Анатоксиндер- улы қасиетінен айырылған,бірақ антигендік және иммундьіқ қасиетін сақтаған бактериялардың зарарсыздандырылган экзотоксиндері.
Кейбір жүқпалы аурулар кезінде (дифтерия, сіреспе, т. б.) қоздырғыштарының өзіне қарсы емес, олардың, антигендік қасиеттері бар, уларына қарсы жасанды, белсенді иммунитет қоздыруга болады. Қарсыулық препаратты алу үшін уды өңдеген кезде ол улық қасиетін жойып, антигендік қасиетін сақтауы қажет. Қүрамында бір микробтың антигені бар препараттарды моновакцина (моноанатоксин) деп атайды, егер бірнеше микробтардың антигендері болса, оны поливакцина, қисындастырылған немесе іліктестірілген вакциналар деп атайды Тәжірибеде қолданылатын іліктестірілген препараттарға жататын- дар: адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасы (АКДС), адсорбцияланған дифтерия-сірсспе анатоксин (АДС), іш сүзек және парасүзектің А жөне В түрлеріне қарсы үшвакцина (три- вакцина), қүрамында сіреспеге қарсы анатоксині бар, сүзекке және парасүзектің А жөне В түрлеріне қарсы төртвакцина (тетравакци на), ботулизмге қарсы үшанатоксин (трианатоксин), ботулизм мен сіреспеге қарсы төртанатоксин (тетраанатоксин), ботулизм мен газ- ды гангренаға қарсы бесанатоксин (пентаанатоксин), ботулизм мен газды гангренаға жөне сіреспеге қарсы алты анатоксин (секстаана- токсин). Олардан басқа кейбір зоонозды инфекцияларга қарсы (бруцеллез, түйнеме, туляремия, оба) жөне т. б. да балаларда болатын инфекцияларга қарсы (қызылша-паротит, қызылша+паротит+қы-
замық, т. б.) іліктестірілген вакциналар бар. Жасанды енжар иммунитет макроорганизмге инфек ция қоздырғышына немесе оның уына қарсы қарсыденелер бар препарат енгізу жолымен атқарылады. Ондай қасиет тиісті инфекция- мен ауырып түрган немесе сол инфекцияға қарсы жасанды әдіспен иммунизацияланған адамдар мен хайуанатгардың қан сарысуларында болады. Осындай сарысулардың қүрамында патогенді қоздырғыштар мен олардың уын бейтараптай алатын дайын қарсыденелер бар. Қарсыденелер қан сарысуының глобулиндерімен тығыз байланысты болғандықтан, қарсыденелерге қатысы жоқ қүрамбөлікгерден та- зартылған глобулиндерді пайдалануға болады. Төндік сақтану мақ- сатыңда сарысулар мен гамма-глобулиндерді қолдану жылдам, бірақ бүл өрекет инфекциядан қорғаушылықтың үзаққа созылмайтын түрін ғана туғызады. Ондай иммунитет бірнеше күннен 4-6 аптаға дейін ғана сақталады. Сарысулар мен глобулиңдер әсер ету объектісіне карай үш топқа бөлінеді: бактерияға қарсы, уға қарсы, вирусқа қарсы. Сарысулар мен глобулиндер, негізінде, емдеу үпіін қолданылады, кей кезде алдын алу мақсатыңда да пайдаланылады. Сарысуларды алдын алу мақсатында қоздырғыш жұққан жағдайдың бастапкы кезінде, яғни инфекцияның жасырын кезеңінде қолданады. Сон- дықтан енжарлық иммунизациялау инфекция көзімен жанасқан адам- дардың арасыңда жүргізіледі. Серологиялық алдын алу аурудың жасы рын кезеңінің алғашқы күндерінде қолданғанда тиімді болады. Бұрын тиісті жүқпалы аурулармен науқастанған кеселден айық- қан иммунитеті бар адамнан алынған сарысулар (глобулиндер) - гомологиялық деп аталады. Олардың барлық дозасын бірден тері астына, бүлшық етке немесе тамырға енгізуге болады. Сарысулар- дың басқа түрін гипериммунизацияланған хайуанаттардың, көпшілік жағдайда жылқылардың қанынан дайындайды. Ондай препараттарды —гетерологиялық деп атайды. Оларды пайдаланғанда анафилактикалық естен тану (шок) дэмуынын; болу мүмкіндігін естен шығар- мау керек. Қазіргі кезде жасанды енжар иммунитет қоздыру үшін төжірибеде мынадай препараттар пайдаланылады: қызылшаға, гриппке, кене энцефалитіне, қүтыру ауруына, көкжөтслге, менингокоюсгы инфек- цияға, лептоспирозға, сіреспеге, стафилококкты инфекцияларға қарсы - гомологиялық иммундыглобулиндер; түйнемеге қарсы - гетерологиялық иммундыглобулин; газды гангренаға, ботулизмге, диф- терияға қарсы - гетерологиялық сарысулар.
Достарыңызбен бөлісу: |