Жоспар:
Кіріспе
1.1. Тәрбие жүйесі ұғымы
1.2. Тәрбиенің мәдени-тарихи феномен ретіндегі мәні
Негізгі бөлім
2.1. Тәрбиенің әлеуметтік мәдени ортасы
2.2. Отбасының педагогикалық мәдениеті және оның тәрбиелік потенциалы
2.3. Жаһандану және жастар тәрбиесі
2.4. Тәрбиенің тұжырымдамалық негізі
2.5. Мектептік тәрбие жұмыстарының жалпы мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: әлем дамуының жаңа ұстанымдары нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе, бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізуінде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Зерттеудің мақсаты: заманауи тәрбиенің мақсаты – түбегейлі, стадартты емес, ерекше шешім қабылдауға қабілетті тұға тәрбиелеу. Тәрбие беруде тұлғаның рухани, адамгершілік тұрғысынан қалыптасу проблемасын да ескеру керек. Өйткені қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақта құндылықтар жүйесі басқа, құндылықтың бағыт-бағдары өзгерген. Мектеп, қосымша білім беру мекемелері мен үйірмелер, отбасының бірігіп, интеграцияланған білім беруі тұлғаның қалыптасуы мен тәрбие алуында ерекше маңызға ие. Тұлғаның рухани, адамгершілікті тұрғыда дамуын сақтау үшін тәрбиелеу процесінің мазмұны отансүйгіштік, әлеуметтік ынтымақтастық, азаматтық саналылық, отбасы, еңбек пен шығармашылық, ғылым, дәстүрлі дін сияқты негізгі құндылықтарға бағытталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |