Сөйтіп тұрғанда чемоданын сүйретіп есіктен Бака- радзе кірді. Ол бізді көре салып чемоданын босағаға қоя салды да, екі қолын бірдей көтеріп:
Кацо, Роберт, Вася! — деп дауыстап жіберді. Залда тұрған жұрт оған жамырай қарай қалысты. Бірақ оған көңіл аударып, именген Бакарадзе жоқ, жүгіріп келіп екеумізді қапсыра құшақтай алды. Ңұ- шақтасып сүйісіп жатырмыз. Үшеуміздің құшағымыз
жазылған кезде қарасаң, жанымызда генерал Асмолов тұр екен. Оның көзіне жас толып, жылап тұр.
— Жігіттер, тірімісіңдер!? — деп үшеуміздің беті- мізден сүйді. Бұл согыс кезінде біздің бастығымыз бо- латын. Түстік-батыс майданы партизандар ңозғалысы штабының бастығы еді. Бізді талай рет жау тылына аттандырып тұрып, бетімізден сүйіп, оң сапар тілеген-
Совет Одағынын маршалы С. К. Тимошенко — соғыс
ветерандарын қабылдады.
ді. Соңынан майдан шебі Карпатқа жақындаған кезде Чехословакия патриоттарының басқыншыларға қарсы көтерілісіне басшылық ету үшін өзі біз сияқты пара- шют киіп жау тылына аттанған еді. Осы екі талай са- пардан ол да тірі қалыпты. Соғыс кезіндегідей емес қартайып кетіпті.
Сендердің аман-есен кездесіп, бұрынғыдай құ-
шақтарың айқасып жатқанын көріп, өткен күндер есі- ме түсіп, көңілім босап кетті,— деп Алексей Никито- вич қалтасынан қол орамалын алып көзінің жасын сүртті.
— Ия, генерал, біз тірі қалдық. Бірақ достардың көбі құрбан болып кетті ғой,— деді Бакарадзе. Ол осы сөздерді айтқанда өз халқы — грузин аксентімен сөй- лесе де дауысы сәл дірілдеп шығып, көңілі босап тұр- ғанын сезцім. Бұл Бакарадзе Давид Ильич аты аңыз- ға айналған Сидор Артемьевич Ковпак партизандар құрамасы полкының командирі еді. Сол полкті бас- қарып жүріп Совет Одағының Батыры атағын алған грузин халқының қызу қанды еңіреген ер ұлдарының бірі болатын. Сол күні кешке бұрынғы партизандар: орыстан — Алексей Никитович Асмолов, неміс — Ро- берт Александрович Клейн, грузин Давид Ильич Бака- радзе, қазақтан мен болып өткенді еске түсіре отырып Бакарадзе номерінде таң атырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |