Жылулық операциялар жүргізуге арналған аппараттардың жіктелуі.
а) Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін аппараттар.
б) Вакуумда жұмыс істейтін аппараттар.
в) Артық қысымда жұмыс істейтін аппараттар.
2. Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін аппараттардың (суға ендіру әдісі бойынша ыстық сулы) топтары кеңінен тараған:
а) Жидіту мен жартылай жидітуге арналған чандар.
б) Бланширователдер.
в) Пісіру қазандықтары.
3. Сумен шаю әдісі бойынша жұмыс істейтін аппараттар (аппараттың жұмысшы камерасын суық немесе ыстық сумен).
а) Шұжықтарды суытуға арналған камералар мен аппараттар.
б) Шошқа ұшасын, басын, субөнімдерді және т.б. жидітуге арналған аппараттар.
4. Өнімді ыстық бумен өңдеуге арналған аппараттар.
а) Шұжықтарды пісіруге арналған аппараттар - бумен пісіру камералары.
в) Ыдыстарды (жәшік, ағаш және т.б.) стерилдеуге арналған аппараттар.
5. Өнімді булы-ауалы және түтінді-ауалы қоспалармен өңдеу әдісі бойынша жұмыс істейтін аппараттар.
а) Етті дефростациялауға (жібіту) арналған аппараттар (дефростерлер).
б) Шұжық өнімдерін пісіру, қақтау және кептіруге арналған аппараттар (камералар).
в) Ет наны, карбонат пен буженина пісіруге арналған аппараттар (пештер).
6. Түтінді газбен өңдеу әдісі бойынша жұмыс істейтін аппараттар.
Дәріс 25. Өнімді ыстық суға ендіру арқылы жұмыс істейтін аппараттардың конструкциясы
1. Шошқа ұшасын жидітуге арналған күбілер (чан) төмендегідей жіктеледі:
а) Ұша толығымен суға енетін күбілер;
б) Тек кеуде бөлігі енетін күбілер.
Конструкциясы бойынша кез келген күбі - аса биік емес, темір немесе ағаштан жасалған, 75-80 % ыстық сумен толтырылған көлденең орналасқан тікбұрышты сыйымдылық. Судың қыздырылуы мерзімді түрде ыстық бу беру арқылы жүргізіледі. Артылған ыстық су құю құбыры арқылы шығарылады.
Ұшалар күбінің ішінде қозғалады:
а) Ескектер көмегімен қолмен;
б) Арнайы зембілдер көмегімен;
в) Механикалық: тербелмелі қаңқа немесе скребті тасымалдағыш немесе судың циркуляциясы арқылы. (Дегенмен, соңғы нұсқа үлкен энергия шығынын талап етеді). Жидітуге арналған күбілердің кемшілігі ашық беттен судың булануына байланысты цехта тұманның түзілуі. Мұндай жағдайды болдырмау үшін судың бетін ыстық ауамен үрлеу қажет.
1. t = 62-64 0С, = 4 мин. 2. 68-70 0С, = 1 мин. 3. 72 0С, = 0,25 мин.
Конструкциясы бойынша осыған ұқсас аппараттар құстарды жартылай жидітуге пайдаланылады. Құстарды суға ендіру әдісі бойынша ерекшеленетін екі түрлі жидітуге арналған күбілер бар:
а) Құстардың суға енуі құс ұшасына берілетін су ағыны есебінен жүретін күбілер;
б) Ұшалар бағыттаушылар бойынша қозғалатын күбілер.
Осы өнімдерден басқа қылшықты, шырышты субөнімдер және шошқа бастары жидітіледі.
Жидітуге ең алдымен көлденең, бұдырлы, кішкене көлбеу бұрышпен (100) орналасқан аспалы барабандар қолданылады.
Жидітуді жүзеге асыру үшін барабанның төменгі бөлігіндегі тұғырыққа ыстық су толтырылған.
-
Шикізатты тиеу және жидітілген өнімде түсіру үшін барабан тиеу және түсіру науаларымен жабдықталған.
Шырышты және қылшықты субөнімдерді жидіту үшін барабандардан басқа, шнекті аппараттар да бар. Оларда шнек көлбеу орналасқан. Жұмыс істеу принципі алдыңғы аппараттағымен бірдей.
Шошқаның басын жидіту үшін шынжырлы тасымалдағышы бар механикаландырылған жидіту күбісі қолданылады. Шынжырға тік орналасқан штыры бар айналмалы аудандар орнатылады. Осы штырларға шошқаның бастары киіледі. Астында жидітілетін бастарды құлаудан сақтайтын науа бар.
Осы күбіге бастарды кешенді өңдеуге арналған агрегаттар құрамы кіреді.
2. Ет өнімдерін пісіруге арналған қазандықтар. Оларды төмендегі өнімдерді пісіруге қолданады:
а) ет;
б) шұжық өнімдері;
в) сан еті;
г) субөнімдер және т.б.
Осы аппараттардың (қазандық) негізгі екі түрі бар:
1. Стационарлы (ягні қозғалмалы) сыйымдылықты;
2. Төнкерілмелі сыйымдылықты (төнкерілмелі қазандықтар).
Сумен шаю әдісі бойынша жұмыс істейтін аппараттар
Оларды аспалы жолдан шошқа, құс ұшалары мен субөнімдерді түсіріп алмай жидітуге және пісірілген шұжықтарды суыту мақсатында қолданады.
1. Шұжық пісіруге арналған үш секциялы буда пісіру камерасы.
Камераның құрылымы:
- бір-біріне тығыз параллель орналасқан үш тікбұрышты секция, әрқайсының өлшемі (1265х6400) және 5 рамаға жүктелуге есептелген;
- секцияның ішіне, шұжықтар камерада аспалы рамалармен қозғалса аспалы жол (2,45 м) немесе шұжықтар рама-арбашалармен қозғалатын болса, онда рельстер орнатылады;
- секцияның қабырғалары кірпіш немесе жылудан оқшауланған шлакты мақталы металдан жасалады;
- секцияға бу тесіктері қабырғаға бағытталған бұдырлы құбырлар арқылы беріледі;
- секцияның жоғарғы бөлігінде шұжықты сумен суытуға және цехқа жайылуын болдырмау үшін бір мезгілде буды конденсациялауға арналған су шашыратқыш құрылғы орналасқан;
- секцияның еденінде суды (конденсат және суытылған су) канализацияға әкететін көлбеуленген (1,5 %) тұғырық орнатылған;
- секциялар резеңкелі астарлы және ілмекті жарма есіктермен жабдықталған;
- процестің жүруін бақылау үшін бу температурасы мен пісіру уақытын реттейтін құрылғылар (термореттегіш, сағат және т.б.) бар.
Өнімді булы-ауалы және түтінді-ауалы қоспалармен өңдеуге арналған аппараттар
Оларды келесідей мақсаттарға қолданады:
-
мұздатылған және суытылған булы етті дефростациялау (еріту);
-
шұжықты қуыру, қақтау және кептіру;
-
ет наны, карбонад және буженинаны пісуру;
-
суда жүзетін құстарды жылулық өңдеу және т.б.
Етті дефростациялау және суыту үшін ауаның циркуляциясы күшейтілген камералар қолданылады. Ауа белгілі температура мен ылғалдылықта болуы тиіс. Дефростация үшін ыстық ауа, ал суыту үшін суық ауа беріледі.
Қуыруға шұжықтардың кейбір сорттары, пирожкилер және т.б. түседі. Қуыру процесі біріншіден, қызаруын үдететін ет турамасын қыздыруға, екіншіден шұжықтың ішектік қабықшасын кептіру, тығыздау мақсатында жүргізіледі. Қуырудың температуралық режимі - t = 60-120 0С, қуыру уақыты - 30 мин-2,5 сағат.
Шұжықты жанғыш жанармай өнімдерімен (ағаш ұнтағы) қуырғанда ол ауамен араласып, нәтижесінде түтінді-ауалы қоспа алынады.
Шұжық өнімдерін қуыру, қақтау және кептіруге арналған қуыру камералары төмендегідей болады:
-
кірпіш және құрастырма-қалқалы металл қабырғалы;
-
өткізгіш және бітеу;
-
камералар астына түтін генераторы орнатылған;
-
бір және екі қабатты рамалы немесе ярусты;
-
үздіксіз және мерзімді әрекетті.
Мерзімді әрекетті рамалы қуыру камералары кеңінен тараған.
Дәріс 27. Жанғыш жанармай өнімдерімен ет өнімдерін отпен өңдеуге арналған жабдықтар
Ет өнімдерін отпен өңдеу процестері төмендегідей жіктеледі:
а) үйіту;
б) күйдіру;
в) пирожкилерді қуыру.
Үйіту келесілерді жою мақсатында қолданылады:
а) жүн, қылшық және мамық қалдықтары;
б) ет өнімдерінің бетін дезинфекциялау;
в) ет өнімдеріне арнайы дәм, иіс пен түс беру.
Үйіту жидіту мен қылшық, құстардың қауырсыны мен жүнін алғаннан кейін жүргізіледі.
ВНИИМП мәліметтері бойынша үйітудің үйлесімді температурасы 1000-1100 0С құрайды. Мұнда бет тез арада үйітіледі (15-20-дан 60 с дейін).
Үйітуге:
а) шошқаның ұшасы мен басы;
б) қойдың басы;
в) жүнді субөнімдер;
г) құстардың ұшалары түседі.
Ет өнімдерін үйіту кезінде жанғыш заттарды керосин, солярка, табиғи газ сияқты мұнай өнімдерін жағу арқылы алады. Пирожкилерді майға салып қуыру кезінде де ағаш, газ немесе электрлі қыздырғыш сияқты жанғыш заттар пайдаланылады.
Терісі сыдырылмай өңделетін шошқаны үйітуге арналған қондырғылар
Олар мерзімді және үздіксіз әрекетті болады. Конструкциясы қарапайым қондырғылардың біреуінің құрылымы төмендегідей.
Оның құрамына рамаға орнатылған, ішінен отқа төзімді кірпішпен қапталған екі тік жарты цилиндр кіреді.
-
жарты цилиндрлердің диаметрі ұшаның сыртқы пішініне сәйкес келеді;
-
ұшаның жанынан жанғыш жанармай өнімдері біркелкі еркін өтетін сақиналы кеңістік қалады;
-
қондырғы раманы жарты цилиндрлермен байланыстыратын және ажырататын гидравликалық, поршенді механизмдермен жабдықталған;
-
пеш шашыратқышы бу немесе қысылған ауа арқылы жүзеге асырылатын мұнайды жағуға арналған екі форсункамен жабдықталған;
-
жарты цилиндрлерді қозғағанда пештегі ұша көлбеу рельс бойымен сырғанайды, ал оның орнына келесісі келеді;
-
бұдан кейін пеш жабылады да, ішіндегі ұша үйітіледі.
Шошқа ұшасын үздіксіз ағында үйітуге арналған пеш:
-
іргетасқа орнатылған екі тік қабырғаның арасына, жоғарғы жағына құбырлы аспалы жол бекітілген;
-
қабырғалар шамотты кірпішпен қапталған және оқшауланған металл каркастан тұрады;
-
құбырлы рельстің үстіне шнек бекітілген;
-
шнек арқылы ұшалар пештің ішінде үздіксіз тасымалданады;
-
қызудан сақтау үшін шнектің тіректері пештің сыртына шығарылған;
-
пештің ішінде қабырғаның бойымен газды жанармайды беруге арналған форсункалы құбырлар (әр жағынан 5-еу) бекітілген;
-
құбырлар арасындағы қашықтық тігінен 450 мм құрайды;
-
рельс пен шнекті суыту үшін оған суық су беріледі.
Газдың жануына қажетті ауа пештің төменгі жағында іргетаста орналасқан тесік арқылы жеке құбырлармен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |