Инцестің құрбаны бала болса,онымен жүргізілетін психологиялық көмек
«...Сезімнің реакциялық күшін аяқтауға байланысты жұмыстар жүргізілу,қолдау көрсету,симптомын анықтау.
«...Отбасымен жұмыс:ерлі-зайыптылардың өзара қатынасын ретке келтіру мен отбасы сценарийіне қайта өзгерістер енгізу.
«...Агрессормен жұмыс: (паталогиялық агрессор мінез-құлқының себебін анықтау).
Егер символды мәндес инцест байқалса,онда ішкі және жеке шекараны әр мүшесімен қайта құру.Егер ата-ана баланың инцест құрбаны болғанына сенбесе,балада соққы күшейіп,жағдай күрделене түседі.Баланың соққыға түзе алуы ата-анасының көмек беруіне байланысты.
Ажырасудан кейін психологиялық көмек көрсету
Ажырасудан кейін психологиялық көмек көрсету бірнеше түрде өтеді:
- жекелік кеңес беру (терапия);
-ерлі-зайыптылық кеңес беру (терапия);
-ажырасқалы жатқан ата-ана мен балаларға топтық терапия;
-отбасылық кеңес беру (терапия).
Ұсыныстар келесі кезеңдермен жүргізіледі:
1.Сезімдерін реттеу:кінәлі сезіну,кектену,зайыбына деген ашу-ыза.
2.Фрустрациялық қажеттілікті анықтау,жағдай өзгеруін ескере отырып,оны қанағаттандыру жолын қарастыру.
3.Алынған тәжірибенің жағымды жағын қайта ой елегінен өткізу.
4.Зайыбынан ішкі ресурстар іздестіру, келешекке жаңа мақсаттар қою.
5.Отбасының қайта құрылуына көмек беру.
Ажырасқалы жатқан отбасына психологтер тарапынан көп қолдау көрсетілуі қажет, себебі олар өзін жалғыздықта, тастанды, мінез сезінетін болады.Психологиялық кеңес беру кезінде юристік жағынан қойылатын,әсіресе балаға байланысты сұрақтарды түсінідіріп отыру қажет.Ажырасқан соң ата-ананың екеуіде баланы жақсы көретінін,байланыстың үзілмейтінін айта отырып,балаға сенімділік ұялату керек.Терапияда баланың жас ерекшелігіне байланысты ата-анаға да әрі балаға да ыңғайлы міндеттер мен жауапкершіліктер қаралады.
Отбасындағы «мәселелі» үлкендерге психологиялық көмек негізінде үш нұсқада көрсетіледі.
1.Отбасы мүшелері шын мәнінде ауруға шалдыққан.
2.Отбасы мүшелері өздерін тепе-тең ұстай алмайтынын мойындайды.
3.Отбасында ауру адамның болуы паталогиялық емес,өзара қатынастан пайда болатын мәселе екеніне көз жеткізу.
Психологиялық көмек осындай мәселелерді шешуге бірнеше міндет қояды:
1.Көмек алуға келген отбасы мүшесіне ауру туралы ақпарат беру немесе кәсіби мамандарға жіберу.
2.Қолдау көрсету (егер ішкілікке үйір күйеуімен ажырасуды ойлап,шешім қабылдаса).
3.Арнайы сұрақтарға жауап іздеу, ауру адам реакциясына қарай тәсілдер пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |