Ата- ана беделі. А.С.Макаренко ата-ана беделі туралы.
Бедел дегеніміз не? Бұл өте күрделі сұрақ. “Егер беделің болмаса, онда өзің ойлағандай баланы шыншыл, батыл етіп өсіру мүмкін емес. Ата- ананың осындай қол жетпейтіндей беделі қайдан алынады екен осы?”-деп жазған А.СМакаренко.
Беделді ғалымдар А.С.Макаренко мен М.И.Станкин жалған және шынайы бедел деп бөліп көрсетеді. Шынайы бедел оңайлықпен келмейді, оған тек нағыз еңбектің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Шын және жалған бедел туралы ең алғаш рет өзінің педагогикалық еңбегінде А.С.Макаренко айтты. Оның ойынша шынайы, нағыз бедел біреу, ал жалған бедел көп. Әр ата-ана балаларының алдында беделді болғысы келеді. Бірақ оған әр түрлі жолдармен қол жеткізуге тырысады.
Ата-ана беделі – әке мен шешенің балаларына ықпалы, тәрбиенің қажетті шарты. Ол балалардың ата-аналарына деген сыйла- сылымдылығы мен махаббатына, олардың өмірлік тәжірибесіне, сөзі мен ісіне негізделеді.
Ата-ана беделінің қайнар көзі олардың өмір салты мен жұмысы, олардың азаматтық тұлғасы мен қоғамдағы мінез- құлқы болып табылады.
Балалар өскен сайын, ата-аналарына, олардың әрекетеріне, сөздеріне , қылықтарына еліктейді. Олар үшін ата-анасы ең беделді адамдар.Ал орта және жоғары сынып жасындағы балалар ата-аналарына сын көзбен қарайды.
Балалар өскен сайын, ата-анасының қайда жұмыс істейтіндігі, немесе қандайда бір іс-әрекетпен айналысатындығы , олардың қоғамдағы орындары туралы ойға беріле бастады. Мүмкіндігінше балалар өз ата-аналары туралы, олардың қызметі және кіммен араласындығы туралы ертерек білгендері жақсы . Әкенің менесе ананың ісі балаға үлкен жұмыс ретінде, көпшілік тұрғысынан сый құрметке ие қызмет түрінде көрінгені дұрыс. Балалардың көз алдында олардың ата-аналарының еңбектері , қоғамға сіңірген еңбек ретінде, яғни сырты бүтін іші түтін емес, шын мәніндегі құндылық ретінде көрінуі тиіс. Өз еңбектер арқылы ата-аналар бала санасында менмендік туғызудың орнына , шынайы мақтаныш туғызады.
А.С. Макаренконың пікірінше, шынайы бедел балаларға қойылатын ақылға қонымды талаптарға, қоғамның азаматы ретіндегі ата-аналардың адамгершілік қасиеттері мен жүріс-тұрыстарына негізделеді.
Беделге ие болу өте қиын, ал оны жоғалту оңай. Сондықтан отбасы бір-бірінің беделін сақтауға тырысулары керек .
Достарыңызбен бөлісу: |