Лекция: 30 Семинар: 8 СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ): 60


- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері



бет3/11
Дата17.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
#141229
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері

Жоспары:

  1. Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі мақсаты.

  2. Әдебиеттің ғылыми пән ретіндегі мақсаты.

  3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің міндеттері.


Лекция мақсаты: Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі мақсатын көрсету. Әдебиеттің ғылыми пән ретіндегі мақсаты және әдебиетті оқыту әдістемесінің міндеттері мен таныстыру

Лекция мәтіні:

1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып-үйрету. Бұл пән сонымен бірге әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тәлім алуға, шәкірттердің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол сала отырып, олардың әдеби қабілетін дамытуды көздейді.

Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары:

1. Әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігі де сол өнер пәні болғандығы әдебиеттің сөз, тіл өнері екендігі туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

3. Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, жалғаспалық әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайлы білімдерін қалыптастыру.

4. Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету.

5. Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын байыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру.

6. Туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.

7. Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі білім берудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.

8. Тәрбиешілік мақсат. Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу. Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелей отырып, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ету.



2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсаты – қазақ әдебиеті пәнінен берілетін білімді ғылыми-теориялық жағынан қаруландыру. Оқушының шығарманы оқуы, қабылдауы – көркемдік танудың екі жағы. Бұл - әдебиетті оқытудағы басты нәрсе. Оқыту үрдісінде (процесінде) шығарманың ерекшелігіне, сабақ мақсатына қарай әдістер таңдалады. Қазақ әдебиеті әдістемесінде зерттелген әдістер ұтымды пайдаланып, мектеп тәжірибесінде жинақталды. Әдеби зерттеу негізі жүйеленді.

Әдебиетті зерттеу әдістері екіге бөлінеді:



  • мектепте оқытылатын көркем шығарманы оқушыға жеткізу әдістер жүйесі;

  • сол көркем шығарманың жазылу стилі, мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні, тілдік, ырғақтық әдістері.

Әдеби әдістер, яғни, оқушыға жеткізу жолы мен жүйесі – күнделікті сабақта батыл енгізіліп, оқушының өзіндік шығармашылық еңбегіне құрылады.

3. Әдебиет әдістемесінің міндеттері:

  • білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;

  • әдістемелік нұсқауларды толықтырып отыру;

  • әдеби-теориялық ұғымдар сөздігін жасау;

  • сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды көбейту;

  • сыныптан тыс оқу кітаптары;

  • көрнекі құралдар: синтетикалық, синхроникалық кестелер, альбомдар, портреттер;

  • техникалық оқу құралдары: диафильмдер, оқу кинофильмдер, слайдтар, магниттаспаларына жазылған: радио, телехабар беттері, фонохрестоматиялар жасау. Бір сөзбен айтқанда көркем шығарма мен жаңа әдістердің байланысын ашып, оқушының жас ерекшелігіне сай жаңартып отыру. Үнемі ізденіс зерттеуді жетілдіру.


Бақылау сұрақтары:

  1. Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі мақсаты.

  2. Әдебиеттің ғылыми пән ретіндегі мақсаты.

  3. Әдебиетті оқыту әдістемесінің міндеттері.

  4. Әдебиеттің дамыту мәселелері

  5. Әдеби білім берудегі дамыта оқыту Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқытудың өзіндік ерекшеліктері

  6. Әдебиетті дамыта оқыту принцптері



3- лекция. Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқытудағы басты заңдылықтар мен ғылыми-зерттеу әдістері
Жоспары:

1. Қазақ әдебиетінің заңдылықтары.

2. Ғылыми зерттеу әдістері.

3. Экспериментті зерттеу әдісі.

4. Проблемалы зерттеу әдісі.
Лекция мақсаты: Қазақ әдебиетінің заңдылықтарын жан-жақты қарастыру. Ғылыми зерттеу әдістерін көрсету. Әдеьбиетті оқытуда экспериментті зерттеу әдісінің қолданылуы жайында және проблемалы зерттеу әдісі жөнінде мәліметтерді жеткізу.

Лекция мәтіні:

1. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде оқылатын барлық пәндер секілді қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің де заңдылықтары мен ғылыми зерттеу әдісі бар. Ол зерттеу әдістер - әдебиетті оқыту дидактикасына негізделген. Қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің мақсаты - әдебиеттің зерттейтін нысанасын (объектісін) жан-жақты ашып, оқушыға толық таныту.

Қазақ әдебиетінің заңдылықтары - әдебиеттің қамтитын тақырыптық жанрлары мен шығарманы танытып білу тұтастығымен айқындалатын заңдылықтар. Заңдылықтар ғылыми зерттеу әдісі арқылы (практикаға) өмірге енеді.



2. Ғылыми зерттеу әдісі – белгісізді таныту, анығына жеткізу, заңдылықтарын айқындап, жүйелі жеткізу жолдарының теориялық ережелерін табу.

Қазақ әдебиетінің заңдылықтары мынандай әдебиеттің саласы бойынша зерттеледі:



  • ауыз әдебиетін оқыту заңдылықтары;

  • поэзиялық шығармаларды оқыту заңдылықтары;

  • прозалық шығармаларды оқыту заңдылықтары;

Қазақ әдебиеті әдістемесінің ғылыми зерттеу жұмыстары мынандай үш түрлі зерттеу әрекеті бойынша танып біліп, жүзеге асады:

  • көркем поэзия мен көркем шығарманы таныту мақсатында оқыту әдістерінің жүйесін жасау;

  • көркем поэзия мен көркем шығармаларды талдау, салыстыру, оқыту әдістерінің бағытын айқындап, комплексін жасау;

  • эксперимент жасау арқылы тиянақты тәжірибе, теориялық тұжырымдар негізінде қорытынды ережелерін айқындау.

Осындай үш саладан тұратын зерттеу жұмыстары негізгі ғылыми нысананы танып білу мәселесінде іске асырылып, оқыту әдістеріне түп қазық негіз болады.

Әдебиет әдістемесінің даму шарты:



  • эксперименттік тәжірибелер жасау;

  • әдебиет пәні ғылымындағы жетістік пен жаңалықтарды сабаққа ендіру;

  • озат мұғалімдердің жеке тәжірибелерін зерттеу, оған жаңа ойларды қосып толықтыру;

  • әдебиетке байланысты барлық зерттеулерді екшеп, айқындап тиімді әдісін қарастыру;

  • әдістердің барлық түрі бала психологиясына сай келуін қамтамасыз ету.

Теориялық зерттеу әдістері – белгілі бір теориялық ережелерге сай, жалпылап, тектестіріп, аксиомалық тұжырым мен альтернативті тұжырым арқылы жаңа ереже жасау.

Эмпирикалық зерттеу әдістерінде жаңа теориялық ереженің іске асуын бақылау, сипаттау, бағалау.

3. Экспериментті зерттеу әдісі – белгілі бір әдісті мектеп тәжірибесінде сынақтан өткізіп, эксперименттегі әдістің тиімділігін дәлелдейді. Эксперимент екі сыныпта, екі мектепте қатар жүргізіліп тексеріледі. Экспериментке қойылатын мақсаттар мен әдістер екі мектепте бір-бірімен салыстырылады.

Экспериментті зерттеу төрт түрлі жолмен жүзеге асады. Олар: оқыту, бағалау, тексеру, қорытындылау.



4. Проблемалы зерттеу әдісі – экспериментті зерттеу әдісінің қол жеткен табыстарын, әдістерін шығармашылықпен өмірге ендіріп, жаңа әдіспен терең білімнің көзін ашу. Проблемалы зерттеу әдісі арқылы, проблемалы оқыту әдісі туындайды. Проблемалы зерттеу әдісі дидактиканың заңдылықтарына бағынады.

Оның бес түрлі жүйелі кезеңі бар. Олар:



  • проблемалық ситуацияларды туғызу жолын алдын ала болжау;

  • проблемалық зерттеу жұмыстарының құрылымын дұрыс құру;

  • проблемалық зерттеу әдістерін күні бұрын дәл белгілеу.

  • теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

  • проблемалық зерттеу нәтижесінде проблемалы оқыту жүйесі дұрыс шешілгендігін тексеру, тиісті қорытындылар жасау.

Әдебиеттегі әдістерді зерттеу – педагогика ғылымының құрамына енетін тарихи жағынан дамыған, жетілген әдістерді зерттеп өмірге, мектепте оқыту саласына ендіретін, бір жүйеге келтіретін ғылыми әдіс. Белгілі жанрға жазылған шығарманың мазмұнының ғылыми сипатын, тәрбиелік, дамытушылық мақсатын толық анықтап, оқушыға жеткізу әдісін табады.
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ әдебиетінің заңдылықтары.

2. Ғылыми зерттеу әдістері.

3. Экспериментті зерттеу әдісі.

4. Проблемалы зерттеу әдісі.
4- лекция. Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

Жоспары:


  1. 1917 ж. дейінгі қазақ мектептері.

  2. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесі.

  • 1917-1927 жылдар;

  • 1928-1939 жылдар;

  • 1939-1990 жылдар;

  • 1990-2000 жылдар.

  1. Оқытудың жаңа технологиясы


Лекция мақсаты: 1917 ж. дейінгі қазақ мектептерінің жай-күйі. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесі. 1917-1990 жылдар және 1990-2000 жылдар аралығындағы әдебиеттің оқытылуы. Оқытудың жаңа технологиясы жайынды мәліметтерді студенттерге жеткізу.

Лекция мәтіні:

1. 1917 жылға дейін қазақ жерінде 3 түрлі мектеп өмір сүрді:

1. Қадым мектебі.

2. Жәдит мектебі.

3. Медреселік білім беру жүйесі: оның прогресшіл жақтары.

Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.

Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтары: халықтың сауатын ашу, көңілін ояту, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу. Әсіресе, бұл салада ағартушы ұстаз, тарихи тұлға Ы. Алтынсариннің еңбегі ерекше. Ол халық ағарту саласында тарихи тәжірибені меңгере отырып, қазақ тілінде оқулық шығару, қазақ мектептерін ашу жұмысымен айналысты. Әдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының» (1979) алатын орны орасан, ол хрестоматияға енген материалдардың тәрбиелік-өнегелік жақтарына көп көңіл бөлді. Ыбырай өз халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани біліп, оны жинап бастырды. Ол әлемдік үздік туындыларды қазақ халқының рухани игілігіне айналдырып, жасөспірімдерді адамгершілік рухта тәрбиелейтін аудармалар (Л. Толстой, К. Ушинский, И. Паульсон) жасады. Ыбырай ағартушылық көзқарасын қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтарының тәжірибелерімен байланыстыра білді. Ол оқыту әдістемесіне осылай жаңалықтар енгізді.

Қазақтың Шоқан, Абай, Шәкәрім, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Торайғыров, Байтұрсынов, Дулатов, Аймауытов, Жұмабаев сынды ағартушы-демократтары халық санасын оятуға тарихи үлес қосты.

2. 1933 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде секция құрылды. Оның міндеті бастауыш және орта мектептер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен бағдарламалар, төл сұрақтар жасау. Сол мақсатта 1933 жылы бірнеше ғылыми экспедициялар жасақталды. Құрамында Б. Майлин, М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин сияқты ірі қалам қайраткерлері балаларға лайық әдеби нұсқалар, фольклорлық шығармалар жинақтады. 1934 жылы 5-7 сыныптарға арналған бағдарлама басылып шықты. Осы бағдарлама бойынша 5-7 сынып оқулық-хрестоматиялар жасалды; 6 с. авт. М. Әуезов; 5 с. Ә. Тәжібаев т.б.

1939-40 ж. Шайқы Кәрібаев әдіскерлерді, мұғалімдерді қатыстырып, 5-7, 8-10 сынып бағдарламалар жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 сынып бағдарлама жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 тарихи-әдеби курс болып бөлінді. Осы бағдарлама бойынша Ш. Кәрібаев, А. Көшімбаев әдебиеттік оқу кітаптарын, Т. Ақшолақов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, С. Мұқановтар жоғары сыныпқа арналған әдебиет оқулықтарын жазды.

Қ. Жұмалиев 8-10 сыныпқа арналған «Әдебиет теориясы» оқулығы жарық көрді.

1941 жылы Ш. Кәрібаевтың «Әдебиеттік оқу әдістемесі» (9) кітап болып басылып шықты. 1953 жылы «Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс оқу»; 1957 жылы С. Тілешованың «5 сынып көркем шығарманы оқып үйрену»; 1957 ж. Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», «Әдебиетті оқыту әдісі» (1966) деген еңбектері, А. Көшімбаевтың «Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі»(1958), «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»(1969) атты іргелі еңбектері басылды.

70-80 жылы әдебиет әдістемесі ғылым ретінде дамып, зерттеулердің теориялық салмағы, практикалық тиімділігі арта түсті. Сыныптан тыс оқу кітаптары сериялары даярланып шығарылды. 1973 жылы С. Тілешова 4-5 сынып оқушылары үшін екі жинақ, 1973 жылы Ә. Дайырова екі жинақ, 6-7 сынып оқушылары үшін 1973 жылы бір кітап, 1979 жылы екі кітап Ә. Дайыров жазып, басып шығарды. 1980 жылы Р. Құтхожина 10-11 сыныптар үшін «Қазақ поэзиясы» бойынша, 1972 жылы 8-11 сыныпқа арнап шетел әдебиеті бойынша, Ә. Дайырова сыныптан тыс материалына оқу кітаптарын шығарды. 1972 жылы М. Мырзахметов пен Ә. Дайырованың жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Әдеби-сын мақалалар хрестоматиясы», «Әдебиет тану» оқу құралдары шықты.

Кестелер – А. Құнанбаевтың, Ж. Жабаевтың, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығына арналған синтетикалық кестелер, диафильмдер жасалды.

Синтетикалық кестелер, диафильмдер жасалды. 1985 ж. факультативтік курстар хрестоматиясы жинақталып, көпшілікке ұсынылды.

1986-90 ж. әдеби білімнің негізгі тереңдетілген деңгейлері айқындалып нақтыланды. Зерттеулер нәтижесі:

Орта мектеп қазақ әдебиетін оқыту мына еңбектер арқылы толықтырылды:

3. 1991 ж. бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта (болашақ және қазіргі мектеп) және де бірнеше тақырыптар бойынша жүргізілуде. Қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңарту – ғылыми-зерттеудің негізгі бір бағыты. Бұл зерттеу бойынша білім мазмұны мен құрылымын жаңартудың принциптерін концептуалдық бағыттары мен жолдарын, шарттарын ғылыми негіздейтін «Әдеби білім тұжырымдамасы» жасалды. Ондағы соны проблемалар:

1. Оқушы шығармашылығын дамытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі;

2. Қазақ әдебиеті сабағында компьютерді пайдалану мәселесі бойынша зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Бақылау сұрақтары:


  1. 1917 ж. дейінгі қазақ мектептері.

  2. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесі.

  3. 1917-1927 жылдары әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы

  4. 1928-1939 жылдардағы әдебиеттің тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері

  5. 1939-1990 жылдардағы білім беру реформалары және әдеби білім беру ісін жетілждіру жолдары.

  6. 1990-2000 жылдардхағфы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер

  7. Оқытудың жаңа технологиясы


5- лекция. Тақырыбы: Оқытудың жаңа технологиясы
Жоспары:

  1. Білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновацияның мазмұны

  2. Инновациялық ізденістердің бағыттары

  3. Педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихы

  4. Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары


Лекция мақсаты: Білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновацияның мазмұнын ашыпи беру. Инновациялық ізденістердің бағыттарын жандандыру ісі. Педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының пайда болуын және де жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттарын студеенттерге ұқтыру.
Лекция мәтіні:

1. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын ендіру туралы айтылған. Осыған байланысты соңғы жылдары жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. «Инновация» деген сөз латынның «novus» - жаңалық және «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы – «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

2. Кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.

Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен айналысу.

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған қазіргі кездегі тіл және әдебиетті оқытудың әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.



3. Мектептердің қазіргі даму барысында инновациялық ізденіс төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр: білім берудің мазмұнын қалыптастыру, жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа әдіс; жүйе; педагогикалық технология құру және оны жүзеге асырып үйрену; жаңа үлгідегі оқу мекемелерін жасау; кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы. Олай болса оқушы білімін дамытуда жаңа технологияның райы ерекше деп білемін.

Біз алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» жаңаша педагогикалық терминдерінің мағынасын түсініп алуымыз қажет сияқты. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткен жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені белгілі:



    • біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы.

    • екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді.

Білім беру саласындағы технологиялық идеяларды жаңадан пайда болды деуге болмайды. Себебі, оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Каменский айтқан болатын.

Оқытудың тәсілдері жетерлік: олар, оқытудың дербес тәсілі, оқытудың топтық тәсілі, даралап оқыту тәсілі. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың жекелеген жүйелері мен әдістері емес, барлық дидактикалық мақсаттарды қуаттайтын технология керек, басқаша айтқанда, педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің жетістіктерінен туындайтын жаңа технология керек.

4. Жаңа технологиямен оқыту ерекшелігі

Мақсаты – білімді, алғыр, жан-жақты дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе алатын оқушыны қалыптастыру.

Міндеті – оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Құралдар – тірек конспект, тірек схема, карта.

Нысандар – ойын, сөзжұмбақ, тест, дидактикалық тапсырмалар, шығармашылық жұмыс арқылы нысанаға жету, тақырыптың мәнін ашу.

Әдістер мен тәсілдер – деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, топтық, ұжымдық, жұптық оқыту.

Нәтиже - өз пікірін білдіре алатын, ой қорытынды жасайтын, қайталау арқылы алған білімді есте сақтайды, ғылыми түрде талдай алады.
Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары:


  1. Алдағы аптаға тапсырма беру.

  2. Тапсырма бойынша пікірлесу.

  3. Мәтінмен жұмыс.

  4. Қосымша әдебиетпен байланыстыра өту.

  5. Ғылыми еңбектермен байланыстыру.

  6. Өзіндік жұмыс.

  7. Жүйелеу, жинақтау.

  8. Жазу сызу бойынша модель жасау.

  9. Қорытынды.

  10. Жинақтап бағалау.


Бақылау сұрақтары:

  1. Білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновацияның мазмұны

  2. Инновациялық ізденістердің бағыттары

  3. Жаңа технологияны игерудегі ерекшеліктер

  4. «Инновация» сөзінің шығу төркіні

  5. «Технология» термині

  6. Педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихы

  7. Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары

  8. Модификациялық инновация

  9. Комбинаторлық инновация

  10. Радикалдық инновация



6- лекция. Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы
Жоспары:

  1. Бастауыш сыныптардағы білім мазмұны.

  2. Базалық сыныптарда берілетін әдеби білім көлемі (V-IX сыныптарда).

  3. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курс (X-XI сыныптар).


Лекция мақсаты: Бастауыш сыныптардағы білім мазмұны жайлы мәліметтер беру. Базалық сыныптарда берілетін әдеби білім көлемін (V-IX сыныптарда) қарастыру. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың (X-XI сыныптар) өтілу жайы.
Лекция мәтіні:

1. Қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына аса қажетті білімдік, тәрбиелік, әр жақты қызметтер атқаратын негізгі эстетикалық пән. Көркем шығармаларда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, психологиясы, адамгершілік-эстетикалық даналық ұғым түсінігі, арман мұраты көрініс тапқан, қазақтың шешен бай тілі жинақталған.

Сол қазақ әдебиетін жүйелі оқыту үшін арнайы мемлекеттік базалық оқу жоспарына сай жалпы білім беретін мектептің V-XI сыныптарына арналған қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы жасалады.

Орта мектептегі әдеби білім үш сатыдан тұрады. Олар: бастауыш – I-IV сыныптар; V-IX сыныптар; жоғары X-XI сыныптар.

Бастауыш – I-IV сынып әдеби білім берудің біртұтас жүйесінің ажырамас өзекті буыны, алғашқы басқышы, дайындық сатысы. Шәкірттерді көркем шығармаға қызықтырудың, ертегі, өлең оқуға сүйсіндірудің, көркем туынды арқылы адамгершілік, халықтық тәрбиенің негізін қалайтын, тіл ұстартудың іргетасы осы буыннан басталады.

Бастауыш сыныптарда ана тілі үш бөлімнен жүйелі түрде оқытылады. Олар: сауат ашу, оқу, жазу.


  • Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазуға үйрету міндеті тұрады. Оларды оқу қызметіне бейімдеу, тануға құштарлығын ояту, дұрыс сөйлеуге, өзін бағалай білуге үйрету;

  • Оқудың мақсаты – оқу дағдысын қалыптастыру; халықтық шығармалардың алтын қорымен таныстыру; оқыған көркем шығармаға өз көзқарасын білдіру; өз ойын еркін де түсінікті, саналы баяндауға, өз болжамы мен ой қорытындысын айта білуге үйрету;

  • Жазудың мақсаты – оқығанын мазмұндап жаза білу; шығармашылық жұмыс жасауға үйрету; сол арқылы ойлау қабілетін жетілдіру. Бұл міндеттерді шығармашылықпен жүйелі орындау барысында дамыта оқыту жүзеге асады, ана тіліне деген құштарлық сезімін оятады.

2. Базалық білім V-IX сыныптарда әдебиетті дербес пән ретінде оқу осы буыннан басталады. V-VII сыныптар көркем поэзия, көркем шығармаларды оқып үйренуге негізделген әдеби оқу. Онда әдеби шығарманың мәтінін оқып үйрену, талдау, жинақтау арқылы жүргізіледі. Көркем шығарманы оқып үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне, көлеміне сәйкес болады.

Шығарманың құрылысы, тілі, шығармадағы табиғат бейнелері көркем туындының идеялық мазмұнын ашатын құралдары ретінде қаралуы тиіс.

V-VII сыныптардағы білім мазмұнында басты орын – қазақтың ауыз әдебиетіне, шешендік сөздерге, классикалық әдебиетімізге, қазіргі кезең әдебиетіне беріледі. Әлем әдебиетінің классикалық үлгілері білім мазмұнына компонент ретінде енеді.

VIII - IX сыныптардағы бағдарлама мен оқулыққа әр дәуір әдебиеті сұрыпталып алынады. Шығарманың авторы мен материалдар жайлы әдеби-тарихи мәліметтермен байланыстырыла қарастырылады.

Оқулықтағы әдеби білімнің негізі:


  • көне дәуір әдебиеті үлгілері;

  • XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы;

  • XIX-XX ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті;

  • шетел әдебиеті үлгілері;

  • қазіргі әдебиетіміздің балаларға лайық таңдаулы үлгілері.

3. Бастауышта білім берудің жүйесіне қарағанда курстың құрылымы, мазмұны, мақсаты өзгереді. Міндеті күрделеніп, оқушының білім көлемі кеңейіп, эстетикалық қабылдау мүмкіндігі артады. Шығарманы талдауға, бағалауға қажетті білім, білік, икем-дағдылары қалыптастырылады. Көркем шығарманы оқуға деген ынта-ықыласы артады. Ауызекі сөйлеу, жазу тілі дамиды. Әдеби шығармадағы негізгі тақырып, ой қазығы, кейіпкерлердің сөйлеу тілі, жан дүниесі, әр бейненің мінезін танитын болады. Әдеби шығарманың сюжеті, құрылысы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері, халықтық педагогика, халықтық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының көрінісі, шығармадағы адамгершілік тәрбие, табиғат, сөз қолданыстар зерделеніп, әдеби пікір алмасуға жол ашылады. Әрбір оқушы шығармашылықпен ойлауға, өз ойын қорғауға, шығарманы талдауға, шығармашылық өзіндік ізденіске жаңа, тың жол салынады.

IX сынып базалық білімді аяқтап, орталау мектепті бітіріп, V-VIII сыныптарда алған білімдерін қорытындылайды.

X-XI сыныптарда тарихи әдеби курс өтіледі. Тарихи-әдеби курстан оқушылар қазақ әдебиетінің ең таңдаулы классикалық үлгілерімен танысады. Елеулі орын ақын-жазушылардың шығармашылығына беріледі. Жазушының бір немесе шығармасына, кейде толық шығармашылығын оқып үйренуге негізделеді. Жазушының туындыларындағы идеялық, көркемдік ерекшеліктерді таныту:

- шығарманың жанры мен стилін, идеясын, тақырыптарын;

- характер сомдауын, сюжет таңдауын, композиция құруын;

- тіл көркемдігін анықтау белгілі дәуірдің әдеби процесіндегі оның алатын орнын танытуға жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет