Бағдарламасы 2020 жыл Құрастырушы: Гульзат Жармухамедовна Саменова



бет4/11
Дата07.02.2024
өлшемі107.22 Kb.
#491268
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тренинг-Авторлық бағдарлама-Саменова Г.Ж.

Мақсаты: Өзін-өзі тануды дамыту, өзгенің пікірін сыйлап түсіне білуге баулу, өз құндылықтарын арттыру. Мамандықтың салаларымен танысу.
Керекті құралдар: А3 жеке беттері, қалам, қарындаш, фломастерлер, бор.
Барысы:

  1. «Мен кіммін, қандаймын?» жаттығуы орындалады. Әрбір оқушы «Мен кіммін, қандаймын?» деген сұраққа 20 пікір жазу керек. Берілетін уақыт 10 минут. Оқушылардың пікірлері міндетті түрде талқылануы тиіс.

  2. Балалардан 5 минут уақыттың ішінде «Қуаныш дегеніміз не?» деген сұраққа пікірлер жазылып, немесе суретін салып беруін сұраймыз. Жұмыстар жиналып «сиқырлы сандыққа» салынады. Басқа да осы тақырыптардағы суреттер қорымен қосып аралыстырамыз. Бір-бірлеп алынып балаларға таратылады. Оқушылардың назарын «қуанышты» әркім әрқалай түсініп, әртүрлі елестететіне аударамыз. Біраз талдаудан кейін бір затты еркімнің әрқилы түсінетіндігі, елестететіндігі туралы қорытынды жасаймыз. Соңынан тапсырманы орындау жеңіл болды ма, жоқ па соған талдау жасалады. Әр адамның ерекше, қайталанбас екенін, әр адамның орнын ешкім толтыра да, ауыстыра да алмайтынын тұжырымдай келе, басқалардың пікірлерін тыңдап, сыйлау керектігі айтылады.

  3. «Біз екеуіміз ұқсаспыз, әртүрліміз» жаттығуында оқушылар жұпқа бөлініп жұмыс жүргізеді. Дәптерде екі бағанға өзін жанын цағы жұбымен салыстыра отырып (біріншісінде ұқсастық, екіншісінде айырмашылық) бойларындағы ерекшеліктерін жазып беруін сұраймыз. Тапсырма орындалып, талқыланған соң аталған ерекшеліктерді тақтаға физиологиялық, психологиялық топтарға жинақтап талдаймыз.

  4. «Менің күн бетіндегі бейнем» жаттығуы: әркім басқаларды күн сәулесіндей өзіне тартатын өз бойындағы жақсы, жағымды қасиеттердің тізімін жасайды немесе сәуле бойына жазады. Бұл жаттығу оқушының өз құндылығын түсінуге, арттыруға әсер етеді.

  5. Немовтың «ЖДС» диагностикалық байқауын өткізе отырып, қорытындысы бойынша мамандықтың түрлерінің «адам-адам», «адам-техника», «адам- белгілер жүйесі», «адам-көркемдік бейне» болып бөлінетіндігін, оның қайсысына бейімділігі бар екенін байқау.

Шығу парағын толтыру
3 САБАҚ
Мақсаты: Өзін-өзі тануды, басқалардың сезіміне сыйластықпен қарауға баулу, дамытуды жалғастыру, адамгершілік құндылықтарын арттыру.
Мамандықтың «Адам - белгі жүйесі» саласына шолу, осы салада қажетті адам қасиеттеріне талдау жасау.
Керекті құралдар: жеке жұмыс дәптерлері.
Барысы:

  1. Өткен кездесудегі «Қуаныш» суреттерін, сипаттауларды есімізге түсіре отырып «кімнің жұмыстары дұрыс болды, кімдікі дұрыс болмады деп айта аламыз ба?» деген сұраққа талдау жасалады. Біздің бір-бірімізге ұқсайтынымыз, айырмашылықтарымыз туралы айта келе, «біреуді түсіне білу үшін бізге не кедергі? және не көмектеседі?» деген сұраққа жауап береміз.

Сонымен бірге төмендегі сұрақтарды талқылауға болады:

  • Біреудің сезіміне деген сыйластық көзқарас деген не?

  • Неге біз біреуге деген нақты сезімімізді басқалай айтуға уағыздамауымыз керек?

  1. «Мен неге біреудің сыйлауына тұратын адаммын?» деген сұраққа жауапты күннің келбетінде толықтыру. Күн сәулелерінің көп болуына тырысу керектігін ескерту.

  2. «Мүсін» жаттығуы. Топ екіге бөлінеді, оларға өзін сыйлауға тұратын қасиеті бар және ондай қасиеті жоқ екі «мүсінді» жасап беру тапсырмасы қойылады. Бір адамды қалған топ мүшелері жоғарыда аталып өткен қасиеттер бойынша мимика, жест арқылы «мүсіндейді». Экскурсия жетекшісі сайланып, екінші топтың «экскурсанттарына» неге осындай «мүсін соққандары» түсіндіріледі. Ал «экскурсанттар» онымен келісуі немесе келіспеуі мүмкін, олар өз түзетулерін енгізе алады.

  3. Тапсырма «Өз өміріңде болған 6 оқиғаны есіңе түсір, «Ол сенің өз құндылығыңды жоғарылатуға әсер етті ме, әлде төмендетті ме, немесе сен үшін ол жағдайдың ешқандай әсері болмады ма?» деген сұраққа жауап табу тапсырылады.

  4. Мамандықтың «Адам - белгі жүйесі» саласына шолу жасалады, балама- жақын түрлерімен танысу, оған қажетті адамның қасиеттерін талдау.

Шығу парағын толтыру
4 САБАҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет