6.4 Халықаралық жауап купоны
Өндірістік объектілер халықаралық жазбаша хат-хабарлар үшін төлеуге ХЖК қабылдау мүмкін.
CN 01 бланкісі ДПО ХБ ірі шрифті UPU әріптері көрсетілген су белгілерімен арнайы қағазда басылады. Купонның оң жақ бетіндегі сол жағында болуға тиіс: купонды сатқан елдің ПМ. Оң жағына почта маркаларына купонды айырбастау елінің ПМ қойылады. Одан басқа купонда елдің коды, қолданыс мерзімі көрсетілген, ДПО стандартты штрих коды басылады.
Почта қызметін пайдаланушылар өз ХЖК кез-келген өндірістік объектіде айырбастай алады. ПМ бедері жоқ купондар, сонымен қатар айрықша тәртіпте қабылдауға жатады.
Айырбастау кезінде өндірістік объектінің жұмыскерлері оның түпнұсқалығына көз жеткізуге және оның қолданыс мерзімін тексеруге тиіс.
ХЖК почта маркаларына әуе көлігімен жіберілетін, салмағы 20 г. дейін бір жай халықаралық хатты төлеу тарифінің есебімен айырбасталады. Купонға қабылдау орнының ПМ бедері қойылады.
Қабылданған ХЖК қабылдануына қарай өндірістік объектілермен тапсырысты хатта жоғары құрылымдық бөлімшеге ХЖК Нұсқауына сәйкес әрі қарай өңдеу үшін саны көрсетіліп жіберіледі.
Өндірістік объектілер құны ДПО ХБ белгіленген ХЖК сатады. Купонды сату кезінде оң бетіндегі сол жаққа купонды сатқан өндірістік объектінің ПМ бедері қойылады.
6.5 Қолма-қол ақшамен есеп айырысу
Қолма-қол ақшамен төленеді:
1) сәлемдемелерді, тікелей почталық контейнерлерді жіберу;
2) почталық ақша аударымдарын жіберу;
3) адресаттардың абонементтік жәшіктерді пайдалануы;
4) адресаттың сұрауы бойынша құндылығы жарияланған почта жөнелтімдерін үйге және өндірістік объектінің мүмкіншілігіне қарай немесе өндірістік объектінің ұсынысы бойынша жеткізу;
5) почта жөнелтімдерін әрі қарай жіберу және қайтару;
6) ұзақ мерзімді сенімхаттар;
8) қосымша қызмет.
6.6 Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
Қоғамның клиенттері почталық байланыс қызметтері үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыра алады.
Почталық байланыс қызметін төлеу үшін заңды тұлғалар аванс кітапшаларын қолдана алады. Аванс кітапшасы бойынша заңды тұлғалар почталық байланыс қызметін төлеуді және МПТБ сатып алуды жүзеге асыра алады. Аванс кітапшаларын қолдану тәртібі Клиенттермен есептесу бойынша аванстық кітапшалар тәртібі туралы Нұсқаумен анықталады.
Заңды тұлғалар сатып алынған МПТБ үшін мақсатты бір жолғы төлем тапсырмаларын қолдана алады, яғни сомалары банк арқылы Қоғамның есеп шотына аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |