Дәріс өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:
1.Түсіндірілетін сауалдардың айқын құрылымға ие болып, бірізділікпен ашылуы;
2. Теориялық жағынан айқын маңызды проблеманы көтеру;
3. Алдыңғы өтілген сабақтың материалымен байланыстылық;
4. Сенімді мысалдар, фактілердің келтірілуі;
5.Оқушылардың қызығушылығын туғызып, дербес жұмыс істеуге бағдар беру;
6.Оқу материалының бала ұғымына сай әдістемелік өңделгенін таныту;
7. Оқу материалы балаларға ұсынылған -дыбыс, -бейне, жазбалармен, үлгі, көрнекілікпен үйлесуі шарт;
8. Балаға түсіндірілетін терминдер мен ұғым-түсініктердің үлестірме материал ретінде алдын ала таратылып беруі түрінде болып келеді.
Мектептегі дәрістегі ең бастысы – ой мен жүйелілік, түсіндірілетін сауалдың қызықты тұсын көрсете білу, қысқа да, нақ, тез есте сақталатын түйіндеме жасау, оқушылардың өрелік деңгейінің артуына, бала назар аударуының мұғалім ойымен ілесіп отыруына қол жеткізу болып табылады.
Ұлттық мектеп дәрісінің құрылымы негізінен төмендегідей бөліктерден тұрады:
1.Кіріспе – өтілетін тақырып, оның жоспары, үйден оқып, қосымша ақпарат алатын әдебиеттер анықталады.
2. Негізгі бөлім (10-20 минуттық баяндау) – сабақ тақырыбының ғылыми мазмұны мен негізгі мәселелері түсіндіріліп, дәлелдеулер жүйесі келтіріледі.
3.Қорытынды:
-
мұғалім сабақ тақырыбын қайыра бір еске салады;
-
оқу материалының негізгі түйінін ұғындырады;
-
қойылған сауал тұжырымдалады;
-
мұғалім шағын қортындылау жасап, қойылған сауалдарға жауап береді.
Мектепте оқылатын дәрісті даярлау құрылымы төмендегідей:
Мақсат
Міндеттер
Мазмұн
Әдістер
Амалдар
Формалар
Тапсырма
13-сурет.
Мектепке арналған дәріс сабақты жоспарлау құрылымының үлгісі жалпы түрде мынадай болып келеді:
Тақырып:
Мақсат:
Дәрістің дидактикалық, ғылыми, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері:
-оқушыларға заманалық, тұтас, өзара байланысқан білім деңгейін нақты тақырыпқа байланысты бере білу;
-танымдық, зерттеушілік ғылыми дағды мен машықты қалыптастыру;
-дәріс үстінде оқушының мұғаліммен бірлескен шығармашылық жұмысын қамтамасыз ету;
-оқушыларды оқытылатын пәнге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
-оқушылардың математика пәні бойынша өз бетімен дербес шығармашылық ойлауын дамыту;
Түйінді сөз: мысалы, жиын, функция, теңдеу, логарифм, т.с.с.
Жоспар:
Дәріс міндеті:
1.
2.
т.с.с.
Әдебиеттер:
Білім беру әдістері - баяндау, әңгімелесу, жаттығу (есеп шығару)
Білім беру формалары - проблемалық дәріс, шағын топпен, дербес, топтық жұмыс.
Білім беру құралдары – оқулық, слайд және т.б.
Материалдық қамтамасыз ету – әдебиеттер көрмесі, үлестірме материалдар және т.б.
Тексеру тәсілі - мини-тест, бақылау жұмысы, ауызша сұрау, т.б.
Дәрісте қойылатын сауалды уақыттық жағынан жоспарлау:
І. Кіріспе бөлім – 2 мин.
ІІ. Негізгі бөлім – 10-15 мин.
ІІІ. Қорытынды бөлім – 3 мин. Мұғалім бір сыныпқа бөлінген өзінің 45 минут уақыттын осылайша тиімді пайдалана алады. Қазіргі педагогикада дәрістің 4 фазасының өтуі былайша уақытпен беріледі:
-
Қабылдаудың басталуы – 4-5 минут;
-
Қабылдаудың белсенділігі 24-30 минут;
-
Тырысу фазасы – 10-15 минут;
-
Жалығу фазасы.
Мектептегі дәріс ауқымында 3 немесе одан көп сауалдар алынып, балалардың тез жалығып кетпеуіне жағдай жасалынады.
Мектеп мұғалімінің дәріске дайындалу кезеңдері мынандай:
1. Мазмұндық мәтінді толық жазу;
2. Оның негізінде жұмыс конспектісін (тірек сөз, кестелі ой) жасау;
3. Психологиялық жақтан өзін бекемдеу.
Дәрісті жоспарлаудың технологиялық картасы
Мұғалімнің іс әрекеті
(Не айтамын)
|
Оқушының іс әрекеті
(Не істеймін)
|
Сыныпты топқа бөлу
Жазу
Оқулықпен жұмыс істеу
Шағын топпен жұмыс жасау
Сұрақ қою
Әдебиеттерді жазғызу
Үй тапсырмасын беру және т.б.
|
Топқа бөліну
Жазу
Оқулықпен жұмыс
Шағын топпен жұмыс жасау
Сұрақтарға жауап беру
Әдебиеттерді жазып алу
Үй тапсырмасын жазып алу және т.б.
|
Мектепте оқылатын дәріс сабақты өткізудің психо-педагогикалық нұсқаулығын төмендегідей:
-
Шегініс. Балалардың зерігіп, жалықпауы үшін қолданылады:
-
шегініс жеңіл сипатта күлкілі жағдай тудырып, сыныпты сергітуі шарт;
-
тақырыпқа сай күлдіргі әңгімелер айтылады (мысалға, Ньютонның басына алма құлағаны);
-
шегініс 2-3 минутқа созылады.
-
Егер сіз толқып тұрсаңыз, онда жымиып алсаңыз, толқуыңыз сейіліп, сабақты одан әрі жеңіл жалғастырып кете аласыз.
-
Оқу материалының мазмұнымен байланысты оқушыларға дәнекер сауалдар қою. «Сауалды жақсы қою дегеніміз – оны жарым жартылай шешу»,- дейді Д.И.Менделеев. Өйткені, ұстаз көбіне өзі қойған сауалға өзі жауап береді. Сауалдар кезектестікпен қойылып, оқу тақырыбының мазмұнын жүйелікпен ашып отыруы керек.
-
Ұстаз өзін оқушылардың ойлау әрекетінің басқарушысы екендігін есінен еш шығармауы керек. Балаларды тақырыптан ауытқытпай, сауал төңірегіне үйіре білуі қажет.
Мектепте оқылатын дәріс сабақтың эмоциялық
сипатының қалыптасуының алгоритмі (14-сурет)
А
Ә
1
Б
В
Шегініс
Қандай нақты материалға
Қандай нақты материалға
Эпитет, теңеу, ұқсастық
Дәрістің қай жерінде
Дауыс екпіні
Қай сәтте қолдану
Ишарат (ым)
Қай ақпараттан кейін
Жымию
Құптау
Қай іс-әрекетті құптау
Шығармашылық ахуал
14-сурет.
-
Дәріс қисынды құрылып, дәлелді болуы шарт.
-
Дауыстың өзгеруі. Дәрістің ең маңызды тұсында баланың назарын өзіне аудару үшін ұстаз дауысын құбылтады. Белгілі бір сөзге ерекше екпін түсіреді.
-
Интервал. Сөзді оқушылар құлықты болып түсінуі үшін қолданылады. Өйткені, оқу ақпаратының алынуы сөйлеудің қарқынына байланысты болып келетін есте ұстаған жөн.
-
Пауза. Сөзді балаларға түсінікті болу үшін үзу. Ең басты терминге назар аударту үшін ұстаз осы тәсілге жиі жүгінуі шарт.
-
Ишарат. Тек сөзбен ғана емес, әсем қимыл қозғалыспен де баланың көңілін өзіне аудартуға болатынын дәріс үстінде үнемі есте ұстау.
-
Көрнекілік қолдану. Дәрістің оңай қабылдануына өз септігін тигізеді.
-
Балалардың іс-әрекетін қолдап, «Жарайсың!», «Менің ойымдағы айта білдің», «Өте дұрыс» деген қолпаштаулар сабақтың табысты өтуіне өз көмегін тигізеді. Ұстаз баланы мақтаудан аянып қалмауы керек.
-
Шығармашылық ахуал тудыру. Дәрісте баланы өз бетімен ойлауға жетелейтін «Кәне, еске түсіріп көрелік?», «Шешімін кім бірінші табар екен?» деген сияқты сөздер қолданылуы керек.
Осындай психо-педагогикалық амалдардың жиынтығы оқушыларға ғылыми ақпаратпен қоса кең интеллектуалдық өріс сыйлады.
Жаңартпашылық мектептердегі дәрісті білім беру формасы ретінде ұйымдастырудың күшті және әлсіз тұстары мына кестеде көрсетілген.
Күшті тұсы
|
Әлсіз тұсы
|
Аз уақыт ішінде мол білім беру
Игерілген білімнің жүйелілігі
Оқулықта жоқ ақпаратты білгізуі
Бірлесе шешім табуға жетелеу
Шығармашылық жұмысқа баулу
|
Оқушылардың енжарлығы
Оқушылардың әр түрлі қабылдауы
|
Жаңартпашылық мектептің мұғалімінің басты міндеті – дәрістің әлсіз тұстарын барынша азайтуға күш-жігерін салу болып табылады [79].
3 лекция
Мектептегі дәріс сабаққа талдау жасау кестесі
Жалпы сауалдар:
Мұғалімнің аты-жөні:________________________________
Өзара сабаққа қатысудың күні мен уақыты:______________
Пән атауы:_________________________________________
Дәріс сабаққа қатысқан бала саны: _____________________
Дәріс сабақтың тақырыбы: ____________________________
Дәрістің мазмұны
№
|
Не бағаланады
Бағалау критерииі
|
Сапалық бағалануы
|
Балл
|
|
1. Мазмұны
|
|
|
1.
|
Идеялық бағыты
|
Жоғары
Орташа
Төмен
|
4
3
2
|
2
|
Ғылымилығы
|
Талапқа сай
Танымал
Ғылыми емес
|
4
3
2
|
3
|
Теория мен практиканың ұштасуы
|
Айқын танылған
Ілеуде бір
Мүлдем жоқ
|
4
3
2
|
4
|
Дәлелденуі
|
Сенімді
Ат үсті
Мүлдем жоқ
|
4
3
2
|
5
|
Өмірмен байланысы
|
Жақсы
Қанағаттанарлық
Нашар
|
4
3
2
|
6
|
Мысалдар айқындығы
|
Жоғары
Орташа
Мүлдем жоқ
|
4
3
2
|
7
|
Дәрістің құрылымы \
баяндау жүйелілігі
|
Айқын
Бұлдыр
Жүйесіз
|
4
3
2
|
8
|
Негізгі сәттерді атап көрсетуі
|
Жақсы
Қанағаттанарлық
Нашар
|
4
3
2
|
9
|
Тәрбиелік бағыты
|
Жоғары
Орташа
Төмен
|
4
3
2
|
10
|
Оқу материалына сәйкес келуі
|
Толық сәйкес келеді
Сәл-пәл сәйкеседі
Мүлдем сәйкеспейді
|
4
3
2
|
11
|
Уақытты пайдалануы
|
Тиімді
Ауытқушылықпен
Тиімсіз
|
4
3
2
|
12
|
Дәрісті түйіндеуі, негізгі сәттерді атап өтуі, қайталауы, жинақтауы
|
Орындалған
Орындалмаған
|
1
0
|
|
2.Материалдың баяндалуы
|
|
|
1
|
Баяндау әдісі
|
Проблемалық
Ішінара іздемпаздық
Зерттеушілік
|
5
4
3
|
2
|
Көрнекілікті қолдануы
|
Толықтай
Жартылай
Мүлдем жоқ
|
4
3
2
|
3
|
Материалды игеруі
|
Жазбаға қарамай
Жазбаға сирек қарау
Жазбадан бас алмау
Жазбадағысын оқып бере алмау
|
5
4
3
2
|
4
|
Жаңашылдық деңгейі
|
Дәрісте педагогиканың соңғы жетістері қолданылған
Түсіндірілген материалда жа-ңашылдық элементтері ұшырасады
Жаңашылдық материалдары жоқ
|
4
3
2
|
5
|
Оқушылар ықыласы
|
Жоғарғы деңгейде
Орташа деңгейде
Төменгі деңгейде
|
4
3
2
|
6
|
Сұхбаттылық ауқымы
|
Екеуара толымды
Монологты жекелік
|
2
1
|
7
|
Білімнің өзектілігі (өткен материалдармен байланысы)
|
Бар
Жоқ
|
1
0
|
|
3 Мұғалімнің өзін ұстауы
|
|
|
1
|
Дәріс оқу мәнері
|
Әуезді
Тартымды
Тартымсыз
|
4
3
2
|
2
|
Эмоциясы
|
Жоғары
Орташа
Жоқ
|
4
3
0
|
3
|
Сөз мәдениеті
|
Жоғарғы деңгейде
Орташа деңгейде
Төменгі деңгейде
|
4
3
2
|
4
|
Оқушылармен қарым-қатынасы
|
Жоғарғы деңгейде
Орташа деңгейде
Төменгі деңгейде
|
4
3
2
|
5
|
Өзін ұстауы
|
Жігерлі
Сенімді
Кібіртіктеп, сенімсіз
|
4
3
2
|
6
|
Психикалық жағдайы
|
Өзіне сенімді
Өзін ұстай алады
Өзін ұстай алмайды
|
4
3
2
|
7
|
Талапшылдығы
|
Жағдайға сай
Өте қатал
Енжар
|
4
3
2
|
8
|
Қарым-қатынас стилі
|
Демократтық
Авторитарлық
Либералды
|
2
1
0
|
9
|
Мәдениеті
|
Сыпайы
Анайы
|
4
2
|
10
|
Сыртқы келбеті
|
Тартымды
Тартымсыз
|
4
2
|
Қорытынды бағалау шкаласы:
- 100-90 – жақсы,
- 89-69 – қанағаттанарлық,
- 69-дан төмен – нашар.
Ә. Кестесі
Қосымша сұрақтар қою
Айқындаушы сауалдар
|
Мәселен, бұнымен не айтпақ болдың....
|
Талқылау барысына ықпал ететін сауалдар
|
Мен сауалымды қайталығым келеді. Не айтпақ болғанымды сендер түсіндіңдер ме?
|
Талқылау қорытындысын шығаратын сауалдар
|
Бір сөзбен айтып шыға аласың ба?
|
Тақырыптың толықтығын тексеру
|
Әлдебір жерін ұмыт қалдырған жоқсың ба?
|
Оқушылардың келтірілген фактіге назарын аударта-тын сауалдар
|
Олар....қалай? Қанша...? т.с.с.
|
Айтылған пікірге негізделген сауалдар
|
Сіздер нені аңғарып тұрсыздар.., осылай ойлауларыңызға не негіз болды? Неліктен осылай дейсіздер?
|
Талқылау қорытындысын шығаруға мүмкіндік беретін сауалдар
|
Біз келтірген фактілердің негізінде қандай қорытындыға келуге болады?
|
Педагогикада қашан да мұғалімнің тұлғасының оқу процесіне, ондағы білім алатын оқушыларға ықпалы ерекше атап өтіледі. Сондықтан, дәріс үстінде, жалпы сабақ үстінде, оқушылардың бір-бірлеріне ойланып барып сауал қоюға үйрету – ең маңызды мәселе. Оқушының өзгеге сұрақ қоя білуі оның өтілген материалды меңгергендігін танытады. Мектептің мұғалімінің міндеті – баланың ойлау процесін белсенділендіру болып табылады. Сонда бала дәрісте түсінгенін семинар сабақтарында қайталап айтып береді. Төменде оқушыға ой салуға бағытталған сұрақтар келтірілген:
-
...мысал келтір?
-
Қалайша...не үшін...қолдануға болады?
-
Егер...не болады?
-
....астарында не жатыр?
-
...әлсіз және күшті тұстары неде?
-
...неге ұқсас?
-
Біз ...туралы енді нені білдік?
-
Біздің бұрын оқығандарымызбен...несімен байланысты болып келеді?
-
Түсіндір ...неліктен?
-
...мәнісі неде?
-
Неліктен...маңызды?
-
Осыған қарсы қандай дәлел келтіруге болады?
-
...арасындағы айырмашылық неде?
-
...қалай ұқсайды?
-
...күнделікті өмірде қалай қолдануға болады?
-
...мықты жағы қандай...неліктен?
-
.....негізінде....салыстыр.
-
Сіздің көзқарасыңыз бойынша...себебі не, ...неліктен?
-
Сіз ...тұжырыммен келісесіз бе...?
-
Сіз өз жауабыңызда неге сүйендіңіз?
Жаңартпашылық мектептердегі дәстүрден тыс белсенді дәріс түрлері.
Дәріс оқу барысында әрбір мұғалім К.С. Станиславскийдің «Қиынды – әдеттегідей, әдеттегіні – оңай, оңайды – тамаша етуге үйрене біл» деген ұранды сөзін есте ұстауы абзал.
Қазақ педагогикасында осы салада іргелі зерттеулер жүргізілмей келеді. Бар дегенінің өзі орыс педагогикасының нашар көшірмесі болып табылуда. Осы екі себептің орын алып отыруы ана тілімізде арнайы әдістеменің болмауынан және қажетті оқулықтардың жазылмауынан. Оқушыларға оқу ақпаратын қабылдатудың кейбір психологиялық тетіктерінің қолданылу жолын коммуникациялық, рөлдік конфликті, адамды адамның түсіну тетіктері, рефлексия, идентификация, назардың ауытқушылығы, қабылдау, есте ұстауларды (сезімдік, образдық) т.б. үйрету – аталған монографияның басты ұстанымы болып табылады.
Дәстүрден тыс дәрістің кейбір психологиялық аспектісі туралы сөз етпекпіз. Бұнда біздің алға қойған міндетіміз: сөздік коммуникацияның түрлі аспектілеріне жан-жақты тоқталып жату емес, қарым-қатынас жасау бөліктері (15-сурет) мен кейбір міндетті элементтерін (16-сурет) ұстаздар назарына ұсынып, олармен тек таныс ете кету. Коммуникация дегеніміз – қарым-қатынас жасаудың құрамдас бөлігі
15-сурет.
16-сурет.
Коммуникатор өз хабарын дәріс формасында дайындап, оның берілу амал-тәсілдерін (ауызша: монологтық немесе диалогтық сөз; жазбаша сөйлеу, визуалды образды, символды, техникалық жабықты т.с.с.) реципиенттер, яғни оқушылар мен тыңдаушылардың қабылдауы үшін таңдап алады. Бұл арада есте ұстайтын бір жайт: хабарды қабылдаушы мен жолдаушы арасындағы кері байланыстың, яғни алынған хабарға қатысты белгілі бір реакцияның (түсінікті – түсініксіз – сауал бар және т.б.) реципиенттер санасында орын алуы коммуникатордың өз хабарын қалай түйіндей алуына байланысты болатындығы.
17-сурет.
Алдын ала бәрін жоспарлап келген коммуникаторға қарағанда аяқ астынан алынған хабарды қорытып, әрі оны одан ары дамытып, өз тұлғалық дамуында қолдануға жарататын реципиент үшін жағдай өте күрделі болып келеді. Сол себепті, коммуникатордың айтқанын нақты қабылдай алу өз кезегінді реципиентті коммуникаторға айналдырады. Бұндай педагогикалық орын алмастыру құбылысы – «коммуникативтік рөл алмасымы» деп аталады. Коммуникативтік рөл элементтеріне дауыстың түрлі ырғағы, оның қарқыны, әуезділігі, сөйлеу қарқыны, мимика, жүріс-тұрыс, кеңістікті қолдана білу т.с.с. жатады. Осындай жағдайда дәріс процесіне араласқан оқушы өзінің «екеуге арналған театрдың» қатысушысы екенін бірден аңғармайды. Оған бөлінген рөл төмендегідей болып келеді: теоретик – практик, жетекші – қосшы, таласушы – келісуші, арандатушы – мәмілеші т.т. Осылайша, дәріс формасы олардың сабақ процесіне бойлап енулеріне мол мүмкіндік тудырады. Олар тек қабылдаушы ғана емес, кез келген сәтте хабарды таратушыға да айнала алатын болады. Адам өзге адам арқылы өзін танып, түсіне алады, яғни идентификация, релаксация және интеракция процестері орын алады.
Тап осы психологиялық процестер «екеуара дәрістің» қабылдану мүмкіндігін күшейтеді. Мұндағы идентификация – өзіңді өзгемен тең санау. Толықтыра айтасақ, ұстаз бен ұстаз арасындағы тең дәрежедегі түсіністік. Өйткені, ұстаздың дәріс үстінде айтқанына шәкірттердің үн қосып отыруы қажет.
Өтілген материалды меңгеруде құбылыстардың арасындағы айырмашлық пен ұқсастық табу, яғни оларды салыстыру және есте сақтаудың ролі зор. Сонымен қатар нақтылаудың, фактілермен мысалдарды қолданудың, бақылаудың көмегі үлкен. Дәстүрлі дәрістің құрлымының кестелік схемасында ақпараттың алатын орны көрсетілген (18-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |