Министерство экономики и бюджетного планирования республики казахстан


Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау



бет2/14
Дата17.07.2016
өлшемі1.97 Mb.
#204601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау


Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілі мемлекеттік құрылымдардың жеке меншік компаниялар өздерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданатын технологиялар мен рәсімдерді пайдалануына негізделеді.

Осы парадигманың шеңберінде мемлекеттік ұйымдар тұтынушыларға қызметтер көрсететін құрылымдар ретінде қарастырылады. Демек, олардың жұмысының тиімділігі ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру, олардың спектрін кеңейту және онымен байланысты шығындарды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.

Аз шығындармен көбірек сапалы қызметтер көрсету қабілеті де мемлекеттік ұйымдардың жұмысын бағалауға нарықтық тәсілдің негізінде жатады.

Бұл ретте бақылау жүйесі қателік жібергендерді жазалауға емес, ең алдымен проблемаларды шешу жолдарын іздестіруге бағдарланады.

Жаңа мемлекеттік басқару мемлекеттік саясаттың мақсаттарына қол жеткізу үшін орталықсыздандыруды, сондай-ақ мемлекеттік емес институттардың әлеуетін кеңінен пайдалануды алдын ала болжайды.

Шығындарды азайту және шығыстарға бақылау жасау мақсатында корпоративтік басқаруда өзінің тиімділігін дәлелдеген мынадай әдістер мен құралдар қолданылады: стратегиялық жоспарлау, басым міндеттерді шешуге қолданылатын бағдарламалық тәсіл, қаржыны басқару мен деректерді электрондық өңдеу.

Жаңа мемлекеттік басқару тұжырымдамасына сәйкес соңғы онжылдықта дамыған елдердің көпшілігінде жүргізілген бюджеттік реформалардың негізгі элементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау моделін пайдалануға көшу болды.

Бұл модельдің шеңберінде бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері негізге алына отырып қалыптастырылады. Бюджеттік шығындардың функциялар мен мемлекеттік қызметтерге нақты байланысы болады, оларды жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың шеңберіндегі түпкі нәтижелерді негіздеуге негізгі назар аударылады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігі мен жауапкершілігі кеңейеді: жекелеген функциялар мен бағдарламаларды орындауға арналған ұзақ мерзімді ауыспалы қаржыландыру лимиттері белгіленеді, ал осы шығыстарды пайдаланудың бағыттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өздері жүзеге асырады. Бұдан басқа, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға арналған ынталандырулар құрылады. Шешімдер қабылдау жауапкершілігі төменгі деңгейлерге беріледі. Қаржының және қызмет нәтижелерінің мониторингі мен кейінгі сыртқы аудиті жүргізіледі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін бағалау қол жеткізілген нәтижелер бойынша жүргізіледі.

Бюджет шығыстары нәтижелілігінің мониторингі жүйесін құрудан басқа, бұл модель үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшуді болжайды. Мұндай тәсілдің шеңберінде әрбір бюджеттік цикл алдыңғы бюджеттік циклда бұрын мақұлданған тиісті жылға арналған орта мерзімді қаржылық жоспардың негізгі параметрлерін қараудан, сыртқы факторлар мен жағдайлардың өзгерістерін талдаудан, жоспарланатын жылдың негізгі бюджеттік көрсеткіштеріне енгізілетін өзгерістерді негіздеуден, сондай-ақ кейінгі жылдарға арналған бюджеттік жобаларды түзетуден немесе әзірлеуден басталады.

Бұл ретте бюджеттің түпкі нәтижелерге бағдарлануы тұрғысынан алғанда, жыл сайын бір жылға алға жылжытылатын орта мерзімді қаржылық құжатқа бағдарламалар әкімшілерінің арасындағы үш жылдық кезеңге арналған ассигнованияларды бөлуді енгізудің негіз қалаушы мәні бар. Бұл бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңін ұзартады, бюджет шығыстарын оңтайландыру үшін ынталандыру жасайды, бюджет шығыстары нәтижелілігінің индикаторлары жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, ведомстволар қызметін бағалаудың объективтілігін арттырады, бюджет жобасын дайындауды жеделдетеді және оның сапасын арттырады.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1297 қаулысымен бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және оның мазмұнына жаңа тәсілдер енгізуді, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру рәсімін сапалы түрде қайта қарауды көздейтін Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі:

- Қазақстан Республикасындағы қазірде бар стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың тиімді үндестігін қамтамасыз етуге;

- мемлекеттік органдардың қызметін мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге, нақты нәтижелер алуға бағдарлауға;

- бюджеттік үдерісті бюджет қаражатын ашық бөлуге және мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес қаражатты барынша тиімді басқаруға бағдарлай отырып, қысқа мерзімді бюджеттік жоспарлаудан орта мерзімді бюджеттік жоспарлауға көшуді қамтамасыз етуге;

- азаматтарға көрсетілетін қызметтер сапасын талдауға және бағдарламалық құжаттарды іске асыру нәтижелеріне бағытталған мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің кешенді бағасын енгізуге бағытталады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2008 жылғы ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Үкімет жаңа Бюджет кодексін әзірледі, ол нәтижелерге және үш жылдық бюджеттік жоспарлауға бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджет жасау жүйесіне көшудің заңнамалық негізіне айналуға тиіс.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлауының жаңа жүйесі мынадай өзара байланысты деңгейлерді қамтиды (1-сурет).

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің әрбір деңгейі – бұл дербес бағдарламалық құжат. Жүйе «Қазақстан-2030» стратегиясын, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қоса алғанда, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды біріктіреді.

Бұдан басқа, жаңа мемлекеттік жоспарлау: 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 3 жылға арналған республика мен өңірлердің бюджеттік параметрлері, мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарлары, 3 жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер, Премьер-министр немесе жергілікті атқарушы органның әкімі мен мемлекеттік орган басшысының арасындағы мақсатты трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер сияқты нәтижелерге бағдарланған бюджет жасаудың элементтерін қамтиды.

Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру үшін мыналарды көздейді:

- мемлекеттік органдардың дербестігі мен қызметтің нәтижелеріне жауапкершілігін күшейтетін Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;

- мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары міндеттерінің бюджеттік бағдарламалармен, мемлекеттік органдар қызметінің аралық және түпкілікті нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеумен байланысуы;

- мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған жылға арналған жоспары туралы баяндамасын стратегиялық жоспарлардың негізінде қалыптасқан және мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын болжамды шығындармен байланыстыратын бюджеттік өтінімнің құрамдас бөлігі ретінде практикаға енгізу;

- мемлекеттік органдардың жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде, мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізуді ескере отырып, олардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейту;

- мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеуі;

- мемлекеттік стратегиялық мақсаттар мен тиісті түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингінің жүйесін енгізу.

Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы


Қазақстан Республикасы дамуының 10 жылға арналған стратегиялық жоспары


5 жылдық мемлекеттік бағдарламалар


Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары




Әлеуметтік-экономикалық дамудың (5 жылға арналған) және бюджеттік параметрлердің (3 жылға арналған) болжамы




Аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары




3 жылға арналған мемлекеттік органның стратегиялық жоспары


1 жылға арналған Меморандумдар




3 жылға арналған республикалық бюджет, жергілікті бюджет



1 жылға арналған мемлекеттік органның операциялық жоспары




1-сурет. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі – бюджетті жоспарлау негізі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет