Дипломдық ЖҮмыс тақырыбы: Адвокаттың қылмыстық іс жүргізуге қорғаушы ретінде қатысу мәселелерін жетілдіру


Қылмыс жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы және қүралдары мен



бет8/11
Дата14.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#134362
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3.5 Қылмыс жасаудың әдісі, орны, уақыты, жағдайы және қүралдары мен

қарулары.

Қылмыс орны - бүл қылмыс жасалған белгілі бір жер. Мысалы, ҚР ҚК 385-бабы шайқас даласындағы өлгендер мен жараланғандардың заттарын үрлағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді. Аталған қылмыс қүрамының қылмыс жасау орны - шайқас даласы.

Қылмыс жасудың уақыты - қылмыс қүрамының белгісі болып табылады жэне ол - қылмыс жасалып үлгерілетіндей уақыт кеңістігі. Мысалы, сайлау қүқығын жүзеге асыру немесе сайлау комиссияларының жүмысына кедергі жасау (ҚР ҚК 146-6.) жэне сайлау қүжаттарын бүрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (ҚР ҚК 147-6.) сияқты қылмыстар белгілі бір уақытта - мемлекеттік билік органдарына немесе жергілікті басқару органдарына сайлау, референдум өткізу, сол сияқты олардың қорытындысын шығаратын уақытта жасалатын қылмыстар. Бүл жағдайларда қылмыс жасаудың орны да, уақыты да қылмыс қүрамының объективті жағының белгісі болып табылады, оның болмауы - тиісті қүрамды "да жоққа шығарады. [10,55 6]

Қылмыс жасаудың жағдайы - бүл қылмыс жасалуының объективті шарттары. Қылмыс жасау жағдайы қоғамдық қауіпті іс-эрекеттің болу-болмауына жэне оның деңгейіне тікелей әсер ете алады. Мэселе қоғамдық қауіпті іс-эрекеттін зиян келтіру мүмкіндігі сол эрекеттің (эрекеттің немесе эрекетсіздіктің) өзіне ғана емес, ол жасалатын айналадағы жағдайға да байланысты екенінде. Мысалы, шылымды далада тарту мен жарылыс қаупі бар цех ішінде тарту эр түрлі салдарға соқтырады. Егер алғашқысының қоғамдық қаупі болмаса, екіншісі ауыр зардаптарға үшыратады. Сондықтан кейбір кездері заң шығарушы қылмыстың объективті жағын оған қылмыс жасалу жағдайының сипатын қоса отыра

қарастырады жэне ол құрамның белгісі болып табылады. Мысалы, ҚР ҚК 162-бабы жалдамалыны қаруды жанжалда немесе соғыс қимылдарында пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылады. Бүл жағдайда жалдамалыны пайдаланудың аталған шарттары, яғни қарулы жанжал немесе соғыс қимылдары жағдайы жалдамалылықтың осы түрінің объективті жағының қажетті шарттарына айналады. ҚР ҚК-нің 16-тарауының баптарында қарастырылған эскери қылмыстар - бейбіт уақытта жасалынатын қылмыстарды көздейді. Ал ҚР ҚК - тің 367-бабы 3-бөліміне сәйкес эскери қызметке қарсы соғыс уақытында немесе үрыс жағдайында жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының соғыс кезеңінің заңымен анықталады. Бүл кездейсоқ жағдай емес, себебі бүл белгілер көрсетілген қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін анағүрлым арттырады. Бүл аса қоғамдық қауіптілік қылмыстың эскери қызметкер қарсыласымен тікелей айқасуы, эскери тапсырманы орындауы кезінде жасалуында, эскери қызметкерлердің мүндай эрекеттерін эскери бөлімшенің жауынгерлігін өте төмендетіп жіберуі мүмкін.

Қылмыс жасаудың қүралдары мен қарулары - қылмыс жасауда пайдаланылған қарулар мен аспаптар. Қылмыскердің қолданған қүралының түрі де іс-эрекеттің қоғамдық қауіптілігінің деңгейіне айтарлықтай эсер ете алады. Тиісті қүралдар мен қарулар іс-эрекеттің қоғамдық қауіптілігін арттырған жағдайларда, заң шығарушы оларды қылмыс қүрамының объективті жағының белгілері қатарына қосады. Шабуыл жасап тонау кезінде қару немесе қару орнына жүретін зат қолдану іс-эрекеттің қоғамдық қауіптілігін арттырғандықтан, қылмыстың мүндай қаруларын қолданып шабуыл жасап тонауды заң шығарушы сараланған қүрамға бөліп шығарып, ол үшін жоғары жауаптылық ескерген.

Қылмысты жасау тэсілі деп қылмыскердің қылмыс жасауда пайдаланған эдісін айтады. Қылмысты жасау жолы да қылмыстың қауіпті болуына, оның деңгейіне жиі эсер етуі мүмкін жэне ол іс-эрекеттің қоғамдық қауіптілігін арттырған күнде заң шығарушы оны қылмыстың тиісті қүрамының белгілерінің қатарына қосады. Егер жала жабушы мэліметтер, мысалы бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы таратылса, бүлай жала жапқаны үшін қылмысты заң жоғары жауаптылық бекітеді.

Заң шығарушы қылмыстық кодекстің кейбір баптарында қылмыс жасаудың тэсілдерін бір-біріне үқсас қылмыстар қүрамын ажырату үшін көрсетеді. Айталық, ҚР ҚК-нің ерекше бөлімінің "Меншікке қарсы қылмыстар" деген 6-шы тарауды алатын болсақ заң шығарушы талан-таражға салудың формаларын мүлікті алу тэсілдеріне қарай ажыратады. Мысалы, үрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау т.б.

Сонымен аталған факультативті белгілердің маңызы сонда, егерде

заңда көрсетілген жағдайларда олар қажетті белгілерде, қандайда бір қылмыстың дэрежелеуші белгілері ретінде де жэне ауырлататын немесе жеңілдететін мән жайларда болып табылуы мүмкін.



ІУ-ТАРАУ ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТІСІ

4.1 Қылмыс субъектісі туралы түсінік.

Қылмыс деп істелінетін іс-эрекетті істеген адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін (ондай адамды қылмыстық субъектісі деп атайды) ол адамның белгілі қасиеті болу керек. Қылмыстық заң бойынша белгіленген қасиет қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген адамда болмаса ол адамды қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-эрекет (эрекет немесе эрекетсіздік) жасаған жэне ол ісі үшін қылмысты жауап беруге қабілеті жететін түлға қылмыстық қүқық бойынша қылмыстың субъектісі деп танылады.

Демек, қылмыстық жауапқа тек есі дүрыс жэне заңның қойған талабы бойынша белгілі жасқа толған жеке түлғаны ғана қылмыстық жауапқа тартуға болады.

Қылмыс субъектісінің белгілері қандай? Егер қылмыс жасаған жеке түлғаның бойында, есі дүрыстың, қылмыстық заң тағайындаған жасқа жету сияқты белгілер болса, ол өзінің жасағаны үшін қылмыстық жауап беруге қабілетті. Қылмыстың субъектісі тек жеке түлға ғана бола алатындығы жөніндегі ереже қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан туындайды. Мысалы, ҚР ҚК-нің 6, 7, 14-баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары жэне азаматтығы жоқ түлғалар, қылмыстың және қылмысты жауаптылықтың субъектілері болу мүмкіндігі туралы айтылған. Қылмыстың ықтимал субъектілері туралы жеке түлғалармен шектелуі, заңды түлғалардың, яғни кэсіпорындардың, мекемелердің, үйымдардың, партиялардың қылмыс субъектісі бола алмайтындығын білдіреді. Бүл мәселе заңдылық деңгейде отандық қылмыстық қүқыққа тэн үлгіде шешілген. Алайда, теориялық түрғыдан заңды түлғалардың қылмыстық қүқықтағы жауаптылығы туралы мэселелер элі күнге дейін пікір-талас туғызуда.

Уақыт өткен сайын дами түсетін ғылыми-техникалық жэне элеуметтік прогресс бізді көптеген үйреншікті көзқарастарымыздан бас тартқызады. Осы себепті біздің алдымыздан күтпеген сүрақтардың бас көтеруі жиі үшырасады жэне қаншалықты қиын болғанына қарамастан, оларға жауап беру қажет. Қылмыстық қүқық аясындағы осындай күрделі сүрақтардың бірі - заңды түлғалардың қылмысты жауаптылығы. Аталып өткеніндей, кінэлінің жеке өзінің, яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстық іс-эрекетті жасаушы ақыл-есі дүрыс, көрсетілген жасқа толған жеке түлғаның ғана жауаптылығы қылмыстық қүқықтық дэстүрлі қағидасы болып табылады. Бүл қағида - адамзаттық өрлеу, прогресс жэне демократия жолындағы ең маңызды жеңістерінің бірі екендігі сөзсіз. Ол

XVIII ғасырдың аяғында Үлы француз революциясы кезінде орнатылған еді. Бұл қағида, бүған дейін қылмыстық жауаптылық туралы - ол кінэлі қылмысты жасау ғана емес, кез келген қауіпті жэне зиянды зардап шектіру деп феодалдық қоғамға қалыптасып келген, жалпылама көзғарасты ығыстырып шығарды. Ал, қауіптілікті немесе зияндылықты есі дүрыс емес те, жануарлар да, тіпті заңсыз заттар да келтіруі мүмкін деген үғым болды. Қылмыстық жауаптылықты мүндай түрғыдан түсінудің шеңберінде заңды түлғалардың жауаптылығы да табиғи үйлесімділігін табатын.

Ақыры, бертін келе заңды түлғалардың жауаптылығы, мысалы, американ қылмыстық қүқығында, қайтадан қолға алынды. Бастапқы кезде (өткен ғасыр мен қазіргі ғасырдың торабында) ол шаруашылық қылмыстық қүқықтың аясында тресттер мен синдикаттардың қылмыстық қызметіне қарсы жолға қойылды. Кінэлі болып табылған тиісті корпорациялардың бостандығы, эрине, шектелмейтін, оларға тек айып салынатын. Осыған орай, кейінгі кезде АҚШ-тың қылмыстық заңында қоғамдық үйымдарды қылмыстық іс жүргізу көлемінде айыппен жазалайтын қылмыстық жауаптылық қарастырылады. Біздің қүқықтық теориямыз бүл сияқты қылмыстық-қүқықтық түжырымдамаларға "буржуазиялық заңдылықтардың тоқырауынан туындаған, демократияға қарсы" деген бүлжымас баға берген. Алайда, бүл идеологиялық таласқа біздің елде эр түрлі экологиялық мэселелер араласа бастағаннан кейін шың көңіл қойыла бастады. [11, 55 6]

Батыс Европа елдері экологиялық мэселелерді түтас түсінуден болсын, оларға қүқықтық түрғыдан ықпал жасау жолдарын пайдалануда болсын бізден элде қайда озық түрды. Қылмыстық бүл түріне қарсы қолданылатын қылмыстық - қүқықтық санкциялар, эклологияға зиян келтіретін өндіріс пен айналасуды осы кэсіпорын қожайындары мен басқарушы қызметкерлері үшін ғана емес, онда істейтін барлық жүмысшылар үшін экономикалақ жағынан тиімсіз қалатындай болуы тиіс еді. Заңды түлғаға қарсы қолданылатын айып санкциялары бүл ойды жүзеге асыра алса, жеке түлғаларға қарсы қолданылатын айыптың ондай мүмкіндігі болмайды (мөлшері елеулі айырмашылығына байланысты). Европа елдері бүл мэселе төңірегінде 70 - ші жылдардан бастап ойлана бастады. Сонымен, 1978 жылы Европа Кеңесі аындағы Европалық қылмыс мэселелері жөніндегі комитет Европа елдерінің заң шығарушыларына заңды түлғаларды экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық субъектілері деп тану жағына шығаруды үсынған. Мүндай үсыныс біраз Европа елдерінде (мысалы, Англия, Франция) заң жүзіне асырылды.

Ал біздің елімізде қылмыстық қүқық саласыңда заңды түлғалардың жауаптылығы жөніндегі мэселе элі күнге дейін шешімін таппауда. Заңды түлғаны қылмыстың субъектісі ретінде тану туралы үсыныстар

қылмыстық қүқық теориясында 1990 жылдан бері қарай шындап талқыға түсе бастады. ҚР қылмыстық кодексінің жобасының көптеген авторлары заңды түлғалардың жауаптылығы жөнінде үсыныстар енгізгенімен, мүндай үсыныстар өтпей, жаңа қылмыстық кодекс бүл мэселе бойынша бүрынғы пікірінде қалды.

Қылмыстың субъектісі міндетті түрде есі дүрыс, яғни өзінің эрекетін (эрекетсідігін) басқара алатын, оның шын мэніндегі сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілігін түсінуге қабілеті жететін жеке түлға болуы керек. Ал психикасының бүзылуына байланысты мүндай қабілеттен айырылған есі дүрыс емес (ҚР ҚК 16 - б.) түлғалар қылмыстық субъектілері бола алмайды. Тіпті психикасы сау адамның да жоғарыда айтылғандай сана мен еркінің қабілеті белгілі бір жасқа толғанында ғана пісіп жетіледі. Осыған байланысты - қылмыстық заң қылмыс жасаған түлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын жас мөлшерін тағайындаған (ҚРҚК15-6.).

Бүл көрсетілген үш белгі қылмыс субъектісінің ортақ заңды белгілері болып табылады. Олар қылмыстың кез келген қүрамының міндетті белгілері болып табылады жэне бүлардың біреуінің болмауы іс-эрекетте қылмыс қүрамының жоқтығын білдіреді. [12, 53 6]

Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде кейбір жағдайларда тиісті қылмыстың субъектісін сипаттайтын жалпы ғана емес, қосымша да белгілері бар түлғалардың жауаптылығы қарастырылады. Мысалы, эскери қызметке қарсы қылмыстардың субъектісі болып эскерге шақырылып, міндетін өтеп жүрген немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлердің жэне эскери қүрамалардың қатарында келісім шартпен жүрген эскери қызметкерлер ғана, сол сияқты запастағы азаматтар эскери жиында жүрген кездерінде жэне де кейбір басқа түлғалар табылады. Бүл қосымша белгілер - тиісті түлғаны қылмыстың арнайы субъектісіне айналдырады. Қылмыстың субъектісі туралы түсініктен қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті ажырата білу керек. Бүл екі түсініктің де бір түлғаға - қылмысты жасаған түлғаға қатысы бар. Алайда, бүл түсініктердің мазмүны - жэне ең бастысы -олардың заңдық (қылмыстық-қүқықтық) мағынасы сәйкес келмейді. Бүған дейін айтылғанындай, қылмыстың субъектісі - бүл белгілердің жиынтығы - ал белгілерсіз қылмыстың ешқандай қүрамы (жалпы белгілер) немесе қылмыстың арнайы қүрамы да (қылмыс субъектісінің арнайы белгілері) болмайды, эрі болуы мүмкін емес. Бүл белгілердің кез келген біреуінің болмауы мүндай жағдайда қылмыс қүрамының болмайтынын, бүған орай, түлғаның қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтынын білдіреді.

Мүнымен салыстырғанда, қылмыскердің жеке басының белгілері қылмыс қүрамының белгілеріне тірелмейді. Мысалы, қылмыс жасаған түлғаның әлеуметтік - психологиялық жэне биологиялық белгілері

қылмыс қүрамының қүрылуына қамтылмайды. Криминология саласы элеуметтік қүбылыстарды зерттейтін неше түрлі ғылымдармен қатар, жаратылыс ғылымдарының да (медицина, биология, соның ішінде генетика және т.б.) тэсілдері мен эдістерін қолдана отырып, қылмыскердің жеке басының мэселесін зерттейді. Криминологияда жеке бастың белгілері негізгі үш қүрамға топтастырылады:

1. Жеке бастың элеуметтік бейнесі (статусы), ол жеке бастың белгілі бір элеуметтік топқа (сыныпқа) жататындығын, элеуметтік демографиялық сипатын (жасы, жынысы, білімі, отбасылық жағдайы жэне т,б.) зерттеумен анықталады.

2. Жеке бастың элеуметтік орны (рөлі), бүл жеке түлғаның отбасының, еңбек үжымының мүшелігінен, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі азаматтылығынан түратын қызметінің жиынтығы.

3. Жеке бастың адамгершілік психологиялық сипаты (мінездемесі), ол оның элеуметтік қүндылықтар мен атқарылатын элеуметтік міндеттеріне қатынасын білдіреді (мысалы, кездейсоқ қылмыскерлер, қүныққан маман қылмыскерлер жэне т.б.) қылмыскердің жеке басының белгілерінің қылмыстық - қүқықтық маңызы, кей жағдайларда жазаның жеке басқа қарай ықшамдалып берілуіне, немесе одан мүлде босатылуына ықпал жасауы мүмкін. Жазаның түрі мен мөлшерін анықтау, жазаны жеңілдетуші немесе ауырлатушы мән -жайлар ретінде, шартты жазаға соттау мэселесін шешуде кінэлінің жеке басы есепке алынады. Алайда жеке бастың белгілерінің (қылмыстық субъектісінің белгілерінен айырмашылығы) қылмыстық -қүқықтық мағынасы болмауы да мүмкін. Көптеген қылмыстарда кінэлінің жынысы, оның кэмелеттік жасқа толу - толмауы, білімі мен айналысатын қызметі, тіпті де, эсері етпейді, Бүл белгілер, эдетте, қылмыстық жауаптылық пен жазаға да ықпалды емес. Ал қылмыстарды, сонымен қатар, оны жасаушы түлғаларды криминологиялық түрғыдан сипаттау үшін бүл белгілердің маңызы өте зор. Осы белгілер ескеріле отырып, мысалы, тиісті қылмыстардың алдын-алу шаралары анықталуы мүмкін.

4.2 Қылмыс субъектісінің жасына қарай белгілері.

Бүған дейін айтылғандай, қылмыстың субъектісі ақыл-есі дүрыс кез келген түлға ғана емес, белгіленген жас мөлшеріне толғанда болуы керек. Жасының кішілігіне байланысты өзінің жасап отырған эрекетін (эрекетсіздігін) басқара алмайтын, оның кауіптілігін шын мэнінде жете түсінуге қабілетсіз жас түлғалар қылмыс субъектісі болып таныла алмайды жэне өздері жасаған қоғамдық қауіпті эрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

ҚР ҚК-ыің 15-бабына сэйкес, қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал қылмыс жасалған уақытқа дейін жасы он төртке толған түлғалар, - ҚР ҚК-нің 15-бабының 2-бөлігіне сэйкес, ҚР ҚК-де қарастырылған төмендегідей қылмыстар ушін қылмысты жауапты: кісі өлтіргені (ҚР ҚК 96-6.), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (ҚР ҚК 103-6.), ауырлататын мэн-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (ҚР ҚК 104-6. 2-бөлігі), зорлағаны (ҚР ҚК 121-6.), жыныстық сипаттағы куштеу эрекеттері (ҚР ҚК 121-6.), адамды урлағаны (ҚР ҚК 125-6.), урлық жасағаны (ҚР ҚК 175-6), кісі тонағаны (ҚР ҚК 178-6.), урып-соққаны (ҚР ҚК 179-6.), қорқытып алғаны (ҚР ҚК 181-6.), ауырлататын мэн-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік қуралдарын урлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (ҚР ҚК 185-бабтың 2, 3, 4 -бөліктері), ауырлататып мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (ҚР ҚК 187-баптың 1,3,4 - бөліктері), терроризм (ҚР ҚК 283-6.), адамды кепілге алуы (ҚР ҚК 234-6.)- террорлық акті туралы біле тура көрнеу өтірік хабарлағаны (ҚР ҚК 242-6.), қару-жарақты, оқ-дэріні, жарылғыш заттар мен жару қүрылғыларын үрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 255-6.), ауырлататын мэн-жайлардағы бүзақылығы (ҚР ҚК 257-баптың 2, 3-бөлігі), тағылық (ҚР ҚК 258-6.), есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды үрлағаны не қорқытып алғаны (ҚР ҚК 260-6.), ауырлататын мэн-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін жэне олардың жерленген жерлерін қорлағаны (ҚР ҚК 275-6. 2-бөлік), көлік қүралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (ҚР ҚК 299-6.).

Жалпы қылмыстық жауаптылықты он алты жастан, ал кейбір қылмыстар үшін - он төрт жастан бастап талап ете отырады, қылмыстық заң осы жасқа жеткен кэмелетке толмағандар өз қылығын оның ішінде, қылмыстысын да бағалай алуға қабілеті толығымен жететіндігін ескерген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексінде кэмелетке толмағандарды олардың қылмыстық жауаптылық жасында болуына қарамастан, қылмыстық жауаптылықтан босата алатын ережелер енгізілген. ҚР ҚК-нің 15-бабының 3-бөлігіне сэйкес, егер кэмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бүзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-эрекетінің (эрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес. Бүл жерде эңгіме, істің шын мәнінде, жасына қарай ақылының дүрыс еместігі туралы болып отыр.

Қылмыстық кодекстің атақты теориялық моделінде Р.И.Михеев төмендегідей норманы түжырымдаған: "Заңмен белгіленген жасқа

толғанымен, психикалық жағынан пісіп - жетілмегендігінен (вариант: ақылы мен денсаулығының дамуындағы тежелу) өз эрекетін (эрекетсіздігін) басқаруға немесе оның шын сипатын не қоғамдық қауіптілігін жете түсінуге қабілетсіз болған түлға қылмыстық жауаптылыққа тартылатындар қатарына жатпайды". Кэдімгі есі дүрыс еместік туралы бүл жерде айтылмайды, себебі оның дэрігерлік белгісінің (медициналық критериінің) жоқтығы - көз алдымызда. Кэмелетке толмағанын психофизиологиялық дамуындағы тежеліс оның психикасының бүзылуының салдарынан емес, оның психофизиологиялық дамуындағы жеке өзіне тэн, жасына қарай өзгешеліктерден туындаған, бүл жағдай оның элеуметтік инфантилизімінен байқалады. Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің жасының кэмелетке жетпеуінен қылмыстық жауаптылық пен жазаның көптеген ерекшеліктерін байланыстырады жэне олар жеке бір бөлімде қарастырылады (ҚР ҚК-нің жалпы бөлімінің VI бөлімі).

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде түлғаның қылмыстық жауаптылыққа қабілеттілігіне қарай тиісті жас мөлшері анықталды, олар 16 жэне 14 жас. Алайда, бүл ҚР ҚК- нің 15-бабының 2-ші бөлігінде аталқан қылмыстардан басқа барлық қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады дегенді бідцірмейді.

Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасты 16 жас деп көрсеткенімен, кейбір қылмыстық іс-эрекеттің ерекшеліктері мен субъектінің белгілеріне байланысты қылмыстық жауаптылық 18 жастан бастап тартылатын қылмыстар да болады. Атап айтқанда, эскери қылмыстар үшін жэне кэмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту үшін (ҚР ҚК 131-6.) қылмыстық жауаптылық 18 жастан бастап қарастырылған.

Кэмелеттік жасқа толмаған жеке түлғалар қылмыс жасаған уақытта олардың жасы тура анықталуы керек (туған жылы, айы, күні). Адам белгілі бір жас мерзіміне (14, 16, 18 жас) туылған күні емес, келесі тэулікте толатын болып есептеледі. Кэмелеттік жасқа толмаған жеке түлғаның жасы белгісіз жағдайда сот - дэрігерлік тексерумен анықталады. Оның жасы жаңағы тексеру анықтаған жылдың ең соңғы күні (31 желтоқсан) деп саналады, ал тексеру барысында төменгі және жоғарғы жас шамасы анықталганда, оның төменгі жасы есепке алынады. Кэмелетке толмағандардың қылмыстық ісі жөнінде оның өмірі мен көрген тэрбиесі, психикалық дамуының дэрежесіне көңіл аударылады. [14,96 6]

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде қылмыс субъектісінің жасына байланысты маңызды қылмыстық-қүқықтық мағынасы бар тағы бір көрсеткіш аталатынын айта кету керек. ҚР ҚК-нің 49-бабына сэйкес, қылмысты 18 жасқа дейін жэне үкім шығарған сэтте алпыс бес жасқа толған еркектер үшін өлім жазасы тағайындалмайды.



4.3 Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жагдайы ретінде. Жауапсыздыққа қабілестіздік үғымы.

Қоғамға қауіпті іс-эрекет жасаған жеке түлға қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазалануы үшін, ол жауаптылыққа қабілетті болуы керек.

Қылмыс жасау кезінде өзінің іс-эрекетіне (эрекет немес эрекетсіздігіне) есеп бере алатын жэне оны басқара алатын жеке түлға - жауаптылыққа қабілетті деп аталады. Жауаптылыққа қабілеттілік үғымы субъектінің қылмыстық жауаптылығы үшін шешуші мэнге ие болатын кінэ үғымымен тығыз байланысты. Кінэлі болып тек қана жауаптылыққа қабілетті адам ғана танылады. Сондықтанда жауаптылыққа қабілеттілік кінэ мен жауаптылықтық алғы шарты болып табылады.

Адамның тэртібі, соның ішінде қоғамға қауіпті іс-эрекетті де сана мен ерік арқылы анықталып, бақыланады. Сана мен ерік адамның негізгі психикалық функциялары. Психикалық қызметі бүзылған адам сана мен ерікті басқара алмайды. Мүндай қабілеттен айырылған түлғалар, яғни өз іс-эрекеттерінің қауіптілігін түсінбейтіндер, ал түсінсе де, өз эрекеттерін (эрекетсіздіктерін) басқара аямайтындар - есі дүрыс емес деп танылып, олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Оларға тек медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.

ҚР ҚК-нің 16-бабының 1-ші бөлімі есі дүрыс еместік туралы үғымды былай атады: "қоғамдық қауіпті эрекетті жасаған кезде есі дүрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бүзылуы, кем ақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке үшырауы салдарынан өзінің іс-эрекетінің (эрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін үғына алмаған немесе оған ие бола алмаған қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес"\

Есі дүрыс еместік туралы үғым заңды жэне медициналық сияқты екі шарттан (критерийден) түрады жэне бүл екеуінің бірігуі осы күйді сипаттайды.

Заңды шарт екі белгіден түрады: интеллектуальды жэне еркіне қарай.

Интеллектуалды белгі түлғаның өз эрекетінің (эрекетсіздігінің) қауіптілігін жете түсінуі мүмкін еместігін (қабілетсіздігін) көздейді. Психиканың бүл қасиеті, түлғаның өзі жасап отырған ісінің шын жағымен қатар, оның элеуметтік мағынасын да түсіну қабілетінің жоқтығын білдіреді. Түлғаның өз әрекетінің немесе эрекетсіздігінің шын жағының мазмүнын түсінбеуі, эдетте, оның жасалған іс-эрекет пен орын алған салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбеуін білдіреді (жэбірленушіні өмірден айыратынын, мүлкін тартып алатынын жэне т.б. түсінбейді). Алайда, интеллектуалды белгінің мазмүнындағы ең бастысы - түлғаның өз ісінің элеуметтік мэнін түсінбеуінде, яғни оның қоғамдық

қауіпті сипаты туралы түсініктің болмауында. Осыған байланысты, бір түлғаның өз эрекетінің шын жағын түсіне алғанымен, оның қауіптілігін түсіне алмайтын жағдайлардың болуы эбден мүмкін. Айталық белгілі бір психикалық ауруға үшыраған (мысалы, шизофрения) адам, мысалы темір жолды тексеріп немесе жөндеп жатқан жол жүмысшысын өмірден айыратынын түсінуі мүмкін, бірақ субъектінің ісінген елесі (психикалық аурудың салдарынан) мүны қылмыс жасаумен (кісі өлтірумен) емес, жарылған террорлық істің (поездың қирауын) алдын алумен байланыстырады. Осыған байланысты, түлға өзінің эрекеттерін қылмыс жасау деп емес, қоғамдық парызын өтеу деп санайды.

Заңды шарттың тағы бір белгісі, атап өтілгеніндей, еркіне қарай белгісі, яғни түлғаның өз эрекеттерін (эрекетсіздігін) басқару қабілетсіздігі болып табылады. Мүндай жағдай психикалық қызметтің ауырып бүзылған кейбір түрлерінде кездеседі. Мысалы, өзінің эрекетінің қоғамдық қауіптілігін түсіну қабілеті, салыстырмалы түрде болғанымен, ерік жағының бүзылуы есірткіге қүмарларда байқалады, бүл жағдайда олардың абстиненция, яғни есірткіге ашығу кездерінде көруге болады. Бүл кездері олар, мысалы, дэріханаға заңсыз кіріп, қүрамында есірткілік заттары бар дэрілерге қол сүғушылықтық заңдылықтық қылмысты түрде бүзылуы екенін түсіне отырып, бүл эрекетті жасау жолында өзін - өзі үстай алмайды. Ерік жағының бүлайша бүзылуы эпидемиялық энцефалит, эпидепсия жэне т.б. аурулар кезінде болуы да мүмкін. Заңды шарттың болуын мойындау үшін қылмысты заң екі белгінің де міндетті түрде анықталуын талап етпейді, оның тек біреуі ғана - не интеллектуалды, не еркіне қарай түрі анықталса жеткілікті.

Заңды шарттың бір белгісінің ғана болуы түлғаны есі дүрыс емес деп тануға негіз бола алмайды. Түлғаның өз эрекеттерін (эрекетсіздігін) басқара алмағандығы, оның шынайы сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмағандығы медициналық шарттарға байланысты себептерден туындағанын тауып көрсету керек. Бүл шарттар түлғаның психикалық бүзылуынан жэне оның бойынан заңды шарттың орын алуына экеліп соқтыратын аурулардың қорытылған тізімінен түрады. Ол - үзаққа созылған психикалық бүзылу, уақытша психикалық бүзылу, кемақылдық немесе психиканың басқадай науқас күйі.

Үзаққа созылатын психикалық бүзылыстар - ішкі көңіл-күйдің созылмалы ауруы, атап айтқанда, психиканың бүзылуының үзаққа созылуы. Олар кейде аяқ астынан көтеріліп, сосын қайта басылатын түрде де өтуі мүмкін (психикалық күйді жақсартып немесе нашарлата түсіп), бірақ кетпейтін психикалық кемістік қалдырады. Мүндай психикалық ауруларға мыналар жатады: шизофрения, қояншық, эдеп бара жатқан сал ауруы, паранойя жэне психиканың басқа да аурулары. Кемақылдылық - бүл адамның интеллектуалдық қабілеттерінің зақымдауына байланысты оның психикалық қызметінің түрлі деңгейде

төмендеуі немесе толық жойылуы. Кемақылдылық - адамның ақыл-ойы қабілетінің жойылуымен немесе нашарлауымен байланысты, ол туа бітуі мүмкін немесе эдей түсуші психикалық аурудың салдарынан болуы мүмкін. Кемақылдылық үш дэрежелі болады: жеңіл (дибильділік), орташа (имбецильдік) жэне терең, яғни ақылдың қызметінің қатты дэрежеде зақымдануы (идиотия).

Психиканың басқадай науқас күйі - бүл үғымның дэл мағынасындағы психикалық аурулар болмағандығына қарамастан, психиканың бүзылуына экеліп соқтыратын сырқатты қүбылыстар. Мысалы, іш сүзегі психикалық ауруға жатпаса да, онымен бірге жүретін сананың күңгірттенуі, елестеушілік кездерінде ауру адамның ақыл немесе ерік қызметіне қабілеттілігі төмендеп, кей кездері бүзылуы да мүмкін. Мүндай жағдайды бастың миының зақымдануы, мидың ісуі немесе басқа психикалық емес аурулар кезінде де байқауға болады.

Дэрігерлік шарттың болуы да өздігінен түлғаны ақылы дүрыс емес деп тануға жеткіліксіз болып табылады. Мысалы, кемақылдылықтың қайсібір дэрежесі болмасын, эрқашан тек түлғаның өз эрекетінің қауіптілігін түсіну мүмкінсіздігіне немесе өз қылығын басқара алу мүмкінсіздігіне экеліп соқтыра бермейді. Мысалы, түлғаның кемақылдылығы жеңіл ғана болса, ол тек заңды шарттың болмауына байланысы ғана арқылы дүрыс деп танылуы мүмкін. Сол сияқты, түлға мас күйінде де өз эрекеттерінің (эрекетсіздігінің) қауіптілігін түсіне алмауы немесе оны басқара алмауы мүмкін. Алайда, мүндай түлғаның ақылы дүрыс емес деп танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылмайтындығы анық. Сонымен, заңды жэне медициналық шарттардың жиынтығы ғана түлғаның есі дүрыс емес деп танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуына негіз бола алады.

Ақылы дүрыстық сияқты, ақылы дүрыс еместік те - заңдық (қылмыстық - қүқықтық) үғымдар. Осыған байланысты, белгілі бір қылмысты іс бойынша түлғаның ақылы дүрыс немесе дүрыс еместігі туралы шешімдері сот (алдын-ала тергеу жүмыстарын жүргізгенде анықтама немесе тергеу органдары) қабылдайды.

Өздерінің шешімін заң қызметкерлері сот - психиатриялық сарапшы қортындысына негіздейді. Қылмыстық іс жүргізу заңылығына сэйкес айыпталушының немесе сезіктінің іс қозғалған кезде өз эрекетіне есеп бере алу немесе оны баскара алу қабілеттілігі мен ақылының дүрыстығына күмэн туған кезде, мүндай зерттеу жүргізу міндетті болып саналады. Алайда, бүл қорытынды, сарапшының жалпы кез келген қорытындысы сияқты, анықтама жүргізуші түлға, тергеуші, сот немесе прокурор міндетті түрде басшылыққа алмауы мүмкін. Олар сот-психиатриялық зерттеудің қорытындысымен келіспейтіндей жағдайда, оның нақты дэлелі болуы керек.

Түлғаның ақылының дүрыс емес күйі оның қылмысты жасау кезіне қатысты анықталады. Ақылы дүрыс емес түлға қылмыстық субъектісі

бола алмайтындықтан, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, бірақ ҚР ҚК-нің 16 - бабы 2 - ші бөлігіне сәйкес, оған, дэрігерлік сипаттағы мэжбүрлеу шаралары (ҚР ҚК -тің 90 - б.) тағайындалуы мүмкін. Дэл осындай шаралар қылмысты ақылы дүрыс күйінде жасап, бірақ одан кейін психикалық бүзылуға немесе ауруға үшыраған түлғаға да оған қатысты қылмысты жазаны іске асырудың мүмкінсіздігінен тағайындалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде алғашқы рет есінің дүрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бүзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы ерекше бап түжырымдары (ҚР ҚК 17-б.). Бүл баптың 1-ші бөліміне сэйкес, қылмыс жасаған кезінде психикасының бүзылуы салдарынан өзінің іс-эрекетінің (эрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде үғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дүрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Сонымен қатар, дэл осы баптың екінші бөліміне сэйкес, есінің дүрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бүзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетпеуші мэн-жай ретінде ескереді жэне ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.

Сонымен ҚР ҚК-нің 17-бабында аталған психикалық бүзылыс осындай психикалық аурулар мен ауытқуларға байланысты, жалпы олар түлғаны ақылы дүрыс деп тануға мүмкіндік бере алатындығына қарамастан, қылмыс жасаған түлғаның өз істегенінің қауіптілігін түсінуге немесс өз қылығын басқара алуға айтарлықтай төмендеген қабілеттілігі дегенді білдіреді. Бүл жағдайларда эңгіме, жалпы есі дүрыстық көлемінде анықталатын есі дүрыстықтың дэрежесі туралы. Заң қызметкерлері мен психиатрлардың жүргізген зерттеулері қылмыс жасаған түлғалардың арасынан ақылы дүрыс деп табылғандардың көпшілігін психикалық аномалияға үшырағандар (созылмалы алкоголизм, бас миының негізгі зақымдануы жэне т.б.) қүрастыратынын көрсеткенін атап өту керек. Жаза тағайындау кезінде бүл жағдайларды ескеру керектігін кеңестік қылмыстық-қүқықтық ғылым бүған дейін де мойындап келген. Алайда, мүндай ескерудің тэртібі мен дэрежесі туралы түсінік әр түрлі болып келді. Кейде авторлардың, мысалы, И.К. Шахриманьян, А.А Хомовскийлердің айтуынша, сот істің басқа жағдайларымен қатар психикалық аномалиялардың да эсерін ескеруге қүқығы бар десе, Г.И. Чечель психикалық аномалиялар жағдайы жеңілтпеушілердің тізіміне кіргізілуі тиіс деп есептеп, жазаны жеңілдетпеудің жэне мүндай жағдайларда жазамен қатар, дэрігерлік сипаттағы мэжбүрлеу шараларын қолданудың ашық мүмкіндігі болатындығын айтты. Қылмысты, ақылы дүрыс бола түра, психикалық бүзылу күйінде жасаған түлғаға жазаны жеңілдету туралы нүсқау бірқатар шетелдік қылмыстық заңдарда, мысалы, ГФР Қылмыстық кодексінде кездеседі жэне бүл ақыл

дүрыстығы "азайтылған" деп аталады.

Есі дүрыс еместіктің мэселесіне мас күйде жасалған қылмысқа жауаптылық қабысып түр. Қылмыстық заң адамның мас күйінде жасаған қылмысы туралы айрықша тоқталады жэне ол туралы ҚР ҚК-нің 18-бабында: "Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды", -делінген.

Бүл бапта алкогольді ішімдік ішіп, немесе есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттарды қолданғаннан болатын жэй мас болу (патологиялық емес) туралы айтылады. Мүндай жэй мас түлғаның өз эрекетіне есеп беру немесе оны басқару қабілетінен айырлып қалуына экеліп соқтырған күйде де, есі дүрыс еместіктің шеңберінде қарала алмайды, себебі бүл жағдайда есі дүрыс еместіктің заңды жэне медициналық шарттары, яғни түлғаның санасы мен еркін істен шығарып тастайтын немесе айтарлықтай шектейтін психикалық бүзылу жоқ. Жэй мас болу (соның ішінде ең кең тараған түрі - алкогольдік ішімдік ішіп мас болу), эдетте, ішімдік пен есірткі заттарын өз еркімен қолдану нэтижесінде пайда болады, ал оның қолданылған мөлшері айыптының мас күйіндегі қылығына айтарлықтай ықпал жасайды. Түлғаның қылығы оның тэрбиесі, мэдени деңгейі, эдеті жэне т.б. факторларға да байланысты. Осының барлығы мас болуды психикалық аурудың түріне теңестіруге болмайтындығын көрсетеді.

Тіпті жэй (физиологиялық) мас болудың ең ауыр сатысында да олар қоршаған жағдаймен белгілі байланысты сақтайды, өз әрекетіне бақылау жасай алады. Мүндай адамдарда сананың, ойлық алжасуы болмайды. Демек мүндай жағдайда жауапқа қабілетті деп танылып, қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сондықтанда Н.С. Лейкинаның ҚК-тің Ерекше бөлімінде түлға қоғамдық қауіпті әрекет жасау кезінде өзінің қылықтарын түсіне алмайтын және оларды басқара алмайтын жағдайға дейін мас күйге жеткендігі үшін жауаптылық қарастыратын жеке бап болу туралы үсынысы қылмыстық-қүқықтық теорияға көпшілік қолдауына ие болмады.

Әдетте, жэй (физологиялық) мастық күйден патологиялық мас болуды ажырата білу қажет. Патологиялық мас болу қысқа уақытқа созылатын психологиялық қапалану тобына жатады. Патологиялық мас болуды танымның ауруға шалдығуы салдарынан кенеттен саңдырақтау, галлюцинация пайда болып, бағдарлау бүзылады, шынайы іс-эрекетпен байланыс жоғалады, себепсіз қорқыныш, ыза болу, кектену пайда болады. Агрессивтік әрекет үлкен күйреткіш күшпен, кенеттілікпен, қаталдықпен ерекшеленеді. Патологиялық мас болу факторлардың (сары уайымға салыну, дабыл, мазасыздық жэне т.б.) эсерінен пайда болады және ішкен ішкіліктің мөлшеріне байланысты болмайды. Бүл көрсетілген психикалық бүзылыстар кезінде қауіпті эрекеттер жасау қылмыстық

жауаптылықтан тыс болады, себебі заңды жэне медициналық шарттардың белгілері болғандықтан, түлға есі дүрыс емес деп танылып, оған жаза орнына дэрігерлік сипатта мэжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет