Саясаттануды оқып үйренуге деген қажеттіліктер:
Мемлекеттік жүйелердің халықтың көпшілігін саясатқа араластыруға деген талпынысы;
Азаматтық қоғам қалыптастыруға ұмтылыс, саяси мәдениеті көтеру;
Демократиялық жағдайда ЖОО студенті саяси өмірден хабардар болуға үйренуі тиіс;
Қазіргі кезеңде саясаттан тыс, саяси үрдістерді түсінуге талпынбай өмір сүру мүмкін емес.
Саясаттанудың ғылым ретінде қамтитын мәселерінің ауқымы да өте кең.
Лекция-2. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері.
Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель).
Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби).
Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы.
Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. (Т.Мор, Т.Кампанелла).
Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде. Ж.-Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.
Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.
Консерватизм, либерализм, марксизм концепцияларының қалыптасуы. Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.
1. Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері.
Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн және болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар әр уақытта, әр дәуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты және адамзаттың ұзақ ғасырлық тәжiрибесiн пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады.
Саяси iлiмдер тарихы әртүрлi көзқарастар мен ойлардың күресi ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкiлдерiнiң мемлекет пен құқықтың даму тарихы, бостандық пен әдiлдiк, заң мен заңдылық, қоғам мен мемлекеттiк құрылыс, адамдардың құқығы мен бостандығы туралы айтқан алдыңғы қатарлы ойлары мен идеяларының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |