Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті


( Майлықожа мен Сүйінбайдын айтысы )



бет12/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
дарис

( Майлықожа мен Сүйінбайдын айтысы ). Бұл айтысы бірінші рет 1929 жылы Жаңа әдебиет журналында басылды. Екінші рет Сүйінбай өлеңдерінің жинағында 1935 жылы басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы боп жүрген Есім деген байдың құрметіне риза болмай, оны сынайды. өлеңнің жалпы көлемі 68 жол. Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сөз болады.
Майлы шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни хиссалар сюжетіне дастан жазуымен айналысқан. Зархұм үлгісінде Абдолла бала жырын шығарған.
Майқожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. 1883 жылы Ташкент қаласында басылған Қырғыз хрестоматиясы атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар – Рахымқұлға, Қоғай мырзаға, Үш жігіт, деп аталады. Ақынның бұл өлеңдерінің жалпы мазмұны діни ұғым аралас ғибрат сөздер.
Майлықожаның осы жинақтағы кейбір өлеңдерінде бай – болыстарды әжуә ету, мысқылдау мотиві де бар. Мықтылардың елді зырлатып, сүлікше салып, түлкіше алдап, зұлымдық істеп жүргені әрекеттеледі.
Майлының Рахымқұлға деп аталатын жетпіс екі жолдан тұратын толғауында ( «Рахымқұл» толғауы ) Рахымқұл деген біреудің ұнамсыз қылығы жырланады. Ақын оның дүние қуып, сол дүние үшін өз ағаиыны Ақмолланы өлтірмек болғандығын айыптайды.
Майқожаның, әсіресе, « Ноғай мырзаға » деген ұзақ толғауының мазмұны көңіл аударлық. Ақын оны адал азамат болуға, адамгершілікке шақырады.
Майқожа елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарға, жұп болған ауыр жылдар қасіретіне істеген өлеңдер арнаған. әсіресе, қоян жылғы аштық пен қиыншылық, шаруалар күйзегіне ақынды мықтап толғантады.
Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр,
Қабағы шаруалардың болды салбыр,
Қысты күні болғанда қар тынбады,
Айуанға өлім жетті аштан әрбір...
Қысы жұт, жазы қымбат арты болды,
Сұрағаны азықтың нарқы болды,
“Қайғың – қара тамағың” деген мақал,
Ашаршылық алаштың дерті болды.
Міне, осындай қиын – қыстау кезеңде халық қамын ойлау әрбір ел азаматының міндеті болса, бай мырза атанып жүргендер бұл міндетті атқара алмай, керісінше, енді жұтпен бірге қосылып талап, шаруаның титығына жетіп жатқанын көрсетеді.
Бай, мырзалар жегізді мерекесін,
Жақсы ауылға тоқтамай көре өтесің.
Үй басына үлесіп жеген пара,
Қысқартты қыдырлының берекесін.
Ақынның кейбір толғауларында дінді уағыздау сияқты теріс пікірлер де ұмырайды. Бұл, сөз жоқ, ақын өмір сүрген дәуір сырыны, оның өз бойындағы діни тәрбиенің салдары.


Өлеңдері.

Майлы өлеңдерінің біразы қазақтың би, болыстарын сынауға арналады. Мысалы, ол өзінің “Ескі мырза, манаптар, бей, салы” атты бір өлеңінде үстем тап өкілдерін өлтіре сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арам жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын әшкерелейді.


Болыс, билердің өз құлқындарынан басқа ойы болмай, халықты аяусыз қанап, ел іреңін алып жатқанын, қара істі-ақ, ақ істі – қара етіп, параға батып жүргендерін батыл сынайды.
Бейбақтардың басына бақ қылып жүр,
Арам жеңіп, адалды жоқ қылып жүр,
Ақша беріп, билерді антқа салсаң,
Мөрін басып, қара істі – ақ қылып жүр.
Ел билерінің осындай жұғымсыз қылықтарын, пасықтығын шындық тұрғыдан таныта келіп, ақын адамгершілікке, әділеттілікке үндейді.
Ол адам тағдырын сөз етіп, тіршілік қамын ойлауды ұсынады. Дүние, дәулеттің өзгермелілігін тұспалдайды:
Мезгілді күн өткен соң,
Таулар да тұрмас құламай.
Азғындаса арықтап,
Арғымақ қалар жүре алмай.
Көлеңкелі бұлттай,
Көшпелі болған дүниенің.
Өмір қызығын тірлікте көру керектігін айтып, фани дүниеге сенбестік білдіреді.
Дүниеден өткен соң,
Екі жақ өмір келмегі,- дейді.
Бірақ дүниеге қызығып, арға тиер іс қылып, адамдықты жоюға болмайтынын да ескертеді. Әсіресе, қулық – сұмдық, өтірік - өсек, ұрлық сияқты жұғымсыз істерден сақтандырады.
Адал жүріп анық бас,
Біреудің алма инесін.
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні...
Есерліктің белгісі –
Өтірік - өсек аяңды,
Іркілместен соғады.
Майлықожаның әдебиет тарихынан орын аларлық, заманның көрнекті ақыны екенін тану қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет