Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет17/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

ФЕРМЕНТТЕР ӘРЕКЕТІНІҢ АРНАЙЫЛЫҒЫ

Әрекетінің арнайылығы — ферменттердің маңызды қасиеттерінің бірі. Фермент пен субстраттың әрекеттесуінің арнайы болуының негізгі себебі ферменттің белсенді орталығы мен субстраттың құрылымының комплементарлығы.




Амилаза (α-1,4-глюкан — 4-глюканогидролаза; КФ 3.2.1.1.) мен сахараза (β-D-фруктофуранозид — фруктогидролаза; КФ 3. 2. 1. 26) әрекетінің арнайылығы
Құрал-жабдықтар, реактивтер. Су моншасы; термометр; сынауықтар; 2 мл-лік (4 дана) тамшуырлар; сұйытылған сілекей ерітіндісі; 1%-дық ашытқы сахаразасы препараты; 2%-дық тростник қанты; 10%-дық натрий гидроксиді; 3%-дық калий йодидіндегі 0,3%-дық йод; 10%-дық натрий гидроксиді; фелинг сұйығы; 1%-дық мыс сульфаты.
Төрт сынауықты нөмірлейді. 1 және 2 сынауықтарға 2 мл -ден крахмал ерітіндісін құяды; 3 және 4 сынауықтарға — 2 мл-ден сахароза ерітіндісін құяды. Содан соң 1 және 3 сынауықтарға 0,5 мл-ден сілекей ерітіндісін, ал 2 және 4сынауықтарға 0,5 мл-ден 1%-дық ашытқы сахаразасы препаратының ерітіндісін қосады. Араластырады да, 38-40°С дейін қыздырылған су моншасына 1.0 мин қояды. Салқындатқаннан кейін алдындағы жұмыста жүргізілген реакцияларды жүргізеді (алдындағы жұмысты қара). Йодпен 1 мен 2 сынауықтарда крахмалды, 3 пен 4 сынауықтарда глюкозаны анықтайды. Зерттелген ферменттердің арнайылығы туралы қорытынды жасайды.


Сукцинатдегидрогеназа әрекетінің арнайылығы (сукцинат: акцептор — оксидоредуктаза; КФ 1.3.99.1)


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Су моншасы; термометр; сынауықтар; 1 мл-лік (3 дана) тамшуырлар; бұлшық ет ботқасы; 3%-дық янтар қышқылы; 3%-дық алма қышқылы; 0,02%-дық метилен көгі.
Нөмірленген үш сынауыққа 3 - 4 мл-ден бұлшық ет ботқасын салып, оларға: біріншісіне — 0,5 мл 3%-дық янтар қышқылының ерітіндісін, екіншісіне — 0,5 мл 3%-дық алма қышқылының ерітіндісін және үшіншісіне — 0,5 мл су қосады. Әрбір сынауыққа 2-3 тамшыдан 0,02%-дық метилен көгінің ерітіндісін (қоспа көгілдір түске боялғанша) қосады. Сынауықтардың ішіндегіні араластырғаннан кейін оларды бір мезгілде 37-40°С температурадағы су моншасына түсіреді. 5-10 мин кейін метилен көгінің бірінші сынауықта түссізденгені, ал басқа екі сынауықтарда оның түссізденбегені байқалады. Бірінші сынауықты қатты шайқайды, сол кезде ауадағы оттегімен метилен көгінің лейконегізінің тотығуы себепті көк түс қайтадан түзіледі.
Сукцинатдегидрогеназа (флавопротеид) янтар қышқылын фумар қышқылына тотықтырады. Бұл тәжірибеде сутегінің аралық акцепторының рөлін метилен көгі атқарады, ол әрі қарай (шайқағанда) қосып алған сутек атомын ауадағы оттегіне береді. Үрдістің сызбанұсқасы төменде көрсетілген:



ПП+

ППН2

ФПН2

ФП+





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет