Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Англиядағы монархия мен аристократия



бет68/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Англиядағы монархия мен аристократия.
XIX ғасырдың басындағы тарих философиясында әлемдік–тарихи даму­дың диалектикалық сипаты жөнінде ілім пайда болды. Оның авторы не­міс клас­сикалық философиясының көрнекті өкілі Г.Ф.Гегель. Ағарту идея­­сымен қабыс­ып жатқан оның философиялық концепциясы историзм­ге негізделген еді. Оның түсі­ні­гі бойынша тарихи процесс дегеніміз бірі­не–бірі қарама–қарсы күштердің күресі нәтижесіндегі алға қарай даму мұ­ны ол диолектика деп атады. Гегельдің бұл пікірі кейбір оның консерва­тив­ті белгілеріне қарамай тарихи ой пікірдің од­ан әрі дамуына септігін ти­гізді.
Дәл осы уақытта Еуропа тарихнамасында романтизм тарихнамасы­ның та­ғы бір бағыты радикалды–демократиялық тарихнама қалыптасты. Оның көр­нек­ті өкілдері Францияда – Ж.Мишле, Швейцарияда – Ж.Сис­мон­­­­ди, Герма­нияда – В.Циммерман, ал Англияда – У.Коббет.
Бұлардың көзқарасы бойынша тарихты зерттегенде қараша халықтың мүддесін көздеу қажет. «Қараша халық» деп олар қатардағы ұсақ өндіру­ші­лерді, шаруаларды және қолөнершілерді айтып отыр. Миш­ленің «Ха­лық» деп ата­латын шығармасы, В.Цимерманның «Гер­ма­ниядағы шаруа­лар соғысы» – атты кітабы дәл осы көзқарас негізінде жазылған. Олар ка­пита­лизмді сынайды. Өн­дірістік төңкерістің нәтижесі халықтың тұрмы­сын ауырлатқанына тоқта­лады. Олардың кейбірі өткен заманда, орта ға­сыр­дағы патриархалды тұ­р­мысты аңсайды. Мәселен, Сисмонди «Эконо­ми­калық романтизм» – атты бағыттың негізін қалай­ды. Ол нағыз әділет­ті әлеуметті құрылыс орта ғасырдағы Италия­дағы қала–республикаларда орнап еді деп жазады. Ал енді ағылшан Коббет өткен заманда болған «Ес­кі көңілді Англияға» қайта оралу идеясын айтады.
Дегенмен де демократиялық тарихнаманың прогресс идеясын қол­дайтындар болды. XIX ғасырдың бірінші жартысында Еуропа тарихна­ма­сын­да социалистік пікір одан әрі дамыды, жаңа белеске көтерілді.
XIX ғасырдың 40 жылдардың аяғында марксизм идеясы пайда бола­ды. Осыған сәйкес қоғамдық процессті диалектикалық–материалис­т­тік тұрғыдан түсіну пайда болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет