Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»


ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫң ТОПОНИМДЕРІНІң



Pdf көрінісі
бет178/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫң ТОПОНИМДЕРІНІң
ТҮСКЕ ҚАТЫСТЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРЫ
КАзКАновА А. е. 
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
еРҒАлиев Қ. С.
ф.ғ.к., қауымд. профессор, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Топономика – ономастиканың өзіндік ерекшеліктері мол
негізгі саласының бірі. Ономастика – заттарды жекелеп айтатын 


322
323
«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
жалқы есімді зерттейтін тіл білімі саласы. Ономаст ғалымдар, оның 
ішінде Т. Жанұзақов «Географиялық атауларда халықтың тарихы, 
тілі және тарихи география жөніндегі қыруар бай материал, құнды 
деректер сақталған», – деп бағалайды [1, 7 б.]. Т. Жанұзақовтың, 
Ә. Әбдірахмановтың, О. Сұлтаньяевтың зерттеулерінде қазақ 
ономастикасы халықтың тарихы мен мәдениеті, этнографиялық 
байланыста қарастырылса, Е. Қойшыбаевтың зерттеулерінде 
қазақ топонимикасына, теориялық, әдістемелік жетістіктері едәуір 
болғаны байқалады. Ал Павлодар облысының топонимиясы тілдік 
тұрғыдан арнайы зерттелгенімен (В. Н. Попова, «Гидронимы 
Павлодарской области». –Томск, 1966), осы аумаққа қатысты 
арнайы топонимдер жайлы географиялық тұрғыдан ғылыми 
ізденістер жүргізілген жоқ деуге болады [1, 7 б.].
Дүние жүзі тілдерінде не көп десек, жалқы есімдер көп, 
оның ішінде жер-су аттары (топонимдер) көп, біздің Қазақстан 
да одан кем емес. Қазақ жерінің ойы, қыры, тауы, даласы, көлі, 
өзен-бұлақтары, қысқасы, сан-салалы табиғат көрінісінің әрбір 
аттамы атсыз емес. Меншіктен берілген өз аттары бар, атсыз адам 
болмайтыны сияқты атаусыз өңір жоқ. Сәйкесінше, оның ішінде 
Павлодар облысы да бар [2, 3 б.].
Павлодар облысының топонимдерінің пайда болуы, жалғасуы 
және қалыптасу тарихы, тілдік қабаттарының құрамы және олардың 
мағыналық топтары тілдік тұрғыдан қарастырылып, оның тарихы 
мен қалыптасу заңдылықтары, жергілікті халықтың өткен өмірімен, 
тіршілік болмысы және қазіргі кездегі ономастикалық мәселелері 
жан-жақты баяндалады [1, 9 б.].
Павлодар облысында түр-түске қатысты географиялық атаулар 
жиі кездеседі. Оны В. Н. Попованың «Словарь географических 
названий Казахстана. Павлодарская область» атты сөздігінен 
кездестіруге болады. Бұл сөздікте 5000 мыңға жуық қала, аудан, 
ауыл, тау, өзен, көлшіктер атаулары берілген. Оның ішінде ақ
қара, сары, қызыл, көк, қоңыр, боз, жасыл түстерімен байланысты 
атауларды көре аламыз.
Әр өңірдің жер-су аттарында түр-түске байланысты 
компоненттер көп кездеседі және олардың барлығы түр-түстік 
мағына беріп тұр деп үзілді-кесілі айту қиын. Бұл саладағы 
зерттеулерге (Е. Қойшыбаев, Ә. Әбдірахманов т.б.) қарағанда 
құрамында ақ, қара, қызыл, көк, сары, боз, ала т.б. түр-түс атаулары 
кездесетін топонимдер түстік мағынадан алыстап, бағыт-бағдарды 
және неше түрлі заттық түсініктерді білдіретін геосимволика, 
космогония дәрежесіне көтерілгендігін аңғарамыз.
Павлодар облысы бойынша түр-түске қатысты қала, аудан, 
ауыл атауларының сызбасы
«Ақ» компонентті жер-су аттары қазақ топонимикасында өте 
жиі және топоним түрлерінің (жер, су, тау, қала, мекен, дала) бәрінде 
де кездесе береді. Мысалы: Ақсу, Ақтоғай, Ақсай, Ақбұлақ, Ақжар, 
Ақтерек, Аққобы, Ақшеңгел, Ақмола т. б.
Енді осының ақ сөзі біздің түсінігіміздегі «ақ» түсті білдіріп тұр 
ма, әлде басқа мағынада да қолданылып тұр ма? Шынында да, мәңгі 
қар басып, мұз қаптап жатқан таулардан нәр алып, оның жылғалы 
қойнауларымен етекке қарай құлай ағып жатқан асау сулардың көп 
жерде «ақсу» атануы кездейсоқ болмаса керек. А. Н. Кононовтың 
пікірі бойынша, бұл жердегі ақ су түсінің ақтығын көрсетіп тұрған 
жоқ, керісінше, ол «ағынды, ағыны қатты тау суы» дегенді аңғартады.
Әрине, ақ түстің гидронимге қатысты мағынасы тек осымен 
ғана шектелмесе керек. Ол Ақбұлақ, Ақжылға, Ақтұма, Аққайнар, 
Ақбастау сияқты атауларда «таза, мөлдір, қар суы» деген ұғымдарды 
беруі де даусыз [3, 110 б.].
«Сары» сөзінің ономалық мәнін ғылыми тұрғыдан сарапқа 
салу үшін Сарыарқа атауының құрамындағы арқа және сары 


324
325


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет