ДҮниежүзілік сауда ұйымы


- (iv) Қазақстанның міндетті ұлттық стандарттарының күшін жою



бет30/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78

- (iv) Қазақстанның міндетті ұлттық стандарттарының күшін жою





  1. Кейбір мүшелер ДСҰ-ның ережелеріне сәйкес келмейтін міндетті ұлттық стандарттарды жою туралы ақпаратты беруді сұрады. Жұмыс тобының мүшелері мұндаай стандарттарды жою бойынша нақты жоспардың бар-жоғына қызығушылық танытты.




  1. «Техникалық реттеу туралы» Заңға сәйкес белгілі бір өнімге техникалық регламент күшіне енбеген жағдайда, сәйкестікті растау мақсатында өндірушілер техникалық реттеу мақсаттарына сай келетін халықаралық, өңірлік (мемлекетаралық) немесе ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды пайдалана алады, деп жауап берді Қазақстан өкілі. Бұл жағдайда өндіруші таңдап алған стандартқа сәйкестік аталған өндірушіге міндетті болып табылады. Тиісті техникалық регламентті қабылдаған сәттен бастап, таңдап алынған стандарт ерікті түрде қолданыла алады. Қайшы келетін ережелерд қамтитын стандарттар техникалық регламентке сәйкестікті растау мақсатында пайдаланылмайды және жарамсыз болып табылады.




  1. Кейбір мүшелердің Қазақстан ДСҰ-ға кіргенге дейін өзінің техникалық реттеу және стандарттар жүйесін ДСҰ талаптарына сәйкестендіруі туралы сауалына, Қазақстан өкілі, ДСҰ-ға енгеннен кейін тиісті халықаралық стандарттар не олардың тиісті бөліктері, Саудадағы техникалық кедергілер туралы келісімде қарастырылғандай, заңды мақсатқа жету үшін жарамсыз не тиімсіз болған жағдайларды қоспағанда, техникалық регламентті әзірлеу үшін қолданылатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені ескерді.




  1. Жұмыс тобының бір мүшесі ұсынылған міндеттемені қолдады және СТК бойынша ДСҰ келісімінің талаптарына сәйкес келмейтін, кез келген стандарттарты,техникалық регламенттерді немесе сәйкестікті бағалау процесін өзгеру немесе күшін жою жөніндегі міндеттемені көрсетуі тиіс деген өзінің пікірін ортаға салды. Аталған мүше, егер ДСҰ-ға сәйкес келмейтін міндетті стандарттардың бәрі күшін жоймаса, Қазақстан осы міндеттемені қалай орындайтыны туралы, сондай-ақ осы міндетті стандарттар ерікті болатындығы туралы қосымша ақпарат беруді өтінді.



  1. Осы сауалға Қазақстан өкілі, Қазақстан ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттермен бірге ДСҰ ережелеріне сәйкес келмейтін міндетті стандарттарды алмастыратын техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жұмыстарды белсенді түрде жүргізіп жатыр деп жауап берді. Сонымен, міндетті талаптарды қамтитын қазіргі қолданыстағы стандарттар КО Комиссиясының № 492 шешімімен және ЕЭК Кеңесінің № 103 шешімімен көзделген техникалық регламенттерді қабылдау кестесі және жұмыс жоспары негізінде ЕАЭО техникалық регламенттерін үндестіру процесінде ЕАЭО техникалық регламенттерімен алмастырылады. Оларды ЕАЭО-ның техникалық регламенттеріне алмастырғанға дейін міндетті талаптарды қамтитын стандарттар: адамның өмірі мен денсаулығын қорғауды; қоршаған ортаны және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен денсаулығын сақтауды, ұлттық қауіпсыздік ережелерін; тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкін тәжірибенің алдын алуды; энергия тиімділікті (барлық көрсетілген мақсаттар «Техникалық реттеу туралы» Заңда көзделген) қамтамасыз ететін дәрежеде жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Үкімет мұндай ұлттық стандарттарды СТК бойынша ДСҰ келісіміне 1-қосымшадағы аталған терминнің анықтамасына сәйкес «техникалық регламенттер» ретінде қарастырады. Сонымен қатар, ол, ДСҰ талаптарына қайшы келетін ұлттық стандарттар оларды халықаралық стандарттармен үндестіру мақсатында қайта қарастырылады деп мәлімдеді. Бүгінгі күні Қазақстанның ұлттық (мемлекеттік) стандарттарының жалпы саны 4 627 құрайды, оның ішінде 3 323 халықаралық стандарттармен үндестірілген. Осылайша, ұлттық стандарттардың 72 % халықаралық стандарттармен үндестірілген. Сонымен қатар, «Техникалық реттеу туралы» Заңның 4-бабының 5-тармақшасы халықаралық стандарттардың басымды қолдануды бекітеді.



  1. Қазақстан Республикасының өкілі, қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып жатқанжәне міндетті талаптарды қамтитын барлық стандарттарды ДСҰ-ға кірген күннен бастап, Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісіміне сәйкес қолданылатынын растады. Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісімінің ережелеріне сәйкес болмаған жағдайда, осындай стандарттар 2012 жылғы 20 маусымдағы ЕЭК Кеңесінің № 48 шешімімен бекітілген «Кеден одағы техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және олардың күшін жою тәртібі туралы ережеге» және де ұлттық заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес өзгертілетін болады. Мүдделі тараптар мен мүшелердің Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісіміне осындай міндетті талаптардың сәйкестігіне қатысты кез келген алаңдаушылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында және ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінде белгіленген тетіктер мен рәсімдер аясында тиісті және тиімді түрде қаралатын болады. Ол, осы рәсімдер ұсынатын мүмкіндіктер туралы ақпарат мүдделі тараптар мен мүшелерге, оның ішінде СТК және СФС бойынша Ақпараттық орталықта қолжетімді болатындығын қоса айтты. Сондай-ақ ол, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап хабарламаға қатысты талаптарды қоса алғанда, Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісімінің барлық талаптарын орындайтынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.



        • (v) Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуді қоса алғанда, сәйкестікті бағалау рәсімдері





  1. Аккредиттеу ЕАЭО-ның сертификаттау жөніндегі органдарының және сынау зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізілген сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарға (бұдан әрі – Біртұтас тізілім), Қазақстан аумағында және ЕАЭО-ның негізгі басқа аумақтарда қабылданатын, өзінің аккредиттеу шегіндегі сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарды беруге құқық береді. ЕАЭО туралы шартқа № 11 қосымшаның 4-тармағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдардың жауапкершілігін анықтайды: 1) аккредиттеу жөніндегі органдардың тізілімін, аккредиттеу жөніндегі сарапшылар тізілімін, техникалық сарапшылар тізілімін және Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігін қалыптастыруды және жүргізуді жүщеге асырады; 2) ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесіне сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдар тізілімінен, аккредиттеу жөніндегі сарапшылар мен техникалық сарапшылар тізілімінен, сондай-ақ шартта көзделген, аккредиттеуге қатысты өзге де ақпарат пен құжаттарды ұсынады; 3) аккредиттеу жөніндегі органдардың өкілдеріне мүше мемлекеттерде қолданылатын рәсімдердің тең мәнділігіне қол жеткізу мақсатында өзара салыстырмалы бағалауларды жүзеге асыру мүмкіндігін береді; 4) аккредиттеу жөніндегі органның осы сәйкестікті бағалау жөніндегі органға қатысты қабылаған шешімдерді қайта қарау мақсатында сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар берген апелляциялар бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды, 5) мүше мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғаларынан келіп түскен аккредиттеу жөніндегі органдардың қызметіне, сондай-ақ олар аккредиттеген сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қызметіне шағымдарды қарайды және оларға қатысты шешімдер қабылдайды.жұмыстар сәйкестік баға бойынша. Бірыңғай тізілімнен басқа ЕЭК сәйкестік туралы сертификаттар мен декларациялардың бірыңғай нысанын және Сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімін бекітеді.. ЕАЭО туралы шартқа
    № 11-қсымшаның 3-тармағына сәйкес аккредиттеу қағидаларын әзірлеу үшін халықаралық стандарттарды қолдануды көздейді.




  1. ЕАЭО-ның техникалық регламенттері қабылданған өнімдерге қатысты ЕАЭО кедендік аумағында айналымға ЕАЭО-ның тиісті техникалық регламенттерімен белгіленген сәйкестікті бағалаудың барлық қажетті рәсімдерінен өтукен жағдайда шығарылуы мүмкін. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның техникалық регламентіне сәйкес сәйкестікті бағалауды жүргізеді. Сәйкестікті бағалау тіркеу, сынау, сараптама және сәйкестікті растау нысанында өткізілуі тиіс. ЕАЭО туралы шартқа
    № 9 қосымшаның 5-тармағына сәйкес өнімнің ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау (растау) аккредиттелген зертханалар мен сынау орталықтарында жүргізілген сынаулар негізіндесәйкестік туралы декларация немесе бірыңғай тізілімге енгізілген сертификаттау жөніндегі орган берген декларациямен немесе сертификатпен расталады. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу мақсатында, келесі тұлғалар өтініш берушілер бола алады:, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар, немесе дайындаушымен жасалған келісімшарт негізінде, шетелдік өндірушінің міндетін атқаратын өндіруші/саудагер ретінде жұмыс істейтін тұлға. Ол жеткізілетін өнімның ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келуін көздейді, сондай-ақ жеткізіліп отырған өнімнің ЕАЭО-ның техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмесе жауапкершілікті белгілейді. 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын сәйкестікті бағалаудың (растауды) үлгілік схемаларын қолдану тәртібі туралы ереже туралы» КО Комиссиясының № 621 шешімі (бұдан әрі - № 621 КО Коммисиясының шешімі) ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалудың үлгілік схемаларын қолданудың бірыңғай нысаны мен қағидасын белгілейді.




  1. ЕАЭО туралы шартқа № 9 қосымшаның 5-тармағына сәйкес сәйкестікті бағалаумен байланысты қызмет Бірыңғай тізілімге енгізілген, сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдармен және сынау зертханаларымен жүзеге асырылуы тиіс. Бірыңғай тізілім Комиссия қабылдаған тәртіппен құрылып қалыптастырылады және жүргізіледі. Сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар және сынау зертханалары берген нәтижелерді тану ЕАЭО туралы шартқа № 11 қосымшаға сәйкес жргізілуі қажет. ЕАЭО-ның техникалық регламенттері күшіне енбеген өнімге қатысты сәйкестікті бағалау нәтижелері ЕАЭО туралы шартқа № 9 қосымшаның 7-тармағына сәйкес танылады.




  1. Сәйкестікті бағалау мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО туралы шартқа № 9 Қосымшаның 7-тармағына сәйкес халықаралық және өңірлік стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық стандарттарды пайдалана алады. Аталған стандарттарды ерікті түрде пайдалану ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. ЕЭК осындай стандартардың тізбесін бекітті (бұдан әрі – Стандарттар тізбесі). Ұлттық стандарттар зерттеулер мен өлшеулер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолану мен орындау және сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтиды. Стандартар тізбесіне енгізілген халықаралық, өңірлік және/немесе ұлттық стандарарды ерікті негізде қолдану ЕАЭО техникалық регламентінің талаптарын сақтаудың қажетті шарты болып табылады. Дегенмен, Стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарды қолданбау, ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің талалаптарын сақтамау ретінде қаралмайды.

  2. ЕАЭО туралы шарттың 53-бабының 5-тармағына сәйкес техникалық регламенттердің талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ сәйкестікті бағалау рәсімін бұзғаны үшін жауапкершілік әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленеді. және техникалық талаптарын орындамау. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің әрқайсының ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің талаптарына өнімнің сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда барлық қажетті шараларды қолдануға құқылы. Мұндай шаралар оларды нарықта орналастыруға тыйым салуға бағытталған әрекетті, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес өнімді нарқытан алып қоюды және оған мүше басқа мемлекеттерді ақпараттандыруды қамтиды. Бұдан басқа, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қауіпті өнімнің ЕАЭО нарығына түспеуі үшін шұғыл шаралар қабылдауға құқылы. Мұндай шараларды қолдануға ниет білдірген ЕАОЭ-ға мүше мемлекеттің кез келгені осы туралы ЕАОЭ-ға мүше басқа мемлекеттерді хабардар етуі тиіс.




  1. Сәйкестікті бағалауға қатысты, Қазақстан өкілі былай деп мәлімдеді: «Техникалық реттеу туралы» Заңда (i) «сәйкестікті растау» - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжатттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация енмесе сәйкестік сертификаты түрінде) болатын рәсім; (ii) «аккредиттеу» - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім. Сәйкестікті растау міндетті болуы мүмкін – өнімді өндіруші қабылдаған сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген сертификаттау немесе сәйкестік туралы декларация нысанында (техникалық регламент талаптарына жататын өнім үшін); және ерікті – өндірушінің/сатушының сертификат немесе сәйкестік туралы декларация нысанында өнімнің стандарттардың, басқа құжаттардың және арнайы талаптардың (міндетті растауды қажет етпейтін өнімдер үшін) талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын нысанда болады.




  1. Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап, Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісімінің 5.4-бабында көзделген осындай нұсқамалар, ұсынымдар немесе олардың тиісті бөліктері Қазақстан үшін тиімсіз болған жағдайларды қоспағанда, сәйкестікті бағалау рәсімдері үшін негіз ретінде қолданылатын, стандарттау жөніндегі халықаралық органдар шығарған, қолданыстағы тиісті нұсқамаларды немесе оның тиісті бөліктерін мемлекеттік органдармен қолдануын қамтамасыз ететінін айқындады. Бұдан басқа, ол міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге қатысты Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімінің 5.1.2- бабына сәйкес ЕАЭО туралы шартта және ЕАЭО-ның басқа да құқықтық құжаттарында көзделген сәйкестікті бағалау тәртібі техникалық нормаларға немесе стандарттарға қолданылатын өнімдерге сәйкестігіне жеткілікті сенімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерден артық шектемейтінін немесе барынша қатал қолданылмайтынын растады. Ол 2011 жылғы 7 сәуірдегі КО Комиссиясының «2010 жылғы 18 маусымдағы КО Комиссиясының № 319 шешімімен бекітілген, бірыңғай құжаттарды беретін Кеден одағы шеңберіндегі сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің Бірыңғай тізімінің жаңа редакциясы туралы» № 620 шешімімен көзделген міндетті сертификаттауға жататын өнімдер Келісімнің 5.1.2-бабының ережелерін қоса алғанда, Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімінің ережелеріне сәйкес айқындалатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




  1. Жұмыс тобы мүшесінің өндіруші сертификатты қалай алатыны туралы сауалына жауап берген Қазақстан өкілі, 2008 жылғы 4 ақпандағы «Сәйкестікті растау рәсімдері туралы» Үкіметтің №90 қаулысымен бекітілген техникалық регламентте белгіленген растау сертификатын беру тәртібіне сәйкес жүргізілетінін айтты:




  • өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі органға сертификаттаудан өткізуге Өтінім береді;

  • сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінімді қарайды, және өзінің шешімі туралы өтініш берушіге өтінім алған кезден бастап үш күн ішінде хабар береді;

  • сертификаттау рәсімін өткізу туралы шешім сертификатталатын өнімнің түрі бойынша бекітілген сертификаттау рәсімінің негізінде сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтуы керек; сонымен қатар, онда сертификаттаудың ұсынылған схемасын, қажетті техникалық құжаттардың тізбесін, параметрлер тізбесін, тексеру шарты мен сынау жүргізген аккредиттелген зертхананың/орталықтың атауын қамтуы керек;

  • егер өтінім беруші сертификаттау рәсімінің шарттарымен келіссе, олар жұмысты жүргізуге келісмшарт жасасады;

  • сынау құрамы мен өндіру технологиясы тұтынушыларға жеткізілетін өнімімен бірдей болатын үлгілер, конструкциялар негізінде жүргізіледі;

  • сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе аккредиттелген зертхана/орталық сәйкестікті растау жөніндегі органның немесе өтініш берушімен тағайындалған аудиторлардан тұратын комиссияның өтініші бойынша іріктемені жүзеге асырады. Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі мен сақтау ережесі сертификаттау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарға және нақты өнімді сынау әдістемесіне сәйкес белгіленеді;

  • өтініш беруші, құрылымы мен мазмұны нақты өнімнің нормативтік құжаттарында белгіленген, үлгі үшін техникалық құжаттамаларды ұсынуы керек; техникалық құжаттар, жоғарыда көрсетілген сертификаттаудың негізгі шарттарына сәйкес ұсынылуы керек;

  • аккредиттелген зертхана сәйкестікті растау бойынша органға берілген үлгілерге сынау жүргізеді;

  • сертификатталған сынау белігілі бір өнімге арналған әдістерге және нормативтік құжаттарда көзделген, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге сәйкес жүргізілуі керек;

  • сәйкестікті растау жөніндегі орган өндірісті бағалаудан, сынау нәтижесін мен өнімнің сәйкестігіне қатысты басқа да құжаттарды талдаудан өткізгеннен кейін, өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды іске асырады.




  1. Сәйкестік сертификатын сарапшының қорытындысы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі орган береді. Сынау нтәижелері теріс нәтиже көрсеткен жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган бас тарту себебін көрсете отырып, шешім қабылдауға тиісті.




  1. Қазақстанның өкілі әрі қарай, 2005 жылғы 20 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 367 қаулысымен Қазақстанда міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімнің екі тізбесін белгілегенін атап өтті, олра: (і) міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтер тізбесі;
    (іі) сәйкестігі сәйкестік туралы декларациямен растауға жататын тауарлар тізбесі. Аталған өнімдер Қазақстан нарығында айналымға ену және кіру үшін міндетті талаптар сәйкестігіне бағалаудан өтуі тиіс және сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация қоса берлуі керек. Екі тізбенің КО Комиссиясының №620 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбемен байланысына қатысты, Қазақстан өкілі Қазақстанда сәйкестіктің міндетті бағалауынан өткен өнім, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде экспорт кезінде барысында, егер бұл өнім КО Комиссиясының №620 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбеге енбеген болса, ЕАЭО мүше-мемлекеттері сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларацияны әлі де алуы керектігін айтты. Ол ЕАЭО-тың бұл тізбесі және ұлттық тізбе жоғарыда атаған тізбелерге енгзіліген өнімге ЕАЭО-ның тиісті техникалық регламенті қабылданғаннан кейін қайта қарауға жататынын айтты.




  1. Қазақстанның тиісті техникалық регламенттерді қабылдағаннан кейін, артынан міндетті сертификаттауға жататын өнім тізбесін қайта қарау және оны кейіннен жою жөніндегі алдыңғы мәлімдемелеріне сілтеме жасай отырып, Жұмыс тобының бір мүшесі өнімнің кейбір санаттары әрқашан да міндетті сертификаттауды талап ететінін айтып өтті. Фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтар сияқты өнімдер сәйкестікті міндетті сертификаттауға жататыны-жатпайтыны жөніндегі сауалға Қазақстан өкілі Қазақстан қазіргі уақытта барлық өнімге сәйкестікті міндетті бағалау талаптарын алып тастауды қарастырып отырған жоқ деп жауап берді. Жалпы алғанда, нақты өнімге деген сәйкестікті бағалау схемасы ЕАЭО-ның тиісті техникалық регламентінде жасалатын болады.




  1. Қазақстан өкілі Қазақстан нарығына қол жеткізу үшін дәрілік препараттар мен медициналық жабдықтар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жүргізетін мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс екенін мәлім етті. ЕАЭО шеңберінде КО Комиссиясының №526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбеге дәрілік препараттар енгізілмеген. Сондықтан, дәрі-дәрмектік препараттар үшін ЕАЭО-ның техникалық регламентін әзірлеу жоспарланбаған. Медициналық жабдықтар КО комиссиясының
    № 526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбеге енгізілген. ЕЭК Кеңесінің №103 шешіміне сәйкес «Медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО-ның техникалық регламентін әзірлеуі туралы шешім Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтың) айналымын тіркеу және мониторингілеу саласындағы келісілген саясат жүргізу туралы келісімді (бұдан әрі – Медициналық бұйымдардың айналымы туралы келісім) қабылдағаннан кейін қабылданатын болады. Медициналық бұйымдардың айналымы туралы келісімнің жобасы мен Кеден одағына мүше-мемлекеттердің дәрілік заттардың айналымы саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім жобасы ЕАЭО аумағында медициналық бұйымдар мен дәрілік препараттардың орналасуын реттеу мақсатында әзірленген. Келісім жобалары медициналық бұйымдар мен дәрілік препараттарға қойылатын талаптарды бірінші кезеңде үндестіру және кейіннен екінші кезеңде біріктіру арқылы медициналық бұйымдар мен дәрілік препараттардың айналымын тіркеу мен бақылау саласындағы бірыңғай саясатты кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді, бұл кейіннен бірыңғай нысандағы рұқсат құжаттарын қолдана отырып, медициналық бұйымдар мен дәрілік препараттарды мемлекеттік тіркеу бойынша жұмыстардың нәтижелерін өзара тануға болады.




  1. Сәйкестік туралы декларация өтініш берушінің дербес жинақтаған дәлелдері негізінде немесе сәйкестікті бағалау жөніндегі ұйымның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде әзірленуі мүмкін. Сәйкестік туралы декларация сәйкестікті бағалау жөніндегі тиісті аккредиттелген ұйымда тіркелуі тиіс және сәйкестік сертификаты сияқты Қазақстанның барлық аумағында жарамды болып табылады.




  1. Өндірушінің сәйкестігі туралы декларацияны бақылау қажеттілігін мойындай отырып, Жұмыс тобының мүшесі мемлекеттік тіркеудің ресми тізілімін/талабын бекіту сауда үшін, әсіресе, импортқа қатысты шамадан тыс және тым артық шектеуге әкеп соғуы мүмкін, өйткені бұл тіркеуді қолдану негізінде отандық емес берушілер үшін анағұрлым нұқсан келтіруі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді. Ол өзінің елінде ол өндіруші берушінің сәйкестігі туралы декларацияны қоса алғанда, өнімнің сипаттамасы бар барлық техникалық құжаттамаларды сақтауға міндетті екенін атап өтті. Осы құжаттамалар мемлекеттік билік органдары үшін (негізінен нарықты қадағалау аясында) олардың талап етуі бойынша қолжетімді болуы керек. Осыған байланысты, осы топ мүшесі мына ақпараттарды: (і) берушінің сәйкестік туралы декларациясын тіркеу үшін формальдылықты орындау туралы, (іі) бар болған жағдайда, өндіруші/импорттаушы/заңды өкіл шығындарды жабатындығы-жаппайтындығы туралы, (ііі) тіркеу рәсімінің ұзақтығы, (iv) бас тартуға негіздеме туралы ақпаратты ұсынуды сұрады. Бұдан басқа, топтың аталған мүшесі Қазақстан берушінің сәйкестік туралы декларациясын қабылдау үшін анағұрлым жұмсақ сауда-шектеу шарттарын қарастырады ма, жоқ па, мәселен, өндірушіге/ импорттаушыға/ заңды өкілге барлық техникалық құжаттамалар (оның ішінде декларацияны да) өкіметтің құзырына олардың талап етуі бойынша беру құқығын ұсыну, және Қазақстан бұл жағдайда шетелдік өндірушілерді отандық өндірушілермен салыстырғанда, анағұрлым қолайсыз жағдайда қалдырудың алдыни алу мәселелеріне қызығушылық танытты.




  1. Қазақстан өкілі өз жауабында қазіргі уақытта ЕАЭО-ның заңнамалық базасы сәйкестік туралы декларацияны қабылдау саласындағы бірыңғай рәсімдерді көздемейтінін айтты. Осылайша, сәйкестік туралы декларациямен байланысты рәсімдер мен талаптарға қатысты ұлттық заңнама қолданылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы
    № 90 қаулысымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінің 4-тарауы нарыққа қатысушылары декларацияны қабылдау рәсімін бекітті. Дайындаушы (орындаушы) декларацияны өнімнің бекітілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың негізінде қабылдайды. Дайындаушы (орындаушы) декларацияны қабылдау үшін негіздеме ретінде келесі құжаттарды қолдануы мүмкін: (і) дайындаушы (орындаушы) және/немесе аккредиттелген сынау зертханасы жүргізген сынаудың және басқа бақылау сынауының хаттамалары; (іі) жинақтаушыларды сынаудың хаттамалары, бұған дейін алынған жарамды сертификаттары немесе шикізаттары, материалдары, (ііі) өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына өнімнің сәйкестігін растайтын мемлекеттік бақылаудың нәтижелері; (iv) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (шикізатты жеткізу, дайын өнімді өндіру, монтаждау, буып-түю және таңбалау), (v) сапа менеджменті жүйесінің сертификаттарын. Осыған байланысты, сәйкестікті бағалау жөніндегі органның сәйкестік туралы декларацияны қарастыруы мен тіркеуі өндірушінің (дауындаушының) есебінен шарттық негізде жүзеге асырылады. Декларация оларға қатысты бірыңғай талаптар бекітіп, нақты өнімге немесе біртекті өнімнің тобына қатысты алынуы мүмкін. Декларация осындай өнім өндірісінің жоспарлы кезеңіне немесе өнімді сату кезеңіне, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңге негізделіп, өнімді дайындаушы (орындаушы) белгілеген кезеңге қабылдануы мүмкін. Дайындаушы (орындаушы) қабылдаған декларация сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органда тіркелуі керек. Сәйкестікті бағалау жөніндегі орган 3 күннен аспайтын уақыт ішінде, келесіні: (і) сәйкестігі декларациямен расталуы мүмкін өнімдер тізбесінде осы өнім түрлерінің бар болуын; (іі) дайындаушының (өндірушінің) мұндай декларацияны қабылдауға заңдылығын; (ііі) осы өнімді сәйкестікке растау үшін ұсынылған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды көрсетудің нақтылығы әрі толымдылығын; (iv) осы өнімді өндіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құжаттардың бар болуын; (v) декларацияны толтырудың дұрыстығын қарайды және тексереді. Сәйкестікті бағалау жөніндегі орган қара және тексеру нәтижесі бойынша, декларацияны тіркелген декларациялар тізілімінің арнайы бөлімінде тіркейді. Тіркелген декларация дайындаушыда (өндірушіде) олардың негізінде декларацияны қабылдаған құжаттармен бірге жарамдылық мерзімі өткеннен кейін кемінде үш жыл ішінде сақталады. Осы кезеңде сәйкестікті бағалау жөніндегі орган тіркелген декларацияның және оларды растайтын құжаттардың көшірмесін сақтауға тиісті. Егер декларацияда көрсетілген нормативтік құжаттардың талаптары өзгерген, және заңды тұлға қайта құрылған жағдайда, дайындаушы (орынлаушы) жаңа декларацияны беруге және оны сәйкестікті бағалау жөніндегі органға тіркеуге ұсынуы тиіс. Шығыстарға қатысты, ол декларацияны қарау мен тіркеу бойынша жұмыстарға төленетін ақының сомасы сәйкестікті бағалау жөніндегі орган мен дайындаушы (орындаушы) арасындағы келісім негізінде анықталуға тиіс екенін мәлімдеді. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеуден бас тарту себебіне қатысты, Қазақстан өкілі тіркеуден бас тарту тек келесі себептер бойынша болуы мүмкін екенін атап ескертті: (і) өнімнің сәйкестігі тек сертификаттау нысанында ғана расталуы мүмкін; (іі) ұсынылған материалдар тиісті техникалық регламентте немесе, егер техникалық регламент әзірленбеген болса – тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген қауіпсіздік талаптарына өнімнің сәйкестігін тексеруге жеткіліксіз болса. Қорытынды сөзінде Қазақстан өкілі талаптардың отандық және шетелдік берушілерге бірдей болғанын мәлімдеді. Осылайша, тіркеу туралы талап отандық және шетелдік берушілерге тең дәрежеде қатысты қолданылады. Сондықтан заңнамада шетелдік өндірушілерді отандық өндірушілермен салыстырғанда анағұрлым қолайсыз жағдайға қалдыратын ережелер көзделмеген. Қазақстан өкілі ЕАЭО сәйкестік туралы декларацияны тіркеу рәсімін электронды тіркеуді енгізу арқылы жеңілдету процесін жүргізіп жатқанын айтты. Электронды тіркеу өндірушілерге сәйкестік туралы декларацияны Бірыңғай электронды тізілімде өтінімнің электрондық нысанын толтыру, сәйкестік туралы декларацияны электрондық қолтаңбамен және тиісті дәлелдемелермен ұсыну арқылы тіркеуге мүмкіндік береді.




  1. Қазақстан өкілі, талқыланып жатқан техникалық регламентке байланысты, техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті белгілейтін кітетін құжаттар берушінің тиісті техникалық регламентке сәйкестік декларациясы, сынау есептері және Қазақстанның заңнамасына, ЕАЭО туралы шартқа және ЕАЭО-ның басқа құқықтық құжаттарына сәйкес басқада тиісті құжаттарға немесе Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісімінің 6.1-бабына сәйкес Қазақстан мойындауы мүмкін сәйкестікті бағалау рәсімдерінің нәтижелері сияқты өз дәлелдерін де қамтуы мүмкін екенін растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




  1. Қазақстан өкілі, әрі қарай, сәйкестікті міндетті бағалаудың құнын өтініш беруші төлейтінін айтты. Бұдан басқа, сәйкестікті міндетті бағалаудың құны өтініш беруші ретінде әрекет ететін тұлғалардың шыққан мемлекетіне және /немесе жеріне қарамастан анықталуы тиіс. Ол сәйкестікті бағалау жөніндегі орган белгілеген құн өтініш беруші үшін бағаны анықтауға негіз бола алатынын растады. Соманы анықтау кезінде Қазақстан аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі орган қарайтын элементтер, әдетте, осы саладағы кәсіпкерлік тәжірибеге тән басқа да қарапайым төлемдермен және кірістермен қатар, еңбектің, кез келген қажетті материалдардың не жабдықтардың және сынаулардың ақысын қамтиды. Сонымен бірге, ол
    2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» № 603-II Заңның ережелері жалпы отандық және импорттық өнімдерге сәйкестікті бағалаудың талаптары мен рәсімдерін бірдей қолдану қағидатын білдіретінін атап кетті. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді ескерді.




  1. Басқа мүшелер жеткізушінің бейімделуіне қажетті сәйкестікті бағалау рәсімінің соңғы жарияланымы мен оның күшіне енуі аралығындағы мерзімді жеткілікті анықтауын қамтамасыз ету жөніндегі реттеуші органдар міндеттемесінің жоқ екенін атап өтті. Қазақстан өкілі ЕАЭО -ның техникалық регламенттері ресми жарияланған күнінен кейін белгілі бір өтпелі кезең өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі деп жауап берді (әдетте шамамен 18 ай). Ол техникалық регламентке сәйкестік ережесінің негізінен сол техникалық регламенттің өзінде тікелей қамтылатынын түсіндірді. Бұл сәйкестікті бағалау рәсімі де оның ресми жарияланған күнінен кейін белгілі бір өтпелі кезең өткеннен кейін қолданысқа енгізілетіні білдіреді.




  1. Бұдан әрі, Қазақстан өкілі техникалық регламентке сәйкестікті қамтамасыз ету талап етілген, ал техникалық регламентке сәйкестікті қамтамасыз етудің техникалық қағидалары мен әдістері (яғни техникалық регламентке сәйкес келтіру үшін қолданылуы мүмкін зерттеудің, сынаудың, өлшеудің немесе сынаманы іріктеудің әдістерін анықтайтын сәйкестікті бағалау рәсімдерінің элементтері) техникалық регламентке енгізілмеген жағдайда, мұндай қағидалар мен әдістер «Халықаралық және өңірлік стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтауды қамтамасыз ететін және сәйкестікті бағалауды (растауды) жүзеге асыруға қажетті Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттары тізбелерін әзірлеудің және бекітудің тәртібі туралы ереже» ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №306 шешіміне сәйкес әзірленетін мәлімдеді. Ол «Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, оларға өзгерістер енгізу және олардың күшін жою тәртібі туралы ереже» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №48 шешіміне сәйкес оларды ЕЭК Алқасы тиісті техникалық регламенттің күшіне енуіне дейін 6 айдан кешіктірмей бекітуді көздейді, және ЕЭК Алқасының №306 шешімі мұндай қағидалар мен әдістерді қабылдағаннан кейін ЕЭК-тың ресми веб-сайтында орналастыруды көздейтінін растады. Оның айтуынша, аталған қағидалар Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімінің 5.4-бабына сәйкес стандарттау жөніндегі халықаралық органдар шығарған тиісті нұсқамаларға немесе ұсынымдарға негізделуі керек және техникалық регламенттермен сәйкес келтіру үшін қолданылуы мүмкін зерттеудің, сынаудың, өлшеудің немесе сынаманы іріктеудің әдістерін анықтайтын болады. Қағидалар Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімінің 5.1.2-бабына және басқа ережелеріне сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында мүмкін болған сәйкестікті таңдау әдістерін санамалауы тиісті, сәйкестікті бағалау рәсімдері сәйкес келмеудің нәтижесінде пайда болатын тәуекелдерді ескере отырып, өнімнің техникалық регламенттерге сәйкестігіне жеткілікті сенімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерден артық шектемеуі немесе барынша қатал қолданылмауы тиіс. Ол жоғарыда аталған қағидалар ЕАЭО туралы шарттың 52-бабының 1- тармағында қамтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті коммерциялық қызметке айтарлықтай кедергілер жасамайтын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. Апелляция тәртібінің бар-жоқтығы туралы нақты сұраққа, ол өтініш беруші сәйкестікті растау жөніндегі орган қабылдаған шараларға сәйкестікті растау жөніндегі ұйымның апелляциялық комиссиясына, әрі қарай - Техникалық реттеу комитетінің апелляциялық комиссиясына шағымдана алады деп жауап қайтарды; соңғысының шешіміне сотта шағым жасалуы мүмкін. Техникалық реттеу және метрология комитетінің апелляциялық комиссиясы қабылдаған шешім туралы сотқа шағым жасалуы мүмкін. ҚР СТ 3.10-2007 «Апелляцияны қарау тәртібі» ұлттық стандартына сәйкес апелляция сәйкестікті растау жөніндегі органның қабылдаған шешімі туралы хабарламаны алған күннен бастап бір ай ішінде даулы мәселелер бойынша барлық тиісті құжаттар қоса тіркеліп, еркін нысанда жазбаша түрде беріледі. Апелляциялық комиссия берілген апелляцияны 15 күн ішінде қарайды және өтініш берушіге отырыс өткізген күннен бастап 10 күн ішінде хабарлайды.



  1. Ол кез келген ұлттық немесе шетелдік ұйым Қазақстан заңнамасында бекітілгенге сәйкес аккредитациядан өткен жағдайда, сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынау зертханасы ретінде әрекет ете алады деп түсіндірді. Сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынау зертханасы олардың аккредиттеу саласына кірмейтін қызметті жүзеге асыруға (мәселен, сәйкестік сертификатын беруге) құқығы жоқ. Шетелдік уәкілетті органдар берген сынау нәтижелері осындай шетелдік органдар Қазақстанның ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттеуден өткеннен кейін танылуы мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелік ұйымның ешқайсысы сәйкестікті бағалауды жүргізу жөніндегі ұйым ретінде аккредиттелмеген.




  1. Сонымен қатар, Қазақстан өкілі «Техникалық реттеу туралы» Заңның 33-бабына сәйкес шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi Қазақстан қол қойыған халықаралық (екіжақты немесе көпжақты) шарттарға сәйкес танылатынын атап өтті. 2005 жылғы 22 сәуірдегі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының №119 бұйрығымен бектілген «Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, сәйкестікті бағалаудың шетелдік жүйелерінде берілген сынау нәтижелерін, сәйкестік белгілерін және басқа да құжаттарды тану қағидасында» тану рәсіміне анықтама берілген. Қағиданың 5-тармағында шетелдік сәйкестік сертификаттары, сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері және басқа да құжаттар құжатты берген мемлекетпен халықаралық (екіжақты немесе көпжақты) келісімдер болған жағдайда, яғни сәйкестікті растау нәтижелерін тану туралы келісім болған жағдайда танылуы тиіс деп нақтыланған. Ол ЕАЭО деңгейінде КО Комиссиясының №621 шешімі үшінші мемлекеттердің сәйкестікті растау жөніндегі органдары берген сәйкестік сертификаттарын тануды көздейтін №9 схеманы бекіткендігін айтты.




  1. Қазақстан Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімін 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» № 603–ІІ Заңның 33-бабының ұғымында халықаралық келісім немесе шарт деп есептейді ме деген сұраққа, Қазақстан өкілі өз мемлекеті Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰкелісімін заңның 33-бабының ұғымында халықаралық келісім деп санайтынын растады. Осылайша, 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» № 603–ІІ Заңға сәйкес Қазақстан Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімінің негізінде және 6.1-бабына сәйкес өзара тану туралы келісімді немесе басқа келісімді жасауды талап етпей, ДСҰ мүшелері жүргізген сәйкестікті бағалау рәсімдерінің нәтижелерін тани алады. Осындай нәтижелерді ЕАЭО шегінде тану 2011 жылғы
    19 маусымдағы Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартпен бекітілді. Демек, ДСҰ-ға кірген күннен бастап, Қазақстан Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімінің
    6.1-бабында көзделгендей бұл тәртіп қолданыстағы техникалық регламентке немесе стандартқа сәйкестікті Қазақстан өзінің рәсімдеріне қатысты нақ сол дәрежеде қамтамасыз ететіндігіне сенімді болса, Қазақстан, мүмкіндігінше, ДСҰ-ның басқа мүшелерінде орналасқан сәйкестікті бағалау жөніндегі органдары сәйкестікті бағалау рәсімдерінің нәтижелерін тануды қамтамасыз етеді. Қазақстан өкілі, сондай-ақ Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімінің 6-бабында көзделгендей, осындай тануға, мысалы, Қазақстанның аккредиттеу жөніндегі ұлттық органының Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық кооперацияға (ILAC) және Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға (IAF) мүше болуы арқылы және ILAC пен IAF-тың басқа мүшелерімен аккредиттелген үшінші мемлекеттердің сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың адекваттылығына және техникалық құзыреттілігіне сенімділік туғызатын, ILAC Келісіміне қол қою арқылы, сонымен бірге осындай сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың нәтижелерін тану, Өзара тану туралы келісім жасасу және басқа да тиісті әдістерді қолдану арқылы қол жеткізуге болатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.




  1. Қазақстан танитын, сертификаттарды берген сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық органдар туралы ақпаратты ұсыну өтінішіне, Қазақстан өкілі сәйкестік сертификаттары қол қойылған халықаралық келісімдер негізінде өзара танылатынын атап көрсетті. Қазіргі уақытта өзара тану туралы келісімдер ТМД мемлекеттерімен ғана жасалған (і) 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісім, оған сәйкес, стандарттау мен сәйкестікті растау саласындағы мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес (СМК) құрылған болатын; (іі) 1992 жылғы 4 маусымдағы ТМД мемлекеттері арасындағы сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу мен өзара тану қағидаттары туралы келісім, оған сәйкес, Қазақстан ТМД мемлекеттері берген сәйкестік сертификаттарын таниды және ұлттық стандарттармен (ҚР СТ) қатар мемлекетаралық стандарттарды (МЕМСТ) қолданады. Бұдан басқа, Қазақстан ТМД мемлекеттері сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сынау зертханаларының (орталықтардың) аккредиттеу нәтижелерін өзара тану туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.




  1. Бұдан басқа, 2010 жылы Ұлттық аккредиттеу орталығы (бұдан әрі – ҰАО) ILAC-тың тең құқылы мүшесі болды және сынау нәтижелерін тану туралы көпжақты келісімге (ILAC MRA). қол қойды ҰАО осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін 2011 жылғы 3 ақпанда ILAC-пен ILAC MRA белгісін пайдалану жөнінде келісім жасасты. ҰАО ILAC MRA зертханалық белгісін пайдалану жөніндегі лицензиялық келісімге қол қойды, соның негізінде MRA зертханалық маркасын бірлесіп пайдалану жөніндегі келісімшарт жасалды. MRA маркасы сынау хаттамасын, салыстырып тексеру/калибрлеу туралы сертификатты немесе басқа құжатты беретін зертхана ҰАО-мен аккредиттелген, ILAC MRA-ға қол қоюшы болып табылатынын анықтайды. Бүгінгі таңда зертханалармен 62 келісімшарт жасалған. ҰАО, сондай-ақ, IAF аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумының өңірлік ұйымы және өнім жөніндегі PAC MLA көпжақты келісіміне қол қоюшы болып табылатын «Аккредиттеу бойынша Тынық мұхиты ынтымақтастығы» (РАС) ұйымының толыққанды мүшесі. Аталған ұйымдарға мүше болу ILAC және PAC-тың басқа мүшелері аккредиттеген зертханаларда берілген сынаулардың мәліметтерін, инспекциялар мен калибровканы тануға негізді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, IAF-қа толыққанды мүше ретінде кіру және IAF MLA көпжақты келісіміне қосылу үшін қажетті рәсімдер аяқталды. Тиісті өтініш IAF Хатшылығына қарау үшін жолданды. Өтініш IAF Хатшылығына 2012 жылы жолданып, 2013 жылдың қазан айында IAF-тың Бас Ассамблеясында қаралды. Болашақта ҰАО жоғарыда аталған ұйымдармен басқа салалар бойынша көпжақты келісімге қосылу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отыр.




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелерінің Қытаймен және Түркиямен стандарттар бойынша екіжақты келісімдердің ережелері барынша қолайлық режимі негізінде іске асатын болады ма деген сауалына, Қазақстан өкілі былай деп жауап берді: 1996 жылғы 5 шілдедегі Экспортталатын және импортталатын өнімдердің сапасын бақылау және өзара инспекциялау бойынша Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісім заңнама бойынша ақпарат алмасуды, сәйкестікті растау мен екі ел өнімдерін бақылау рәсімдерін көздейді. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін тараптар 2006 жылғы 17 қарашада Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұдан басқа, 2011 жылғы
    1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу комитеті мен Қытай Халық Республикасының Стандарттау мемлекеттік департаменті арасындағы халықаралық танылған қағидаттар негізінде тараптар арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейтін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан Армения, Әзірбайжан, Болгария, Израиль, Катар, Литва және Түрікменстанмен стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық екіжақты келісімдерге, сонымен қатар Индустрия және сауда министрлігі мен (қазір Инвестициялар мен даму министрлігі) тиісінше Чех Республикасының, Германияның, Молдаваның, Сингапур мен Словакия Республикасының тиісті ведомстваларымен ведомстваралық келісімдерге қол қойды. Бұл екіжақты келісімдер техникалық кедергілерді жоюды, сондай-ақ стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды, соның ішінде сәйкестік сертификаттарын өзара тану арқылы зерттеу мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты көздейді. Ол Қазақстан ДСҰ-ның кез келген мүшесімен стандарттар туралы екіжақты келісімге қол қою мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін атап көрсетті. Ол Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін ДСҰ мүшелеріне саудадағы техникалық кедергілерді қолдануға қатысты барынша қолайлылық режимин ұсынуға ниетті екенін атап кетті.




  1. Мүше Қазақстанның сәйкестікті бағалау рәсімін іс жүзінде қолдануына қатысты, атап айтқанда, ветеринариялық дәрілік заттарға қатысты өз алаңдаушылығын білдірді, бұл көп уақыт алатындықтан және шығыны көп болатындықтан, сондай-ақ СТК бойынша ДСҰ келісіміне қайшы келетіндіктен сауданы айтарлықтай бұзады Кейбір мүшелер Қазақстанға ветеринариялық препараттарды импорттау үшін, тіпті қолданыстағы сәйкестік сертификатын алғаннан кейін де, бас ветеринариялық дәрігердің жеке рұқсатын алу жөніндегі талап туралы ақпарат ұсынуды сұрады. Қазақстан өкілі қойылған сауалға жауабында, қазіргі уақытта дәрілік заттар КО Комиссясының №526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, демек, міндетті сәйкестікті бағалауға жатпайтынын түсіндірді. Қазақстанға бірінші рет әкелінетін дәрілік заттар Ауыл шаруашылығы министрлігінде тіркелуі тиіс. Сонымен қатар, ол Қазақстанға дәрілік заттарды әкелу үшін бас ветеринариялық дәрігердің рұқсаты талап етілетінін де атап кетті. Алайда, әкелінген дәрілік заттарды елдің ішінде тасымалдау кезінде бас ветеринариялық дәрігердің рұқсаты талап етілмейді.




  1. Мүше «Техникалық реттеу туралы» Заңның ережелерін іске асыру туралы, атап айтқанда, заңнаманың шеңберінде телекоммуникациялар саласындағы міндетті талаптарды қолдану туралы толық ақпарат беруді сұрады. Қазақстан өкілі телекоммуникациялар секторы да басқа секторлар сияқты «Техникалық реттеу туралы» Заңның шеңберінде әрекет ететінін атап өтті. Тиісінше, 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» №567-ІІ Заңға өзгертулер енгізілді, атап айтқанда, 7-бапқа (техникалық регламенттерді бекіту жөніндегі Үкіметтің құзыретін белгілейді) және 16-бапқа (телекоммуникация саласындағы сәйкестікті бағалау) енгізілді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет