Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Жарты сағаттың ішінде басқыншылардың жұмы- сын бітірдік. Жиырма төрт винтовка, үш пистолет



бет170/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   395
Jau tilinda 2

Жарты сағаттың ішінде басқыншылардың жұмы- сын бітірдік. Жиырма төрт винтовка, үш пистолет,




көптеген патрон, азық-түлік тиелген үш арбаны қолға түсірдік. Екі жүз жетпіс соғыс тұтқынын азат етіп ор- манға кірдік.
Енді операция жасаған жерімізден ұзап кетуге ты- рыстық. Бірақ таяқ пен аштықтан қажыған адамдар- мен сол күні ұзап шыға алмадық. Оның үстіне жолсыз, таулы жерде арбаны алып жүру, ұзаған сайын қиын- ға соқты. Жиі-жиі тоқтап, жұртқа дем алдырып, ит мұрыны өтпес ағаш арасынан арбаға жол ашып оты- руға тура келді. Ңанша асықанымызбен жүрісіміз өнбеді. Сөйтіп жағдайымыз қиындады. Әрине, басқын- шылардың ағылып жүріп жатқан машиналарының бірі ойран салған жерімізге тап болып, көрген-білгенде- рін жан-жақтағы күзет орындарына ендігі хабарлаған да болар. Енді біраздан соң қуғыншы отрядтар шыға- ды. Оган қалай төтеп бермекпіз?
Колоннаны тоқтаттық. Тұтқындардың ішінен отыз адамды іріктеп алдық. Оларға неміс мундирлерін киін- діріп, қару ұстатып, Юзиктің қол астына бердік. Юзик осы топпен колоннаның соңында жүз-жүз елу метр- дей жүріп отырып, біздің тылымызды торуылдайтын болды.
Он шақты километр жер шыққаннан кейін арбаны тастауға тура келді. Кейін тағы бір кезде керек болар деп арбаларды бөлшектеп бұздық та, ну ағаштың ішіне жасырдық. Арбадағы азық-түлікті алты атқа теңдеп, тағы да ілгері аяңдадық. Дегенмен сол күні жан-дәр- менмен асфальт жолдан он бес шақырымдай ұзап шы- ғып кеттік.
Көз байлана бере жігіттерді бір қолайлы жерге ор- наластырып, айнала күзет қойып, дем алдық.
Ертеңінде ертелете ілгері жүрдік те, сол күні түс ауа Карпаттың бір ну орманды биік шыңына жетіп бекіндік. ¥зақ жолдан соң жігіттерге екі-үш күн дем алдырып, -үсті-бастарын жаматтырып, кір-қоңдарын жудыруға аялдадық та, Юзиктің тобын азық-түлік операциясына аттандырдық.
Жаңадан косылған адамдардың көбі офицерлер мен бұрынғы саяси қызметкерлер екен. Соғыстың ал- ғашқы айларында тұтқынға түсіп, айуандықтың аза- бын кеп шеккен жандар. Бірақ қазір бәрі де көңілді, бәрі де сергек, бәрі де қуанышты.




Осы екі-үш күндік демалысты пайдаланып отряды- мызды әскери тәртіпке салдың. Барлық адамды үш взводқа бөлдік Әр взводта үш-үштен топ құрдым. Бі- рінші взводтің командирлігіне майор Спиридоновты, екінші взводқа майор Сидоренконы, үшінші взводқа аға лейтенант Ңасымовты тагайындадық. Отряд шта- бының бастығы етіп майор Шарайды, отряд комиссары стіп капитан Ефремовты белгіледік. Шарай, Ефремов, Спиридонов, Сидоренко, Қасымов жолдастар біз ша- буыл жасағанда өздерін айдап келе жатқан күзетші — айдаушыларға бірінші болып қол көтеріп, үлкен ерлік көрсеткен. Қару-жарақты да әр взводқа бірдей бөліп бердік. Он бес адамнан шаруашылық топ құрып, алты атты сол топқа бердік те, топ командирлігіне жергілік- ті жердің адамы Василь Куштанды белгіледік. Сөйтіп Карпат қойнына тағы да бір жаңа күш кірді.
Юзиктің тобы қайтып оралғанша, айнала қорғаныс жасап, бекіндік. Ңуғыншы отрядтар келеді-ау деген ба- гыттарға екі-үш адамнан барлаушылар жібердік. Қу- гыншы отрядтар шықпады ма екен, әлде шықса да ізі- мізге түсе алмады ма екен, әйтеуір жігіттер екі күндей тыныш дем алды. Үшінші күні таң ата Юзиктің тобы көп азық-түлікпен лагерьге оралды. Тағы да бір күн жатып әбден тыныққан соң, отрядты Полонино Руно биіктігінің күнгей бетіне алып шығып, Турья Поляна селосында тұрған жау гарнизонына шабуыл жасауға әзірлендік. Барлаушылардың мәліметі бойынша, бұл гарнизон деп агалғанмен, бірақ өзі майданнан дем алу- ға келген жүзге тарта жаралы солдаттар мен офицер- лердің тобы ғана екен.
Екі қабат үйде бейқам жатқан жауға түнгі сағат бірде келіп тиіспек болдық. Отрядты қараңғы түсісімен селоның терістік-батыс жағына жылжытып алып ке- ліп, әр взводтың алдына міндет қойып, шабуылға дайындалдық.
Сағат түнгі он екіде отрядты селоның терістік жа- ғына шығарып, казармаға жақындаттық. Бірақ, ел тонаушы фашистік жандармдардан зәрезап болған се- ло иттері біздің дүбірімізді сезіп, шулап қоя берді.
Турья — Поляна — Мукачево жолына тосқауыл ұйымдастырып қайтып оралғанымша винтовкадан же- ке-жеке оқ атьтлды да, «уралаған» дауыс селоны ба- сына көтерді... Казармаға жеткенімде жігіттер шырт






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет