К Ә сіптіко қ ытуж ә н е е ң б е к әок 08 АҚпараттылық ЖӘне компьютерлік технологиямен оқыту


«АЙҚАП» ПЕН «ҚАЗАҚ» БАСЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ОЙДЫҢ КӨРІНІСІ



бет7/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.8 Mb.
#19989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

«АЙҚАП» ПЕН «ҚАЗАҚ» БАСЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ОЙДЫҢ КӨРІНІСІ
Бекей Ж. магистрант

(Алматы қ., Қазмемқызпи)


Рухани әлеміміздегі маңызды сала - дін, шариғат, мүфтилік жайы «Айқап» бетінде аз жазылмаған. Әрине бұған себеп те жоқ емес. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын сақтауға ұйтқы болған бір тұтқа дін мәселесі XX ғасыр басында тіпті ширығып кетті. Отаршыл Ресей империясы қазақтың жеріне, мал-мүлкіне иелік еткенімен тұрмай, енді олардың рухани ісіне - тілі мен дініне бас сұға бастады. Оқытам деп тілінен, шоқындырып дінінен айырса, қазақты өз-өзінен ұлттығын ыдыратып оңай жоғалтуға болады деп санады. Сөйтіп жымысқы ойын жүзеге асыру үшін айла-шарғы, сұмдықтардың сан түрін қолданып-ақ бақты. Бұның ең негізгісі - қазақтың шұрайлы жерлеріне орыс крестьяндарын көшіру және миссионерлік саясатты барынша өрістету болды. Әсіресе қазаққа соңғысының соққысы ауыр тиді. Миссионерлік саясаттың астарында бұратана халықтарды орыстандыру саясаты бұғып жатты. Бұл отаршыл Ресейдің стратегиялық басымдықтарының біріне айналды.

Бастапқы кезде үкімет қазақ арасында ислам дінінің берік орнауына, елдің дін қағидаларын ұстануына ынталы болды. Жер-жерде мешіттер салдырып, оларға имам етіп татар молдаларын тағайындады. Бұндай «жалпақ» шешейліктің себебі Орта Азия мұсылмандарының дін атымен саясат жүргізіп, қазаққа жер беруінен қорыққандығынан» / 1, 77 б./, яғни мұсылман халықтарының бірігіп кету қаупінің алдын алу еді. Бірақ, ислам қағидаларына бой ұсынған сайын қазақ елі партиялық тәртіпке көндіге түседі деген дәме ақтала қоймады. Ендігі бағыт өлкедегі оқу жүйесін түбірінен өзгертуге қарай ауысты. Жер-жерде қазақ, орыс, араб мектептері, оқытушылар семинарлары көптеп ашыла бастады. Бұл мектептерде араб жазуы кириллицияға ауыстырылды. Олардың түпкі мақсаты даланы орыстандыру еді.

Сонымен ғасыр басындағы қазақ даласында білім берудің екі түрі тайталасты: орысша және мұсылманша білім беру жүйесі. Алайда мұсылманша білім беру жан-жақты қысымға шыдамай ыдырады. Оның есесіне орысша білім берудің өрісі ашыла түсті. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде «Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Торғай, Орал, Жетісу және Семей) небәрі 229 мектеп пен медресе қалған. Ал орыс тілінде оқытатын оқу орындары 1203 мектепке жетті.

Патша үкіметінің Ресей империясы құрамындағы орыс емес халықтарға білім беру жөніндегі саясаты 1900-1917 жылдар аралығында да өзгеріссіз қалды.

1905-1907 жылдардағы революцияның да қазақ халқына әсері айрықша болды. Саяси-қоғамдық өзгерістер ұлттық сана-сезімнің өсуіне де ықпал етті. Мұның бәрі орыс миссионерлерін сұмдық шошытты. Сондықтан да олар ендігі жерде өз позициясын өзгертуге мәжбүр болды.

Міне, осылайша жан-жағынан құрсаулай бастаған Ресей мемлекетінің орыстандыру саясатын дер кезінде байқаған қазақ зиялылары қазақ халқын ислам дініне жаппай тартып, жаңа үлгідегі мектеп, медреселер арқылы дін насихатын күшейтуді, сөйтіп, енжар, көшпелі халықты бір ту астына біріктіруді өздерінің азаматтық парызы деп санады. Бұл орайдағы ой-пікірін сол тұста жарық көріп тұрған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің бетінде үнемі жазып, насихаттап отырды.

Қазақ арасында құқықтық қарым-қатынастарды реттеуде қай жолды тұтыну, яғни мұны шариғат жолымен шешу немесе дәстүрлі әдет-ғұрып қағидаларын қолдану мәселесі ұлт зиялыларын қатты толғандырды. Осы мәселеге орай олардың пікірі екіге жарылып, айтыс-тартысты өршітіп жіберген кездері де жоқ емес. Әсіресе, бұл талас 1914 жылдың 15-25 маусым аралығында Петербургте өткен Ресей қол астына қараған мұсылман халықтарының басты адамдары шақырылған съезде күн тәртібіне қойылды. Съезд шақырғандағы басты мақсаты - мұсылмандардың рухани істерін біржолға салу, азаматтық неке, қылмыстық іс жүргізу т.б. мәселелерді біріге отырып шешу. Съезге Қазақстаннан алты адам қатысқан. Олар: Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Лапин, Д.Аманшин және А.Нарымбаев.

Бұл жерде қазақ зиялыларының пікірі екіге жарылғандығын байқауға болмайды. «Қазақ» газетінің сөзін ұстаушылардың бірегейі Ә.Бөкейханов қай жағынан болса да қазақтың өз алдына жеке ұлт болып, өзге халықтармен тең дәрежеде иық теңестіріп, өз ісін өзі шешетін бостан ел болуын қаласа, «Айқаптықтар» жалпы түрік бірлігі идеясының етегінен ұстап, отаршылдық құрсауынан тілі мен діні түп-тамыры ортақ түркі халықтары біріге отырып шығуды қолдады. «Айқап» журналының А.Байтұрсынов негіздеген төте жазуға көшпей, жалпы түркі халқына ортақ емлемен жазуы да осыған байланысты.

Бұл орайда басылым қазақ тарихына байланысты материалдарға айрықша ыждаһат танытты. Ел ішінде айтылып жүрген тарихи әңгімелер, тарихи тұлғалар туралы аңыздар, қазақтың тарихын танытатын шежірелерді жинау, сондай-ақ қазақ тарихын зерттеген шет жұрттық ғалымдардың еңбектерімен жұртшылықты таныстырып отыру секілді мәнді дүниелер журнал бетінен кең орын алды.

Журнал тарихи тақырыпқа сонша мән бергенде, мынау мақсаттарды нысана етіп ұстаған секілді.

Әуелі шашырап жүрген құнды деректерді жинап, қазақ тарихын құрастыру, екінші, сол арқылы халықтың тарихи жадын тірілтіп, ұлттық санасын қалыптастыру, үшінші, ұлттың өзіндік бет-бедерін айқындап, әлем халықтары қатарында терезесі тең ел ретінде өмір сүру құқығын дәлелдеу.

«Айқап» бетінде негізінен тарихи тақырыпқа көбірек қалам сілтеген авторлар Ғ.Мұсағалиев, С.Ғаббасов, Қ.Жастабанов, Қашқынбайұлы Досмайыл, М.Сералин секілді қаламгерлер болды.

Журналдың басқарушысы М.Сералин осы бір келелі мәселені көтере отырып, «Қазаққа тарих керек пе?» мақаласында екі мәселені көтереді, біріншісі, өзіміздің қолда бар дерек мәліметтерімізді жиып алу, екіншіден, қазақтар туралы басқа журналдардағы, кітаптардағы ойларды пайдалану, түзету. Алайда, бұл жерде автор пікірінше оларды (шет ел тарихшылары) талғаусыз көз жұмып, қабылдай беруге болмайды. Себебі, шет жұрттың ғалымдары қазақтың тұрмыс-тіршілігін жете білмейді, білген күнде де оны өз мақсат-мүддесі тұрғысынан баяндайды. Сондықтан оны пайдаланған адамдар сын көзімен қарауға тиіс. Ғұлама ағартушы М.Сералиннің бұл пікірі бүгінгі күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған. Оның әсіресе «Шежіре» туралы айтқандары өте қызық.

«Айқапқа» қалам күшімен көмек беріп, тарих-танымдық мақалаларын үзбей жариялап тұрған авторлардың бірі Ғ.Мұсағалиевтің «Айқап» журналында «Кімге өкпелеуге керек?» (1913, № 7,8), «Қазақ жайынан» (1913, №13,14,17,22-24), «Тарих» (1914, №4,5,6,7,8), «Мысыр» (1914, №24) т.б. көлемді мақалалары жарық көрген / 2 /.

Автор «Кімге өкпелеу керек?» атты мақаласында қазақ елінің Ресейге қосылғаннан кейінгі тарихи жағдайына тоқтала келіп, 1900 жылға дейінгі қазақ арасындағы оқу-ағарту мәселесін сөз еткен. Орынбор, Семей, Омбы, Астрахань қаласындағы оқу орындарының жай-күйінен мәлімет берген. Өнер-білімсіз тұра бермей, оқу-ғылымның етегінен ұстап, ілгері ұмтылуға шақырған.

Ғ.Мұсалиевтің «Айқап» бетінде көлемді «Тарих» атты мақаласы басылған. Онда Ресей патшасы Екатерина заманынан бері қарайғы орыс-қазақ қарым-қатынасына тоқталған. Мақалада Ресейдің қазақтарды отарлауда жүргізген саясаты мен қолданған шаралары нақты деректер негізінде жан-жақты ашылады /3/.

Ғ.Мұсалиевтің тарихи деректерге сүйеніп жазған материалдарын оқи отырып, оның әр халықтың өзін-өзі билеу мәселесіне жұртшылық назарын аударуға талпынғанын аңдаймыз. Тарихтың жазуына, тағдырдың айдауына көнген қазақ елінің келешегі үшін күресуді мұрат тұтар көзі ашық азаматтардың қай кезеңде де өзгелердің өнегесін зерттеп, өткеніне алаңдай беруінде үлкен мән жатыр. Өйткені өткенсіз-бүгін, бүгінсіз-ертең бұлдыр, тарихтың тағылымы-қоғамдық саяси дамудың жолын таңдап, ел еркіндігін, мемлекет тәуелсіздігін қастерлей білу үшін қажет.

Ғ.Мұсағалиевтің тарихи тақырыптарға арналған еңбегін шола отырып, ұлтына өнеге-үлгі таратып, көзін ашып көңіл рухын сергітуді мақсат тұтқан жан екенін аңғарамыз.

Журналдың 1912 жылғы 6 санында М.Дулатовтың «Хан Абылай» атты мақаласы жарық көрді. Онда Міржақып Абылай туралы ел аузынан жиналған деректерге тоқталған. Абылайдың 17 ғасырда өмір сүргендігін, 48 жыл хан болып, 68 жасында қайтыс болғандығын айта келіп, Тобылбай бидің баласы Арыстан ақынның бір шумақ өлеңін келтіреді. Автор Абылайдың тегі, оны елдің хан көтеруі, жаугершілік заманда ел басқаруы, көрген түсі, оны жоруы, Абылайдың өлімі, артындағы қалған балалары жайында деректер келтірілген.

Түйіндей келгенде, журнал бетінде жарық көрген тарихи танымдық материалдардың мынадай құндылықтарын санамалап көрсетуге болады.

Біріншіден, тарихи фактілер көп бұрмаланбай, таза күйінде көрінген. Екіншіден, қазақтың Ресейге бодан болуының ақ-қарасы біршама ашылған. Үшіншіден, қазақ шежірелерінің деректі құны айқындалған.

XX ғасыр басында ұлттық бірлікті нығайту, мәдениетті дамыту идеялары алға тартқан рухани-зерделі оқығандар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төл тумалығын сақтау, сонымен бірге оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санады. Игі мақсаттарын іске асыру үшін «Қазақтың бірі-ай, бірі-күн» - «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде ой-пікірін үзбей жариялап отырды.

Ұлттық маңызды мәселелері - емле, дін, ғұрып жайын бір жолға салу жайы көтерілгендігі, пікірталастарға баруы, олардың халқына жанашырлығын танытады. Олардың түпкі ойында әрекеден гөрі берекені көздеу ниеті басым болды.

«Қазақ» газеті 1913 жылы шыққан күнінен бастап қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жоғын жоқтап, үлкен эстетикалық өреге көтеріле білді. Біз енді жарнама, аннотация түрлерімен ғана емес, кәдімгідей ауыз толтырып айтатын рецензияларға, сұқтанатын ғұмырнамаларға, сүбелі де ойлы сын мақалаларына, қарымы кең ғылыми зерттеулерге кездесіп, қазақ халқының көркемдік таным-білігінің қол созым биікте екенін, ешкімнен де сорлы болмағанын анық көреміз.

Қазақ өзінің алғашқы сандарының бірінде «Қазақ тарихы» деген мақала жариялап, «қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамасақ, осы ғасырдың ғылым жарығында қазақ көзін ашып, бетін дүзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпас және өзіміздің әдет-ғұрыпқа сай «қазақ мәдениетін» (Казахская культура) құрып, бір жағынан «қазақ әдебиеті» (Казахская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы» деуінің өзі газет жұмысының ең өнімді салаларын меңзейді /4/.

«Айқап» пен «Қазақ» маңына топтасқан қазақтың озық ойлы, көзі ашық, көшелі азаматтарының пікірталастары, олардың жазған мақалалары қоғамдық ойға қозғау салып, «бостандық, теңдік, оқу-білім, мәдениет» деген мәнді сөздері елдің «жүрегі мен тілінде» ойнай бастады. Марғау қазақ даласын тұмандай басқан ауыр ұйқының бұлтын сейілтті. Елді жаппай өнер-білімге ұмтылдыруда ықпалы зор болды.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан.- Алматы, Қазмембас.-1950.

  2. Өзбекұлы С. Арыстар алашытың: тарихи очерктер. -Алматы, Жеті жарғы.-1998.

  3. Асқаров.М «Айқап» саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени мәселелердің көрінісі.-Алматы, 2000.

  4. «Қазақ» №3,1913.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ басылымдарының алғашқы қарлығаштары «Айқап», «Қазақ» газеттерінің жарық көруі мен олардың саяси бағыты, қоғамдық әлеуметтік мәні қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статьте рассмотривается выход в свет первых казахских изданий – журнала «Айқап» и газеты «Қазақ» и их направление.

ӘОК 336.2



САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ТӘРТІБІН ЖЕТІЛДІРУ
Бихондиев Б.Б. э.ғ.к., доцент- ( Алматы қ., Қазмемқызпи)

Бихондиева А.Б. аға оқытушы (Шымкент қ., М.О.Әуезов ат. ОҚМУ)


Бүкіл салық жүйесінің және салықтық бақылаудың тұрақтылығының маңызды факторы – олардың құқықтық қамтамасыз етілуінің сапасы болып табылады. Қазақстан Республикасында салық төлеуші мен мемлекет арасындағы өзара қатынастарды реттеуші салық заңдары 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Президентінің «Жеке тұлғалардың табысына салық салу туралы» Заңдық күші бар Жарлығында бекітілді және олар жиі өзгерістерге ұшырап отырды.

2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүлдем жаңа «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы кодексі» (Салық кодексі) шықты. Осы салық кодексіне сәйкес, салық қызметінің органы – салықтар мен басқа төлемдердің толық және өз мезгілінде төленуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға тиісті болды. Салық кодексінде «мемлекеттік бақылау» термині «салықтық бақылау» болып өзгертілді. Бұл кодексте салықтық бақылауға міндетті зейнетақы қорларына төленетін жарналардың толық, өз уақытында төленуін бақылауы да кіреді.

Салық кодексіндегі салықтық бақылаудың бекітілген нысандарымен түрлерінен басқа практикада қолданылып жатқан салық қызметінің органы – салық салу обьектісін анықтау мүмкін емес болған жағдайда; есеп құжаттарының жойылу немесе жоғалуы жағдайында; салық салу обьектісін тікелей және жанама әдістермен (активтер, айналым-дар, өндіріс шығыны т.б.) анықтайды. Салық төлеушілер, салық комитеті актісіне сәйкес 5 жыл ішінде – қағазда, электрондық, магниттік тасымалдаушыларда – салық есебі бойынша құжаттарды жүргізуі міндетті.

Кодекстің 542, 544 баптарына сәйкес, ресми түрде жаңа бақылау түрлері «Салық төлеуші мониторингі», «камеральды бақылау» енгізіл-ді.



Камеральды бақылау салық төлеушінің тапсырған салық есептері мен басқа құжаттарын тексеріп, талдау негізінде тікелей салық органымен жүзеге асырылатын бақылау түрі.

Мониторинг дегеніміз салық төлеушінің шынайы салық салу базасын анықтау мақсатында қаржы-шаруашылық іс-әрекетін бақылау жүйесін қолдану және тауардың өзіндік құнының қалыптасу негізділігін талдау, ҚР-ның қаржылық, валюталық заңдарын және нарықтық қолдану бағаларына бақылау жүргізу болып табылады. Бірақ барлық бақылау түрлерінен ең негізгісі – салық заңдарының талаптарының орындалуын және сақталуын салықтық тексеру.

Қазіргі салық заңдарында төрт түрлі: мақсаттық, кешендік, кезектен тыс, сонымен қатар қылмыстық процессуалдық шеңбердегі заңдар бойынша тексерулер бар.



Мерзімділігіне байланысты салық тексерулері мынандай кезеңділікпен жүргізіледі: 1) кешенді – жылына бір реттен жиі емес; 2) тақырыптық – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес. Қазіргі жағдайда жоғарыдағы кезеңдердің арақашықтығы жиі екендігін практика дәлелдеп отыр.

Салықтық құқық, құқықтың басқа салаларымен тек заңдық мәселелермен ғана тығыз байланысты емес, сонымен бірге – экономика, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп тағы сол сияқты мәселелерді де қамтиды. Салық комитетері салық төлеушілермен өзара қатынастарын бүгінгі заңдар мен нормативтер негізінде жүзеге асырады. Сондықтан да салық заңдарындағы кемшіліктер, оның тұрақсыздығы мен кемшілігі салық бақылауының тиімділігіне тікелей әсер етеді. Заңдар мен нормативтік актілердегі анық тұжырымдардың жасалмауы тексерудердің созылуына, ұзақ уақыт келісімге келмеуге салық органына немесе қаржы министрлігімен хат алмасуға әкеп соғады.

Жетілмеген салық салу, субьектілердің мемлекетпен салықтық қарым-қатынастарды, сонымен бірге салықтарды жинауды регламенттейтін жетілмеген заңдар-салықтардың жиналуына айтарлықтай әсер етеді, сол себепті жалтарудың легалды және легалды емес жолдарын туындатады. Салықтық құқық бұзушылықты талдау барысында мына жағдайларда құқық бұзушылық жиі кездесетінін көрсетті.


  1. Қосымша құн салығы салынатын айналымды анықтауда;

  2. Салық органына есеп бермейтін, салық органында тіркеуде жоқ, шот-фактураларында ешқандай реквизиті жоқ жеткізушінің шотфактурасы бойынша ҚҚС есепке жатқызуда;

  3. ҚҚС бойынша жеңілдікті дұрыс қолданбауында;

  4. Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуде;

Қазақстан Республикасында Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық аппиляциялар басқармасы құрылғанға дейін салық тексерулері нәтижелеріне – салық төлеушілердің шағымдарын талқылаумен барлық аймақтық салық комитеттері айналысатын. Енді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде Салық аппиляцияларының арнаулы басқармасының болуы: біріншіден, салық төлеушілерге тікелей бөлімшемен байланыс жасауға мүмкіндік береді; екіншіден, салық төлеушілердің шағымдарын жоғарыдан қарау - аумақ-тық салық комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру мен бақылауды да күшейтеді. Бұрын аппиляцияны қараумен республикалық комитеттің барлық басқармалары айналысқан кезде, бірыңғай үйлестіруші орталық болмаған еді, сондықтан да келіп түскен шағымдарға талдау толық және терең жасамайтын.

Қазіргі уақыттта арнаулы басқарманың қызметі - салық төлеушілердің шағымдарын қарау жөнінде тәжірибие жинақтауына және республика көлемінде толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді, мұның нәтижелерін өздерінің практикалық жұмысында пайдалануға аумақтық салық кемитеттеріне жеткізіледі. Сондай-ақ салық төлеушілерге, және салық органдарына тән қателіктердерді анықтаудың мүмкіндігі бар, мұның өзі жүргізілетін салық тексерулерінің сапасын арттыруға және салық заңнамасының нормаларын жетілдіруге көмектеседі. Салық органдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі бұл басқарманың ұсынымдары, бұлардан басқа салық органдарының камералдық, сондай-ақ құжатнамалық тексерулерді жүргізуіне кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Егер шығымдану қорытындыларын соттан тыс тәртіпке қарайтын болса, онда олардың салық төлеушілер үшін оң нәтижелері болады және салық тексеру нәтижелерімен келіспейтін барлық салық төлеушілердің өтініш жасауы үшін көтермелеу болып табылады. Әрине аппиляция қосымша тексеруге әкеп соғады. Қосымша тексеру тек салық төлеушінің шағымын қараған кезде ғана тағайын-далады және салық төлеушілер арасында туындаған даулы мәселелерді шешу болып табылады. Сөйтіп, қосымша тексеру, ең алдымен, салық төлеушілердің мүдделері үшін обьективті және әділетті шешім қабылдау мақсатында жүргізіледі.

Салық органдарының бақылау іс-әрекетіне, салық салу негізіне қатысты қазіргі құқықтық актілерді талдау нәтижесінде, заңды тұлғалардың салықтық төлемдеріне салық органдар бақылауының төмендегідей ерекшеліктері байқалады. Біріншіден, салық органдарына тіркеуге тұрумен байланысты. Заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркеуге тұруының ерекшелігі, олар тек қатаң түрде бекітілген заңдағы мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін салықтық есепке тұруға міндетті. Екіншіден, бақылауды жүргізу нысандары мен әдістері бойынша айырмашылығы бар. Мысалы, камералдық салықтық тексеру барлық салық төлеушілерге жасалынатын болса, барып салықтық тексеру жүргізу – тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты жүзеге асырылады. Үшіншіден, бюджетке төленбей қалған сомаларды төлету тәртібінде де айырмашылық бар. Заңды тұлғалардан қарыз берешектері мен салықтар бойынша өсімпұлдарын салық органдарын қаржы өндіру барысында жедел болуын қамтиды. Бірақ кей кездерде ондай жағдайлар салық төлеушінің заңды құқықтарын және қызығушылығын бұзуға әкеп соғады.

Бақылау салық органының барлық бағытына қатысты. Соған байланысты салықтық бақылаудың мақсаттары мен тактикалық межелері сан алуан түрлі. Салық органдарының алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігі, олардың қызметкерлерінің бақылау шаралары мен құқықтарының аясын кеңейтілуін қажет етеді. Мысалы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге жалданушы шет елдерден заңсыз келуші жұмысшы күшіне төленген еңбекақыларына салық көбіне төленбейді. Тіпті олардың басым көпшілігі салықтық тіркеуге тұрмайды. Бұл сәтте еліміздің жалдаушы заңды және жеке тұлғаларына қатысты олардың арзан жұмыс күшін жалдау кезінде салықтық міндеттемелерге қатысты шаралар ұйымдастырылуы керек. Сонымен бірге шет елдерден ағылып келуші жұмыссыздарға құқық қорғау органдарымен біріге отырып жасалатын шараларды заңдық негіздеп, оларға толып жатқан қыруар қаржылардан мемлекетке тиісті салық сомаларын өндіріп, бюджетті толықтыра түсу керек.

Қорыта келгенде Салық кодексіне бірінші кезекте салықтық тексеру кезеңділіктері бойынша 534-баптың 1-тармағына өзгеріс енгізілуі керек:

а) заңды тұлғаларды кешендік тексеру 3 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта бір рет, ал тақырыптық тексеру жылына бір реттен жиі болмауы тиіс;

б) жеке тұлғаларды кешенді тексеру 5 жылдан 10 жылға дейінгі аралықтан кем болмауы керек те, тақырыптық тексеру тіпті қажеті жоқ. Әрине 534 – баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар-дан басқа кездерде;

в) бір мекемелердің тұрақты түрде тексеріліп, ал екінші бір мекемелердің елеусіз, бақылаусыз қалмауын қадағалап отыратын шаралар болуы керек. Өйткені ірі көлемді кәсіпорындарды тек салық органы емес барлық бақылаушы органдар тарапынан тексеру үстіне тексерулер жасалып отырылады да, орта және шағын кәсіпорындарда ашылған сәтінен бастап ондаған жылдар бойы тексерілмеген жағдайлары кездесіп отырады;

г) сонымен бірге Салық көдексіне әрбір салықтық құқық бұзушылықты, салықтық бақылау кезінде анықталған жағдайда, қолданылатын шаралар мен айыппұлдар, есімпұлдарды есептеу жағын қатаңдау етіп өзгерістер енгізу керек, сол арқылы салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді өз уақытында және толық көлемде орындап отыруы - өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуден гөрі анағұрлым пайдалырақ екендігін тез түсінетіндей дәрежеге жеткізу керек;

д) Салық кодексіне және басқа да салық заңнамалары мен нормативтік актілеріне әрбір өзгерісті енгізуге негізгі ұсыныстар - ең төменгі сатыдағы салық комитеттерінен басталуы тиіс, өйткені олар тікелей салық төлеушімен жұмыс істей отырып, қандай мәселелердің жиі туындайтындығымен тікелей ұшырасады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.ҚР «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» туралы Кодексі 12 маусым 2001 жылы № 210.

2. ҚР «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» туралы Заңы 124.04. 1995 жылғы № 2235.

3. Қ.Р. «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» туралы Кодексі 12 маусым 2001 жылы № 210-11 (толықтырулар мен өзгерістер енгізілген).

4 ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім).

5. ҚР Президентінің жолдауы 2000 жылы.

6. Е.В.Порохов. Теория налоговых обьязательств/Учебное пособие «Жеті жарғы». А.: 2001 год.

7.А.И.Худяков. Налоговое Право РК/Учебник «Жеті жарғы». А.: 1998 год.

8. А.И.Худяков. Финансовое Право РК./изд. Қаржы - қаражат, Алматы, 1995 год.

9. Г.Карагусова. Налоги: сущность и практика использования./изд. Қаржы-қаражат. 1996 год.

10. Б.Аймаков. Налоговая система в условиях рыночных отноше-ний // Финансы Казахстана 1996 год, № 9.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ҚР-дағы салықтық бақылауды ұйымдастыру тәртібін жетілдіру мен оның тиімділігін арттырудың заңнамалық және нормативтік мәселелеріне талдау жасалады.

РЕЗЮМЕ

В данной статье подвергнуты анализу законадательные и нормативные аспекты совершенствования порядка организации налоговых проверок и повышение ее эффективности в РК.

ӘОЖ 378. 14(063)

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУ МЕН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Бихондиев Б.Б. э.ғ.к., доцент - ( Алматы қ., Қазмемқызпи)

Бихондиева А.Б. аға оқытушы- (Шымкент қ., М.О.Әуезов ат. ОҚМУ)




  1. Семинар сабақтарына дайындалу және өткiзу.

Семинар – оқу процесiн ұйымдастырудың күрделi және көп еңбектенудi талап ететiн нысаны, себебi оның нәтижелi өткiзiлуi - тек қана оқытушыларға ғана тәуелдi емес, көбiнесе студенттердiң сабақта өзiнше дайындалу дәрежесi мен зор ынта қоюына және олардың белсендiлiк көрсетуiне тығыз байланыста болады.

Семинар сабақтарында оқытушы студенттермен өзара үнемi қарым-қатынаста болады, оның өзара ғылыми және тәрбиелiк тұрғыдан студенттерге ықпалы мен жемiсi зор. Семинардың лекциядан ерекшелiгi, ол студенттер мен оқытушылар арасындағы байланыстарды күшейте түсудi қамтамасыз етедi. Екi-сағаттық семинар сабағында негiзгi талқыланатын мәселелер 3-4 сұрақтардан аспағаны абзал. Егер де семинарда талқыланатын негiзгi мәселелер 5-6 сұрақтардан құралатын болса, онда мұндай мәселелердi семинар сабағының шеңберiнде талқылау атүстi, асығыс, әрi өз дәрежесiнде оларға көңiл бөлiнбей өткiзiлуi мүмкiн.

Оқытушының семинар сабақтарына дайындалуы үш құрамдас, әрi өзара сабақтас үш үрдiстерден, яғни:

а) ұйымдастырушылық;

ё) ғылыми-теориялық;

б) методикалық үрдiстерден құралады.

I. ұйымдастырушылық үрдiсi деп семестрдiң басында жұмыс iстеуге арналған лектер мен топтардың студенттерiмен оқытушының алдын-ала танысуын айтады. Студенттердi өз мезгiлiнде семинар сабақтарының негiзгi және қосымша әдебиеттерi көрсетiлген жоспарымен таныстырып, қамтамасыз ету қажет, онда курс бойынша студенттер үшiн арналған баяндамалар мен рефераттарды, есептердi қайдан алып, қалайша орындау жөнiнде жазбаша методикалық кеңестер болуы тиiс, бұл студенттердiң экономикалық теорияның жекелеген, әрбiр тақырыбына дайындалуына өте қажет. Әрбiр оқытушы студенттердiң өзiндiк жұмыстарына байланысты курстың әр түрлi мәселелерi бойынша топтық немесе жекелей кеңестердi студенттермен өткiзудi қамтамасыз ету арқылы жан-жақты, әрi үнемi көмек көрсетуге мiндеттi.

II. Ғылыми-теориялық үрдiсi деп семинардың атқаратын қызметтерiне сәйкес оның пәндiк – мазмұны мен тәрбиелiк деңгейiн күшейту мақсатындағы оқытушының дайындығын айтады. Бұл жағдайда семинардың мақсаты – қозғалатын проблемалармен өзара үндесiп, оның әрi түсiнiктi түрде тұжырымдалуы тиiс. Өзектi мәселе бойынша шешiмдер қабылдау барысында жаңа белестi бiлiм алу үшiн студент өз бiлiмiн орнықты, әрi тиiмдi қолданатын болды.

III. Методикалық үрдiс деп – семинардың ғылыми-теориялық мазмұнын оқытушының iрiктеп және өз ой елегiнен өткiзiп, оны дидактикалық тұрғыдан өңдеуiн айтады. Бұл жағдайда оқытуды жандандырудың қазiргi кездегi құралдары-студенттердiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне баулуға қызмет ететiн болады. Осыған орай, оқытушының мiндетi - семинар сабағында студенттердiң өз бетiнше шығармашылықпен жұмыс iстеуiне тiрек болатын мәселелердi сұрыптап, таңдап беру болып табылады. Мұны семинарды өткiзудiң әртүрлi әдiстерi мен түрлерiн, тәсiлдерiн ұштастыру арқылы жүзеге асыру қажет.

2. Семинардың қызметтерi.

I. Семинар ең алдымен бiлiм беру қызметiн атқарады, себебi семинар сабағына дайындалу барысында студенттер ғылыми әдебиеттермен және оқу материалдарын өз бетiнше оқып үйренудi, семинар сабақтарын талдау кезiнде олар оқытушымен және басқа студенттермен еркiн өзара араласып, пiкiр таластырады.

II. Семинардың танымдық қызметi оқытушының жетекшiлiк етуiмен немесе оның көмегiмен белгiлi бiр ұғымдарды студенттiң зерттеуге кiрiсуi арқылы жүзеге асырылады. Осылайша әлеуметтiк-экономикалық құбылыстарды талдау барысында студенттердiң бойында дидактикалық зерттеу әдiсiн пайдалана бiлу және оның ойлау қабiлеттiктерi қалыптасады. Нәтижесiнде студенттердiң бiлiм дәрежесi тереңдеп, нығаяды және танымның жоғары сатысына көтерiледi.

III. Тәрбиелiк қызметi – оның танымдық қызметiнен туындайды, себебi экономикалық теорияны оқып-үйрену өмiрлiк көзқарастардың қалыптасуымен тығыз да, ең бастысы, семинарда инабаттық мәселелер, жастарды еңбекке баулу, экономикалық тәрбие беру мәселелерi өз шешiмдерiн табады. Студенттер өздерiнiң алған бiлiмдерiнiң нәтижесiнде болашақ мамандардың бойында белсендi өмiрлiк көзқарастарын қалыптастырады.

IV. Бақылау жасау қызметi – семинар сабағында оқытушы мен студенттер арасында қалыптасатын өзара тығыз қарым-қатынастар мен ұзақ байланыстар негiзiнде пайда болады және ол бiлiм беру, таным және тәрбие беру қызметтерiмен өзара сабақтас. Оқытушының семинар сабақтарында студенттердiң бiлiмдерiне үнемi талдау жасау және баға беру арқылы “Экономикалық теория” курсы бойынша бүкiл бiлiм беру жүйесiн жетiлдiруге мүмкiншiлiктерi мол.

V. Шешендiк өнер мен пiкiр таластыра бiлудi жастарды» бойына қалыптастыру қызметi семинар сабақтарында “Экономикалық теория” курсы бойынша бiлiм беру процесiн мейлiнше жандандыру нәтижесiнде пайда болады. Семинардың бұл қызметi студенттермен жұмыстарды жiктеп, саралап ұйымдастыруға тiкелей байланысты.

VI. Жеке өзiндiк жұмыстарды студенттерге орындату және жүзеге асыру арқылы семинар сабағында әрбiр студенттiң басым және әлсiз жақтарын анықтап, олардың әрқайсысының өздерiне тән ерекшелiктерiне сәйкес, дербес жұмыс iстеуге мүмкiншiлiктер жасалады. Семинар сабақтарында оның сұрақтарынан басқа проблемалық мәселелерге көңiл аудару қажет.

VII. Проблемалық мәселелердi оқып-үйрену семинардың жаңа қызметтерiн туындатады. Осылайша семинар студенттердiң өз бетiнше тұжырымдар жасауға және өз әрiптестерiнiң пiкiрлерiне сын көзбен қарауға баулудың мектебiне айналады. Проблемалық бiлiм беру жағдайында жоғарыда аталған семинар қызметтерi одан әрi күшейе түседi. Мысалы, семинардың таным қызметi — өсу проблемаларының шешiмдерiн табу, тапсырмалармен және басқа да әдебиеттер негiзiнде проблемалық тапсырмаларды орындау және ғылыми экономикалық сананы қалыптастыру және т.б. арқылы толықтырылады.



3.Семинардың типтерi мен методтары

Жоғарыда аталған қызметтерi семинардың барлық типтерiне де ортақ.

I. Семинар сабақтарының үш типi бар:


  1. Жүйелiк-тақырыптың типтегi семинар көп таралған. Бұл лекциялардың тақырыптарына сәйкес, жүйелi курс бағдарламасының әрбiр тақырыбы бойынша өткiзiлетiн семинар сабағы болып табылады.

  2. «Проблемалық-тақырыптық типтегi семинар» деп курсты белгiлi бiр бөлiмi бойынша, бiрнеше тақырыптар мен бөлiмшелерден құралып өткiзiлетiн семинарды айтады. Мұндай семинарлар студенттермен жұмыстарды ұйымдастырудың орта мезгiлiнде немесе соңғы уақытында өткiзiледi.

  3. Арнайы семинар деп – методикалық сипаттағы мәселелерге немесе белгiлi маңызды мәселеге арналып өткiзiлетiн жүйелi семинарды айтады.

Семинар сабақтарының бұл типтерi әртүрлi методикалық әдiстердi қолдау нәтижесiнде семинар сабағында бiр мезгiлде пайдалануы мүмкiн.

4. Семинарды өткiзу әдiстерi.

1. Семинар сабағы өткiзуде ең көп таралған жоспар бойынша сұрақ-жауап әдiсi болып табылады. Бұл жағдайда аталған әдебиет бойынша берiлген сұрақтарға студенттердiң барлығы дайындалады. Студенттер өз тiлектерi бойынша немесе оқытушының шақыруымен жауап бередi.

2. Семинар сабақтары рефераттар мен баяндамаларды талқылау әдiсi арқылы өткiзiлуi мүмкiн, бұл студенттердiң алдынала әдебиеттердi iрiктеуiне, рефератты», баяндаманың жоспарын жасап, олардың мазмұнын құрастыруына байланысты оқытушыдан үлкен дайындық жұмыстарын iске асыруды талап етедi. Рефераттар мен баяндамаларды» тақырыптары кафедра мәжiлiсiнде бекiтiлiп және барлық студенттер топтарына берiледi.

Рефераттар мен баяндамаларды тыңдаудың басты нысандары: бiрiншiден, академиялық топтың белгiлi бiр студентiне нақты тақырып бойынша дайындауды жіктеу; екiншiден, белгiлi тақырып бойынша бiр немесе бiрнеше студенттерге рефераттарды бiрмезгiлде жазуды мiндеттеу, мұндай жағдайда бiр студент негiзгi баяндамашы ретiнде сөйлейдi де, қалғандары пiкiр айтушы ретiнде оны толықтырады; үшiншiден, студент өз қалауы бойынша реферат пен баяндаманың тақырыбын таңдап алады.

Осылайша рефератқа (баяндамаға) дайындалудың үш жолының маңызы бiрдей. Академиялық топтың құрамын, дайындық дәрежесiн ескере отырып, оқытушы атаған рефераттар мен баяндамаларды тыңдаудың үш түрiнiң өзiне ұнағанын тыңдауға әрқашанда құқылы.

Студенттерге рефераттың (баяндаманың) тақырыбы бойынша академиялық топтың алдында 10-12 минуттан аспай сөйлесуi тиiс екенiн алдын-ала ескерткен жөн. Уақыты бұлайша шектеу, бiрiншiден, аудитория немқұрайлы тыңдаушыларға айналып кетпес үшiн, екiншiден, баяндамашының өз көзқарасын ықшам, әрi дәлiрек жеткiзуi үшiн қажет.

3. Бақылау жұмыстарын орындау және есептер мен жаттығулардың, тест сұрақта-рының шешiмдерiн табу сияқты семинар сабақтарын өткiзудiң әдiстерiн пайдалану оның бақылау жасау қызметiн одан әрi күшейте түседi.

Әдетте, жазбаша бақылау жұмыстары сабақтың бас кезiнде немесе ортасында берiледi, себебi оларды орындауға байланысты қажеттi уақыт жеткiлiктi болуы тиiс. Есептер мен жаттығуларды шешу студенттердiң ықыластарын жұмылдырып және олардың теориялық бiлiмдерiн қолдануға, әрi тереңдетуге жол ашады.

4. Семинар сабақтарын өткiзу әдiстерiнiң iшiнде коллоквиумдарды өткiзудiң маңызы зор. Коллоквиумның бақылау жұмыстарын орындаумен салыстырғанда бақылау жасау қызметi жоғары.

Коллоквиум жекелеген бiр тақырып бойынша немесе бiрнеше тақырыптарды жинақтап өткiзiлуi мүмкiн. Коллоквиумге алдын-ала дайындық жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Кафедра коллоквиумге қатысты мәселелер мен проблемаларды таңдап, жасап және оларды студенттерге таныстыруға мiндеттi. Коллоквиум студененттердiң тақырыптарды қандай дәрежеде меңгергенiне бақылау жасаумен шектелмейдi, әрi лекция және семинар сабақтарының белгiлi бiр жүйелi бiлiм беру сапасын анықтауға көз жеткiзедi.

XX ғ. соңғы жылдары семинар сабағының интерактивтiк әдiстерiн кеңiнен пайдалануда.

Интерактивтiк әдiстердiң түрлерiне жататындар:


  1. зеректiлiк таныту;

  2. iскерлiк пен рольдердi орындау ойындары;

  3. дискуссия;

  4. дебат;

  5. кiшiгiрiм топтармен жұмыс жүргiзу;

  6. көрнектi құралдармен безендiру және иллюстрациялау;

  7. тренингiлер;

  8. өрнектi ара.

1. “Зеректiлiк таныту” – бұл белгiлi бiр проблема бойынша ұжымдық талдаудың тиiмдi әдiсi. “Зеректiлiк таныту” әдiсiн өз дәрежесiнде пайдалану шығармашылықты стандартсыз ойлауды күшейтедi. Оқытудың белсендi нысандары сияқты ойындардың маңызы зор. Ойынның шешiмдерiн табу студенттердiң бойындағы бiлiмдерiн жұмылдырып, оларды жедел шешiмдер қабылдауға, көбiнесе, бұрын болмаған, ойда жоқ жауаптарды тапқырлықпен тауып және жекелеген немесе ұжымдық жарыстарда үлкен нәтижелерге қол жеткiзедi.

2. Құрылымы жағынан ойын әдiстерi бiрнеше түрге бөлiнедi:



  1. Дидактикалық ойындар және оның элементтерi

  2. Имитациялық ойындар және оның элементтерi

а) сюжеттiк, рольдердi орындау ойындары;

б) iскерлiк ойындары;

в) иллюстративтiк ойындар.

Интерактивтiк әдiстердiң келесi түрi дискуссиялар болып табылады.

3. Дискуссия кезiнде даулы мәселелердi қызу талқылайды және студенттерде әртүрлi көзқарастар болады.

4. Дебаттарды өткiзу студенттердiң өз көзқарастарын анық және дұрыс тұжырымдап жеткiзе бiлуге баулуды» тиiмдi құралы, ол студенттердiң өздерiне қажет айғақ дәлелдер мен мәлiметтердi тауып, қолдануға көмектеседi. Дебаттар студенттердiң қоғамдық пiкiрлерге әсер ету немесе саясатқа өзгерiстер енгiзу жөнiндегi өз қабiлеттiктерiне сенiмдiлiктерiн күшейтедi.

5. Интерактивтi әдiстен маңызды түрi “кiшi топтармен жұмыс жүргiзу”.

Бұл сабақ үстiнде студенттердiң қызметтерiн ең жақсы пәрмендi тәсiлi.

Кiшi топтармен жұмыс жүргiзу:


  • топтағы студенттердiң өзара бiр-бiрiне жауапкершiлiк сезiмдерiн қалыптастырады, себебi бүкiл топтың қол жеткен табысы оның әрбiр мүшесiнiң бiлiм дәрежесiне байланысты анықталады;

  • студенттердi ұжымдағы жұмысты жүргiзуге үйретедi, себебi топта шешiмдердi қабылдау оның барлық мүшелерiнiң пiкiрлерiн ескерiп, санасу арқылы жүзеге асырылады;

  • студенттердi белгiлi бiр тоқтамға келуге баулиды, себебi әрбiр топта дұрыс шешiмдердi таңдау үшiн оны жеткiлiктi дәлелдейтiн лайықты кандидатты iрiктеп алу қажет.

6. Абстрактi категорияларды түсiндiруде көрнектi құралдармен безендiру және иллюстрацияларды пайдалану (таблицалар, графиктер, диаграммалар, схемалар) әдiсiн пайдалану үлкен көмек көрсетедi.

Экономикалық теорияны оқытуда ғылыми-методикалық жағынан дұрыс жасаған таблицалар, графиктер, диаграммалар мен схемалар маңызды роль атқарады.

Көрнектi иллюстрацияларға қойылатын талаптар:


  • шынайы ғылыми сипатта болу;

  • оқып-зерттелетiн материалдарға сай келу;

  • шынайы шындыққа негiзделу;

  • ыңғайлы және жақсы безендiрiлуi тиiс.

7. Тренингтiң көмегiмен студенттердi дайын мысалдарға жаттықтыру арқылы есептердi шешуге дайындау iске асырылады.

8. “Өрнектi ара” әдiсi студенттердiң өз ойларына түйген ақпараттарын бiр-бiрiне оқытушы ретiнде жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Жоғарыда айтылған интерактивтiк әдiстердi пайдалану арқылы семинар сабақтарын өткiзудiң практикалық нұсқауларын талдау, оларды пайдалану жеке адамның дамуына кең мүмкiншiлiктер жасайтындығына көз жеткiзедi.

Интерактивтi әдiстердiң студенттерге беретiн шараптары:



  • сабақты тыңдауға және өзара пiкiрлесуге дағдылану;

  • басқа адам үшiн жанашырлық жасай бiлу;

  • өз ой өрiсiнiң дамуына баға беру;

  • студенттердiң мәселелердi iске асыру және шешiмдердi қабылдауға қабiлеттi болуы;

  • сын көзбен талдап және ойлау;

  • бүкiл экономикалық проблемаларды жүйелi, салдары көзқарастармен тұжырымдауға студенттердiң қабiлеттерiн нығайту.

Бұл аталған семинар сабақтарын өткiзудiң әдiстерiнiң әрқайсысының өздерiне тән күштi де, әрi нашар жақтары бар, сондықтан олардың барлығы да маңызды.

Майталман оқытушылардың тәжiрибелерi сабақты өткiзу тек бiр ғана әдiспен шектелуге болмайтындығын көрсеттi. Қалыпты жағдайда семинарды өткiзудiң әр түрлi әдiстерiн өзара ұштастырып өткiзудiң тиiмдi екенiн өмiрдiң өзi дәлелдеп бердi.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Елбасының Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997.

  2. Әубәкiров Я. Экономикалық теория негiздерi. – Алматы, 1998.

  3. Кейне Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. – Москва, 1978.

  4. Макконелл К.Р., Брю С.Б. Экономикс: принципы, проблемы, политика. – Москва. 1992.

  5. Маршалл А. Принципы политической экономии. – Москва. 1983.

  6. Милль Д.С. Основы политической экономии. – Москва, 1980.

  7. Самуэльсон П. Экономика. – Москва, 1964.

  8. Смит А. Исследование оприроде и причнинах богатства народов. – М., 1962.

  9. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика (пер с англ.) – М., 1993.

  10. Маркс К. Капитал.

  11. Мәдешов Б. Нарықтық экономика теориясына кiрiспе. – Алматы., 1995.

  12. Бихондиев Б.Б., Ботвич В.Я. Рыноктық шаруашылық негiздерi. – Алматы, 1993.

  13. Бихондиев Б.Б., Шаромова В.В. Основы рыночной экономики. – ч.1,2,3. Алматы, 1996

  14. Семинар сабағын өткiзуге арналған әдiстемелiк нұсқаулар. - Шымкент, ОҚМУ, 2002.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада семинар сабақтарын типі, түрі, формасы, қызметі мен өткізудің әдістемелік нұсқауы қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматриваются функции, типы, формы и виды, а также методические указания по подготовке и проведению семинарских занятий.
ӘОК 314.17.(574.54)

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІ
Есдаулетова Э.К. магистрант

(Алматы қ., Қазмемқызпи)


Ғылыми әдебиеттерде халық санының өзгеруіне әсер ететін фактор- көші- қон деп келтірілген. Көші- қон адамдардың белгілі бір әкімшілік аумақ шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Табиғи қозғалыс үрдістеріне қарағанда көші- қон халықтың ұлттық құрамына ерекше әсер етеді. Қазіргі көші- қон күрделі әлеуметтік үрдісті көрсетеді. Олар өндіргіш күштердің даму деңгейімен және олардың әр түрлі аудандарда орналасуымен тығыз байланысты. Мамандар «халықтың қозғалыс деңгейі ел экономикасының жалпы деңгейін қамтиды» деп көрсетеді.

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді елге айналған ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап, Қазақстанда көші- қон өзгеше сипат алды. 1990-шы жылдардан бастап бұрынғы Кеңес Одағының басқа республикаларындағыдай,Қазақстанда көші-қон үрдістері күшейді. Бұл көбінесе этностық топтардың тарихи Отанына оралу мүмкіндігінің кеңеюімен байланыстырылады. 1991-2005жж. ішінде халықтың республикалық көші-қон көлемі 4400,9 мың адамды құрады.Осы кезең ішінде ел ішіндегі көші-қон қозғалыстарында айтарлықтай өзгерістер болды, осы көрсеткіштердің шамасы 1991 жылғы 431,3 мың адамнан 2005ж 298,6 мың адамға азайды, яғни 1,4 есе қысқарды. 1994ж. республика халқының көші-қонға байланысты кемуі ең жоғары болып, 400 мың адамнан асты, көші-қон сальдосының коэффициенті (1000 тұрғынға шаққанда) -25 адамды құрады.1995 жылдан бастап Қазақстанда оң қозғалыстар басталды, елден тыс кетушілер санының төмендеу көрінісі байқалды. 1991-2005жж. ішінде халықаралық көші-қон бойынша республикаға 1126,7 мың адам көшіп келіп,3209,8 мың адам көшіп кетті. Осы кезең ішіндегі халықтың көші-қонының теріс сальдосы 2083,1 мың адамды құрады. Негізгі көші-қон ағымдары ТМД шеңберінде,Қазақстан мен Ресей, Украина және Орталық Азия елдері арасында,ТМД-дан тыс елдер шеңберінде Қазақстан мен Германия арасында қалыптасты.

Республикадағы көші- қон ағыны қарқынды жүрген облыстардың бірі- Қызылорда облысы. Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі әкімшілік- аумақтық бөлік. Жер аумағы 226,0 мың км 2. Қазақстан жерінің 8,3 %-ын алып жатыр. Тұрғыны 2007 жылдың деректері бойынша 625,1 мың адамды құрады. Орталығы- Қызылорда қаласы. Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 3 қала бар. Қызылорда облысының табиғат жағдайына тән сипат- оның шөл зонасында орналасуы, шұғыл континентті климаты. Қызылорда облысы әрқашан да республиканың басқа аумақтарымен салыстырғанда табиғи тартымдылығы аз. Радиациялық, температуралық, ылғалдылық, жел және т.б.табиғи- климаттық өлшемдері бойынша облыс аумағы адамдар тұруына қолайсыз болып саналады. Мұндай көзқарас өнеркәсіптің шикізаттық бағытына және инфрақұрылымның нашар дамуына ғана емес, сонымен бірге экологиялық апат аймағына да кіруіне байланысты туындады.

70-ші жылдардан бастап Қызылорда облысынан кетушілер саны көбейді.Әсіресе, 1970 жылдан бастап облысқа келушілер ағыны әлсіз болып, көші-қон сальдосы теріс мәнге ие болды. Ең төменгі көрсеткіш 1994ж байқалды. Кеткендер саны келгендер санынан 12694 адамға артық болды. Ал 1994 жылдан бері көші-қон сальдосының қысқару тенденциясы бет алған.



1-кесте

Қызылорда облысындағы халық көші-қоны (адам)





1996

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Келгендер

6064

4733

4319

6690

6310

4828

6919

6927

Кеткендер

10821

11775

10898

11420

10586

9882

9954

10525

Көші-қон айырымы

-4757

-7042

-6579

-4730

-4276

-5054

-3035

-3598

Қазақстан өңірлерінің демографиялық жылнамалығы.А.,2006. 503-б

Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы.Қызылорда. 2007 28-бет

1- сурет

Қызылорда облысындағы халық көші-қоны

1999 жылдан бері облыстағы халық көші-қонында келгендер санынан кеткендер саны артуда. Соған сәйкес көші-қон айырымы теріс мәнге ие болуда. 1970-1995 жж. аралығындағы Қызылорда облысынан халықтың көп кетуін Арал аймағының экологиялық жағдайының нашарлауы мен жұмыс орындарының жабылуы, нәтижесінде басқа аймақтардан жаңа жұмыс орындарын іздеу сияқты факторлармен түсіндіруге болады. Бұл мигранттардың жаңа түрі –экологиялық мигранттардың шығуына әкелді.

1999 жылғы халық санағы бойынша көші-қондық өсім -2631 адамды құрады.Облыстан 6365 адам көшіп кетті және сәйкесінше 3734 адам келді. Барлық көші-қондық өсімде сыртқы көші-қонға 47%, ал республикалық (облысаралық және облыстық) көші-қонға 53% тиесілі болды.1-сурет бойынша миграциялық өсім 1999ж. көші-қонның барлық түрлері бойынша теріс мәнге ие болды.

1999 ж. облыста басқа аудандардан жұмыс іздеп келушілер ағыны Қызылорда қаласында байқалды. Қызылорда қаласында миграциялық өсім -532 адамға жетті, көші-қонның қарқындылығы -2,75%-ды, облыстық орташа көші-қон қарқындылығы -4,63%-ге жетті.

Қызылорда облысынан халықтың жаппай кету ағыны 1992-1995 жж.аралығындағы кезеңге, жаңа мемлекеттің, жаңа реформалардың және қайта құрулардың қалыптасуының алғашқы жылдарына сәйкес келеді. Халықтың қоныс аударуының көп бөлігін орыстар, украиндер, белорустер құрады.



2-кесте- 2003 және 2006 жылдардағы Қызылорда облысы бойынша көші- қон жағдайы




Келгендер саны

Кеткендер саны

Көші- қон айырымы

2003

2006

2003

2006

2003

2006

Облыс бойынша

6310

6927

10586

10525

-4276

-3598

Облысаралық көші- қон

1711

2207

5989

6479

-4278

-4272

Облыс ішінде

3871

3522

3871

3522

0

0

Сыртқы көші- қон (соның шінде: ТМД елдері

725

1190

687

514

38

676

ТМД тыс елдер

3

8

39

10

-36

-2

Ал 1996 жылдан бастап облыста халық көші- қоны ағынының біртіндеп азаюы жүрді. Сонымен бірге, 2001 жылдан бастап халықтың ТМД мен алыс және жақын шет елдерге кету ағыны азайды. Ал 2005ж. облысқа келгендер саны 6919 адамды (2000ж. 4733 адам), кеткендер саны 9954 адамды (2000ж. 11775 адам) құрады. 2005ж. көші-қон айырымы -3035 адамды құрады. Бұлардың барлығы миграциялық өсімнің оң мәнге ие бола бастағанын көрсетеді. Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда Қызылорда облысының көші-қондық суреті жеткілікті түрде тұрақты және жаппай сипатқа ие емес.

Қызылорда облысындағы халықаралық көші- қон да өзіндік сипатқа ие болды. Бұл негізінен облыс аумағынан бөлек этнос өкілдерінің тарихи Отандарына оралуымен байланысты. Көшіп кетушілердің көп бөлігін- орыстар, украиндер, немістер құрады.

1999-2006 жылдар аралығындағы халықаралық көші-қон мәліметтеріне талдау жасасақ, иммигранттар мен эмигранттардың негізгі бөлігін 16-62 жас аралығындағылар, яғни экономикалық белсенді халық құрайды. Осы жылдар аралығында халықаралық көші-қон айырымы оң мәндерге ғана ие. Бұл кеткендер санының келгендер санынан аз екендігін көрсетеді. Негізінен ТМД елдерінен келушілер мен ТМД елдеріне кетушілер саны тұрақты көрсеткіштерге ие.

Халықаралық көші-қонда 2005ж. Қызылорда облысында иммигранттар 2374 адам, эмигранттар 530 адам болды. Көші-қон айырымы 1844 адам болды.



2-сурет

Қызылорда облысындағы халықаралық көші-қон (адам)

Көші-қон халықтың жас және жыныс құрылымына да әсер етеді және жалықтың қартаюына әкеледі.Себебі, мигранттардың көбі еңбекке жарамды жастағылар болып табылады. Сонымен бірге, қалаларға еркектерге қарағанда әйелдер көп келеді, бұл қаладағы әйелдер санының артуына себеп болады. Сонымен бірге, көші-қон халықтың ұлттық құрамына да өзгерістер енгізді. 1989-1999жж. аралығында қазақтардың саны 87,8%-дан 94,7%-ға дейін өсті. Ал эмигранттар негізінен орыс тілді халық болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көші-қон мәселесіне көп көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасының 1992 ж. қабылданған «Көшіп кетушілер туралы», «Халықтың көші-қоны» туралы Заңдары көші- қон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үрдістерінің негіздерін белгіледі. Сөйтіп, өзінің тарихи Отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде тіршілік жағдайларын жасау мәселесін мемлекеттік тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Шет елдерден ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың орналасуы үшін мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды. Көші- қон квотасы бойынша Қызылорда облысына да соңғы он бес жылда 5 мыңнан астам оралмандар көшіп келді. Облыстық миграция және демография басқармасының мәліметтері бойынша облысқа және соның ішінде Қызылорда қаласына жақын және алыс шетелдерден 1,5 мың жанұя немесе 5,23 мың адам қоныстанған. Олардың көбі көршілес Өзбекстаннан тарихи Отанына оралған оралмандар.

Қызылорда облысында халықтың тұрақты тұрмауының негізгі себептеріне әлеуметтік–экономикалық, экологиялық жағдайлардың нашарлауы болып табылады. Экономикалық және әлеуметтік көзқарас жағынан көші-қон үрдістерінің даму бағыттарын, қарқындылығын, көлемін және құрылымын анықтау маңызды. Себебі, бұл сұрақтарды зерттеу көші-қон деңгейі мен еңбекке жарамды бөлігін орналастыру деңгейі арасындағы өзара байланысты қалыптастыру үшін қажет.

Сонымен бірге ауылдық жерлерден қалаларға халықтың көші-қон ағынын азайту үшін жалпы демографиялық құрылымға өзгеріс ендіру керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Нүсіпова Г.Н. Халықтар географиясы: Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 2005.

2.Қазақстан Республикасының 1999 жылғы халық санағының талдамалы есебі. /Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі/ Алматы, 2005.

3.Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. 01/2007/. Қызылорда облысы статистика басқармасы. Қызылорда, 2007

4.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2003. 5,6-томдар.

5.Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. 2006 Қ.Р.Статистика агенттігі. Алматы, 2006.

6.Қазақстан өңірлерінің демографиялық жылнамалығы. /Қ.Р.Статистика агенттігі/ Алматы, 2006.

7.Региональный статистический ежегодник Казахстана. /Комитет по статистике и анализу/ Алматы , 2005.


ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада Қызылорда облысындағы көші- қон мәселесі қарастырылды. 1999 жылдан 2006 жылға дейінгі көші- қон қозғалысына талдау берілді. Облыс ішіндегі және облыстан тыс жерлерге халықтың көші-қонуының себептері анықталды.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается миграционная ситуация Кызылординской области. Дается подробный анализ миграционного движения населения за период с 1999г. по 2006 г. В работе анализируются причины миграции населения внутри области и за его пределы.

ӘОК 796.50




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет