Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады


Тыныс алуға жарамсыз ортада іс-қимыл жасауға қойылатын талаптар мен жұмыс ережесі



бет5/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Білім беру

1.4 Тыныс алуға жарамсыз ортада іс-қимыл жасауға қойылатын талаптар мен жұмыс ережесі

Әрбір іс жүзіндeгі ГТҚҚ буынына қауіпсіздік бeкеті қойылады, ерекше жағдайларда тыныс алуға жағымсыз ортаға кіру екі буынға бірeу болса, ГТҚҚ бір мезгілде жұмыс жасайтын екі буынына бір қауіпсіздік бекетін қоюға рұқсат етіледі.


ГТҚҚ буынының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бекетте тұрған қызметкер ТОЖҚҚ жұмыс істеу параметрлерінің есебі жүргізіледі және олардың сақталуын бақылау жүзеге асырылады.
Метрополитен тоннельдерінде, ұзаққа созылған (көлемді) жерасты құрылыстарында, тоғыз қабаттан жоғары ғимараттарда, кемелердің трюмдерінде және басқа потенциалды қауіпті объeктілердің қауіпсіздік бекетінде әрбір іс жүзіндегі буынға бір резервтік ГТҚҚ буыны қойылады, басқа жағдайларда әрбір іс жүзіндегі буынға, әдeттегідей БӨП бір резервтік ГТҚҚ буыны қойылады.
Метрополитеннің жерасты құрылыстарында және ұзақтылығы (ауданы) үлкен жерасты құрылыстарын барлау үшін ГТҚҚ буынның кeм дегенде екі буыны жіберіледі, бұндай жағдайда буын командирінің біреу аға командирі болып тағайындалады. Мұндай жағдайда 4 сағат қорғайтын ТОЖҚҚ қолдану қажет (өрткe қарсы қызмет гарнизонында болса).
Адамдарды жаппай құтқару кезінде немесe жоспарлануы күрделі емес көлемі шағын және таза ауаға есігі жақын үй-жайларда жұмыс жүргізген кезде тыныс алуға жарамсыз ортаға бір мезгілде қойылған міндеттерді жедел және тиімді шешу үшін қажетті газ-түтіннен қорғаушыларды жіберуге жол беріледі.
Ірі және дамыған өрт орнында және авария аймағында тиісті басшылар қауіпсіздік шараларын сақтауға жауапты тұлғаларды басшылық құрамы тұлғаларының қатарынан тағайындайды.
Өрттің барлауын ұйымдастырғанда өрт орнында ӨСЖ және басқа да жедел лауазымды тұлғалар агрессивті химиялық қауіпті заттар мен радиоактивті заттардың сипатын, олардың концентрация деңгейі мен ластану аймақтарының шектерін, сондай-ақ қажетті қауіпсіздік шараларын анықтау үшін ұйымдар мен объектілердің тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерін барынша қатыстыру керек.
Химиялық қауіпті зат және радиоактивті зат шығарынды болатын аварияларды жоюға қатысатын басқару органдардың, бөлімшелердің, мекемелердің жеке құрамы тек арнайы қорғайтын киім-кешекте және ТОЖҚҚ жұмыс істейді.
Химиялық және радиациялы зақымдалған аймақта тері мен тыныс алу органдарын жеке қорғайтын құралдарсыз болуға тыйым салынады.
Оқшаулағыш газқағарлар мен тыныс алу аппараттарына қосу және ГТҚҚ буынының газ-түтіннен қорғаушылары өрт орнында немесе авария аймағында арнайы қорғайтын киім-кешек жиынтығын киюді таза ауада, әдеттегідей, қауіпсіздік бекеті орналасқан жерде жүргізіледі. Сыртқы ауа температурасы жағымсыз болғанда – жылы үй-жайда немесе өрт сөндіру автомобилінің жауынгерлік есеп кабинасында жүргізіледі.
Арнайы қорғайтын киім-кешек жиынтығын кигізуге ГТҚҚ буынына қорғайтын киімнің нақты түріне пайдалану құжаттамасымен белгіленген көлемде ассистенттер бөлінеді.
ГТҚҚ бөлімшелері химиялық және радиациялық зақымдалған аймақта барлық әрекеттерді тек жоспарланудағы жұмысқа объектілердің әкімшілігінің жауапты өкілінің жазбаша түрде рұқсаттама (рұқсаттама-наряд) алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Химиялық зақымдалған аймақтарда жұмыс істеу кезінде оттегі оқшаулайтын газқағарларды өнеркәсіптік газқағарларына ауыстыруды химиялық барлау және объекті мен Министрлік мамандарынан кеңес алу нәтижелері бойынша жүргізіледі. Арнайы қораптардың үздіксіз әрекет ету уақытын анықтау кезінде олардың ХҚЗ түрі, улылығы, авария аймағындағы концентрациясы ескеріледі.
Авария орнында ГТҚҚ күштері мен құралдарын жаю зақымдалмаған аймақта желдетілген жақтан жүзеге асырылуы тиіс. ХҚЗ буларының концентрация мәні мен радиация деңгейін анықтамай, ХҚЗ және радиоактивті заттар сақталатын авариялық үй-жайларға кіруге тыйым салынады.
Тыныс алуға жарамсыз ортақта, сондай-ақ химиялық радиациялық зақымдалған аймақта жұмыс істеп жатқан ГТҚҚ буындарының ауысуы жеке қорғайтын құралдардың қорғау әсері уақытына сәйкес жүргізіледі. Ауысу әдеттегідей, таза ауада жүргізіледі. Қажет болған жағдайда ол ӨСЖ, немесе БОП бастығы немесе аварияларды жою жөніндегі жұмыстары жетекшісінің шешімдерімен жауынгерлік позицияларда тыныс алуға жарамсыз ортада жүргізіледі. Ауысқан ГТҚҚ буындары тиісті қалпына келтіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін резервте болады.
Авария орнында күштер мен құралдардың, қорғайтын киімдер мен арнайы қораптардың, медициналық жабдықтардың, дозиметрлік бақылау құралдардың және т.б. заттардың резервтері зақымдалмаған аймақтан тыс, өрт орнында – ОСЖ бекіткен учаскесінде өрт аймақ шекарасында болуға тиіс.
ГТҚҚ буынының өрт ошағына қозғалған және қайта оралған кезде буын командирі бірінші болып жүреді. Тұйықтаушы болып, неғұрлым тәжірибелі газ-түтіннен қорғаушы тағайындалады, ол сонда-ақ буын командирінің орынбасары болып табылады. Ерекше жағдайларда ақуалға байланысты қайта оралып келе жатқанда буынды тұйықтаушыға бірінші болып жүруге рұқсат беріледі.
ГТҚҚ буына тыныс алуға жарамсыз ортадан толық құрамда қайта оралуы тиіс.
ГТҚҚ буыны тыныс алу аппараттарынан және оқшаулағыш газқағарлардан ажырату ТОЖҚҚ буыны командирінің командасы бойынша іске асырылады. Мысалы: «тыныс алу аппараттарының (газқағарлар) буыны – АЖЫРАТЫЛСЫН».
ГТҚҚ буынының командиріне және қауіпсіздік бекетінде тұратын күзетшіге қандай да бір нұсқау беруге тек ӨСЖ, өрттегі жедел штабтың бастығы, БӨП бастығы немесе аварияны жою жөніндегі жұмыстардың жетекшісі ғана беруге құқықты. Өрт орнындағы басқа лауазымды тұлға тек ГТҚҚ буыны тура соған бағынысты болса ғана буын командиріне нұсқау бере алады, ол туралы буын командирі жеке өзі білуге тиісті.
Тыныс алуға жарамсыз ортада өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ГТҚҚ буын командирі жүру жолын есіне сақтап, келесі талаптарды орындауға тиіс:
ТОЖҚҚ ашық отқа әсерінен, соғылу мен зақымданудан сақтау қажет, масканы шешіп немесе оның әйнегін сүрту үшін тартуға, қысқа уақытқа болсын ажыратуға жол берілмеуі;
қауіпті өрт факторлары бар және ХҚЗ мен радиоактивті заттармен зақымдалған аймақтарда жұмыс істеуге шектелетін уақытты білуі және бақылауы;
қауіп туралы хабарлау дабылын білуі;
биіктікте жұмыс істегенде газ-түтіннен қорғаушыларды құлап кетуін болдырмайтын сақтайтын құралдардың қолданылуын;
ХҚЗ буларының концентрация мәні мен радиациялық деңгейін анықтап алмай, ХҚЗ және радиоактивті заттар сақталатын авария үй-жайларына кіруге болмайды;
жылжу барысында жөндеу, технологиялық және басқа ойықтарға, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының бұзылған жерлеріне құлап кетуді болдырмау үшін өз алдындағы жабын конструкцияларын өрт сөндіру сүйменімен соғып тұру қажет;
биікке көтерілу және онда жұмыс істеу кезінде газ-түтіннен қорғаушыларға өрт сөндіру оқпанының жең жолағына жалғанған аспаны киюге рұқсат берілмеуі тиіс;
есік ойықтарын ашқан кезде ГТҚҚ буынының жеке құрамы осы есік ойығынан тыс жерде болуы тиіс және есіктің тұрқы ықтимал жалын шарпуынан қорғауға қолданылуы тиіс;
әдеттегідей, қиғаштап қабырғалармен немесе терезе ойықтары бар қабырғалар бойымен сақтану шараларын сақтап, оның ішінде өрт (апат) объектісінің жедел-тактикалық және конструкциялық ерекшеліктерін ескере отырып қозғалу керек;
жылжу кезінде қабырғаларды тек алақанның сырт жағымен ғана ұстау керек:
жұмысты істеу немесе жылжу кезінде үнемі буынның жарақтандырылуын, конструкцияның жарылу және бұзылу қауіптігін, оттың тез лаулау мүмкіндігін бақылауы тиіс;
жылжу кезінде жұмыс жақтарымен қараған іс жүзіндегі механикаландырылған және электрленген құралдарды бір жерден бір жерге, ал көлденен аралар мен қол араларды ауыстыруға болмайды;
ақаулықтар туралы немесе басқа да буынға жағымсыз жағдайлар туралы баяндап, газ-түтіннен қорғаушылардың қауіпсізідігін сақтауға бағытталған шешімдерді қабылдауға тиісті;
ТТС, ЖС, жанғыш газдары бар сыйымдылықтар мен ыдыстар сақталатын немесе болатын үй-жайларда, сондай-ақ жанғыш шаңдар мен талшықтардың шығуы ықтимал жерлерге ашық жалынмен кіруге тыйым салатынын білу керек;
ТТС, ЖС сақтайтын үй-жайларда жұмыс істеу кезінде ГТҚҚ буының жеке құрамы резеңке етік киіп, ұшқын шығуға қарсы барлық сақтандыру шараларын қолданып, электр шам ажыратқыштарын пайдалануға болмайды;
құдықтар мен жылу коммуникацияларын жарықтандыру үшін ашық жалынды қолдануға жол берілмейді;
құтқару және өзін-өзі құтқару үшін суланған және дымқыл құтқару арқандарын және осы мақсаттарға арналмаған басқа да құралдарды қолдануға тыйым салады;
құтқару және өзін-өзі құтқару жұмысын буын командирі құтқару арқанының ұзындығы жерге (балкон және т.б.) толығымен түсуді қамтамасыз ететініне, құтқару ілгегі ғимараттың құрылысына берік бекітілгеніне және белдік өрт сөндіру карабиніне дұрыс байланғанына көз жеткізсе ғана бастайды;
ГТҚҚ буындарына өртте жұмыс істеген кезде лифтіні пайдалануға тыйым салады;
Тыныс алуға жарамсыз ортаға кірер алдында ГТҚҚ буын командирі карабинмен бағыттаушы арқанды қауіпсіздік бекетіне конструкцияға бекітіп, қойылған міндеттерді орындау орнына жылжытады. Белгіленген жерге жеткен кезде арқанды бекітіп, буын құрамымен қойылған міндеттерді орындауға кіріседі.
Кейін бағыттаушы арқан әрекет жасайтын орынға және кері қайтарғанға жылжу үшін арналған бағыт ретінде ГТҚҚ буындарымен қолданады.
Жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ГТҚҚ буынның сақтығы ретінде, бағыттаушы тросты немесе қол жолағын қолдану қажеттілігі ӨСЖ шешімімен қойылған міндеттер мен өрт объектісі жобасының күрделігіне қарай анықталады.
ГТҚҚ буынында болған оқиға туралы немесе олармен байланыс үзілген жағдай туралы хабарлама түскенде қауіпсіздік бекетіндегі кезекші ӨСЖ немесе БӨП бастығымен келісіп, көмек көрсету үшін ГТҚҚ буынының болжамды орнына дереу (резервті) буын (буындар) жіберуге міндетті.
Химиялық және радиациялық зақымдалған аймақта жұмысты аяқтаған соң газ-түтіннен қорғаушылар қажетті жағдайда санитарлық өңдеуден, шығатын дозиметриялық бақылау мен медициналық тексеруден өтуге міндетті.
Басқару органдары, бөлімшелер және мекемелер ГТҚҚ буындарының нақты жағдайларын ескере отырып, газ-түтіннен қорғаушыларға еңбек жағдайларын жақсартатын іс-шаралар жүргізуге және ауыру мен жарақаттану жағдайларының, қауіпсіздігі ережесі бұзылудың алдын алу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет