Әбу Насыр Әл-Фараби дана ғалым, ағартушы, ұлағатты ұстаз Әл-Фарабидің өз заманындағы білім, ғалым, өнер, оқу-тәрбие, ағарту ісінен артына мұра , үлгі өнеге тағылым қалдырмағаны жоқ деуге болады. Одан қалған ғылыми еңбектің саны жүзден астам. Астрономия,астрология, математика, логика, музыка, дәрігерлік табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия, педагогика сияқты ғылымдар саласының барлығына ден қойған. Әл-Фарабидің ғылым сүйген шәкірттері де көп болған. Әйгілі Ибн-Сина Фарабиден тәлім алғанын өзі де жазып кеткен: «Аристотельдің метофизикасын түсіне алмай жүрген кезімде Бұхардың базарынан Фарабидің осы жөніндегі кітаптарын сатып алдым. Сол арқылы Аристотельді түсіндім» делінген оның жазбаларының бірінде.
Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері дәлелді ашып түсіндірілді. Егер ресми педагогика түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси, құқықтық философиялық, моральдық, эстетикалық және діни кезқарастардың ықпалы қашаңда сезіліп отырса, халық педагогикасы бүл ықпалға үшырағанмен, түтас алғаңда халықтың ойы мен мүддесін, ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту жайлы түсінігін білдірді.Бала төрбиесі, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі камқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке жөне жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас - мұның бәрі Әл-Фараби педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі бодды. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократиялық, гуманистік өзегін құрады және оның педагогикасының озық бағыттылығын күшейтті. Әрине, ұлы педагогтың халықтық тәрбие дәстүрлерін алып пайдаланып және оны өз жүйесіне енгізіп қана қоюмен шектелмеуі әбден табиғи. Ол педагогикалық құбылыстардың жиынтығын байыптады, тәрбие және тәрбиелеу орындары мәнін түсіндіруге жаңа мазмұн беріп, әрі қарай шығармашылықпен дамыта алды.Оның пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселерімен тығыз байланысты. Тәрбиеге анықтама бере келіп, Әл-Фараби: "Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделгенн этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз... тәрбиелеу кезінде халықгар мен қала түрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан-дүниесін баурап алатыңдай және адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді" деп жазды.
Тәрбие мәселесін Әл-Фараби осындай кең мағынада түсіне отырып, тәрбиенің жалпы халықтар мен қала тұрғындарының өмірінде алатын, атқаратын орнын жоғары бағалайды. Дұрыс тәрбие берілмеген халықтар мен қала түрғындары "надан" халықтар немесе қала тұрғындары (қоғам өкілдері дегені) деп аталып, ондай қалалардың түрлері, адамдарыңда кездесетін нашар мінез-құлық, іс-әрекеттер сипатталады.
Әл-Фараби бұл жерде адам бойына этикалық ізгіліктерді білім, тәрбие арқылы дарыту, сол арқылы адамның игі әрекеттерге талпынуы, ол әрекеттерді жан-тәнімен ұнатуы туралы айтып отыр. Этикалық ізгіліктерді адам бойына дарытуда Әл-Фараби тәрбиелеудің екі түрлі әдісін атап көрсетеді: бірінші – иландырғыш нақыл сөз, сезімге әсер еткіш нақыл сөздер әдісі; бұл әдіс арқылы адамдарды өз еркімен игілікті істер жасауға жігерлендіруге болады; екіншісі - өз еркімен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтін жөне сөзге құлақ аспайтын "бүлікші, сенімсіз", ересек адамдарға қолданылатын күштеу әдісі.
Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық өзгерістердің әлеуметтік саласына ықпалы.
Хандық дәуір (ХІУ-ХІХ ғ.1жартысында) қазақ халқының өз алдына дербес
хандық құрып, тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттік іргетасын қалап, нығая бастаған дәуірі болды. Қазақ жырауларынының толғау тебіреністері тәлім-тәрбиелік мазмұны жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің қолбасшысы, батырлардың ақылғой кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларға басшылық етті, майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, майданда кеткен батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісіп, жырлады.
Достарыңызбен бөлісу: |