АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет24/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38

Оспанмен оңаша Әңгімелесу

Тамақ ішіп болғаннан кейін барлығы кетіп қалды. Оспан екеуміз жалғыз қалдық. Бәйбішесі отауына кетіп қалды. Оспанға барлық ахуалды айтып таныстырдым. Бұрын да хат арқылы айтып келген сөздер еді. Оспан да өткен жылы бізді қарауылға жібергеннен кейінгі болып өткен уақиғаларды айтып өтті.

Оспанның әнгімесінің мазмұны мынау болды:

- Генерал Мәжік келіп тұрады. Қазір Ақ Үй Соғыс Комитетінің жұмысы тоқтап қалды. Ақ үй жұмысы Қалқабайдың билігінде, Дәлелхан Қалқабайдың билігінде. Қалқабай – Дәлелхан бір адам. Қалқабай күндіз түні менің жанымда. Аузымды аңдып отырады. Сөйлетпейтін болды. Ақ Үйді қорғайды деп Қалқабай Монғолиядан 300 әскер әкеліп, жанына қондырып алды. Менің үйіме ешбір қазақ кіре алмайтын болды. Кірген қазақ маған өз пікірін айта алмайтын болды. Сонау 1943 жылғы тоқтамдарды орыс – монғол бізден бұрын өздері жыртатын секілді. Бір кезде өзіміз Шын Түркістаны болсақ дегенімізді бұлар “Ой Құдай-ау ол не деген сөз. Онда қытай сендерден мәңгі айрылама деп еді. Коминтерн сіздерді тәуелсіз ел деп, Шығыс Түркістан өлкесі деп танып қойғандықтан осы жарнама сіздерге баянды тәуелсіздік әкеліп береді” деп сендірген еді. Қазір Ақ Үйдегі Қазақстаннан келген профессорлардың аузынан Коминтерн жоғалып бара жатыр. Қасеннің ақырын баяндауына қарағанда қазір Коминтерн жоқ. Ол ІІ Дүние соғысының кеселінен тарап кетіпті. Сондықтан істі уақытша Мәскеу басқарады. Мәскеу жақын жерден Монғолияның жәрдемде болуын тапсырып отыр дейді. Осылардың Коминтерні тарап кеткендіктен біздің ісіміз шала қалар ма екен? Егер, Қалқабайдың әрекетін бақсақ, бұл адам жасынан Құңанжұй болып Қобдадағы Шерушінің түбіне жеткен деседі. (127) Қалқабайдың ойы бізді ептеп Монғолияға да қаратып әкетпекші ме екен?

Оспан Қалқабай үшін ойы бөлек, ары бөтен дей келіп, сөзін былай деп жалгастырды:

- 1942 жылдағы тәуелсіз ел деген жарнама, 1943 жылдағы тәуелсіздік тоқтамы бойынша біз тәуелсіз ел болып кете алатын емеспіз. Оның бер жағында өткен жылы бес аудан малын айдауды Ақ Үй күштері, әсіресе Қалқабай, Дәлелхан күштеп еді. Бұдан қандай нәтиже шығып отыр? Алтай халқы малдан айрылды. Аштан өлді. Орыс кіріп алып үш аймақтағы шикізатты ақшасыз жесе болды. Орыстың арманы осы. Ал монғолда ондай да арман жоқ. Орыстың пайдасына жұмыс істеп отыр. Халықарадан үміт жоқ. Қырым, Кавказ, Түркістан бір адам туғызып бере алмады. Түркиядан бір саяси қайраткер туып, бізді сүйей алмады. Жағдайға қарай өмір сүру үшін біресе орысты, біресе монғолды, біресе қытайды жақтауға мәжбүр болдық. Қазақты азат етеміз деп жүріп, аяғы өзіміз оларды ең алдымен малы мен көп адамдардан айырып қойдық. Алтай халқы бас көтеріп, мылтық ата алмайтын болды. Шаруашылық мүмкіншіліктерінен айрылды. Бұның сыртында мылтық берген көп бұзақылар жау алмай, жер-жерде қазақты шауып әкелді. Оның бұлардың бәріне мен бұйрық бергеңдей көрінемін. Ел шапқандардың бір қаншасын атсақ жөн еді. Бұл мұрсаттан айрылып қалдық. Монғол мен орыс ең аяғында қол байлап қойды. Орыстар естуімде, Құлжа, Тарбағатайда өзі өткізіп жасырын сауда жүргізген. Ол жақты құрту үшін бұзық адамдарды құтыртып, жергілікті бұқараны дәулеттен айырудың тәсілін жүзеге асырып жатыр. Не үміт бар? Орыс пен монғолда сонау 1920 жылдан бері қойдың басын көрсетіп, иттің етін сататын әдет бар. Біздің осы тоқтамымыздың соңғы нәтижесі осы болды. Бірақ мен қозғалмай істеп тұрайын, - деді. (128)

Мен де өз жұмысымды баяндап өттім.

- 1942 жылы бізден ауып кеткен 80 ауылды қырған Жемсары қытай құржаларының сазайын тартқыздым. Төрт аудан ес жиып алды. Кедейлерді қытай құржаларының астығымен бағып шықтым. Малдары семіз шықты. Екі рет өкіл келді. Екеуін де өзіңізге жіберіп бердім. Шың Сысай Нанжинге кетіп, оның орнына У Жуши деген адам келді. Жолымыз Сан Мын Жұй дейді. Өткен заман уақиғаларына, кешегі уақиғаларға саламат деп жариялады. Елді өзінің мекен мекеніне жіберіп бердім. У Жұй Ши мені Алтай өкілі деп белгілеп таңба берді. Әскери әкімшілік өкілі депті. Сізге көп сәлем айтты. Қандай өкімет, қандай мемлекет құрғысы келеді? Жанымханмен келіссөз жүргізсін. Мүмкін болса Алтайдағы Кау Жоян қайтып келсін. Әскердің барлығын шегіндіріп алайық. Алтайдың әкімшілігін Оспан өткізіп алсын деп жатыр. Бұны қайтесіз? Басқа жұмыстардың барлығы қыс бойы өзіңізге жазып жіберген баяндамадан тысқары ерекше айтар табысымыз жоқ. Тек ерекше табысымыздың У Жушидің осы жаңа саясаты екенін айттым. У Жуши Шынжаң түрмесіндегі адамдардың бірін қалдырмай босатты, - дедім.

Оспан:

- Олар әскерін шегіндірсе, Кау Бауи Алтайдың уәлилік міндетін маған өткерсе, осы орыс пен монғолдар үлкен шатақ салады ғой. Қазір қазақ қолында қару көп болғандықтан Монғолия басымдылық істете алмайды. Мен бір қанша адамдарды құрылыстырып сақтандырып қойдым. Ел айдауым пайдалы іс болмады. Орыс пен монғолдың қазған орына барып түстік. Әскерлеріміз ішінде жасырын ел шауып кәніккен адамдар да көп шықты. Оның әуел баста бір нешеуін атсақ жөн еді, - деді.



- Кейіннен іс билігі Ақ Үй Соғыс Комитетіне өтіп кеткеннен кейін біздің өзімізге қайда бар десең, сонда барып жүрдік. Былтыр күз кетіп, биыл жаз әрең келіп отырмын. Екі аймақ арасындағы қарауылды тостым. Үрімжі Шонжы арасындағы қаражолды тосып, жоғарғы үш аудан жақтан асып, мың армияға азық-түлік жүргізбей қойдым. Істегенім сол. (129) Әкелген жаңа хабарым У Жужидың пікірі. Қалғанын жолдастарыңыз бен ақылдаса жатарсыз, - дедім.

Оспан:


- Істі өзіміз біліп, өзіміз шешуіміз керек еді. Біздегі ел айдау, ел шабу саясатымыздан басқа ұлттарды қойып, қазақтардың өзі жиреніп кетті. Біздің қазіргі жұмысымыз 1940, 1941, 1942 жылдардағы үш жылдық қозғалысымыздан әлдеқайда төмен түсіп кетті. Соңғы істеген жұмыстарымыз қазаққа опалы болмады. Қайта қазаққа опасыз істерді істеп отырмыз. “Кемпір араласқан ертек оңбайды” дегендейін орыс пен монғол араласқан жұмыстың оңбайтындығын сонау ертеде дұрыс ойлаған едік. Бірақ жағдай бізді алдады. Ең болмаса Монғолия тектес ел болып кетеміз деп ойлаған едік. Дәл осындай ел болып шыға алмаймыз. Енді демалып тынығуды ойлау керек. Халықаралық жағдай бізге тағы басқа мұрша бере ме, жоқ па? Соны күтелік. Дәлелхан келгенде қуанып едім. Саяси қайраткер болар деп ойлаған едім. Одан үміт жоқ. Мен Дәлелханнан, ішкі жақтан үмітті үзіп қойдым. Әріпбай полковник әскер алып барып, партизандарды құтыртып, Қобық елін шапқызып, бәрін Ресейге өткізіп берді. Жайыр, Дөрбелжін, Шәуешек елдерін шапқызып, бар малды Ресейге өткізіп беріп, аштан өлгелі жатқан орысты етпен бақты. Жеменей елін айдап барып, бір атқа бір мүшек қара ұн сатып берді. Қаби полковник Қаба елін Қазақстанға айдап өткізіп, бір атқа бір мүшек қара ұн сатып беріп, малды сыпырып алды. Әлихан полковник Сарсүмбе елін айдатып келіп, ұрынған жағдайымыз осы болды, - деді.

Оспан екеуміз бұл адамдардың сырын түсіндік деген жағдайларды ортаға қойдық. (130) Қазіргі күрес созылып қазақтардың өз арасын жіктеп алдық. Жау біздің ішімізге кіріп алып қамқоршы болып еді. Осы досымыз енді жау болып, ішімізден өзімізді өзімізге салады. Бұл орыс пен монғолдың әдісі еді. Бұлар тәуелсіздік алып береміз деген атты атап жүріп, ішке енді. Немістер жеңілді. Орыстар жеңді. Шаян бақаны мініп, көлден өтіп алды.

Ақмолла мен Қапас өз алдына рұқсатсыз Құтыби, Манас елдерін барып шапты. Одан соң қытай құржаларын шапқан бұлар кеткен соң, қытай құржалары өзінде бірнеше жылдан бері еңбекші болып отырған қазақ шаруалардан 305 адамды өлтіріп тастап, бір қанша адамды олжалап кетті.

Тоқтыбай, Қариға, Мапян, Рахымдар Баркөл елін шауып, қынадай қырып қазақтың дүниесін алып келді. Біз халыққа қарсы емеспіз. Бандит өкіметке қарсы едік. Ертең біз өкімет болсақ, біздің бұқарамыз кім болады? Мен:

- Біз басқаша ойлап көрелік, - дедім.

Оспан:


- Әзірше тұрып тұрыңыздар. Қазір Қалқабай мырзаның қамағында отырмыз, - деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет