Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары


Мектептегі жаңартпашылық оқытудың әдіснамасы



бет2/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Мектептегі жаңартпашылық оқытудың әдіснамасы
Мектептерде жүзеге асырылып жатқан әдіснамалық қадамдар білім берудегі жаңартпашылықтың негізі. Қазіргі заман педагогикасы өзінің бұрынғы теорияларын қайта қарап, заман ағымына қарай тұлғаға – оқушыға бүкіл білім беру жүйесі мен оның дамуын ғылыми-практикалық сипатта бағыттауға бағдар ұстанды [56,57]. Бұл өзгеріс қоғамда орын алып отырған білім беру саласындағы қайта құрулардан туындап отыр [58].

Бұл адамзаттың дамуындағы қоғам мен білім беру саласының гумандануына бастап алып келеді.



Осының негізінде:

Техногендік өркениеттен Антропогендік өркениетке

Білім беруші – объектіден Білім алушы – субъектіге

«Білетін адамнан» «Өмірге дайын адамға»

Кәсіби дайындықтан Маман тұлғасының жүзеге асыруы

мен өзін-өзі дамытушылығына

Педагогикалық негізгі про- Педагогикалық негізгі процесс –

цесс – білім берушіліктен дамушылыққа

Туындатушы педагогикадан Шығармашылық педагогикаға

Есте сақтау мектебінен Саналы ойлау мектебіне

Іс-шаралар педагогикасынан Қарым-қатынас педагогикасына

Педагог-қамқоршыдан Педагог-менеджерге

Әсер етудің әкімшілдік стилі- Әсер етудің демократиялық стилінің

нің басымдығына басымдығына

Іс-әрекеттік қадамның Тұлғаның іс-әрекет, қарым-қатынас,

басымдығынан өздік дамуы арқылы әлеуметтенуге

бағыт ұстанған қадамдарды байкаймыз. Осының барлығы қазіргі классикалық емес кезеңнен кейінгі әлемдік кезеңде қазақ педагогика ғылымының дамуын сипаттайды. Онда синергетизм классикалық емес кезеңнен кейінгі уақыттың жетекші парадигмасы (paradigma - үлгісі) ретінде әдіснамалық қадамдардың әр түрлілігімен сипатталады. Ол тұлғаның жан-жақты дамуына бағыт ұстайды [59]. Орыс ғалымы Э.Г.Юдин осындай әдіснамалық қадамдардың иерархи-ясының (сатысының) пәлсапалық, жалпығылымдық, нақты ғылымдық, технологиялық төрт деңгейін бөліп көрсетеді. Жоғарыдағы 1-суреттегі әдіснамалық қадамдар «желкен» түрінде беріліп отыр. Енді осы педагогикалық қадамдардың сипаттамасына тоқталайық. Педагогикадағы әдіснаманың жалпы ғылымдық деңгейі онда орын алатын жүйелілік пен синергетикалық қадамдардан көрініс табады.

Алғашқысы педагогикалық жүйе категориясын құрады. Оның динамикалық жүйесі – функциялық, ал статикалық жүйесі құрылымдық болып, олардың арасындағы реттілік пен форманы танытады. Біз педагогикалық жүйе, педагогикалық процесс және педагогикалық процестің тұтастығын өз алдына жеке-жеке қарастырайық.



Мектептегі педагогикалық жүйе деп тұлғаға дамыта білім беру мақсатындағы біріккен және педагогикалық процестің тұтастығын қамтамасыз ететін, өзара байланыстағы құрылымдық бөліктердің жиынтығын айтамыз. Сонымен, осы түсінік негізінде мектептегі педагогикалық жүйені - мұғалім мен шәкірт, білім беру мазмұны, материалдық-техникалық база [39] сынды төрт бөлікке бөліп көрсетуге болады. Осы арқылы педагогикалық жүйе педагогикалық процеске айналады. Мектептегі педагогикалық процестің тұтастығы оқушыларды кәсіби дайындаудағы барлық құрамдас бөліктердің бірлігін ұсынады. Сондықтан оның құрамы білім беру, тәрбиелеу, даму, ғылыми қызметтерден тұрады. Олардың бәріне тән ортақ элементтер - мақсат, міндет, мазмұн, әдіс-тәсіл, форма, бақылау, нәтижелер. Ю.К.Бабанскийдің пікірі негізінде бұл элементтерді мақсаттық, мазмұндық, ұйымдастыру іс-әрекеттік, талдау-нәтижелік деп атайды. [60].

2-сурет.


Екінші, синергетикалық қадам жүйелілік қадамының жалғасы деп саналып, педагогикалық жүйеде кездесетін әрбір құрылымдық бөлік өзін қоршаған ортамен энергия және ақпарат алмасатын ашық ақпараттық жүйе болып табылады. Ақпараттық жүйе басқа ғылымдарға қарағанда синергетикада басты орынға ие. Өйткені, табиғи жүйелерге қарағанда әлеуметтік жүйелер ақпараттық болып келеді. Олар ақпарат алмасуынсыз өмір сүре алмайды. Синергетикалық қадам – педагогикада қолданылатын жүйелілік-функциялық әдістердің дамуы болып табылады.

Синергетикалық қадамның принциптеріне – субъективтілік; қосымшалық пен қарама-қайшылықтың үйлесуі, ашықтық жатады [35]. Синергетика өз бойына мектептегі білім беруде гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін біріктіріп, педагогикадағы ғылыми ойлаудың жаңа стилі – желілі емес ойлауды қалыптастырады [38].



Тұлғалық-бағдарлы оқытудың теориясы

Тұлғалық-бағдарлы оқыту тұлғалық дамыта оқытудың орнын баса отырып, өткен ғасырдың 90-шы жылдары мен ХХІ ғасырдың басында қазақ педагогикасында ТМД елдерімен бір мезгілде бой көрсетті. Ол бес теориялық негізден тұрады:



1. Баланың, білім алушының, студенттің тұлғасы. Бұл тұлға бүкіл білім беру процесінің мақсатын, субъектісін, нәтижесінің тиімділігін бағалау критерийі болып табылады (3-сурет).

3-сурет
2. Білім берудегі өзара қарым-қатынаста, әрекеттестікте субъекті-субъектілік қатынас басымдыққа ие болып келеді. Бұрынғы кеңестік дәуірде білім алушы ұстаз бен тәрбиешінің әсер ету объектісі деп есептелініп келді. Қазір осы бір қате түсініктен қазақ педагогикасы бас тартып, білім алушыны білім берушінің әріптесі ретінде қарастыру кең орын алып келеді. Басқаша айтқанда, ұстаз бен шәкірттің іс-әрекеті педагогикалық процестің тұтастығы болып табылады[61].



3. Тұлғалық-бағдарлы оқыту білім алушының өзіндік танымы мен өзіндік дамуын талап етеді [62, 63]. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі үш кезеңнен - мақсатты айқындау; мақсатқа жету жолындағы әрекет; мақсаттың орындалуының қорытындысын шығарудан тұрады.

Мақсатты айқындау үш элементтен тұрады: өзіндік таным; идеалды айқындау; өзіндік міндеттеме негізінде өзіндік жобалау.

Мақсатқа жету жолындағы әрекеттің тәсілдері – өзін-өзі сендіру, өзін-өзі мәжбүрлеу негізінде өзіндік қалыптасу.

Мақсаттың орындалуының қорытындысын шығарудын тәсілдері - өзіндік бақылау, өзіндік талдау, өзіндік бағалау болып табылады.

4. В.А.Селестина құрастырған оқулықта тұлғалық-бағдарлаушы әдіспен оқытудың принциптері төмендегідей түйінделіп берілген:

- вариативтілік – түрліше оқыту модельдерін қолдану;

- өрелілік (интеллекті) синезі, сезімдік (аффект) пен әрекет арқылы білім алушыны таным процесіне тартатын әдіс-тәсілдерді қолдану;

- бастапқы негіз (первооснова) – білім алушыны оның жанына жақын іс-әрекетке тарту [35].



5. Тұлғалық-бағдарлаушы әдіс кезіндегі білім берудің мазмұны. Бұл арада дәстүрлі педагогикадағы қатаң сипатта қалыптасып кеткен білім берудің мазмұнын білім, машық және дағды мен педагогикалық көзқарастардың, пікірлердің жиынтығы деп санаушылықты мүлдем басқа қырынан, білім, машық және дағдының, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің, сезімдік-еріктік пен құндылық қатынастар тәжірибесінің қоғамның материалдық және рухани мәдениетін дамытуға бейімделген жүйесі тұрғысынан ұғындырады [64]. Енді осыны кесте түрінді көрсетсек, онда айтпақ ойымыз төмендегідей болып келеді (4-сурет).


4-сурет.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің, сезімдік-еріктік және құндылық қатынастар тәжірибесімен қатар С-тұлғаның сапасын білім беру мазмұнының жаңа бөліктері деп санаймыз. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибесініне иелік ету адам бойында креативтілікті, сезімдік-еріктік және құндылық қатынастар тәжірибесі, белсенділік пен коммуникативтіліктен жауапкершілікке ауысатын сапалық жүйені қалыптастырады [65]. Осылайша, когнитивтік іс-әрекеттің технологиясы мен тұлғаның танымдық тәжірибесі қалыптасады. Тұлғалық-бағдарлаушы әдіс дербестік әдістегі тұлғаның жеке бастық - физиологиялық, генетикалық, ұлттық, психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оны өз бойына сіңіреді.

Біз тұлғаның тұтас тәрбие алуын сөз еткендіктен, тұлғалық әдіс тұтастық әдісімен біте қайнасып кетеді. Тұтастық әдісі ұстаздардан тұлғаның интегративтік (толықтырушы, орнын толтырушы) сипатына бағыт ұстануды талап етеді. Педагогика оның қолданылу барысында педагогикалық процестің тұтастық теориясына сүйенеді. Педагогикалық процестегі әрбір қосымша процестер өзінің арнайы функциясын атқарып отырады. Мектепте білім берудің қосымша функциясы – тәрбие мен дамыту болса, жаңартпашылық мектептерде осыларға ғылыми іс-әрекетті қосамыз.

Педагогикалық әдіснаманың гуманистік негізін: тұлғалық-бағдарлау-шы, қызметтілік және полисубъектілік (сұхбаттық) әдіс-тәсілдер құрайды.

Қызметтілік тәсіл – қоршаған нақты өмірді белсенді қайта құрушы ретінде өзінің негізгі мотивтер, мақсаттар, нәтижелер, іс-әрекеттер, жағдайлар мен амал-тәсілдер сынды элементтеріне ие болып келеді. Мектеп сыныптарындағы, ұжымындағы әрбір жас ерекшелігі белгілі бір қызмет түріне сай келеді. Атап айтқанда, балалар үшін – ойын, оқушылар үшін – білім, үлкендер үшін – кәсіби еңбек. Педагог үшін ең маңыздысы – білім алушының бойына мақсатты ұйғарылымды, жоспарланған іс-әрекетті ұйымдастыру мен реттеу, іс-әрекетінің нәтижесіне өзіндік бағам жасауды сіңіру болып табылады. Сонымен бірге ұстаз өз оқушыларының бойына іс-әрекеттің ішкі қажеттілік пен белсенді оңды мотивтерін қалыптастыруы қажет. Мектептердегі осы ұстаным қызметтік әдістің сипатын танытады.



А. Сұхбаттық әдіс
Жаңартпашылық мектептегі білім беру процесінде ұстаз бен шәкірт тұлғааралық сұхбаты жүзеге асуға тиіс деген өте орынды пікір [66]. Өйткені, сұхбат – гумандық білім берудің ең қажетті компененті болып табылады. Сол арқылы жаңартпашылық мектептегі білім алып жатқан тұлғаның өзіндік ойы мен өзіндік ұстанымы қалыптасады. Оның үш деңгейі бар:

-тұлғалық;

-тұлғааралық;

-мультисұхбаттық.

Оның біріншісі – тұлғаның өзіндік «менін» танытса, екіншісі – «ұстаз бен шәкірт» түсіністігін білдіреді де, соңғысы – бір мезетте көп адамдық аралас-құраластықты сипаттайды.

5-суретте оқу процесіндегі ой түрткіліктен шығармашылыққа өтудегі ұстаздың іс-әрекеттінің деңгейі ұсынылып отыр.




5-сурет

К.Роджер педагогтың сұхбаты – ұстаздың ішкі әлемі; шәкіртіне деген сенімі; өзіндік «менді» дамытуы; ізденімпаздыққа жетелеуі сынды білім берудегі «төрт китке» құрылатындығын алға тартады. Бұдан басқа мәдениеттер сұхбаттастығы бар екендігін естен шығармаған жөн. Үш ғалым осыны бізге үш түрлі идея тұрғысынан ұсынады:

1) М.М.Бахтин «сұхбаттастық» идеясынан;

2) Л.С.Выготский «дамыған өреліліктің ішкі сұхбатқа тартымы» туралы идеядан;

3) В.С.Библер «мәдениеттің философиялық логикасы» туралы идеядан ұғынуымызды ұсынады.

Мектептегі тәрбиелік қызметтің нәтижесі – тұлға мәдениетінің түп қазығы. Онда тәрбие мәдениетіндегі ең бастысы – құндылықтар мен нормалар, ойлау қабілеті мен шығармашылықтың көрініс тапқандығы [67]. Сондықтан, қазіргі таңда сұхбат қоғамдық өмірдің барлық саласы ғылымға, өндіріске, білім беруге дендеп енді. Себебі фактологиялық, жеке бастық және сезімдік ақпараттарды шәкірттер үшін шұғыл алудың өте оңтайлы тәсілі, яғни әп-сәтте нәтижеге қол жеткізе алудың бірден бір жолы ретінде қазақ мектептерінде өзін жақсы жағынан көрсетуде. Оның осындай бағалы жағын атап көрсетсек, сұхбат ашық сипатқа ие және оған қатысушылар бір-бірлері туралы толық қанды ақпарат ала алады, оның нәтижесінде тұлға жөнінде нақты пікір қалыптасады.

Қазіргі мектептерде «сұхбат» әдісі оқу процесінде мәліметтерді басқа әдістер арқылы алуға мүмкіндік болмағанда ғана қолданылады. Мысалға, «сұхбаттың» орнына сауалдама жүргізуге де болады. Бірақ бұл әдіс мектептерде ашық түрде емес, жасырын өтетіндіктен, педагогтар оған дайындық жасап, өткізу үшін өте көп уақыт жұмсайды. Оның үстіне бұл тәсіл арқылы жедел нәтиже алу мүмкін емес, сондықтан, респонденттердің жекелік сипаты өз ерекшелігін жоғалтып алады. Ал, орынды жүргізілген топтық сұхбаттан кейін топтың психологиялық портретін жасап шығуға болады.

Сонымен, сұхбатөзекті және мәнді проблема бойынша шұғыл, алғашқы, жеке бастық, эмоциялық ақпарат алу мақсатындағы өзіндік іскер диалог болып табылады.








«еркін» «қатаң»

«уағыздық»

Айырымдық ақпарат Шұғыл ақпарат

алу алу




Тыңдаушымен тығыз Аудитория, пациенттерді

жеке бастық тексеру

қатынас орнату 6-сурет

Журналистикада «сұхбат» ақпараттық жанрға жатады (6-сурет).

Сонымен, сұхбат – әңгімелесудің сұрақ-жауаптық формасы. Сондықтан, «еркін», «қатаң» немесе «уағыздық» сұхбаттардың қайсысына болмасын интервью алушы оған өз тарапынан тыңғылықты дайындалуға тиіс. Интервью алушы өз еркіне салып, осының қайсын таңдаса да бұл оның ұстаздық тәжірибелілігі тарапынан импровизациялық болып табылуға тиісті. Енді осы аталған сұхбат түрлерін жеке-жеке сөз етелік.

«Еркін» сұхбат – қойылған тақырып бойынша респондентпен әңгіме. Әлбетте, қойылатын сауалдардың басым бөлігі мұғалім тарапынан қағазға күні бұрын жазылмағанымен алдын ала ойластырылған. Сондықтан, мектептегі дәріс оқылатын сынып алдын ала бақыланып, алдыға педагогикалық мақсат қойылғанымен, «көзбе-көз» әңгіме басталған шақта ұстаздың бұрынғы жоспарланған сауалдары не өзгеріске түсіп, не мүлдем қойылмайды. Осы жағдайда екі адам болып жұптасып, микрофонсыз жұмыс істейміз. Бұл арада микрофон дәріске әр беру үшін ғана қажет. Сұхбатты дөңгелек үстелдің әр жерінде отырған оқушылардан аламыз.

Осындай дәріс үстінде шәкірт өзіне қойылған сауалға жауап бере алмай қалса, онда әңгіме өзегін келесі қатысушы жалғайды, не болмаса, жүргізуші өзі толықтыратын болса, онда екі мұғалім арасындағы сұхбатқа ұласады.

Егер дәріс үстінде оқылып жатқан тақырып терең түсіндірулерді қажет ететін жағдай туындаса, интервью алушылар 2 кодоскоп пен полиэкранды қолдана отырып, тез арада «үзінділер» келтіріп, содан кейін сұхбаттасуды одан ары қарай жалғастырады.

«Қатаң» сұхбат алдын ала респонденттермен келісіліп, қойылатын сауалдар күні бұрын беріліп қояды да, оған оқушылар жазбаша жауап қайтарады. Одан кейін жалпы мәтін мұғалім тарапынан редакцияланып жазылып алынады. «Қатаң» сұхбат көп жағдайда мектептегі оқу процесінде өзін ақтамайды. Сондықтан, шәкірттерден ашыла сөйлеуді талап еткен жөн.

Мұғалімдер сұхбат әдісімен өткізетін дәрістерінде 6-суретте көрсетілген мақсаттарды алға қояды. Шындығында, осымен бірге педагогтар көздейтін жасырын мақсаттар да болады, ол туралы оқушыларға айтылмайды, тек дәріс соңында ұстаз сыныптық топтың психологиялық портретін жасауға тырысқан шақта ол жөнінде ашыла сөз етеді. Сонымен, жасырын мақсат деген не? Оны анықтай кететін болсақ:



  • Сыртқы келбеттің өзіндік ерекшелігі;

  • Ерекше білуге тырысушылық пен дағды;

  • Тәртіптілік;

  • Сезімдік деңгей;

  • Жаңаға деген қарым-қатынас;

  • Тәуекелшілдік деңгейі;

  • Жетекшілікке бейімділік;

  • Ойындық әрекеттер және басқа белсенді оқыту әдісі, қабілеттілік;

  • Мінездемелік мәліметтер және басқалары.

Кейде сыныптық топ өте алғыр болса, онда сұхбаттасудың жетекшілігі сыныптық топтың өз қолына өтеді. Сұхбат – нәтижелілігі мол әдіс. Ұстаз бен шәкірттер арасында жүзеге асатын «көзбе-көз» жұмыс ұсақ-түйек қателікке дейін айқындап береді. Сонымен біз сұхбаттасу кезінде оқушылардың бойынан мынандай кемшіліктер мен осы әдістің ерекшелігін байқаймыз:

  • Жалпы мәдени деңгейдің төменгі дәрежесін;

  • Қарым-қатынас жасаудың нашарлығын;

  • Дәлел келтірудің дәйексіздігін;

  • Сараптау мен жобалау дағдысының адалдығын;

  • Ашушаңдық пен онысын жасыра білмеуді;

  • Ақпаратты қабылдау ерекшелігі т.с.с.



7-сурет.
Сонымен, сұхбат оқу процесі ретінде әдеттегі ұстаз бен шәкірт арасындағы іскер диалогқа өте ұқсас болып келеді, басқа педагогикалық әдістерден өзінің жоғарғы деңгейдегі әлеуеттілігімен және ашықтығымен ерекшелініп, сауалдар көмегімен білім алушының ойлау логикасын, сезімдік ауқымын, кейде оқушының көңіл түпкіріндегі ойын айқындауға көмектеседі.

Сауалдар – педагогикалық кері байланыстың ең тиімді формасы. Педагогикалық форма сұхбаттың өзегін немесе тоқырап қалуын ширатып, әңгімені өрбітеді. Оқушыларға сұхбат әдісін қолданған кезде қандай дағды түрі қалыптасатыны 7-суретте көрсетілген. Қазіргі таңда шет елдерде мектептегі оқу процесінде, мекемеге жұмысқа қабылдау кезінде. «құрылымдық» және «автоматтанған» деп аталатын сұхбаттасу түрлері қолданылады. Олар компьютердің көмегімен жүргізіледі. Көптеген шетелдік компаниялар автоматтандырылған сұхбаттасу қажетті және алғашқы мәлімет алуда ең сенімді, ең тиімді әдіс болып табылады деп есептейді.

Америкалық әлеуметтанушы А. Митчелл сұхбаттасудың арнайы нәтижелігін зерттеп, мынандай түйіндеу жасайды: респонденттер «адами» сұхбаттасуға қарағанда компьютермен сұхбаттасуды қалайды, яғни компьютерге олар ағынан жарылып, ішіндегі ойының бірін қалдырмай ақтарады. Оның үстіне олар өздерінің жеке бастық құпиясының сақталынатына кәміл сенеді.

Мектепте компьютерлік сұхбаттасуға арқа сүйемей, шәкірттермен өткізілетін сұхбаттасу әдісін жетілдіре түсуге бағыт ұстанған жөн.


Ә. Біліктілік әдісі
Белгілі бір саладағы біліктілік – кәсіби маманның осы салада жүйелі де, салиқалы ой айта алатын білімділік пен қабілеттілікке ие болып, тиімді әрекет ету.

М.А.Чошанов кәсіби біліктіліктің үш қасиетін – үнемі білімді жаңалап отыру; шешім таба білушілік; байыпты ойлау білушілік деп бөліп көрсетеді [68]. Ал А.М.Аронов болса, біліктіліктің қалыптасуына: бүгінгі – білім алушылық, ертеңгі – тәжірибеліктің белгілі бір байланысы әсер етеді деп есептейді. Б.И.Хасан өз кезегінде, білік дегеніміз – мақсаттар, біліктілік болса – нәтижелер, ал қол жеткізу шарасы – біліктіліктің көрсеткіштері болып табылады деген ой айтады. Осылардың бәрін қорытындыласақ, қазіргі заманғы жаңартпашылық мектеп шәкірті мен бейінділік сыныбындағы оқушының біліктілігі үш бөліктен тұрады:

-арнайы;

-әлеуметтік;

-тұлғалық-дербестік.

Бұлардың алғашқысы – маманның өз кәсібіне деген құлшынысын танытса, екіншісі – тұлғаның әріптестік қарым-қатынас мәдениетін айқындайды, ал, үшіншісі – тұлғаның кәсіби ерекшелігін ашып көрсетеді.


Б. Ақпараттық әдіс
Жаңартпашылық мектептегі білім беру процесі ақпараттанған жүйеге негізделген.

Ақпараттың үш басты қасиеті – жаңашылдық, қарқындылық, әр тектілік жаңартпашылық мектептегі оқу процесі үстінде бой көрсетеді. Осылардың біріншісі – білім берудің парадигмасын, мазмұнын, формасы мен әдіс-тәсілдерін жаңаласа, екіншісі – білім алудың қарқыннын арттырды, соңғысы – өз кезегінде білім берудің жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді [58]. Осының негізінде «сұрақ–жауап» дискуссиялық тәсілі төмендегідей: «мұғалім – шәкірт», «мұғалім – шәкірттер тобы», «шәкірттер тобы – шәкірттер тобы», «шәкірт – шәкірт» сынды ақпараттық ағындарға бөлшектеді.

Қазіргі қазақ мектептерінде қолданылып жүрген жаңартпашылық оқыту әдістерінің бірі болып, ақпараттық және технологиялық әдістерді бір арнаға тоғыстыратын оқытудың ақпараттық технологиясы табылады. Онда ғаламтордың іздеу жүйесіндегі жұмыстардың алгоритмі мынандай:

а) мақсат қою;

ә) іздеу жүйесін таңдау (www.yandex.ru, www. rambler.ru, google.kz, www.aport.ru. www.yahoo.com, www. altavista.com, www.exsite.com және басқалар). Сонымен, ғаламтордың іздеу жүйесіндегі жұмыстарда қай іздеу жүйесін пайдаланған жөн?

Қай жүйені қолдануды пайдаланушы өзі шешеді. Дегенмен, өз тарапымыздан мектеп мұғалімдеріне мынаны ұсынамыз:

-айқын сәйкес келетін тірек сөз бен соңғы мезгіл бойынша ақпаратты іздеген кезде rambler жақсы және тез жұмыс істейді.

-жуықтас келетін көптеген сілтемелерді yandex тереңдетіп іздейді.

-ұлттықты google. google.kz-тен іздейміз.

Тәжірибе жүзінде екі іздеу бағдарламасын бірден қосуға болады.

а) тірек сөзді анықтау;

ә) тірек сөздер бойынша автоматты іздестіру;

б) қысқаша сипаттамалық тізбе, Web-беттер аннотациясы мен гиперсілтеме:

1) аталған аннотацияның талдамасы мен бағалануы, ары қарай оқып үйрену үшін мәнділігін анықтау;

2) бекітілген беттерге ену;

3) ақпараттық дерек көздерімен: мақалалар, жазбалармен тікелей жұмыс жасау;

4) дерек көздері мен игерілген білімді салыстыру;

5) қол жеткізген нәтижені бағалау;

6) іздеудің аяқталуын немесе жалғастырылуын шешіп алу;

7) тірек сөзді түзетуге ұшырату т.с.с.

Тірек сөзді сауаттылықпен құрастыра білу дағдысы, сонымен бірге, оларды жылдам орналастыра алу; ойлай білу дағдысы мен машығы; ғаламторда гиперсілтемемен (терезе, айналма жолағы және т.б.) жұмыс істеу техникасының дағдысы мен машығы; өзінің іс-әрекетіндегі жіберілген қатені түзету туралы тез шешім қабылдай білу дағдысы мен машығы маңыздылығының артуынын атап көрсетуге болады. Тәжірибелі ғаламторды пайдаланушы ұстаз ғаламтордан өзіне қажетін өте тез тауып, алған материалын өз сабағында сәтімен қолдана біледі.
В. Технологиялық әдіс
Педагогика ғылымында нәтижеге, технологиялыққа, өнімділікке бағытталған тенденцияны технологиялық әдіс деп атайды. Енді жаңартпашылық мектептегі ұстаздар назарына сабақты жоспарлаудағы осы әдістің үлгісінің блоктық кестесін ұсынамыз.

Блоктық кесте


Осылайша, кез келген технологияның басты қасиеттері

-тұжырымдамалық – ғылыми тұжырымдарға, психологиялық, дидактикалық, педагогикалық негіздерге сүйену;

-жүйелілік – жүйелілік белгілеріне иелік ету;

-тиімділік – аз шығынмен зор нәтижеге қол жеткізу;

-басқарылымдық – педагогикалық процесті меңгере алу;

-алгоритмділік – бірлескен педагогикалық қызметтің реттілік мүмкіндігін құрай алу;

-туындатушылық – педагогикалық технологияны оңды тиімділікпен жаңалай пайдалану;

-өзектілік болып табылады.

Сонымен, жаңартпашылық мектептегі тұлғалық-бағдарлаушы технологиямен оқыту алдын ала жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұғалімнен талап етілетіні – оқу-тәрбие жұмысын сауатты педагогикалық жобалау. Жаңартпашылық мектептегі педагогикалық жетістіктің кепілі білім беруді жақсы жоспарлау мен үнемі жаңалап отыру болып табылады [69].

Осылайша, жаңартпашылық мектептегі педагогикалық процесті жобалау кезінде әдіснамалық тәсілдердің көп қырлылығы есепке алынуы қажет, ол ХХІ ғасырдың педагогының қабылдауын, дүниені түсіндіруін, ойлауын өзгертіп, оның тәжірибелік іс-әрекетіне өзінің жағымды әсерін тигізеді [70].


Мектептегі педагогикалық жаңартпа мен жаңартпашылық оқыту
Мектептерге жаңарпашылықты енгізу – ондағы білім берудің тиімді-лігін арттырудың ең маңызды жолы болып табылады [71]. Сондықтан, еліміздің білім беру саласында мектептердегі мұғалімдердің жаңартпашылық біліктілігі мен мәдениетін қалыптастыруда жаңа білімге деген қажеттілік арта түсу үстінде екенін еш естен шығармалық.

Жаңартпа (инноватика) дегеніміз – ғылымның, техниканың, қоғамдық тәжірибенің түрлі салаларындағы жаңа енгізілім туралы ғылымның, педагогикалық процестің ғылыми теориясы мен практикасы [72]. «Жаңартпа» ұғымын ХХ ғасырдың 30-шы жылдары экономикаға австрия ғалымы Й.Шумпетер, 40-шы жылдары неміс әлеуметтанушысы В.Зомбарт енгізді. ТМД-лық педагогикада оған назар аудару 1970 жылдардың соңынан басталды.

8-суретте «педагогикалық жаңартпашылықтағы» интеллект-карта келтірілген.


8-сурет.
Жаңартпашылық дегеніміз – жаңаны игеру мен енгізу процесі. Жаңашылдық – өз бойына жаңаның мәнін, амал-тәсілін, әдістемесін, техникасын және мазмұнын сіңіру құбылысы болып табылады [73]. Осыған байланысты жаңартпашылық оқыту әдісі, жаңартпашылық педагогикалық қызмет, педагогикалық жаңартпа (инноватика) ұғымдарына түсінік берейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет