Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет19/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   129
оперативтік хир 8 н

Тігіс заттарын стерилдеу 
Хирургиялық тігіс заттарына лигатураларды салуға арналған жібек
зығыр, мақта-мата, синтетикалық жіптер және кетгут жатады. 
Жібек жіпті стерилдеуі. Жібек жіптерді иірген (стерилдемеген) 
немесе ампулада (стерилденген) 8 м ұзындықпен әртүрлі жуандықта 13 - 
нөмірде №000 бастап №10 дейін шығарылады. Оларды стирилдеудің 
бірнеше тәсілдері бар. 
Садовский тәсілі. Иірген жібек жіптерін алдымен 2 минут сабынмен 
жылы суда жуады, содан соң жіп ағарғанша дейін шаяды. Жіп орағышқа 
орап, 15 минутқа 0,5 % мүсәтірлі спирт ерітіндісіне салады, ал одан кейін 15 
минутқа 70 % спирттің - 2 % формалин ерітіндісіне матырады, сол жерде 
сақтайды. 
Мақта-мата және зығыр жіптерін стерилдеу. Бұл жіптердің жібектен 
беріктігі төмен. Әдетте № 10-20 дейінгі жіптерді пайдалады. Тері тігістеріне 
қолданады. Жіңішке нөмірлі жіптермен көбінде ішкі мүшелерге тігіс 
салынады. Мақта-мата және зығыр жіптерін Садовский тәсілімен стерилдейді 
немесе оларды 24 сағатқа 4% формалин ерітіндісіне салады. 
Кетгутті стерилдеу. Мұқияттылықты ерекше талап етеді, себебі оны 
ұсақ мүйізді мал ішегінің кілегейлі қабатынан әзірлейді. Сондықтан онда 
патогендік микроорганизмдердің споралары болуы мүмкін. Кетгут 
организмнің ұлпаларында 7-30 күн ішінде сорылып кету қасиетімен 
ерекшелінеді. Оны ішкі тігістер үшін қолданады. Өңдеуді қайнатумен немесе 
басқа жоғары температураны қолдану арқылы жүргізуге болмайды. Кетгутте 
тромбокинетикалық субстанция болғандықтан онда гемостатикалық қасиет 
бар. Кетгут жіптерін иірген, стерилдеуді талап ететін немесе ампулаларда, 
стерилденген түрде шығарады. 
Покотило тәсілі. Ең қарапайым және жылдам тәсіл. Кетгутты 72 
сағатқа 4% формалиннің судағы ерітіндісіне орналастырады. Сол ерітіндіде 
сақтайды. 
Губарев тәсілі. Кетгутты бензинде 12 сағат бойы майсыздандырады
содан соң кептіреді. Одан әрі 14 күн 1% йодты спирт және йодталған 
калийдің ерітіндісіне салады. Йодталған калийде йод 1:2 қатынаспен 
алынады. Осы ерітіндіде сақтайды
Садовский - Котылев тәсілі. Кетгутты 30 минутқа 0,5% мүсәтірлі 
спирт ерітіндісіне салады, содан соң 30 минутқа 2% формалиның 65% 
спирттегі ерітіндісіне салады, сонда қолдануға дейін сақтайды
Синтетикалық жіптердің стерилдеуі. Бұл жіптер өте үлкен беріктікке 
ие, қайнату және басқа өңдеу тәсілдерін қолдануға болады. Кемшілігі оларды 
түйіндеп, байлау қиындық туғызады. Капроннан жасалған жіптерді кең 
қолданады, сырттай және өзінің негізгі қасиеттерімен олар иірілген жібек 
жіпке жақын. Бұл жіпті 100°С температурада қайнатумен стерилдейді. Осы 


40 
әдіспен термиялық стерилдеуді жақсы көтеретін лавсан, полиакрид, нейлон 
т.б. жіптерін де залалсыздандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет