді), отырықшы норманың отыршыл мазмұнына, аңқау елді алдауды көздеген астарына қарсы шыққан болады.
Қазақтарға отырықшы нормамен жер үлесін біреудегі түпкі мақсатын отырықшыл аппаратының өзі де жасырағн жоқ. Ол туралы 1913 жылғы 11 маусымында Думада сөйлеген сөзінде переселен басқармасының бастығы Глинка. “Қазақ жері қазақтан көп артылып қалу үшін-яғни переселендерге қазақтан жерді көбірек алу үшін, біз әдіс істеп отырмыз. Әдіс қылу жолсыздық емес, ептідлік, Біз Министрлер Советінен ептілік етуге рұқсат алып қазақты ебімізге түсіруге қайырмалап едік, топ-тобымен топырақ түсіп жатыр. Қазаққа отырықшы болып, жер алуға риза болсаңдар, сендерге де мұжықпен қатар 15 десятинадан жер береміз дедік. Айтыумыз-ақ мұң екен қазақтар отырықшы нормамен әкер бер деп жабыла сұрап жатыр. Өткен жылда отырықшы нормамен қазақтарға 700000 десятина жер бердік”, – деген еді .
Үкімет орындарының 15 десятина үлес нормасын не үшін шығарғандығын жоғары мемлекеттік аппарат чиновнигі осылай түсіндірген болатын.
Міне, сондықтан да мәселенің осы қырын түсінуге шақырған “Қазақ” газеті мен Әлихан Бөкейхановтың әрекетін қазақ байларымен буржуазиясының таптық мүддесін қорғады деп бағалау тым біржақтылық болар еді.
Өз кезегінде жер мәселесі бойынша Ә.Бөкейхановтың біліктілігін патша чиновниктері де мойындауға мәжбүр болды. Мәселен Орынбор губерниясының жандарм бастығы генерал-майор Бабич 1914 жылы 24 қарашада “Қазақ” газеті турасында Торғай губернаторына жазған хатында “Из крупных сотрудников известны: Алихан Букейханов, бывший член Первой Государственной Душы, специалист по аграрному вопросу степных областей”, -деп көрсетті.
“Қазақ” газеті бетінде Әлихан Бөкейхановтың қалам тартқан негізгі тақырыбы әрине жер мәселесі болды. Оның мақалаларымен таныса отырып, Әлихан Бөкейхановтың қайбір зерттеушілер көрсеткендей жер мәселесіне тар ұлтшыл, ескі феодалдық тәртіпті жақтаушы болмағандығына көз жеткізу тіптен де қиын емес. Ол біріншіден, жер үлесін алдымен патшалық билік тұсында үлестен тыс қалып келген жергілікті халық алуға тиіс деп санады, екіншіден, жерді меншік есебінде үлестіріп беруге қарсы шығып, ондай жағдайда егіншілік мәдениетін толық игермеген қазақ шаруасы үлесін “көрші мұжыққа сатып, біразжылда сатылып, жалаңаш шыға келеді” сондықта да жер қауымға келісіп, жерді бірге алған ру, ауыл, болысөз ішінде іздері тәртіп жасап әділдікпен пайдаланғанын жақтады. Үшіншіден, жер үлесі “шаруаға” жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болғандықтан қалады. Бұл айтылған ойлардың қайсыбірінің қайшылықты көрінуі ықтимал, бірақ олардың нақты тәжірибеден туғандығын жоққа шығару қиын. Ә.Бөкейханов 1917 жылды революциялық өзгерістерге дейінде қазақ шаруасының әлеуметтік жағдайымен жақсы таныс болатын. “Баймын, мықтымын” деп атқа мінген жақсылар пішен шабатын жерге, егінжайға, жаз қонысқа, қыс тегінге зорлық қылады. Кемшілікте жүрген бишара сорлы жұрт бұл жақсылардың тепкісінде қор болғанша, орыс беретін 15-десятина болса да ие балалық деп мұжық боламын деп сұрап отыр,-деп жазған ол. Үкіметке төлеген алымға байланысты “Алымды момын кедейге аударып бай болатын мырзалар көзі соқыр емес, көңілі соқырына салып жүр ғой. Жұрттың момынын тонап алып болған байлықтан қанша береке бер екен,”-деп түйеді.
Бұл келтірген пікірлер Ә.Бөкейхановтың қоғамдағы таптық қатынастардан жақсы хабардар екендігін білдіріп кере.
1925 жылы Голощекин келгеннен кейінгі уақытта республикадағы жер мәселесі қайтадан шиеленісе бастайды. Оған себепші болған бұл мәселені шешуде бірнеше кезекте ескі патшалық билік тұсында көп зардап шешкен қазақ бұқарасының мүддесін есепке алудың орнына орталық биліктің қолдануына сүйене отырып, отарлаудың жаңа кезеңін ашуды көздеген жаңа басшылықтың өктем саясаты еді.
Ғасырлар бойы өз шешімін таптай келген жер мәселесін Қазақстанда революциядан кейінгі алғашқы кезеңде ұлттық принцип негізінде шешілуі толық мүмкін еді, мәселен, кезінде патша өкіметі күштеп тартып алған құнарлы жерлерді өз иелеріне қайтару ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстанушылар легіне шек қою т.т.с.
Осы әділдікті мойындай отырып 5-ші өлкелік партия конференциясы (1925 жыл, желтоқсан) жер мәселесін арнайы қарап, қарарында жерге орналастыру саласында ең алдымен байырғы халық, әсіресе олардың отырықшыланып жатқандары жөнінде міндет қойылатын болсын, деп көрсетті. Қай тұрғыдан болса да құқықты бұл шешім іске аспай қалды, 1926 жылы 26 ақпанда Бүкілресейлік орталық Атқару комитеті Қазақстандағы басшылықпен көп кеңесіп жатпай-ақ, 5-ші өлкелік партия конференциясында бекітілген жерге орналастыру шараларын жоққа шығаратын арнай қаулы қабылдайды.
Орталықтың қолдауына сүйреген голощекин 6-шы өлкелік партия конференциясында Қазақстанда жерге орналастыру процесін ұлттық негізде емес, топтық негізде жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл іс жүзінде жаңа переселендерге жол ашу еді. Конференция шешімін сол тұстағы республика егіншілік халканы Ж.Сұлтанбеков переселен шенеуніктерініңқолынан шыққан, отаршылдық рухтағы құжат есебінде бағаланды. Н.Нурмақов, С.Сәдуақасов сияқты қайраткерлер де осындай пікірде болды. Қазақ елінің мүддесіне төнген қауіпті тура түсінген Ә.Бөкейханов осы тұста жаңадан отарлау саясатына жол бермеу үшін қазақтарға қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРО ғылым академиясы жанынан профессор С.П. Шведцов бастаған экспедицияны құру ісінде белсенділік танытып, оның құрамына өзі де енеді.
Қазақстанда жаңа қоныстанушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылым жүзінде дәлелдеп берген бұл комиссияның жасаған тұжырымдамаларымен ұсыныстары Голощекинге және Орталық мекемелерге ұнай қойған жоқтын.
Голощекин 6-шы өлкелік партия конференциясында жасаған баяндамасында академиясы жанынан қырылған Қазақстандағы жер нормасын анықтау комиссиясының мүшесі Әлихан Бөкейхановқа барып жолығуына мынадай баға береді: “Сұлтанбеков жер нормасын анықтатуға Москваға барып, нұсқаулар алу үшін өлкелік комитеттің жауапты хатшысына жалықпай Әлихан Бөкейхановқа жолығады. Бұл масқара емей не?-әнгіме орталықтағы мекемелер келіспей отырған Қазақстандағы жер нормасы хақында болатын.
Бұл әрине Голощекинге таптырмайтын материал еді. Ол жер мәселесінде қазақ коммунистері ауытқұшылық жіберіп отыр, ал ол ауытқұшылықтың негізгі көрінісі 1-ші кезекте таптық емес, ұлттық факторларды қоюларына сөйтіп Бөкейханов бастаған Алашордашылардың жер жоспарын іске асыруға күш салуларында деп көрсетті. Комиссияның жұмысы толық аяқталмай жатыр, 1926 жылы Ә.Бөкейхановты контр-революциялық қызмет жүргізді деген желеумен ОГПУ қызметкерлері Ақтөбе тұтқынға алады да Москваға Бутырка абақтысына жөнелтеді. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге міжбүр болады.
Зорықшыл биліктің бұл қасіретті күресте жирыққан қайраткерлердің жүрегін шайлықтарына алған жоқ еді. Келесі 1927 одақтық егіншілік комиссариатында ол профессор Шведцов ұсынған жер нормасын қорғап сөз сөйлеп, отаршыл пиғилдағы шенеуніктерді әшкерлеп ол Қазақстанға қоныс аудару бағытын қолдаған профессор Верещакинге жауап сөзінде: “Профессор Верещагин бұрын да қазақтардың жерін тартып әперіп орыс помещиктері мүддесін қорғаған еді. Егер ол айтқандай Тула шаруалары шынымен де жерге мұқтаж болса, біз қазақтар олармен Верещагин сияқтылар арқылы тікелей емес, тек кеміссөз жүргізуді қалаймыз.
РСФСР егіншілік комиссариатын ұсынып отырған жер нормасы қазақтарды қанағаттандыра алмайды. Өйткені ол көбірек артық жер шығаруды көздейді. Сондықтанда бұл нормалар болашақта Қазақстанда жаңа отарлау саясатын жүргізуге бағытталған, ”-деп бетке айтылды.”.
Бұл өмірін өз халқының болашағы үшін күреске арналған үлкен саясаткердің ашық та ашына айтқан соңғы сөзінің бірі еді. Алашордалық қайраткерлерге қарсы 1928 жылы басталып кеткен сот процестері Әлихан Бөкейхановпен оның пікірлес серіктерін саяси өмірден біржола ығыстырып тастады. Әр заманның өзіндік көкейтесті мәселелері болған. Әлихан Нурмұхамедұлымен оның серіктері өмір сүрген дәуірдеқазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе-ұлттық теңдік, саяси бостандық еді.
Алихан Бөкейханов мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ емнің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы болды.
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ сьезі Алаш автономиясы деп аталатын ұлттық мемлекет құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігі алып жатқан Ресей империясының көлемінде бұл асазор оқиға болғанымен, отарлық езгіден қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің ХVІІІ ғасырдан бергі өз бостандығы мен теңдігі жолында орыс империясына қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысы болатын.
Тарих сахнасына Алашорда-Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгімен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүдде қорғап, қазақ елін басқа өркениеті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол –ұлттық мемлекеттік құрылымның болуыеді. Қазақ ұлт-азаматтық қозғалысының басшылары осындай батыл қортындыға келе отырып қателестіме?
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ.Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық мұрағатарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруды да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда әрине Алашорданың өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын .
Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көкейтін ақ казактармен патша генералдарына да, жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер алғашқылары Алаш қайраткерлеріне Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмірсүре алмайтын буратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап аяқтарынан жалса, соңғылары саяси сауатсыз аңқару елді арзан ұрандарымен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушыларын “буржұазиялық ұлтшылдар”, “ұлтшыл-уклонистер” деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып, атып, рухани азапқа салып, жойып тынды.
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлы державолық, империалдық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйеде ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтанда ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қозғау салушылардың есімін атауға тиым салынды. Міне осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаматтық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен олардың артында қалдырған шығармашылық мұраларымен таныса алмай келдік.
Халқымыздың өз еркіндігі жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған сондай қайраткерлердің бірі-Әлихан Нурмұхамедұлы Бөкейханов. Оның Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қосқан үлесін ерекше атап өту орынды. Бөкейханов сияқты қазақ оқиғаларының саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Патшалық отарлау аппараты өзіне қызметке даярлаған түрлі мамандық иегері арасынан шыққан қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды. Осы бағыттагазет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, көкейтесті қоғамдық саяси талаптар қойған петициялар ұйымдастыру сияқты бұрын қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады
Саяси күрес жолына енді түсе бастаған ұлттық интеллигенцияның осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде Ресейдің радикалдық-буржуазиялық партиясы кадеттер бағытымен тоғысқандығыда шындық. Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде де самодержавиялық билікті ұтымды сынға алып оған қарсы оппозицияда болған конституциялық демократиялық партияның Қазақстанда ашуға ынта білдіргендердің қатарында Әлихан Бөкейханов та болды. ол 1905 ж. басқа да қазақ интеллигентерімен бірге Оралда 5-облыстың делегаттық сьезін өткізіп, “Қазақ конституциялық демократиялық партиясын” құру шарасына қатынасады.
Партия бағдарламасы сол кезде Оралда Камель Тухватуллиннің басқаруымен шығып тұрған “Фикер” газетінде жарияланған. Онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қыбылдау. Ішкі Ресейденкөшіп келу қоныстану толқынын тежеу, кедей-жұмысшыларға еркіндік, теңдік беру, оларға пайдалы заң шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу т.с.с. талап тілектер айтылды. Бұл мақсаттардың сол кезде іске аса қоймағандығы мәлім,дегенмен 1905 жылдың өзінде алдына осындай міндеттер қойған саяси партия нұсқасы пайда болуының өзінде қазақ қоғамы үшін ілгері басумен тең еді.
Осы кезеңде империя өмірінде үлкен саяси оқиға болған мемлекеттік Думаның жұмыс жасай бастауы еді. Қазақ зиялылары алғашқы кезеңде Дума, белгілі дәрежеде, қазақ елінің өзекті мәселелерін шешуге көмегін тигізді деп түсінді. Ә.Бқккейханов І-Мемлекеттік Думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды.
Әлихан Бөкейханов І-мемлекеттік Дума жұмысына қатынаса алмайды. Өйткені ол Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуісіз үш ай Павлодар абақтасында отырады. Ал абақтыдан шығып Петербірге жеткенде, жұмысын шыдап жолға қойып үлгермеді. Дума патшаның жарлығы мен 1906 жылы 8 июлде тартылды, оның біраз мүшелері Выборг қаласына жиналып, мәжіліс өткізді, онда олар арнайы манифестерінде қалықбұқараны пассивті қарсылық көрсетуге (салықдамау) шақырып, Думаның таратылуына наразылықтарын айтты. Выворг монифесіне Ә.Н. Бөкейхановта өз қолын қойды, Семей түрмесікде 3 ай қиналып жатты.
Сонымен бірінші орыс революциясынан кейінгі кезеңде қазақ оқығандарының алғашқы ізденіс нәтижесінде жасаған тұжырымы-қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен алып шығатын дол Россия арқылы жеткен дамудың батыстық нұсқасы, яғни буржуазиялық қатынастарға жолашу еді. 1910 жылы жарық көрген мақаласында Ә.Бөкейханов ол туралы былай деп жазды: “Таяу болашақта далада қырғыз арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы ықтимал. Олардың бірі ұлттық-діні аталып, мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі батыстық бағытта. Алғашқысы үлгі ретінде мұсылман татар партияларын алса, соңғысы – орыс оппозициялық, мәселен “халық еркіндігі ” партиясын алуы мүмкін.
Әлихан Бөкейханов қазақ жұртын батыстың озық мәдениетінен үйренуге шақыруын бұдан кейінгі жылдарда да қойған емес. Ол бұл ойын “Қазақ” газетіндегі публицистикалық мақалаларында да келтірген.
1918 жылға дейінгі қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде аса үлкен роль атқарған “Қазақ” газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуінде Ә.Н.Бөкейхановтың еңбегі аса зор. 1913 жылдың ақпанынан шыға бастаған “Қазаққа” дейінгі жалпы ұлттық газет шығару әрекеті ілгері бастаған. Ә.Бөкейхановтың газет шығару ісіндегі мол тәжірибесі-1896-1907 жылдары “Степной Край”, “Иртыш”, “Омич”, “Голос степи”, сияқты газеттерде істеуі, Мемлекеттік Дума депутаты ретінде сол кезеңдегі Россия жоғары билік орындарына жақын адамдарымен тікелей таныс болуы, “Қазақты” ұйымдастыруда аз роль атқарған жоқ. Газеттің алғашқы сандарынан бастап ол “Қыр баласы” атты жасырын есіммен мақалалар жазып, ең күрделі және өзекті мәселелер бойынша негізгі авторға айналды.
Ұлттық мемлекет құру Ә.Бөкейханов және басқа демократиялық бағыттағы интеллигенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Олар 1905-1907 жылғы орыс революциясынан кейінгі кезеңде алғашында радикандық бағытында көрінген буржуазиялық-конституциялық – демократиялық партияның құрылымына еніп, конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия ашудан қазақ ұлтына автономия ашудан үміттенді. Бірақ олардың бұл үміттің негізсіз екендігін көп ұзамай уақыттың өзі де көрсетіп берді. Кадеттер партиясына үміт артқан тәжірибесіз ұлттық интеллигенция өкілдерінің онымен саяси-идеялық алшақтығы Ақпан төңкерісінен кейін, біржолата айқындала түсті. Ә.Бөкейханов “Мен кадет партиясынан неге шықтым?” деген ашық хатында ол туралы былай деп жазды. “Кадет парттиясы жер адамға меншікті боп берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық”.
Өз кезінде Ә.Бөкейханов үшін Кадет партиясынан шығып ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік суверенитетке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді. Егер 1905-1097 жылдары, одан кезеңде де мұндай мақсаттың іске асыруға қажет шарттар түзілмеген болса, Ақпан төңкерісінен кейін елдегі қалыптасқан жағдай оған мүмкіншілік туғызады.
Әлихан бөкейхановтың саяси өмірбаянында 1916 жылдың дүрбелеңі және майданыдағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады.
Майдандағы жұмысқа қазақ жастары алынған соң Ә.Бөкейханов бастаған бір топ қазақ интеллигенттері өз еріктерімен майданға аттанып, Петроградтағы билік орындармен жүргізілген келісімсөзден соң, Минск барып Батыс майдан штабы жанындағы земскі және қалалық одақтың бұратана бөлімін ұйымдастырып, оны басқаруды Ә.Бөкейханов өз мойнына алды. Бөлімнің міндеті майдандағы жігіттерге қажет тұрмыстық жағдай жасау және басқа түрлі көмектер көрсету еді. Бұратана бөлімі Қазақстаннан дәрігерлер, фельдшерлер шақырды, қазақ мұғалімдерін таптық, жігіттердің сауатын ашу үшін кружоктар ұйымдастырды. Олардың арасында осы мезгілде “Еркін дала” ұйымы құрылды. “Қазақ” газеті майданындағы жігіттер мен қазақ даласын жалғастырушы көпірге айналды, жігіттерге қуат берді, саяси танымын өсірді. Осы тұстағы қазақ интеллигенттерінің майдандағы жұмысшыларға көрсеткен ағартушылық қызметі ұлттық интеллигенция тарихының жарқын беттеріне жатады.
Сол атқарылған істің басықасында Әлихан Нурмұхамедұлының өзі тұрды. Майдандағы жұмысшы жігіттерге көрсеткен риясыз қызметі үшін ол құрметке бөленді “Алаштың Әлихананы” атанды.
Міне, осы кезден бастап Әлихан Бөкейханов Уақытша өкіметінің саяси өміріне белсена араласады. Өз ретнде уақытша өкімет те ұлттардың өзін өзі билеу құқығын мойындауға ыңғай танытқандай болып, жергілікті билікке сол халықтардың өз өкілдерін тарта бастайды. 1917 жылы сәуірде құрылған 9 адамнан тұрған Түркістан комитетінің мүшелігіне Қазақстаннан Ә. Бөкейханов пен М. Тынышбаевтың енуі соның дәлелі еді, Ә.Бөкейханов жаңа биліктің Торағай облысы бойынша комиссары болып бекітілді.
Уақытша өкімет ең негізгі мәселелерді шешуден қашып, оларды Бүкілроссиялық Қурылтай құратын биліктің еншісіне қалдырғаны мәлім. Оның шет аймақтағы комиссарлары да осы бағытты ұстанды. Ә. Бөкейхановта ұлттық автономия, жер және басқа өмірлік мәселелерді бүкілроссиялық құрылтай арқылы шешуден үміттенді. Бірақ сол тұстағы ұлт-азаматтық қозғалыс қайраткерлері бүкілроссиялық құрылтайға үміт артып қол қусырып отырған жоқ болатын.
Ақпан революциясының артын ала, көкек айынан бастап барлық қазақ облыстарында ұлттық интеллигенциясының ұйымдастыруымен үлкенді-кішіні сьездер өткізіле бастайды. Тарихшы А.К. Бочопов 1927 жарық көрген еңбегінде: “Бұл сьездер халықтың ескі патшалық тәртіпке қарсы жылдар бойы жиылған кегінің көрінісі болыд және сонымен бірге халықтың өзін - өзі басқару, ұлттық өкімет құру, отарлау саясатының тоқталуы ұлттық мектеп, сот, милиция ұйымдастыру т.б. үміттерінің көрінісі болды”, деп орынды жазған болатын.
1917 жылы шілде айында Орынбор қаласында өткен бірінші жалпы қазақ сьезі “Қазақ саяси партиясы” туралы мәселе қарап, күрделі саяси жағдайда “қазақ” халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көреді. “Қазақ” газеті партияның орталық баспа үйіне айналды. Алаш партиясының жергілікті комитеттерінің құрылуы баяу жүрді.
Әрине авторлық түсінік өлшем тұрғысынан алғанда, алаш саяси партия деңгейіне көтеріле алмағандай болып көрінуі мүмкін. Бірақ қазақ қоғамының сол тұстағы қоғамдық даму ерекшеліктерін ескерсек “Алаш саяси партия есебінде өз міндетін, белгілі дәрежеде атқара алды және бұл ретте ұлт тарихында өшпес терең із қалдырып кетті.
Әлихан Бөкейханов басқарған “Алаш” партиясы күрделі 1917 жылдың күзінде мынадай үш ірі мәселенің дұрыс шешілуіне үлкен үлес қосты.
Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуі тиіс жалпы ұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдар жасауда басты роль атқарады. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасына енді.
Екіншіден, партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы аталған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпы қазақ сьезін (1917, желтоқсан ) даярлап, өткізді. Осы сьезде өмірге алашорда-ұлттық Кеңес үкіметі-келгені және мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмаса керек.
Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік құрылыстайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және сол ұйымның атынан делегат болып сайланды.
Әрине, обьективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы алаш партиясының саяси күреске билік түрініп араласып кеткен саяси күшке айналуына мүмкіндіктер бере қоймады. Қымқиғаш азамат соғысы тұсында мұндай міндеттерді тек Алашорда аталған үкімет қана атқара алатын еді.
Ә.Бөкейхановтың 1917 жылы, әсіресе оның күзі мен қысында мемлекеттік еркіндікке жетудің түрлі жолдарын қарастырғандығын байқауға болады. Мәселен, ол осы жылдың күзіне қарай Г.Н. Потанин бастьаған Сібір автономистерімен қатынас жасап. Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрылымына енуін жақтады. Ондағы мақсат, осы Сібір автономиясы арқылы өз тәсілсіздігіне жету еді. Уақытша өкіметтің қолынан саяси билік біртіндеп ұзай берді. Пәрменді биліктің болмауы ел ішінде түрлі территористік актілерге жол ашып берді. Бұл жағдай, әсіресе, қолында қаруы жоқ қазақ сияқты жұртқа ауыр тиді. Барлық жерде зорлық зомбылық етек алды. Міне осындай жағдайда Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы және ұйымдастыруы бойынша 1917 жылы 15-13 желтоқсан күндері орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған екінші жалпы қазақ сьезі болды
Сьездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе ұлттық автономия туралы мәселе болды. Сьезд бұл мәселе бойынша, қарар қабылдап, онда қазақ облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт Кеңесін құрып, оның аты “Алашорда” болсын деді: Он бес адамнан тұрған бұл өкіметтің төрағасы болып үш адамның ішінен көпшілік дауыспен Әлихан Бөкехановсайланды. Бұл әрине, Әлихан Нұрмухамедұлының өзін бақытты сезінген сәттерінің бірі еді.
Империя көлемінде қалыптасқан жағдай Алашорда өкіметіне келесі 1918 жылдың күзіне дейін іске кірісуіне ырық бермеді. Ал оның төрағасы Қазақ революциясы жеңгеннен кейінгі кезеңде жасырынып жүріп, қызмет атқаруға мәжбүр болды. Өйткені, ол қазақ қоғамына қытысты негізгі мәселелер бойынша больщевиктердің бағдарламасын қолдамады. Кеңес үкіметін “найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен” орнаған билік деп түсінді. 1917 жылғы 10 желтоқсанда “Южный Урал” (Орынбор) газетінде жарияланған үндеуінде ол В.И.Ленинді, большевиктер партиясын демократиялық принциптері аяқ асты етушілер есебінде айыптады.
Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі баррикаданың екінші жағында, яғни кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ қазақтар мен патша генералдарының соңынан ерді.
Қазақ қоғамынан шыққан коммунистерді өлім жазасына кесу туралы жарықтарға қол қою оның осы ұсталған саяси бағытынан туындағаны өзінен-өзі түсінікті. Әлихан Бөкейхановпен оның серіктері больщевиктері партиясы ұсынған апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебінде бағалап, ал қазақ коммунистерін орталық биліктің қолшоқпарлары ретінде айыптады.
Бұрын – соңды құжаттармен мұқият таныса келгенде Ә.Бөкейхановтың саяси күресте мейілінше таза болғандығын, лас әдістерді мойындамағанын аңғару қиынға түспеді. 1919 ж.және 1920 жылдар В.И.Ленин басқарған Кеңес өкіметінің Алаш қозғалысына қатынастарға жарияланған кешіріммен кейінгі уақытта да. Ә.Бөкейханов өз принципіне сенімділігін таныта білді. Кеңес билігіне бағытталған әрекеттерге араласқан емес.
1927 жылғы 27 мамырда ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында ол былай деді: “1919 жылы Алашорда ыдырағаннан кейінгі уақытта біздің бұрынғы алашордашыл ұлтшылдардың арасында Кеңес биліне қарсы белгілі бір ұйымға бірігу, ұйымдасқан күрес жүргізу әрекеті болған емес. Жалпы ұлтшылдық қызмет туралы ешкіммен де пікір алысқаным жоқ, ұлтшыл мен ұлтшыл ретінде тек Байтұрсынов және Дулатовпен ғана жақын сырласуым мүмкін, бірақ олармен де ұлтшылдар тактикасы жөнінде сөйлескенім жоқ, ал олармен бұл тақырыпқа байланысты сөйлесе қалған күнде тағдырымызға налып, өкінуімен болдық” .
Кеңес билігі тұсында да Әлихан Нурмұхамедұлы тұған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. Окінішке орай, сталин басқарған жоғарғы билік революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясында, оның белгілі лидері Ә.Бөкейхановқа сенімсіздік танытып, қоғамдық қызметін белгілі бір қалыпқа салып, ол 1927-1932 жылдары Москвада КСРО халықтары орталық баспасында әдеби қызметкер болып жүрді де өз елінің рухани өсуіне елеулі үлес қоса білді. Осы жылдары оның қаламынан туған көптеген кітаптар, аудармалар, түрлі тақырыптарға жазылған мақалалар соның айғағы. 1927 жылы –қазанда “штаттың қысқартылуына байланысты”, ал шын мәнінде БКП(0) орталық комитетіндегі қызметкерлердің нұсқауы бойынша қызметтен босатылған Әлихан Бөкейханов берілген мінездемеде былай деп жазылады: “Орталық баспадан жүргізілген өзінің ғылыми және әдеби қызметі кезінде азамат Ә.Н.Бөкейхановтың қазақтардың тілін, шаруашылығын және тұрмысын өте терең білетіндігімен қатар, өзіне жүктелген міндеттерге үлкен адамгершілікпен қарайтындығын танытты”.
Алашордалық қайраткерге қарсы 1928 жылы басылып кеткен сот процестері Ә.Бөкейханов пен оның пікірлес серіктерін саяси өмірден біржолата ығыстырып тастаған болатын.
Әлихан Бөкейханов 1922 жылдан бастап Москвада ОГПУ орындарының бақылауы астында тұруы тиіс болды. Үкімет орындарының, жеке адамдарының оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне рұқсат сұрап, құдіретті орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпайды. Ұлт – азаттық қозғалыстың басшысына Москвадан ұзап шығуына тиым салынады.
1928 және 1930 жылдары екі мәрте Алаш қозғалысының ең белсенді қайраткерлері тұтқынға алынып, соттағанда ОГПУ бір-ақ рет шақырып түсінік алумен тынады. Бөкейхановты тұтқындау арқылы олар өз пиғылын қоғамдық пікір алдында тым айғақтап алудан қаймықты.
1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейханов 1989 ж 14 мамырда КСРО жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрылымы жоқ болғандықтан ақталды.
Әр заманның өзіндік көкейтесті мәселелері болған Әлихан Нурмұхамедұлы мен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе ұлттық теңдік, саяси бостандық еді. Әлихан Бөкейханов осы мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы болды. Ұлы қайраткердің соңына ерген інілерінің бірі, азаматтықтың тағы бір құрбына Жүнісбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде “Қаранғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шам-Шырақ”,-дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді.
Әлихан Бөкейхановтың мол еңбегінің бір саласы –қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған. Ол оның жарқын келешгіне үлкен сеніммен қарады. Қазақтың мәдениеті туралы былай дейді: “Среди тюрков, кочущих в азии киргиз-казахи наиболее культурный народ и несомненно, что ему предстоить лучшее будущее. Количество его уивиличивается, и он оказывается воспривчивым в культурным приобретений”.
Әлихан Бөкейхановтың мақалалары, зерттеу еңбектерін оқығанда халық тағдырын аса зор мәні бар көпдеген мәселелерге тиянақты, тыңғылықты пікірі, өз көз-қарасы бар ойлы, білікті адамының алып тұлғасы көз алдымызға келеді. Оның әр сөзімен халық тағдырына жауапкершілікті, мойнына ала білген, ел қамы үшін күресте жанын аямаған қайраткер екенін айқын көреміз. Айрықша атап айтуға ірі қоғам қайраткері болған Әлихан Бөкейхановты тек қана үздік шыққан саясаткер, күрескер деу аздық етеді.
Оның жан-жақты терең білім бар, дүниежүзі мәдениетінен толық хабардар қазақ халқының тарихын, өмір-салтын, әдет-ғұрпын, әдебиетін жетік білген адам екені жазған еңбектерінен айқын аңғарылады.
Әлихан Бөкейханов қазақ халқының рухани мәдениет байлығын баяндай келіп, ауыз әдебиетінің түрлеріне тоқталады. Халық поэмаларына сипаттама беріп, “Қозы Көрпеш-Баянсұлу” дастанына ерекше көңіл аударады.
Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Петербургте Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен басылып шыққан. Ол Абай туралы тұңғыш ғылыми зерттеу еңбек жазған адам. Абайдың ақын шәкірттері, балалары-Ақылбай, Тұрағұл, інілері-Шәкәрім, Кәкітайлар, досы Көкбай ақын Бөкейхановты ерекше қадірлеп құрметтеген.
Көкбай ақын 1914 жылы Бөкейхановқа арнап мынадай өлең шығарған (бұл кунге дейін жариялауға мүмкін болмаған):
Қарағым, жалғызсың қазақтағы,
Ұл тумақ сендей болып аз-ақ тағы.
Өгіз өліп, болмаса арба сынып
Өмірден өткен жансыз азаптағы.
Ә. Бөкейханов қазақтың басын біріктіріп ерікті ел болуы көксеп, сол мақсатқа жету жолында өз бойындағы бар қасиетін: ақыл – ойын, өнер-білімін, жігер-қайратын, бар саналы өмірін арнаған адам, егер ол өзінің бас пайдасын ғана патша заманында, мансапқор болып, шен-шекпенге қызығып ұлық болғысы келсе, өзі-ақсүйек хан әулеті әрі оқымысты Ә.Бөкейханов ол жол оңай еді. Бірақ Бөкейханов қара басының қамын ойлаған жоқ, туған халқының қамын ойлап, белін бекем байлап, ел үшін еңбек ету жолына түсті.
Әлихан Бөкейханов демократиялық орыс мәдениетін қазақ даласында насихаттаушы. Ол А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, Г.Н.Потанин, сияқты алдыңғы әдебиет пен ғылым қайраткерінің біраз шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Әлихан Бөкейханов сияқты кең ойлы, жан-жақты терең білімді, ірі қайраткерлердің өмір тарихын, саяси-әлеуметтік қызметі, ғылыми-ағартушылық еңбегін тереңдеп баяндап беру тарихшы, экономист ғалымдарымыздың алдында тұрған мәселе. Бұл үлкен адамның басынан кешкен күрделі өмір сапары, ғылыми еңбегі, әдеби мұрасы әлі толық зерттелген жоқ.
Осы күнге дейін ол туралы жазылып келген, қым-қиған пікірлер, оған жабылған жола, қара тұмандай қаптап, оның шын бейнесі көрсетпей бүктеп келеді.
Ә. Бөкейханов 1922 жылдан бастап Москвада тұрады. Жазу жұмысымен шұғылданып, үздіксіз еңбек етеді. Москвада басылып шыққан, әзірге бізге мәлім кітаптары:
“Потаниннің өмірбаяны”, “Ер Тарғын”, Ә.Н.Бөкейхановтың 1924 жылы орыс тілінен аударған еңбектері: Л.Н.Толстой “Қажымұрат” аударушы “Қыр баласы”. (Ә.Бөкейхановтың бүркеншік аты) Москва –1924 ж.
Ал 1925 жылы Л.Н. Толстойдың үш шығармасын аударып, басып шығарады. Олар “Кавказ тұтқыны”, “Жұмыртқадай бидай”, “Жеті қарақшы”.
Сөйтіп Әлихан Бөкейханов көркем әдебиетіміздің өркендеп өсу жолында, үлгі өнеге болатын еңбегімен рухани мәдениетімізге үлес әдебиетші.
1926 жылы басылып шыққан еңбектері “23 жоқтау” қазақ тарихының 400 жылын қамтитын жоқтау үлгілері болып табылады.Сол жылдар Ә.Бөкейханов Н.К. Крупскайның “Халық ағарту туралы Лениннің өсиеттері” атты кітабын қазақ тіліне аударып, Москвада басып шығарды.1
Әлихан Бөкейханов-қазақтың басын біріктіріп, ерікті ел болуын көксеп, сол мақстқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетін ақыл ойын, өнер-білімін, жігер-қайратын, бар саналы өмірін арнаған адам. Аяғын шағыс басып адасса да қилы заман, қиян асуда қиналып, қателессе де, сол жолда адасты, сол жолда қателесті, бірақ халық басына бостандық күні туатынына кәміл сенді. Сондықта да Ә.Бөкейхановтың еліне деген адал жүрек, ақ көңілін дұрыс түсінген жұрт оны қадірлеп құрметтеді.1
Ә.Бөкейханов туралы тарихи шындық әлі зерттеліп, шегіне жеткен жоқ. Беті ашылмай жатқан мәселелері аз болмаса керек. Мысалы: “Қазақ ұлттық автономиясын жасау жөніндегі “Алаш” партиясының қадамдарын қолдауды өтініп В.И. Лениннің атына оынң жазған үндеуінің текстін (архивтер әлі толық ашылып біткен жоқ). Толық білмейміз.Бізге оның Семейден 1918 жылдың 2 апрельде жүргізілген келіссөздерінің текстері эбелгісіз Алашорда премьерінің өмір-баянында жаңа да маңызды штрих болып қалуы ғажап емес”, - бұл Ә.Бөкейхановты зерттеушілерге тағы бір бағыт нұсқайды.
Әлихан Бөкейхановтың қиын да күрделі өмірі мен сан қырлы қоғамдық және шығармашылық қызметін шын мәнін зерттеу ісі енді ғана басталды.
Өмірден қыршын өтсе де, жазғагдары мәңгі сөнбес жұлдыздай жанып, жарқырапқалған ақын Сұлтан Махмұт Торайғұрұлы өзінің “Таныстыру” аттытамаша поэмасында қазақтың үш орысы-Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы ерекше қадірлеп, былайша бағалаған болатын.
Кешегі қара күнде болмап па еді;
Бірі-Күні, бірі-Шолпан, бірі-айым
Салардан басқа кеше кім бар еді;
Қазақ үшін шам қылған жүрек майын.
Кезінде осылай биік сыйланып,
әділ қастерленген үш арыстың бірі Әлихан Бөкейханов біз кейінгі уақытта ғана біле бастадық. Өткен ғасырдың аяғы мен үстіміздегі ғасырдың басында қазақ халқының саяси-рухани көсемі деңгейіне көтерілген тұңғыш ұлттық үнқағаз-“Қазақтың” ұйымдастырушыдем берушілерінің бірі, алаш партиясын құрушы, Алашорда үкімесітінң тұңғыш торағасы, дарынды қаламген әлихан Нурмұхамедұлы қазір де саңлақ Сұлтанмахмұт жырлағандай бағаланса артық емес. Бұған оынң әлеуметтік саяси қажырлы күресе толы ғұмыры, “инемен құдық қазғандай” үздіксіз ұйымдастырушылық жұмыстары, 1937 жылы атылып кеткенге шейін атқарған сан алуан қаракеттері, жазған жүздеген жолында мақалалары куә.
Әлихан Бөкейханұлының шығармашылық мұрасын зерттеушілердің қолында қазірдің өзінде ол кісінің 3-4 томға жетерлік еңбектері мен мақалалары жинақталып отыр. Тарихының тәлім-тәрбиелік мәні, оның қоғамдық дамуды жеделдетуге тигізер ықпалы екені бұл күнде аян. Оның өткенін сабақ, тағылым алмай, жақсылығын үйреніп, жаманынан жиренбей, бүгінгі күнге асқан жауапкершілікпен қарамай ертеңгі күнде асқақ үлгі артуға болмайды. Қазіргі заман тарихи принциті қатаң ұстанып, тек шындықты айтуды талап етеді.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының “ақтандық” беттерінің біраз алаш партиясы мен Алашорда қозғалысына, олардың көпшілік таныған жетекшісі Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қызметіне тікелей байланысты. Оның өзіндік себептері болды. 20-шы жылдардан бастап, әсіресе 1928-30 шы жылдары орын алған бұрынғы Алаш жетекшілеріне қарсы ұйымдастырылған алғашқы сот процестерінен кейін, бұл тақырыпты нақтылы тұрғыдан зерттеуге тиым салынды.
Сондықтан да соңғы алпыс жылдан астам уақыт ішінде Алаш партиясы, Алашорда қозғалысы туралы біздің ғылыми зерттеу жұмыстарымызда, жалпы әдебиетте мәселенің байыбына бармай тарихи шындықты бұрмалаған пікірлер жазылып, әр түрлі “Мәртебелі” мінберлерден жалған айыптау сөздер айтылып келді.
Иә, “Алаш” тарихында қасіретті беттер мен “ақтандықтар” аз емес. Дей тұрсақта, қазіргі өмір талабына сай алаштану дұрыс бағытпен дамуда. Бұл бағытта зиялы қаумы бірлесіп зерттейтін ғылыми шешіліп күтіп тұрған мәселелер жетерлік. Олардың ішіндегі кейбір маңыздылары мыналар.
Алаштың әлеуметтік саяси және экономикалық бастау көздері, оның ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі алатын орнымен атқарған рөлі. 1917 жылы екі революция аралығындағы алаштың басқа саяси партиялармен өзара қатынас мен байланысы, Алаш пен Алашорда және Совет өкіметі, Алаш қозғалысының ішкі қайшылықтары және олардың көріністері, Алыш қозғалысына қатысушылардың 1920 жылдан кейінгі қасіреті, Алаш және бүгінгі Қазақстан тағы сол сияқты.
ХХ-ғасырдың бас кезінде өмірге келген қазақ ұлттық интеллигенциясының өз халқы процесс жолына түсіру үшін төккен тері мақтаныш тұтуға лайық.
Әлихан Бөкейханов-қазақтың басын біріктіріп, ерікті ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетін ақыл-ойын өнер-білімін жігер-қайратын бар саналы өмірін арнаған адам.2
Қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған азаматтары басын тіккен биік арманы-ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі, Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тарих қайнауында тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді. Тек жетпіс жылдан астам уақыттан соң Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздік жарияланып, қазақ елі ұлы арман жолына қайта бет бұрды.
Бүгін біз 1917 жылдың қаһарлы, суық желтоқсанына именбей Алаш автономиясының туын көтеріп, еліне бостандық әперуден үміттенген аға ұрпақ аруағы алдында тағзым етіп, ол ақын Мағжанның сөзімен айқанда “Қажымай алтын Айға қол сермеп, сол жолда мерт болған буын еді”,-дей аламыз.2 Аяғын шалыс басып адасса да, қилы заман, қиын асуда қиналып қателесседе сол жолда адасты, сол жолда қателесті, бірақ халық басына бостандықтан да Бөкейхановтың еліне деген адал жүрек ақ көңілін дұрыс түсінген жұрт оны қадірлеп құрметтеді.
Әлихан Бөкейханов қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдерінің ізгі ойларының қазақ жұртына жеткізушілер сонында болды. Патшалық болмыс жағдайында саяси күрескер ретінде қалыптасқан оның қызметінде қатерлік кеткенімен социалистік революцияға дейінгі азаматтық ерлігіне әділ баға беру бүгінгі ұрпаққа сын.
Әлихан Бөкейханов қалдырған, ақсатын жеткен асыл мұраны жан-жақты талдап бойыптап түсіну, халықтың кәдесіне жарату алдағы міндет.
Лекция №6
Достарыңызбен бөлісу: |