Диплом мазмұны кіріспе 3 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні 4



бет8/10
Дата01.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

9. Меншікке салынатын салықтар



Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдай-ында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарга жер салыгы, мүлікке салынатын салық, көлік қүралдарына салы­натын салық жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бой­ынша емес, сыртқы нышандар - меншіктің мөлшерлері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдаланудың тиімділігін котермелеу мақсаты бар.

Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындагы салықтық жауаптылықты біркелкі етіп белуге мүмкіндік береді. Мүның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.

Жер салыгы 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынандай мақсаттарды коздейді: экономикалық әдістермен жерді үтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің қүнар-лыгын арттыру, оны қорғау жоніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгсрлер мен жер иелері үшін (бірқатар жағдайларды қоспағанда) міндетті болады.

Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы арналымы мен тиістілігіне қарай мынадай санаттарга бөлінеді: ауыл-шаруашылыгы мақсатындағы жерлер; елді мекендер жерлері; онеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруа-шылығы емес мақсаттағы жерлер; ерекше корғалатын табиғи аумақ-тардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер; орман қорының және су қорының жерлері; босалқы қорлар жерлері. Жердің белгілі бір немесе озге санаттарға жататындығы жер заңнамасымен белгіленеді.

Жеке меншік құқығындағы, түрақты жер пайдалану құқығын-дагы және бастапқы етеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар заңи және жеке түлғалар жер салығын төлеушілер, жер учаскесі (жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алақы салық ба-засы болып табылады.



Салық мөлшерлемелері жердің сапасына, түрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланған және жер алаңының бір өлшеміне - гектарға, шаршы метрге белгіленген.

Жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері заңмен белгіленеді. Ең жоғарғы мөлшерлемелер елдімекендердің жерлеріне белгіленеді; бүл мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне белгіленген және елді мекендердің түрлері бойынша: елді мекендердің жеріне, түрғын үй қорының жеріне, соның ішінде оның іргесіндегі қүрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер-лерге сараланған.

Ауыл шаруашылық, өнеркөсіптік және басқа салалық мақсат-тағы, қорғаныс қажеттіктеріне арналған жерлер мөлшерлемелер алаңның бір гектарына есептеліп бонитет (сапа) балына қарай - 5 тен 100 балға және одан жоғары болып белгіленген. Ең төменгі молшерлемелер шөлейтті, шөлді, тау боктеріндегі және таулы ай-мақтардағы суарылмайтын жерлерге белгіленеді.

Базалық мелшерлемелерде Үкімет жыл сайын белгілейтін коэффициент қолданылады. Алайда шаруашылық жүргізудің сыртқы жагдайлары (белгіленетін бағалардың, салық салу тәртібінің, жерді кадастрлық бағалаудың, инфляция деңгейінің жөне басқалардың) өзгерген жағдайда Парламенттің жер салығы молшерлемелерін қайта қарауға құқығы бар. Жергілікті өкілді органдар жер заңнамаларына сәйкес жер салығының мөлшерлемелерін оның базалық мөлшерлемелерінен 50 пайыз-дан аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын жерлерге елді мекендердің базалық мөлшерлемелерінің 2 еседен 10 есеге дейін көбейтілген мөлшерлемелері белгіленген.

Қызметтің ізгілікті және әлеуметтік сипаттағы төлеушілері санаттарының бірқатар базалық мөлшерлемелердің 0,1 коэффициентін қодданады.

Бірқатар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына арнал-ған арнаулы салық режімі қолданылатын қызметте пайдаланыла­тын жер учаскелері бойынша, салық режімінің екінші үлгісі бойынша жер қойнауын пайдаланушылар, Үлы Отан соғысына қаты-сушылар мен көп балалы аналар (тұрғын үй қоры алып жатқан учаскелері бойынша), діни бірлестіктер жер салығын толеушілер болып табылмайды.

Салық әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық молшерлемесін қолдану жолымен есептеледі. Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Үкімет белгілейді.

Бюджетке жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бой­ынша толенеді.

Мүлікке салынатын салық тура нақты салыққа жатады, оның молшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің қүнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.

Қазақстан Республикасының аумагында меншік, шаруашы-лық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңи түлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер заңи түлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салынатын салықты төлеушілер болып табылады. Заңи түлғаның шешімі бойынша оның қүрлымдық болімшелері салық толеушілер ретінде қарастырылады.

Заңи түлғалар мен жеке көсіпкерлер үшін негізгі қүралдар (соның ішінде түрғын үй қорының қүрамында түрган объектілер) мен материадцық емес активтер салык, салу объектісі болып табы­лады. Бухгалтерлік есеп женіндегі заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепте белгіленген материалдық емес объектілер материалдық емес активтер болып есептеледі.

Заңи тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1 пайыз молшерлеме бойынша мүлік са-лығын еесептейді. Коммерциялық емес үйымдар, әлеуметтік са-лада қызметін жүзеге асыратын үйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет корсету саласындағы жүмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын үйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асы­ратын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындагы басқа да су шаруашылығы қүрылыстарының объектілері бойынша заңи түлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық қүнына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салыгын есептейді. Бүл заңи түлға-лар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бой­ынша олардың мүлік салығын есептейді және төлейді.

Мүлікке салытатын салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті пайдаланудың нөтижесі болып табылатындығына немесе өзге де әдістермен алынатындығына қарамастан олардың табысы болып есептеледі.

Көлік қүралдарына салынатын салықты меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке түлгалар және меншік, шаруа-шылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңи түлғалар, олардың қүрылымдық бөлімшелері төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте түрған көлік қүралдары, тіркемелерді қоспа-ғанда, салық салу объектілері болып табылады. Жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар, мамандан-дырылған медициналық көлік қүралдары салық салу объектілері болып есептелмейді.

Салық мөлшерлемелері көлік қүралдары двигателінің келеміне, қуатына немесе жүк көтергіштігіне (сыйымдылығына) қарай айлық есептік көрсеткіштерге белгіленген және көлік қүралдарының түрлері бойынша сараланған. Мөлшерлемелерге пайдаланылу мерзімі бойынша төмендететін түзету коэффициенттері қолданы-лады. Бірқатар субъектілер көлік қүралдарына салынатын салық-тан босатылған: біріңғай жер салығын төлеушілер, мемлекеттік бюджет есебінен ғана үсталатын үйымдар, Үлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, жоғары наградалармен марапатталған адамдар және бірқатар басқа субъектілер.

Салық толеушілер салық салу объектілерін, өрбір көлік қүралы бойынша салық мөлшерлемесі және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.

Колік қүралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік қүралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сома-сын 12-ге бөліп, оны колік қүралы меншік құқығында, шаруа-шылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, ад-вокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңи түлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

1) беретін тарап үшін:

салық кезеңінің басында қолда бар колік қүралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап колік қүралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

салық кезеңінің ішінде сатып алынған колік құралдары бой­ынша салық сомасы колік қүралына меншік құқығын, шаруашы-лық жүргізуші құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды бас-қару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

2) алушы тарап үшін — салық сомасы колік қүралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды бас-қару құқығын алган айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік қүра-лына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, ад-вокаттар болып табылмайтын жеке түлгалар салық салу объектілеріне меншік құқыгын берген кезде салық сомасы мына­дай тәртіппен есептеледі:

1) колік қүралына меншік құқыгын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке түлгаларға бер­ген кезде жылдық салық сомасын тараптардың бірсуі (келісім бой­ынша) есептеп, бюджетке енгізеді;

2) көлік қүралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарга, адвокаттарға заңи түлгаларга берген кезде бюджет­ке толенуге тиісті салық сомасын есептеу Салық кодексінің 348-бабының 2-ші тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте түрмаган колік қүралын сатып алған кезде салық сомасы колік қүралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқыгы туындаган айдың 1-ші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.

Егер меншік құқыгында, шаруашылық жүргізу қүкыгында немесе оралымды басқару құқыгында 1 шілдеге дейін болган колік қүралдары бойынша осы бапта өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Салық кодексінің 348-бабының 4-тармағында көрсетілген көлік қүралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық толеу көлік қүралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.

Алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте түрған колік қүралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын не­месе оралымды басқару құқығын 1 шілдеден кейін алған жағдай-да жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңи түлғалар салық кезеңі үшін колік қүралдарына салық бойынша мағлүмда-ны табыс ету мерзімі басталғанан кейінгі он жүмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде корсетілген көлік қүралдары бойынша салық төлеуді жүргізеді.

Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режімінде жүргізетін заңи түлғалардың колік қүралдарына салық телеуі Кодекстің 389-ба-бында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

Колік қүралдарының меншік иесі атынан меншікті сенімгерлік басқару құқығымен колік қүралын иеленуші түлғаның көлік қүралдарына салық төлеуі колж қүралы меншік иесінің осы салық кезеңі үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.

Салық төлеушілер (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, ад­вокаттар болып табылмайтын жеке түлғаларды және бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылыгы онімдерін өндірушілерге ар-налған арнаулы салық режімінде жүзеге асыратын заңи түлғалар-ды қоспағаңда) көлік қүраддары салығы бойынша ағымдағы толем-дер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ колік қүралдары салығы бойынша мағлүмда-ны есепті жылдан кейін жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет