Астық қорының зиянкестері. Қоңыздар (қатты қанаттылар Coleoptera). Қатты қанаттылар, қоңыздар – жәндіктер класының ең ірі отряды. Қазба қалдықтары пермь кезеңінің шөгінділерінен табылған. Қоңыздар жер шарында, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Бұлар Антарктидада, Арктиканың мұзды белдемі мен биік тау шыңдарында ғана кездеспейді.
Қоңыздар – даражыныстылар, кейбір түрлерінде жыныс диморфизмі айқын көрінеді. Көпшілігі жылына бір рет, кейде 2 – 3 ұрпақ береді. Қоңыздар ет қоректілер және көп қоректілер болып екіге бөлінеді.
Ет қоректілердің көпшілігі жыртқыштар, үш жұп аяқтарының табандары 5 бунақты, артқы аяқтарының жамбас бөлігі ұзын, құрсағының бірінші сегментін жауып тұрады.
Көп қоректілердің – артқы аяқтарының жамбас бөлігі қысқа, қозғалмалы қоңыздар. Үш жұп аяқтарының табандары әр түрлі бунақты.
Қарақоңыз (Tenebrionidae). Қарақоңыз - өңделген дән өнімдерінің зиянкесі. Олар дән өңдеуші кәсіпорындарында тіршілік етеді. Оның түсі қара. Біздің елімізде кіші, үлкен ұн заузалары мен кішкентай қара зауза неғұрлым кең тараған.
Кішкентай ұн заузасы(Tribolium confusum Duv.). Кішкентай ұн заузасы кең тараған және өнімнің ең қауіпті зиянкесі. Ол сау, бүтін дәнді зақымдайды, кепкен нан, кептірілген көкөніс пен жеміс зиянкесі.
Үлкен ұн заузасы(Tenebrio molitor L.). Үлкен ұн заузасы барлық елдерде тараған, көбіне дән өңдейтін және наубайханада кездеседі. Астық қоры зиянкестері ішіндегі ең үлкені осы қоңыз.
Бақылау сұрақтары:
Ауылшаруашылық дақылдарының микрофлораның негізгі көзі.
Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы.
Микроағзалар тіршілігіне әсер ететін жағдайлар.
Практикалық сабақ № 9
Тақырып: Астықтың зиянкестер түрлері. Бізтұмсықтар. Кеміргіштер. Көбелектер. Кенелер.
Сабак жоспары:
Бізтұмсықтардың (Curculionidae) түрлері.
Кеміргіштердің түрлері.
Көбелектердің (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera) түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |