ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Каракулов Б. О своеобразии традиционной музыки казахов



Pdf көрінісі
бет127/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Каракулов Б. О своеобразии традиционной музыки казахов 
//Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским 
искусством. Алматы: Ғылым, 1993. С. 188-207. 


400 
Әлия Әлімжанова
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭСТЕТИКАСЫНДАҒЫ 
ҮРДІСТЕР 
ХХ ғасырда қазақ көркемөнер мәдениеті өз өрістеуінде номадтық 
негізде дамыған өнер түрлерінен қазіргі постмодерндік көркемдік 
тәсілдің көптеген түрлеріне ауыса алды. Соңғы жылдары бүкіл әлемді 
қамтып алған жаһанданудың «тегістеуші» үрдістеріне қарамай, қазақ 
көркемөнері өзінің дәстүрлі әсемдік формаларынан ажырап қалмады. 
Осының бір себебі көшпелілік өмір салтында қалыптасқан дәстүрлі 
қазақ өнерінің эстетикалық қуаттылығында тұр... 
Еуразияның ең орталығын тұрғындаған, көшпелілер, ол сол 
уақытта Шығыс пен Батыстың мәдени формаларының синтезі болып 
табылатын, айрықша өмір салты мен дүниені игерудің көркем 
тәсілдерін қалыптастырды. Қазақ халқының ұлттық ділі мен дүние 
түйсінуі адам және әлем тұтастығымен, қоршаған ортаға үйлесімді 
болумен және сол мезгілде оған рационалды қатынаста басқа 
мәдениеттер мен этностарға төзімділік танытуымен ерекшеленеді.
Нағыз көшпелінің ұрпағы, О. Сүлейменов үшін «Шығыс та жоқ, 
Батыс та жоқ, тек Күннің атуы мен батуы бар» Жер бетінде көшпелі 
өзін тәуелсіз және шексіз құдіретті сезінді: 
Бұлұт болған айды ашқан 
Мұнар болған күнді ашқан 
Мұсылман мен кәуірдің 
Арасын бұзып дінді ашқан 
Сүйініш ұлы Қазтуған!!!
1
Қазақ көркем мәдениетінің бастауларын және құндылық 
негіздерін мыңжылдықтар қойнауынан іздеу керек. Басқа да алғашқы 
мәдениеттердегі сияқты көшпелілердің эстетикалық сезімдері табиғат 
арасында қалыптасты және өздерінің өмір с лтына тәуелді құндылық 
бағдарларымен синкреттік бірлікте болды. Философ С. Ақатай атап 
өткендей, көшпелінің еңбекке эстетикалық қатынасы оның әрекет 
өнімдерінде, жасалған нәрселердің әсемдігінде бекітіліп отырды, 
осының күшімен олар тек материалды мұқтаждықтарды өтеп қоймай, 
адамға қуаныш, эстетикалық сүйсіну әкелді. Заттардың әдемілігі оның 
адамдық өлшеміне айналып, еңбектің өзінде ләззат табуға болатын 
еді
2

Сол немесе басқа құбылыстың, нәрсенің, заттың эстетикалық 
құндылығы олардың утилитарлық-практикалық маңыздылығымен 
1
Озера степные. Алматы, 1999. С. 69. 
2
Кочевники. Эстетика. Алматы, 1993. С. 30. 


401 
тарихи себептелген. Көшпелі сарайларды салған жоқ, бірақ ол киіз 
үйді ойлап тапты. Ол сәулетімен де, инженерлік құрастырылуы, 
тұтынушылық қасиеттері жағынан да әбден жетілген. Өз кезегінде 
киіз үйді пайдалану қой жүнінен жасалған сырмақ, алаша сияқты 
бұйымдарды дүниеге әкелді. Олар терең эстетикалық сезімдерді 
туындатты... 
Қазақ адамы отбасымен, румен, тайпамен тығыз байланыста 
болды. Бүкіл мейрамдар ортақ болды және барлық адамдардың көз 
алдында өтті. Осындай бірлесудің айшықты көріністеріне «Наурыз», 
«Шілдехана», «Той», «Тұсау кесу», «Ас» және т.б. жатады. 
«Жалғыздың шаңы шықпас» деген мақалдағыдай, бірліктің 
маңыздылығы ерекше аталып өтті. Қазақ эстетикасы қазақ 
этикасымен тұтасып келеді. 
Қазақ 
ауыз 
әдебиетіндегі 
әлемдік 
рәміздер 
дәстүрлі 
дүниетанымдағы құндылықтарға иек артады. Қазақтың ауызекі
көркем мәдениеті түрлі көркем формаларға және өзінің бай тарихына 
ие. О. Сүлейменов осы жөнінде мынадай ойын ұсынады: «Өткен және 
болашақ қарсы айна тәрізді бірі-бірінен тәуелді. Тамырсыз ағаш – 
оған қатты сөйлегіштер не жарық таратушылар іліп қоюға ғана 
болатын, кепкен діңгек пен ондағы жемістер сияқты. Оны отынға кесе 
салуға да болады. Ешқандай өкінішсіз, кел келген халықты өткенің 
жоқ деп сендіре сал - сосын отынға жібер. Қаншама тамырлары кеуіп 
қалған ағаштарды біз өзіміздің сиреуші орманымызда көре аламыз»
1

Қазақтың көркем мәдениеті құндылықтары сөз өнерінде 
сақталады және өркендейді. Дәстүрлі мәдениеттегі қазақ үшін ең 
құндысы – бұл сөз әсемдігі. Сөз мағынасы қашанда қазақтарды баурап 
алады, олар оның күшіне сенеді, оның айқын дәлеліне мынадай 
мақалдар жатады: «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Сай сүйегімді 
сырқыратып, сөз айттың». Өйткені сөз адам жанының ең тылсым 
қабаттарына жетеді, оның барлық пернелерін тербелтеді. «Мен барған 
сайын, - дейді О. Сүлейменов, - егер тірі материяда өлмейтін бірдеме 
бір болса, онда оның адам сөзі екендігіне сенімді бола беремін. Ол 
шаңырақ сияқты түсіп қалмайды және қайта жаңғырмайды. Ал жай 
ғана өмір сүреді, қартаяды, ескіленеді, біз әзірше тірі болғанша, мәңгі 
өмір сүреді»
2

Өмір салты ерекшелігімен сол ауызекі халық поэзиясында 
қалыптасқан, қоршаған дүниені қабылдау және түсіндіру дәстүрінде 
табиғат құбылыстарын, адамның жай-күйін, өмірлік коллизияларын 
суреттеудің айрықша көрсеткіштері әрекет етеді. Бұл – түстің, 
дыбыстың, өсімдіктер мен жануарлардың, адамдардың белгілі бір 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет