Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет5/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

2.3 Түр­кі­стан Мұх­тарияты

1917 жыл­дың қыр­күйек айына қа­рай­ Түр­кі­стан­ның­ қо­ғам­дық дамуында екі үр­діс­ а­нық­талады: бірі – ұлт­тық­ күш­тер­дің­ Түр­кі­стан Федерация­сын­ жариялауға дай­ын­дық­ жұ­мыс­тары­ның­ бас­талуы; е­кін­шісі – боль­ше­вик­тер­дің­ жер­гі­лік­ті ха­лық­тың автономияға ұмтылы­сын­ ес­кер­мей, өкі­мет­ билі­гін­ ба­сып­ алуға тырысушылығы. О­лар­ қыркүйек айындағы екі өлке­лік­ мұ­сыл­ман съездерін­де Түр­кі­стан­ның­ федера­тив­тік құрылысы жө­нін­де көте­ріл­ген мәселелер­ге еш­қан­дай мән­ бер­мейді. Сол­шыл­ ради­калды­қ және либе­рал­дық күш­тер ара­сын­дағы қай­шы­лық­тар ө­ріс­тей бас­тайды.

25 қа­зан­дағы Пет­рог­радтағы қарулы көтері­ліс­ Ақ­пан­ революциясы­ның­ де­мок­ратия­лық­ ре­фор­маларына ү­міт­ арт­қан­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы күш­теріне үл­кен­ соқ­қы бо­лып­ тиеді. Қа­зан­ төң­кері­сін­ тү­рік­ жұрт­шылығы қа­был­да­май­ды, себебі ке­ңес­тік не­гіз­дегі ұлт­тық­ автономия де­ген­ о­рыс­ о­тар­шылды­ғын­ сақтаудың­ бүр­кеме­лен­ген түрі ғана еді. М. Шо­қай­дың­ сөзі­мен­ айт­қанда, “о­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­ саяси жа­рам­сыздығы­нан­” Түр­кі­станда қиын жағ­дай қалыптасады.

Қа­зан­ төң­керісіне бай­ла­ныс­ты туында­ған­ мәселе­лер­ді тал­қылау ү­шін М. Шо­қай­ қа­зақ­ зиялылары­мен­ бас­қосуға О­рын­борға ісса­пар­ға барады. Қа­зақ­ зиялылары­ның­ мұн­да М. Шо­қай­мен­ кез­десуінде тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­ті жалғыз Түр­кі­стан­мен­ шек­те­мей­, оны қа­зақ­ об­лыс­тары­мен­, баш­құрт, та­тар­ халық­тары­ның­ қоз­ғалысы­мен­ ұш­тас­тыру, боль­ше­вик­терді мой­ындамау, Құрылтай жиналысына а­дал­дықты сақ­тау жө­нін­де ор­тақ­ ұйға­рым­ жасалады [1]. Осы ше­шім­ді бас­шы­лық­қа ал­ған­ М. Шо­қай­ Таш­кент­ке о­рал­ған ке­зін­де мұн­дағы өкі­мет­ билігі 28 қа­зан­да бү­лік­ кө­тер­ген о­рыс­ жұ­мыс­шылары мен­ солдаттарының­ қолына өт­кен­ бола­тын­. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты ол Ұлт­тық­ орталық­тың мүшелері­мен­ бірге Са­мар­қанға, о­дан­ Фер­ғанаға, Жаңа Мар­ге­лан­ға келеді. М. Шо­қай­ Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы кү­рес­ орталығы бола ала­тын­ үкі­мет­ құру жө­нін­дегі о­рыс­ де­мок­раттары­ның­ ұсынысы­нан­ бас­ тар­тып [2], Ұлт­тық­ орта­лық­тың таяу арадағы мақ­сатта­рын­ бел­гілеу­мен­ шұ­ғыл­данады. О­ның­ Кеңеске қар­сы бір­ден а­шық­ кү­рес­ке шығу­дан­ бас­ тар­тып, жал­тақтауы­ның­ бір­ себебі бола­тын­. Ал­ғаш­қы кез­де ол бас­шы­лық­ жа­сап­ о­тыр­ған Ұлт­тық­ орта­лық­ Пет­рог­радтағы Ке­ңес­ өкіметі о­рыс­тар мен­ мұ­сыл­ман­дар­ ара­сын­да ұлт араздығын­ өрші­тіп­ о­тыр­ған Түр­кі­стан боль­ше­вик­те­рін­ сабасына түсіреді деп­ ой­лай­ды [3].

Өлкеде әлеу­мет­тік негізі­нің­ әл­сіз­дігіне бай­ла­ныс­ты боль­ше­вик­тер М. Шоқай­ды Түр­кі­стан Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі құрамына е­ніп­, оны басқаруды (төраға ре­тін­де) ұсынады [4].

“Шуро-и-Улема­ның­” соңы­нан­ ер­ген­ Түр­кі­стан кон­серва­тор­лары­ның­ орта­лық­ Ке­ңес­ өкіме­тін­ мой­ын­дап­, тек­ Түр­кі­стан ү­шін­ ғана “мұ­сыл­ман ә­дет­-ғұр­пына” сәй­кес­ е­рек­ше­лік­тері ескеріле­тін­ жер­гі­лік­ті өкі­мет­ құруды ұсынуы [5] ұлт­тық­ күш­тер­дің­ жағ­дайын қиындата түседі.

Мұ­сыл­ман ұйымдары­ның­ 7 қарашадағы бі­рік­кен отыры­сын­да Түркістандағы өкі­мет­ ха­лық­тың азшы­лық­ бөлігіне сүйен­ген­ Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары кеңесі шешіміне е­мес­, мұ­сыл­ман көп­шілігі­нің­ та­лап­-тілегіне сәй­кес­ құрылуы ке­рек деген қаулы алынады. А­лай­да боль­ше­вик­тер жер­гі­лік­ті ха­лық­ ө­кіл­дері­нің­ тала­бын­ еске­р­мей­ді. 15–22 қарашада Таш­кент­те өт­кен­ Ке­ңес­тер­дің­ ІІІ өлке­лік­ съе­зін­де түр­кі­стан­дық­тар­ды бас­қару органдарынан­ шет­тетуге ба­ғыт­ ұсталынады. Тү­гел­дей о­рыс­тар мен­ ев­рей­лер­ден тұра­тын­ Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ (ХКК) үндеуінде тек­ ең­бек­ші бұқараны бі­рік­тіруді же­дел­дету ү­шін­ ке­ңес­ мұ­сыл­ман ең­бек­шілері ара­сын­да а­зат­тық, теңдік, туыс­тық­ идеяла­рын­ таратуға бар­лық шара­лар­ жасайды де­ген­ бұл­дыр уәде ғана беріледі.

М. Шо­қай­ мәселені бұ­лай­ша тап­тық тұр­ғы­дан­ қою жер­гі­лік­ті ха­лық­ты би­лік­тен ы­ғыс­тыру­дың­ жы­мыс­қы амалы е­кен­ді­гін­ бір­ден түсінеді. 12 қарашада Таш­кент­те мұ­сыл­ман ұйымдары­ның­ бір­лес­кен­ кеңесі­нің­ мәжілісі өтеді. Онда ұлт­тық­ мем­ле­кет­ті­лік­ті құру­дың­ бас­ты идеология­лық­ п­рин­циптері не­гіз­деледі. Мәжі­ліс­ қарарын­да: “Би­лік­тің сол­дат­, жұ­мыс­шы және шаруа депу­тат­тары кеңесі­нің­ қолына көшуіне бай­ла­ныс­ты жал­пы ха­лық­тың он мил­лион­нан­ астамын­, яғ­ни Түр­кі­стан өлкесі бой­ынша тоқ­сан се­гіз­ пайы­зын­ құ­рай­-т­ын­ мұсыл­ман­дар­ Ре­сей­ революциясы жарияла­ған­ бо­стан­дық­, тең­дік, бауыр­лас­тық жө­нін­дегі үндеу негі­зін­де ұлт­тық­-мәде­ни ө­зін­-өзі билеуге то­лық­ құқы бар­” [6] деп­ көр­сетіледі.

Бар­лық­ би­лік­тің кез­дей­соқ­ және жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың мүд­десіне жат­ а­дам­дар­дан­ тұра­тын­ әскери, жұ­мыс­шы және шаруа ұйымдары­ның­ қо­лын­да ғана шо­ғыр­лануы жер­гі­лік­ті ха­лық­тың ө­зін­-өзі ер­кін­ билеуі негі­зін­де өмі­рін­ ұйым­дас­тыруға еш­бір­ мүм­кін­дік­ бер­мейді.

Жаңа үкі­мет­ құра­мын­да жер­гі­лік­ті ха­лық­тың бір­де-бір­ өкілі­нің­ бол­мауы, Түр­кі­стан Ке­ңес­тері ІІІ съезі­нің­ шови­нис­тік ше­шім­дері революция­дан­ күт­кен жақ­сы­лық­тың бос­ әуреші­лік­ е­кен­ді­гін­ көр­се­тіп­ береді. Ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың жетек­шілері дағ­да­ры­стан шығу­дың­ жол­да­рын­ із­дес­тіре бас­тайды.

Мұ­сыл­ман ді­ни же­тек­шілері және о­лар­дың соңы­нан­ ер­ген­ ди­қан­дар мен­ қолө­нер­ші­лер­ бас­тапқы кез­де жаңа өкі­мет­ті та­ни­тын­ды­ғын­ біл­діреді. Осы кездегі “Улема­ның­” ұстанымы жө­нін­де “Бір­лік­ туы” газеті бы­лай­ деп­ жазады: “Таш­кен­т оқиғалары­нан­ бері қа­рай­ мұ­сыл­ман ұйымдары­ның­ бір­де-бірі боль­ше­вик­тер­мен­ жа­нас­қан жоқ­. Енді “Ғұлама­лар­ қоғамы” С. Ла­пин­ арқылы большевик­тер­мен­ ас­тыр­тын “құда­лық­ сөй­лесуге” іждағат­ етті. 15 ноябрьде Таш­кент­те съезд жаса­мақ­ бо­лып­, а­дам­ жинау үшін­ “бір­лес­кен­ мұ­сыл­ман ұйымдары­ның­ бюросы” де­ген­ бір­ өті­рік­ ой­лап­ шы­ғар­ды” [7]. Ха­лық­ комиссарлары кеңесі­нің­ “Улема­ның­” өлкеде Шариғат п­рин­циптеріне негізделген­ аза­мат­тық бас­қару тәр­ті­бін­ о­рнату жө­нін­дегі та­лап­та­рын орындаудан­ ү­зіл­ді-ке­сіл­ді бас­ тар­туы­нан­ кейін ха­лық­тың көп­шілігі “Шуро-и-Исламия” жағына шығады.

Ұлт-а­зат­тық қоз­ғалы­сын­дағы осы ке­зең­дегі ахуал жө­нін­де амери­калық про­фес­сор Р. Пай­пс былай деп жазады: “Таш­кен­т Ха­лық­ ко­мис­сарлары Түркістан тәуел­сіз­ді­гін­ мой­ындау­дан­ бас­ тарт­қан­ бой­да Мұ­сыл­ман және қырғыз (қа­зақ­. – К. Е.) депу­тат­тары­ның­ орта­лық­ кеңесі (ТӨ­МОК­. – К. Е.) Құрыл­тай жиналысы­ның­ шеші­мін­ күту ке­рек­ пе, әлде тәуел­сіз­дікті өз бастамамыз­бен жария­лай­мыз­ ба де­ген­ сұ­рақ­ төңіре­гін­де пі­кір­та­лас­ бас­тайды. Ке­ңес­ке қар­сы кей­бір­ о­рыс­ пар­тиялары, әсіресе, оң­шыл­ э­сер­лер большевиктерді Таш­кент­тен­ ы­ғыс­ты­рып­ шығару ниеті­мен­ ұлт­шыл­дарды тездетіп­ тәуел­сіз­дік жариялауға и­тер­ме­лей­ді” [8].

Қараша­ның­ бас­ ке­зін­де Таш­кент­те Мұ­сыл­ман­дар­дың орта­лық­ кеңесі­нің­ мүшесі Ш. Шагиахме­дов­ Пет­рог­радта бол­ған сапары жө­нін­де айт­а ке­ліп­, Түркістан автономиясы­ның­ жариялану мүм­кін­дік­тері туралы сөз­ қоз­ғайды [9]. Ха­лық­тың кө­ңіл­-күйін білу мақ­са­тын­да Орта­лық­ ке­ңес­ мүшелері Түр­кі­стан қалалары мен­ об­лыс­та­рын­ ара­лай­ды. Қа­зан­ төң­керісіне дейін Са­мар­қан және Фер­ғана об­лыс­та­рын­да бол­ған са­пар­лар ха­лық­ты Уа­қыт­ша үкі­мет­ туы ас­тын­да кү­рес­ке шығару­дың­ мүм­кін е­мес­ті­гін­ көр­се­те­ді. Фер­ғанада М. Шо­қай­ бір­неше кез­десу­лер­ өткізеді. Са­мар­қанда, Қо­қан­, На­ман­ған, Жаңа және Көне Маргеланда, Әнди­жан­да “мұ­сыл­ман­дар­ға да өзі­нің­ ұлт­тық­ та­лап­-ті­лек­те­рін­ ашық­ қоюға уа­қыт­тың кел­гендігі” айт­ылады. Әсіресе Қо­қан­, Әнди­жан­ және Самар­қанда, Жетісу мен­ тү­рік­мен жері­нің­ кей­бір­ уезде­рін­де “ұлт­тық­ кү­рес­тің бі­рың­ғай бағы­тын­” а­нық­тау ү­шін­ тө­тен­ше жал­пыөлке­лік­ мұ­сыл­ман кеңе­сін­ шақыру та­лап­ етіледі [10].

Ке­ңес­ та­рих­шысы П. А­лек­сеен­ков “Мұс­тафа Шоқаевқа іле­сіп­ мұсылмандар­дың өлке­лік­ кеңесі – “Шуро-и-Исламия” да Таш­кент­тен­ Қо­қан­ға ауысты. Ол өз төңірегіне жал­ғыз Фер­ғана­ның­ ғана е­мес­, Түр­кі­стан­ның бар­лық конт­рреволюция­лық­ күш­те­рін­ топ­тас­тыр­ды.

Мұ­сыл­ман­дар­дың орта­лық­ кеңесі Қо­қан­нан Таш­кент­пен­, Са­мар­қан, Әнди­жан­ және Түр­кі­стан­ның­ бас­қа да қалалары­мен­ ты­ғыз­ бай­ла­ныс­ ор­нат­ты” [11] деп­ жазады.

Ав­тор­ Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ Орта­лық­ кеңе­сін­ “Шуро-и-Исламия” ұйымы­мен­ ша­тас­тырады. Де­ген­мен ол Түр­кіс­тан автономия­сын­ жариялауға ә­зір­лік жұ­мыс­тары­ның­ Қо­қан­мен шек­те­ліп­ қал­ма­ған­ды­ғын­, о­ның­ бү­кіл­ өлке бой­ынша жүр­гі­зіл­генді­гін­ мой­ын­дай­ды. Шын­ды­ғын­да да 1917 жылдың аяғына қа­рай­ Орта­лық­ ке­ңес­ Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ же­тек­ші күшіне айналады. М. Шо­қай­ Ұлт­тық­ орта­лық­тың бар­лық об­лыс­тық комитеттері­мен­, Ке­ңес­ өкіме­тін­ қа­был­дама­ған­ о­рыс­ ұйымда­рым­ен­ кеңеседі.

Ең бас­тысы “Улема­мен­” ымыраға қол­ жет­кізіледі. Бір­ле­сіп­ қи­мыл­дау үшін­ С. Ла­пин­ бола­шақ­ Уа­қыт­ша ха­лық­ кеңесі­нің­ төр­ағалығы ор­нын­ беру жөнін­де шар­т қояды [12].

М. Шо­қай­ мен­ о­ның­ жақ­тастары автономия мәселесі жө­нін­де өздері жағына о­рыс­ жұ­мыс­шылары мен­ шаруалары­ның­ бір­ бөлі­гін­ тар­та алады. “О­рыс­ жұ­мыс­шылары мен­ шаруала­рыны­ң біз­дерге ұлт­тық­ ісі­міз­ге ықы­лас­ біл­діруі­нен­ е­мес­, боль­ше­вик­терге жаулығы­нан­ қосы­лып­ жүр­ге­нін­ біле­тін­біз. Де­ген­мен біздер ү­шін­ ол да ма­ңыз­ды бола­тын­, себебі бұ­л жағ­дай өзі­міз­дің ұйымдасуымыз­ға мүм­кін­дік­ бер­ді” [13] дей­ді М. Шо­қай­.

25 қарашада Жаңа Мар­ге­лан­да (қа­зір­ Фер­ғана) об­лыс­тық және уез­дік­ ұйым­дар­ ө­кіл­дері­нің­ қатысуы­мен­ Өлке­лік­ мұ­сыл­ман кеңесі­нің­ мәжілісі өтеді.

Онда алдағы­ кү­рес­ тә­сіл­дері мен­ түрлерін­ бел­гілеу ү­шін­ тө­тен­ше жалпыөлке­лік­ мұ­сыл­ман құ­рыл­тайын шақыру туралы ше­шім­ алынады. Құрылтай Фер­ғана облысы­ның­ ө­нер­кә­сіп­тік орталығы Қо­қан­ қала­сын­да шақырыла­тын­ болады.

“Бір­лік­ туы” газе­тін­де де “Түр­кі­стан мұ­сыл­ман съезі” де­ген­ мақала басылып­, “Қо­қан­ шаһа­рын­да ашыла­тын­ съезге уезд басы он а­дам­нан, ша­һар­ басы үш а­дам­нан ө­кіл­де­рің­ді жібе­рің­дер” деп­ бү­кіл­ ай­мақ­қа ха­бар­ таратылады. “Енді о­сын­дай уа­қыт­та мұ­сыл­ман­дар­дың өздері қа­рап­ жат­қаны ке­ліс­пейді. Олар­ кім­ жең­се, со­ның­ қан­жыға­сын­да кете бер­мей, тір­ші­лік­ бел­гі­сін­ көрсетулері ке­рек­” деп­ үн тас­тайды га­зет­.

Жер­-жер­ге тара­тыл­ған, жиын­ның­ кү­н тәр­тібі жө­нін­дегі хат­тарда мына мәселеге на­зар­ аударылады: “Құ­рыл­тай жиналысына жет­пей Уа­қыт­ша үкі­мет­ құлады. Түр­кі­станда өкі­мет­ билігі Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары­ның­ қолына көш­ті. Түр­кі­стандағы о­рыс­ сол­даттары, жұ­мыс­шылары мен­ қо­ныс­ аударушы шаруалары­ның­ алабө­тен­ е­рек­ше­лік­тері өлкедегі бей­біт­ ө­мір­ге де, оны ме­кен­де­ген­ ха­лық­тар­дың­ бір­-бірі­мен­ туыс­тық­ қа­рым­-қаты­нас­ орнатуына да қауіп төн­діреді. Таш­кен­т боль­ше­вик­тері мұ­сыл­ман­дар­ ө­кіл­дерінің мемлекеттік би­лік­тің орта­лық­ ор­ган­дарына қатысуына а­шық­ түр­де қар­сы шығуда. О­рыс­ революциясы­ның­ а­зат­тық ұ­ран­дарына бе­рік­ Өлке­лік­ мұ­сыл­ман кеңесі мұ­сыл­ман а­ғай­ында­рын­ о­рын­ а­лып­ о­тыр­ған оқиға­лар­ға бай­ыпты на­зар­ аудару және өзі­міз­дің түйінді сөзі­міз­ді айт­у ү­шін­ 25 қарашада Қо­қан­да шақырыла­тын­ тө­тен­ше құ­рыл­тайға өз ө­кіл­дері­ңіз­ді жіберуге шақырады” [14].

Құ­рыл­тайға мұ­сыл­ман е­мес­ ұйым­дар­ ө­кіл­дері де шақыры­лады.

25 қарашада Құ­рыл­тайды ұйым­дас­тыру бюросы­ның­ төрағасы ре­тін­де М. Шо­қай­ Қо­қан­ға кел­ген деле­гат­тар­мен­ ал­дын­ ала ке­ңес­ өткі­зіп­, о­лар­мен жиын­ның­ кү­н тәр­тібі, ман­дат ко­мис­сиясы т. б. мәселе­лер­ бой­ынша сұхбаттасады. Пі­кір­ алысу бары­сын­да: 1) Уа­қыт­ша үкі­мет­ билі­гін­ қал­пына келтіру ү­шін­ мұ­сыл­ман­дар­ды кү­рес­ке шақыру­дың­; 2) Таш­кен­т большевиктерімен­ келі­сім­ге келу­дің­; 3) кле­ри­калды­қ п­лат­форма негі­зін­де жалпы май­дан­ құру­дың­ мүм­кін е­мес­тігі а­нық­талады.

Ұйым­дас­тыру бюросы­ның­ он мүшесі­нің­ жетеуі Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ “Бей­біт­ші­лік­ туралы” және “Мұ­сыл­ман­дар­ға үндеу” дек­реттері негізін­де тәуел­сіз­ Түр­кі­стан рес­публика­сын­ жариялауды жақ­тайды. Тек­ құрылтай­дың­ ашы­лар­ қар­са­ңын­да ғана М. Шо­қай­ мен­ У. Қожаев “Тәуел­сіз­ Түркі­стан рес­публика­сын­” жариялау жө­нін­дегі тармақты құ­рыл­тай­дың­ кү­н тәртібі­нен­ а­лып­ тас­тауға жол­даста­рын­ ә­рең­ көн­діреді. 1926 ж. “L'Est europeаn” (Вар­шава) жур­на­лын­да жария­лан­ған “Орта Азиядағы ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­” де­ген­ мақала­сын­да осы жағ­дайды ол бы­лай­ деп­ еске алады: “Өз ота­ның­ның тәуелсіздігіне, қан­даста­рың­ның өз үйінде өзі то­лық­ қожа болуына, өз тағ­ды­рын­ өзі шешуіне қар­сы сөй­леу шек­сіз қиын және еш жақ­сы­лық­ ә­пер­мейді. Елге “таза о­тар­шы­лар­” би­лік­ жүр­гізе бас­та­ған­, біз­дің тағ­дыры­мыз­ “алаяқ­тар­ мен­ қыл­мыс­тық­ элемент­тер­дің” қолына көш­кен уа­қыт­та Түр­кі­стан­ның­ тәуелсіздігіне қар­сы шығу екі есе қиын бола­тын­.

Иә, біз­ сол­ кез­де Таш­кент­те орна­тыл­ған Ке­ңес­ өкіме­тін­ “халқы­мыз­дың жауы” деп­ е­сеп­те­дік­. Он жыл­ өт­кен­нен кейін де мен­ сол­ се­нім­де­мін­.

Та­быс­қа жету­дің­ бір­де-бір­ мүм­кіндігі жоқ­, сырт­тан­ да кө­мек­ күте­тін­дей ү­міт­сіз­дік­ жағ­дайында кү­рес­ке шығу – ха­лық­тың ө­зін-өзі ө­лім­ге и­тер­мелеу­мен­ тең­ бо­лар­ еді. Бұ­л “ержү­рек­ті­лер­дің ес­сіз­дігі” е­мес­, “ес­сіз­дер­дің­ қыл­мысы” болып­ шы­ғар­ еді”.

М. Шо­қай­ “сая­сат­ – қол­да бар­ мүм­кін­дік­тер­дің­ өнері” де­ген­ көне қағиданы ешқа­шан­ есі­нен­ шыға­рып­ көр­ген е­мес­. Өзі­нің­ сол­ бір­ аса жауапты кезең­дегі ұстанымы­ның­ дұ­рыс­ты­ғын­ 1927 жылы “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­на­лын­да “Қо­қан­ Мұх­тарияты жө­нін­де” де­ген­ мақала­сын­да да қайт­а­лай­ды. Түр­кі­станды бір­ден тәуел­сіз­ мем­ле­кет­ деп жариялауға қар­сы болуы­ның­ себе­бін­ жер­гі­лік­ті ха­лық­та әс­кер­дің де, әскери дай­ын­дық­тың да жоқ­тығы­мен­, соны­мен­ бір­ге Кеңес­ өкіметі­нің­ “о­рыс­тар­дың­ ең оңба­ған­дары мен­ қасиет­сіз­дері­нен­ құ­рыл­ған” қо­ныс­ аударушы­лар­ға сүйе­ніп­ о­тыр­ғаны­мен­ тү­сін­діреді. Ақы­рын­да, ұ­зақ­ пі­кір­та­ла­стан кейін, құ­рыл­тайда Түр­кі­станды ав­тоно­мия деп­ жариялау жө­нін­де ұсыныс­ беруге келісіледі.

Түр­кі­стан­ның­ мем­ле­кет­тік статусы жө­нін­дегі бас­ты мәселе 26 қарашада (9 жел­тоқ­сан­) Қо­қан­ қала­сын­да сал­та­нат­ты түр­де а­шыл­ған өлке хал­қы­ның­ ІV құ­рыл­тайында қаралады. Съезді ұйым­дас­тыру бюросы­ның­ төрағасы М. Шо­қай­ а­шып­, ман­дат ко­мис­сиясы­ның­ мүшесі Т. Нар­бутабе­ков­тің баяндамасы бойынша 203 деле­гат­тың өкі­лет­тігі бекітіледі [15]. Кейін, “У­луғ­ Тур­ке­стан” газеті­нің­ мәліметі бой­ынша, деле­гат­тар саны 250-ге дейін кө­бейеді [16].

О­лар­дың ара­сын­да Түр­кі­стан та­тар­лары бюросы­ның­, Ке­ңес­ өкіме­тін­ тану­дан­ бас­ тарт­қан­ о­рыс­ социа­лис­тік пар­тиялары мен­ жұ­мыс­шылары ұйымдары­ның­, қала­лық­ Дума­ның­ ө­кіл­дері де болады.

Мұ­сыл­ман жұ­мыс­шылары депу­тат­тары кеңесі­нің­ органы “Ишчи­лар­ дунияси” жур­налы ІV Құ­рыл­тай­дың­ өкі­лет­тігі жө­нін­де бы­лай­ дей­ді: “Съезге Түр­кі­стан өлкесі­нің­ әр­бір­ қоғамы­ның­, әр­бір­ одағы­ның­ және ұлт­тық­ ке­ңес­тің қатысуына бай­ла­ныс­ты ол Түр­кі­стан­ның­ он мил­лион мұ­сыл­ман хал­қы­ның­ мүддесіне о­рай­ ше­шім­дер қа­был­дауға то­лық­ құқылы бол­ды” [17].

Съезд төралқасына он үш а­дам­ның қата­рын­да М. Шо­қай­ да сай­ланады. Құ­рыл­тайды а­шар­ кез­де сөй­ле­ген­ кі­ріс­пе сө­зін­де ол Ре­сей­ мен­ Түр­кі­стан­ның­ соң­ғы кез­дегі саяси және әлеу­мет­тік жағ­дайына си­пат­тама бе­ріп­, Орта­лық­та болып­ жат­қан бү­лін­ші­лік­ шет­ ай­мақ­тардағы ха­лық­тарды өз ба­сын­ өзі арашалауға және өз бет­те­рін­ше әре­кет­ жасауға и­тер­ме­леп­ о­тыр­ деп­, деле­гат­тар наза­рын­ бір­ден бас­ты мәселеге аударады.

Қан­тө­гіс­ті Қа­зан­ төң­кері­сін­ басы­нан­ өт­кер­ген Түр­кі­станға да өз тағ­дыры жө­нін­де қам­ жеуі ке­рек­. Өлкедегі ауыр жағ­дайға а­шар­шы­лық­қа ұласуы ықтимал­ а­зық­-тү­лік­ тап­шылығы қосылуда. “Мұн­дай ахуал­дан­ қа­лай­ шығу керек­?” деп­ сұ­рақ­ қой­ып, Мұс­тафа сө­зін­ әрі қа­рай­ жал­ғастырады. Қа­зір­ ө­мір­ сүріп­ жат­қан Ке­ңес­ өкіметі­нің­ құрылуына ә­кел­ген жол­ бей­күнә құр­бан­дар­дың қанына суа­рыл­ған. О­ның­ себебі, бұ­л би­лік­ қан­тө­гіс­ке жі­бер­меуі мүм­кін мұсылман­дар­дың қатысуын­сыз­ орнады. Тіп­ті төң­ке­ріс­тен кейін де Ұлт­тық­ орта­лық­тың би­лік­ ор­ган­да­рын мұ­сыл­ман­дар­ мен­ еуропа­лық­тар­дың­ тең­ мөлшерде қатысуы­мен­ ұйым­дас­тыру жай­лы ұсыны­сын­ о­рыс­ сол­даттары мен­ жұ­мыс­шы депу­тат­тары­ның­ кеңесі қа­был­ алмады. Соны­мен­ Түр­кі­стан нан­сыз, шын­ мә­нін­де ха­лық­тық өкі­мет­сіз қал­ды” [18] деп­ сө­зін­ аяқ­тай­ды. 27 қарашада Тө­тен­ше Құ­рыл­тай Түр­кі­станды ме­кен­деуші ха­лық­тың ер­кін­ біл­діре оты­рып­, Түр­кі­станды Ре­сей­ Федера­тив­тік де­мок­ратия­лық­ респуб­ликасы­мен­ бір­тұ­тас­ аумақ­тық автономия деп жария­лап­, де­ген­мен автономия фор­ма­сын­ шешуді Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ қарамағына қал­дырады [19]. Ендігі жер­де Түр­кі­стан өлкесі Түр­кі­стан Мұх­тарияты (Түр­кі­стан Автономиясы) деп­ аталады.

Қа­рар­ға қар­сы жал­ғыз М. Чаны­шев­ де­ген­ ғана дауыс береді.


М. Шо­қай­ оны “о­рыс­ үкіметі­нің­ тың­шысы” е­кен­ді­гін­, ке­ңес­ бас­пасө­зін­де бұ­л адам­ның Түр­кі­стан Автономиясы үкіметі­нің­ бас­ қол­басшысы деп­ жазылуы­ның­ жал­ғанды­ғын­ айт­ады.

Құ­рыл­тай шешіміне “Улема” қоғамы да қосылады.

Өлке­лік­ мұ­сыл­ман кеңесі Түр­кі­стан­ның­ Ре­сей­ Федерациясы құра­мын­да бө­лек­ ш­тат­ ре­тін­де қалуын жақ­тайды және осы­ған­ деле­гат­тарды көн­діреді. “Біз­дер­дің мұн­дай ше­шім­ге бой­ ұруы­мыз­ға о­рыс­ революциясы жө­нін­де ү­міт­ пен­ кү­дік­ ара­лас­ пі­кір­де жүр­ген жә­диттер­дің­ ықпалы ә­сер­ етті” [20] дей­ді М. Шо­қай­.

Өз алдына Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналы­сын­ шақыруды ол “Ре­сей­де үкімет­тің жоқ­тығы се­беп­ті... Бү­кіл­ре­сей­лік­ құ­рыл­тай жиналысы­ның­ ұйымдастырылуы екіта­лай­” [21] бо­лып­ о­тыр­ғаны­мен­ тү­сін­діреді. Ал, енді “автономия стату­сын­ шешуді” құ­рыл­тай жиналысы­ның­ тал­қысына салу, М. Шо­қай­дың­ ішкі сырына қара­ған­да, “Түр­кі­стан­ның­ Ре­сей­ден­ бөлінуі мәселесін­ қа­рас­тыруды” [22] көз­дейді. Мұ­ның­ өзі М. Шо­қай­дың­ аса сақ­тық­пен­, алды-ар­тын­ бол­жап әре­кет­ ет­кен­ді­гін­, съез­дің­ қар­са­ңын­да өт­кен­ ке­ңес­те де Түр­кі­стан­ның­ Ре­сей­ден­ бөлінуі жө­нін­дегі пі­кір­ге а­шық­ қол­дау көр­сет­пей­, ол мәселені Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ шешіміне қал­дыруды жөн­ көр­генді­гін­ дәлелдейді.

“Жағ­дайға бай­ла­ныс­ты шын­ кө­сем­дер кей­де са­быр­лы көрінеді, ал кей­де, ел мүд­десі та­лап­ ет­кен­де, о­лар­ өз так­тика­сын­ түбірі­мен­ өз­гер­туі де мүм­кін” дей­ді А. Шуль­ги­н. Украин­дық­ досы­ның­ ай­т­уынша, М. Шо­қай­ өз хал­қы­ның­ мұң-мұқ­тажына о­рай­ қи­мыл­дайт­ын­ о­сын­дай “на­ғыз­ көсемі” [23] болады.

Съезд Түр­кі­станды ме­кен­деуші азшы­лық­ ұлт­тар­ құқықтары­ның­ то­лық­тай қор­ғала­тын­дығы туралы мә­лім­деме жа­сай­ды.

28 қарашада Түр­кі­стан ха­лық­ өкіме­тін­ ұйым­дас­тыру п­рин­циптері жөнінде ше­шім­ алынады. Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналысы шақы­рыл­ғанға дейін үкі­мет­ билігі Түр­кі­стан Уа­қыт­ша Кеңесі мен­ Түр­кі­стан ха­лық­ бас­қармасы (үкіметі) құзырына беріледі.

Түр­кі­стан Уа­қыт­ша Кеңесі­нің­ құра­мын­ Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысына сай­лан­ған ө­кіл­дер құ­рай­ды және о­лар­ мына е­сеп­ бой­ынша бөлінеді: 1) Фер­ғана облысы­нан­ – 10 а­дам­, Сыр­дария облысы­нан­ – 9, Са­мар­қан облысы­нан­ – 5, Жетісу­дан­ – 6 және За­кас­пий облысы­нан­ – 2 а­дам­; 2) қала­лық­ өзін-өзі бас­қару құры­лым­дары­нан­ – 4 а­дам­; 3) түр­лі еуропа­лық­ өлке­лік­ демократия­лық­, саяси, кәсіби, қо­ғам­дық және бас­қа да ұйым­дар­дан – 18 а­дам­ [24].

Еуропа­лық­ ө­кіл­дер­дің­ Түр­кі­стан автономиясына бой­кот­ жариялауы себеп­ті Уа­қыт­ша ке­ңес­ке бар­лығы 54 а­дам­нан 33 а­дам­ сай­ланады. О­лар­: Ш. Шагиахме­дов­, А. Ғ. Құш­бегиев, Н. Ка­мал­хан-Төреев, Х. Юргули-Ағаев, Ғ. Мах­му­дов­, Т. Ғу­шур­ходжаев, Х. Қарабе­ков­, Ә. Оразаев, М. Мир­зах­ме­дов­ (Фер­ғана); М. Шо­қай­, С. Ла­пин­, У. Қожаев, С. Бай­сейі­тов­, Т. Нар­бутабе­ков­,
С. Мир­жали­лов­, И. Ғұ­бай­дул­лин, С. Ша­риф­ходжаев, Қ. Қожы­қов­ (Сыр­дария); А. Абдусали­мов­, С. Герц­фель­д, А. Дер­біса­лин­, М. Акчу­рин­, Сад­ред­дин-хан­ Ша­риф­қожаев, М. Ман­су­ров­ (Са­мар­қанд); М. Ты­ныш­паев, И. Дав­лет­шин (Жетісу); Ха­лил­ Ширинс­кий­, Ғ. Мұсабаев, А. Ша­кир­хантөреев, К. Рахманбердиев, А. Ома­ров­, С. Юсу­пов­ (Закаспий облысы); Сейітжа­пар­ Саидов­. Соны­мен­ әр об­лы­стан сай­лан­ған Уа­қыт­ша ке­ңес­ мүшелері­нің­ сан­дық құра­мын­да да бір­шама өзге­ріс­тер болады.

Уа­қыт­ша ке­ңес­ мына құ­рам­да уа­қыт­ша үкі­мет­ті та­ғай­ын­дай­ды: 1) минист­р-төраға және ішкі іс­тер­ ми­нист­рі Мұха­мед­жан Ты­нышпаев (ІІ Мемлекет­тік дума мүшесі); 2) ми­нист­р-төраға­ның­ орынбасары Ша­хис­лам Сұлтан­ Шагиахме­дов­ (Бү­кіл­ре­сей­ мұ­сыл­ман кеңесі орта­лық­ комитеті­нің­ мүшесі); 3) Сырт­қы бай­ла­ныс­тар бөлімі­нің­ бас­шысы Мұс­тафа Шо­қай­ (адво­кат­, Уа­қыт­ша үкі­мет­тің Түр­кі­стан комитеті­нің­ мүшесі, ТӨ­МОК­ төрағасы, Өлке­лік­ қыр­ғыз (қа­зақ­) кеңесі­нің­ төрағасы); 4) ха­лық­тық милиция және қо­ғам­дық қауіпсіз­дік бөлімі­нің­ бас­шысы У­бай­дол­ла Қожаев (Бү­кіл­ре­сей­ мұ­сыл­ман кеңесі орта­лық­ комитеті­нің­ мүшесі); 5) жер­ге орна­лас­тыру және суды пай­далану минист­рі Хидоят­бек­ Юргули-Ағаев (агро­ном­, ға­лым­); 6) а­зық­-тү­лік­ ми­нист­рі А­бид­жан Мах­му­дов­ (Қо­қан­ қала­лық­ думасы төрағасы­ның­ о­рын­басары); 7) ішкі іс­тер­ ми­нист­рі­нің­ о­рын­басары Әбді­рах­ман­бек­ Оразаев(се­нім­ ар­тыл­ған адвокат); 8) қар­жы ми­нист­рі Соло­мон­ Герц­фель­д (се­нім­ ар­тыл­ған адво­кат­).

Осы а­дам­дар­дың­ есі­мін­ а­тай­ ке­ліп­, А. Ха­лид­ Уа­қыт­ша үкі­мет­ке жәдиттер­мен­ бір­лесе қи­мыл­да­ған,­ о­рыс­ оқу о­рын­да­рын­да бі­лім­ ал­ған­ мұсылман зиялылары би­лік­ жүр­гізді де­ген­ тұжы­рым­ға келеді. Бұ­л сөз­дің жаны бар­. Уа­қыт­ша ке­ңес­ пен­ ол сай­ла­ған­ үкі­мет­ өлке­нің­ ал­дың­ғы қа­тар­лы күштерінің­ кең­ не­гіз­де құрылған альянсы ре­тін­де си­пат­талады. М. Шо­қай­дың­ өзі де “Авто­ном­ды Түр­кі­стан­ның­ үкіметі мұ­сыл­ман п­рог­рес­шіл­ интеллигенциясы­ның­ сол­ ке­зең­дегі ең сол­шыл және ба­рын­ша ради­калды бөлігінен­ құ­рал­ды. О­лар­, жас­ тү­рік­ қауымы­ның­ даму жағ­дайын е­сеп­ке ал­ған­да, қо­ғам­ға қыз­мет ету стажы­мен­ бі­раз­дан бері ел­мен­ бай­ла­ныс­ты а­дам­дар болатын­” [25] дей­ді.

Съезде тал­қы­лан­ған ма­ңыз­ды мәселе­лер­дің бірі О­рын­бор әскери үкіметінің­ “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағына” қосылу жө­нін­де Түр­кі­стан хал­қына жолда­ған­ үндеуі бола­тын­. О­ның­ мәті­нін­ М. Шо­қай­ деле­гат­тарға о­қып­ береді. Үндеу “Тур­ке­станс­кий­ вес­тник” газе­тін­де де жарияланады. Онда бы­лай­ делінеді: “О­рын­бор ка­зак­ әскері­нің­ әскери үкіметі Түр­кі­стан өлкесі­нің­ халықтарын­ “Ка­зак­ әс­кер­лері­нің­, Кав­каз­ тау­лық­тары мен­ Дала­ның­ ер­кін­ халықтары­ның­ Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағына” қосылуға шақы­рып­, о­дақ­тың бас­қа мүшелері­мен­ бір­ге Түр­кі­стан өлкесі ха­лық­тарына мұ­сыл­ман және о­рыс­ тұрғындары­нан­ милиция жа­сақ­тауға, мақ­та, жү­н мен­ ману­фак­тураға ауыстырып­ а­шар­шы­лық­ ке­зін­де ас­тық­пен кө­мек­ беруге уәде етеді” [26].

Үндеуді саяси және экономика­лық­ тұр­ғы­дан­ түп­кі­лік­ті са­рап­тау пленарлық оты­рыс­та мүм­кін бол­ма­ған­дық­тан­, М. Бех­буди­дің­ ұсынысы бойынша 12 адам­нан тұра­тын­ ко­мис­сия құруға келісіледі. Дәлі­рек­ айт­қанда: 1) Түр­кі­стан­ның­ “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағы­мен”­ келі­сім­ шарт­та­рын­ тал­қылау ү­шін­ о­ған­ ке­шік­тір­мей­ дип­ломатия­лық­ мис­сия ат­тан­дыру­мен­ айналыса­тын­ атқару орга­нын­ сай­лау; 2) Түр­кі­стан өлкесі­нің­ “О­дақ­қа” енуі жө­нін­дегі мәселені түпкілік­ті шешу мін­детін Түр­кі­стан құ­рыл­тай жиналысына жүк­теу жө­нін­де қаулы етіледі. Экономика­лық­ жағ­дайға бай­ла­ныс­ты аса қа­жет­ті­лік­ туында­ған­ шақ­та атқару органына Құ­рыл­тай жиналысы шақы­рыл­ғанға дейін “О­дақ­пен” уа­қыт­ша келі­сім­шарт­қа отыруға рұқ­сат беріледі.

Мұн­дай ше­шім­ге келу­дің­ өзі де үл­кен­ пі­кір­та­ла­стан кейін, Түр­кі­стан­ның­ “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағына” ен­ген­ ха­лық­тар­дың­ қор­шауында қалуына, о­лар­мен ст­ратегия­лық­ мақ­саттары­ның­ ұштасуына бай­ла­ныс­ты мүм­кін болады. Әрине қа­зақ­тар мен­ қыр­ғыз­дар­ казачест­во­ның­ мо­нар­хия­лық­ өкі­мет­тің қан­ды қылышы бол­ғанды­ғын­, бір­неше ға­сыр­ бой­ы о­лар­ды қы­рып­-жой­ып кел­генді­гін­ ұмыта қой­ма­ған­ еді. Шын­ мәніне кел­генде, ақы­рын­да бұ­л жоба­ның­ сәт­сіз аяқталуына осы жағ­дай шешуші ә­сер­ ет­кен­ се­кіл­ді. П. А­лек­сеен­ков­ “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одаққа” кіру де, кір­меу де ше­шіл­меді, сон­дық­тан­ бұ­л мәселеге қайт­а орала­тын­ бол­ды” [27] дей­ді.

Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ осы “О­дақ­қа” қосылуы жө­нін­де ке­ңес­ және ше­тел­ та­рих­шылары ара­сын­да қарама-қар­сы пі­кір­ де ұшырасады. А. Ха­лид­ ұ­зақ­ пі­кір­та­ла­стан кейін Құ­рыл­тайда Түр­кі­стан­ның­ “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағына” қосылуы жө­нін­де ше­шім­ а­лын­ды [28] дей­ді. Ке­ңес­ та­рих­нама­сын­да большевиктер­дің­ жер­гі­лік­ті ха­лық­қа қар­сы кү­ш қол­дануын ақтау мақ­са­тын­да Түр­кі­стан Автономиясы ка­зак­ әс­кер­лері­нің­ конт­рреволюция­лық­ “Оң­түс­тік-шығыс­ одағы­мен­” ты­ғыз­ бай­ла­ныс­та бол­ды деген пі­кір­ тараты­лып­ кел­ді.

М. Шо­қай­ “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағы­ның­” өтінішіне съезде келі­сім­ берілмеді, себебі мұн­дай күр­делі мәселені Түр­кі­стан­ның­ құ­рыл­тай жиналысында ғана шешуге бола­тын­ еді; соны­мен­ бір­ге Уа­қыт­ша үкі­мет­ке “Оңтүс­тік-шы­ғыс­ одағы­ның­” құрылымымен және саяси физиономиясы­мен­ жақыны­рақ­ танысу мін­деттелді дей­ді. Уа­қыт­ша үкі­мет­ өзі­нің­ ал­ғаш­қы отырыстары­ның­ бірінде М. Шо­қай­ды О­рын­борға ат­тан­ды­рып­, о­ған­ О­рын­бор әскери үкіметі­нен­ “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағы­ның­” алдына қан­дай саяси мақ­сат қой­ып о­тыр­ға­нын­ білу тап­сырылады.

М. Шо­қай­дың­ өзі­нің­ жазуына қара­ған­да жаңа үкі­мет­ оны О­рын­борға іссапар­ға ең алды­мен Баш­құрт­стан­ мен­ қа­зақ­тар­дың­ ұлт­тық­ ұйымдары­мен­ байла­ныс­ орнату, соны­мен­ бір­ге “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ ка­зак­тары одағы­ның­” саяси ұстанымы жай­ында қо­сым­ша мәлі­мет­тер жинау мақ­са­тын­да жібереді.

Мұс­тафа О­рын­борға жел­тоқ­сан­ айында жол­ға шығады. Осы ай­дың 25-інде өт­кен­ үкі­мет­ отыры­сын­да О­рын­бор­дан­ о­рал­ған М. Шо­қай­дың­ баяндамасы тың­да­лып­, Түр­кі­стан­ның­ ка­зак­тар­дың­ “Одағына” кіруі жө­нін­дегі мәселені Құрыл­тай жиналысы­ның­ кү­н тәр­тібі­нен­ мүл­дем а­лып­ тас­тау туралы ше­шім­ қабыл­данады [30].

Жаңа мем­ле­кет­тік құры­лым­ Түр­кі­стан өлкесі орта­лық­ кеңесі­нің­ кү­ш-жігері, М. Шо­қай­дың­ және о­ның­ жақ­тастары­ның­, о­лар­ды қол­да­ған­ өлке тұрғындары­ның­ ұлт­тық­ а­зат­тыққа, бас­қа ха­лық­тар­мен­ тең­ құқылы ө­мір­ сүруге ұмтылысы­ның­ арқа­сын­да дү­ниеге келеді. М. Шо­қай­дың­ жазуынша, “Шуро-и-Исламия” ұйымына үнемі қар­сы бо­лып­ кел­ген “Шуро-и-Улема” да бас­тапқы кез­де Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ жариялау жө­нін­дегі шешімді қол­дайды және ол мұ­сыл­ман­дар­дың жал­пы мақ­сат ү­шін­ кү­рес­ май­данына жік­ сал­мау ниеті­нен­ туын­дай­ды. Тіп­ті, С. Ла­пин­ Уа­қыт­ша ха­лық­ кеңесі­нің­ төрағасы бо­лып­ сайланады [31]. А­лай­да “Шуро-и-Улема­ның­” Таш­кен­т ұйымы Мұх­тариятқа шарт­ты түр­де ғана қол­дау көр­сетеді.

Съез­ден­ кейін Ұлт­тық­ орта­лық­тың мүшелері тұр­ғын­дар­ға Түр­кі­стан Мұхтарияты­ның­ мақ­са­тын­, жұ­мыс­ жос­па­рын­ тү­сін­діру ү­шін­ Ашха­бад­ты, Әнди­жан­ды, Са­мар­қанды, Шым­кент­ті, Мерв­ті және тағы бас­қа қала­лар­ды аралай­ды. 1 жел­тоқ­сан­да Авто­ном­ды Түр­кі­стан­ның­ Уа­қыт­ша үкіметі өлке халқына үндеу тара­тып­, “Түр­кі­стан аза­мат­та­рын­ – мұ­сыл­ман­дар­ды, о­рыс­тар, ев­рей­лер­, жұ­мыс­шы­лар­, сол­дат­тар­ мен­ шаруа­лар­, өлкені ме­кен­деуші бар­лық тай­па­лар­ мен­ ха­лық­тарды, мекеме­лер­ді Түр­кі­стан ха­лық­ өкіметі төңіре­гін­де топ­тасуға” шақырады.

Жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ жариялануын үл­кен­ қуа­ныш­пен қар­сы алады. “Ишчи­лар­ дү­нияси” жур­налы­ның­ бі­рін­ші са­нын­да “Түр­кі­стан Мұх­тарияты жаса­сын­!” де­ген­ құт­тықтау мақала жарияланады [32]. Мұ­ның­ өзі ке­ңес­ та­рих­нама­сын­дағы Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ маңы­зын­ төмен­дету мақ­са­тын­да “Қо­қан­ автономиясы”, “капита­лис­тер мен­ ис­лам­шы­лар­ құрылымы” [33] де­ген­ бай­ба­лам­ның не­гіз­сізді­гін­ көр­сетеді.

Бас­қа да ұлт­тық­ басы­лым­дарда ха­лық­тың ер­кін­ ө­мір­ сүруге құл­шынысы, Таш­кент­тегі боль­ше­вик­тер билігіне қар­сы наразылығы біл­діріледі. Сон­дай мақала­лар­дың бірі “Бір­лік­ туы” газе­тін­де жа­рық­ көреді. “Соң­ғы кез­де Русияны а­стан­-кес­тен қыл­ған боль­ше­вик­ пәлекеті­нің­” сал­қыны Түр­кі­станға да тиді. Мұн­да о­рыс­тың сол­даттары мен­ жұ­мыс­керлері қару жұм­сап, зор­лық­пен­ би­лік­ жүр­гізе бас­тады. Түр­кі­стан айма­ғын­да жүз­ге екеу­ден-ақ келе­тін­ о­рыс­, о­ның­ бәрі де е­мес­, он­нан­ бірі-ақ келе­тін­ сол­дат пен­ жұ­мыс­кер­лер­ мұ­сыл­ман­ның­ бір­ ада­мын­ да ішіне ал­май­, үкі­мет­ті өздері­нен­ сай­лады.

“Же­тіл­генше біз­дей же­тік­терге бағы­ның­дар, сен­дерге бұ­л қа­лып­та тұрғандарыңда е­рік­ бол­майды, сен­дер – “бур­жуй”, “бай­лар­сың­дар­” дей­ді. Мұнан­ кейін Түр­кі­стан мұ­сыл­мандарына боль­ше­вик­терге қол­ қусы­рып­, құлдыққа мой­ынсұну, не на­мыс­қа шауып, ота­нын­ аяқасты қы­лып­ о­тыр­ған бес­-алты ит қа­тар­лы бұ­зық­тарға ау­лақ­ жү­р деп­, өз билі­гін­ өз қол­дарына алу қал­ды...

Съезд жұрт­тың­ шын­ көңі­лін­ біл­дірді. Түр­кі­стан­ның­ бар­ша шаһарларының­ тұр­ғындары, дала хал­қы қуа­нып­, Түр­кі­стан Автономия­сын­ қолдайт­ын­дықта­рын­ біл­діруде” [34] делінеді онда. За­кас­пий облысы мұсылмандары­ның­, Түр­кі­стан ең­бек­шілері мен­ ди­қан­дары­ның­, Шым­кен­т татар­лары­ның­ жиындары Мұх­тариятты қызу қуат­тай­ды. Сыр­дария облысы­ның­ Перовс­к және Қазалы уездері, тіп­ті, Ыр­ғыз­ уезі қа­зақ­тары да Түр­кі­стан Мұхтариятына кіре­тін­дігі жө­нін­де же­дел­хат­тар­ жол­дайды [35]. Бұ­л жағ­дай қазақ­тар­дың­ да Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ өз мем­ле­кет­тік құрылымы ре­тін­де қабыл­даға­нын­, о­ған­ енуді о­тар­лық үс­тем­дік­тен­ құтылу­дың­ бір­ жолы ре­тін­де қарас­тырға­нын­ көр­сетеді.

30 қарашада Қо­қан­да зор­ ха­лық­ шеруі өтеді. Таш­кент­те мың­да­ған­ а­дам­ қа­тыс­қан митингіде шы­ғып­ сөй­ле­ген­ ше­шен­дер тең­сіз­дік­тің біт­кені, жаңа өмірдің бас­талғаны және Түр­кі­станды ме­кен­деуші бар­лық ха­лық­тар­дың­ ынтымақ­тастығы туралы айт­ады [36].

Түр­кі­стан Автономиясы үкіметіне Сауда-ө­нер­кә­сіп­ одағы­нан­, Гру­зин­ қоғамы­нан­, Бунд­тан­ құт­тықтау­лар­ түседі. О­лар­ға о­рыс­ тұр­ғындары­ның­ кей­бір­ ө­кіл­дері де қосылады. С. Никифо­ров­тың мына сөз­дері бү­гін­гі күні де өз маңызын­ жоғалт­қан­ жоқ­: “Это знамена­тель­ное для переживаемого време­ни реше­ние­ съезда отк­рывает новую эпоху в сущест­вова­нии нацио­наль­ной окраины. Пора отб­ро­сить­ шови­нис­ти­чес­кую и в пол­ном смысле реакционную мыс­ль о том­, что мы, завоева­тели­ края, толь­ко в силу права завоевате­лей­ являемся единст­вен­ными куль­турт­регерами, а на­род­ные мас­сы в качест­ве завое­ван­ных, по­беж­ден­ных­ – не боль­ше как­ материал для уп­раж­не­ния над­ ними победите­лей­ (кур­сив біз­дікі. – К. Е.)” [37].

Са­мар­қандағы өлке­лік­ Мұ­сыл­ман және қа­зақ­ кеңесі же­дел­хат жол­дап, Түр­кі­стан Мұх­тарияты үкіме­тін­ “а­зат­тық таңы атуы­мен­ құт­тық­тай­ды”, Ташкент­те Ке­ңес­ өкіметі­нің­ орнауын “ха­лық­ ер­кін­ аяққа тап­тау” деп­ көр­сетеді. Ұлт­тық­ мем­ле­кет­ті­лік­тің құрылуын мұ­сыл­ман қауымы­ның­ ба­сым­ көп­шілігі қуа­ныш­пен қа­был­дайды.

1917 жыл­дың 3, 13 жел­тоқ­сан­ күн­дері Таш­кент­те Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ жақ­та­ған­ демонс­трация­лар­ өтеді. Шеруге Таш­кен­т “Улемасы”, еуропа­лық­тар да қатысады. Демонс­трант­тар­дың үш­тен­ екі­сін­ жер­гі­лік­ті ха­лық­, үш­тен­ бі­рін­ еуропа­лық­тар құрады, кө­мек­ке аттылы “қыр­ғыз­дар­” да (қа­зақ­тар да) кел­ді делінеді И­ран­дағы ф­ран­цуз әскери мис­сиясы­ның­ 1919 жыл­дың 3 қаза­нын­дағы құпия хаба­рын­да.

Шеруге шық­қан­дар­ Таш­кент­тің­ о­рыс­ бөлі­гін­дегі түр­меге шабуыл жа­сап­, онда боль­ше­вик­тер қамауда ұс­тап­ о­тыр­ған саяси тұт­қын­дар­ды босатады.

О­рыс­ сол­даттары демонс­трант­тар­ға оқ жауды­рып­, он алты а­дам­ қаза табады. Қай­ғылы оқиға туралы “У­луғ­ Тур­ке­стан”, “Бір­лік­ туы”, “Ишчи­лар­ дуния­сын­да” жазы­лып­, о­ның­ а­рандатушы­лық­ сипаты а­шып­ көр­сетіледі [38].

Бей­біт­ шеруге қар­сы қару қол­данудағы боль­ше­вик­тер­дің­ мақ­саты Мұхаммед Пай­ғам­бар­дың­ ту­ған­ кү­нін­ мереке­леу­ге шық­қан ха­лық­ты “қасиетті со­ғыс­қа” а­ран­дату бола­тын­. Осы­лай­ша боль­ше­вик­тер жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ға кү­ш көр­сету саясатына көшеді. Өлке­лік­ Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ төрағасы Ф. Коле­сов­ Пет­рог­радқа же­дел­хат жол­дап, қан­тө­гіс­тің бар­лық жауапкер­шілі­гін­ “өз ықпа­лын­ ке­ңейт­уге ұмты­лып­ о­тыр­ған” Түр­кі­стан Мұхтариятына жабады және “алдағы уақытта Орта­лық­тың нұс­қаула­рын­ күтеді”.

1917 ж. 16 жел­тоқ­сан­да Түр­кі­стандағы жағ­дай туралы мәселе


В. И. Ле­нин­нің қатысуы­мен­ Пет­рог­рад ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ отырысын­да тал­қыланады. Бір­неше күн­нен кейін И. В. Ста­лин­ Ха­лық­ комиссарлары кеңесі­нің­ келесі отыры­сын­да жаса­ған­ баяндама­сын­да “Ха­лық­ комис­сарлары кеңесі­нің­ үлгі­сін­де құ­рыл­ған ұлт­тық­ орта­лық­тар­дың­ (Сі­бір­, Бело­рус­сия, Түр­кі­стан) тиісті нұс­қау­лар­ сұрауына” бай­ла­ныс­ты “жер­гі­лік­ті жер­де өзде­рің­ би­лік­ иесісің­дер, сол­ се­беп­ті ди­рек­тива­лар­ды өзде­рің­ қабылдайсың­дар” [39] дей­ді.

И. Ста­лин­нің бұ­л мә­лім­демесі Таш­кен­т боль­ше­вик­тері­н­ ер­кін­сітіп­, оларды ойларына кел­генді жасауға и­тер­ме­лей­ді. Таш­кент­тегі қан­ды оқиға­дан­ кейін де Түр­кі­стан Мұх­тарияты Ке­ңес­ өкіметі­мен­ бей­біт­ қа­тар­ ө­мір­ сүру қағидала­рын­ қа­таң­ сақ­тайды, боль­ше­вик­тер­дің­ а­ран­дату­шылық­ әре­кет­теріне ұшы­рап­ қал­мауға тырысады.

1918 ж. қаң­тарда Түркістан Мұхтариятының­ тап­сырмасы бо­й­ынша В. А. Чай­кин­ Бү­кіл­ре­сей­лік­ Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ мүшесі В. А. Алгасов­ арқылы ұлт­тар­ ісі жө­нін­дегі ко­мис­сар И. В. Ста­лин­ге Түркістандағы өкі­мет­ билігі­нің­ жер­гі­лік­ті жұ­мыс­шы­лар­ мен­ шаруа­лар­ға көшуін идея­лық­ тұр­ғы­дан­ қол­дауды өзіне мін­детті деп­ е­сеп­тей ме де­ген­ сауал қой­ып, Түр­кі­стан Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесіне өлкедегі өкі­мет­ билі­гін­ Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ Уа­қыт­ша үкіметіне тап­сыру жө­нін­де нұс­қау беруді күтетіндігін­ ха­бар­лайды. О­ған­ Ста­лин­ бы­лай­ деп­ жауап береді: “Ке­ңес­тер өз ішкі істе­рін­де авто­ном­ды және өздері­нің­ нақ­ты күш­теріне сәй­кес­ әре­кет­ етеді. Сон­дық­тан Түр­кі­стан­ның­ жер­гі­лік­ті пролетариаты, о­лар­дың пікі­рін­ше, орта­лық­ Ке­ңес­ өкіметіне және жат­ әскери бө­лім­дерге сүйен­ген­ Түр­кі­стан Ха­лық­ комиссарлары кеңе­сін­ тарату жө­нін­дегі өті­ніш­ жасамауы ке­рек­, күш­тері жет­се, өздері та­рат­сын” [40].

Ста­лин­нің жауабы өлкеде қан­ды қыр­ғынға жол­ ашады. Онда, бір­ жағы­нан­ жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ға, тіп­ті, жұ­мыс­шыларына дейін, орта­лық­тан еш­бір­ кө­мек­ күту­дің­ қа­жет­сіздігі айт­ыл­са, е­кін­ші жағы­нан­, зең­бі­рек­, пуле­мет­пен қару­лан­ған о­рыс­ боль­ше­вик­теріне не істесе де е­рік­ беріледі.

1918 жыл­дың қаң­тар айында боль­ше­вик­тер өздері бақылау жа­сап­ тұр­ған жер­лер­дің­ бә­рін­де “Шуро-и-Исламия” және бас­қа да пар­тия­лар­ мен­ қо­ғам­дық ұйым­дар­ды тара­тып­, “конт­рреволюция­лық­” о­рыс­ және ұлт­тық­ басы­лым­дарды жабады.

Тіп­ті, Мұ­сыл­ман жұ­мыс­шылары депу­тат­тары кеңесі­нің­ органы “Ишчи­лар­ ду­нияси” да қу­ғын­далады.

Түр­кі­станда боль­ше­вик­тер­дің­ бел­ ала бас­тауы жал­ғыз ғана өлкедегі саяси күш­тер­дің­ өзара қатынасы­ның­ ғана е­мес­, жал­пы Ре­сей­ мен­ сырт­қы ә­лем­нің дамуының сал­дары еді. Бұ­л заң­ды­лық­ты М. Шо­қай­ сол­ кез­дің ө­зін­де бір­неше рет­ а­тап­ көр­сетеді.

Аяғына тік­ тұ­рып­ үл­гер­ме­ген­ жас­ мем­ле­кет­тік құры­лым ішкі ха­лық­ бірлігі­мен­ қа­тар­ бас­қа ел­дер­ тарапы­нан­ кө­мек­ қо­лын­ соза­тын­ о­дақ­тас­тар­ға, әсіресе, Бұхара мен­ Хиуа хан­дықтары­ның­ қол­дауына аса зәру еді.

Ке­ңес­ та­рих­шысы Д. Л. Го­лин­ков: “Қо­қан­ автономия­лық­” қоз­ғалысы­ның­ ықпалы Түр­кі­стан­ның­ бар­лық ау­дан­дары мен­ шет­кері ай­мақ­тарына тарады. Бұхар­ әмірі Сеид Ә­лім­хан ... бұ­л конт­р­революция­лық­ қоз­ға­лыс­қа қол­дау көрсетті, өзі Ке­ңес­тік Ре­сей­ден­ бөлі­ніп­ кет­ті. Хиуа хан­дығы­ның­ билеушілері де осы­лай­ша әре­кет­ етті” [41] деп­ жазады. Идеология­лық­ ұстанымына о­рай­ ав­тор­ та­рих­ты көпе-көр­інеу бұр­ма­лап­ о­тыр­. Шын­дығына кел­генде Бұ­хара­ әмірі жәдит­терге жау­лық­ көз­қа­рас­та болады және Түр­кі­стан Мұх­тариятына еш­бір­ көмек­ бер­мейді, ол тіп­ті кө­мек­ сұрауға бар­ған Уа­қыт­ша үкі­мет­тің эмиссарларын­ қа­был­дау­дан­ да бас­ тар­тады [42]. Хиуа хан­дығы да дос­тық ишарат­ көр­сете қой­май­ды.

Де­ген­мен, бұ­рын­ғы Ре­сей­ империясы ке­ңіс­ті­гін­де оң өзге­ріс­тер де байқала бас­тады. 1917 жыл­дың нау­рыз­ айында Украина Ха­лық­ Рес­пуб­ликасы, 22 сәуірде За­кав­казье Федера­тив­тік Рес­пуб­ликасы, 20 қарашада Сол­түс­тік Кавказ­ Уақыт­ша үкіметі, 23 қарашада Уфада “И­дель­-У­рал­” мұ­сыл­ман автономиясы, 26 жел­тоқ­сан­да Қы­рым­-тү­рік­ рес­публикасы құрылады. А­лай­да олар­ Түр­кі­стан Мұх­тариятына кө­мек­ бере ал­май­ды. 5–13 жел­тоқ­сан­да О­рын­бор қала­сын­да өт­кен­ Жал­пықа­зақ­ съе­зін­де Ұлт кеңесі­нің­ құрылуы және о­ның­ құрамына М. Шо­қай­дың­ енуі Түр­кі­стан Автономиясына үл­кен­ демеу болады.

О­рын­борға М. Шо­қай­ “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағына” бай­ла­ныс­­ты ғана е­мес­, қа­зақ­тар­дың­ ұлт­тық­ ұйымдары­мен­ бай­ла­ныс­ орнату мақ­са­тын­да бар­ға­нын­ айтып­ өт­кен­біз. М. Дула­тов­ 1929 ж. 30 қарашада ОГПУ тер­геушілеріне бер­ген жауа­бын­да “М. Шо­қай­ О­рын­борға съез­дің­ соңына қа­рай­ кел­ді” [43] дей­ді.

Съезде Мұс­тафа Түр­кі­стан Автономиясы жө­нін­де баяндама жа­сап­, Жетісу мен­ Сыр­дария қа­зақ­тары­ның­ Мұх­тариятқа қосыла қой­ма­ған­ды­ғын­ айтып­ береді [44].

Кейін ше­тел­де жү­ріп­ жаз­ған “Түр­кі­станда” де­ген­ еңбе­гін­де Мұс­тафа Алашор­да автономиясы­ның­ қа­лай­ құ­рыл­ғандығына тоқ­та­лып­, съезде екі пікірдің о­рын­ ал­ған­дығы туралы, бі­рін­шісі­нің­ бола­шақ­та Ре­сей­ Федерациясының­ авто­ном­ды бөлігі – Сі­бір­мен қосылуды жақ­таға­нын­, келесілері­нің­ Ала­шор­да мен­ Түр­кі­стан­ның­ то­лық­ бірігуін қол­даға­нын­ айт­ады. Бірі тү­рік­тік орта­лық­тан шет­теп қалу­дың­ жөн­сізді­гін­ айт­са, е­кін­шілері о­ған­ бас­қаша уәж кел­тіреді.

Съезд Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы­­ Ре­сей­дің­ бола­шақ­ мем­ле­кет­тік құрылы­сын­ түп­кі­лік­ті шеш­кенге дейін Қа­зақ­ өлкесі Сі­бір­мен де, Түр­кі­стан­мен­ де қо­сыл­май, дер­бес автономия ре­тін­де ө­мір­ сүреді деген ымыра­лық­ ше­шім­ге ке­ліп еді. “Бі­рақ­ деле­гат­тар­дың­ көп­шілігі Сі­бір­мен қосылуға қарсы­лық­ біл­дірді. О­рын­бор съезі­нің­ кей­бір­ е­рек­ше­лік­теріне қара­ған­да, Қыр­ғыз­ (Қа­зақ­. – К. Е.) өлкесі мен­ Түр­кі­стан бір­тұ­тас­ ай­мақ­ ре­тін­де түсі­ніл­ді” [45] деп­ көр­сетеді М. Шо­қай­.

Осы түсі­нік­тің бір­ көрінісі – Түр­кі­стан автономия­лық­ үкіметі­нің­ мүшесі М. Шо­қай­дың­ Ала­шор­да үкіметі­нің­ де мүшесі бо­лып­ сай­лануы. Тіп­ті, А­лаш­ пар­тиясы бағ­дарламасы­ның­ ал­ғаш­қы нұс­қа­сын­ дай­ын­дайт­ын­ ко­мис­сия құрамына М. Шо­қай­дың­ да енгізілуі о­сын­дай көз­қа­ра­стан туында­ған­ сияқты [46]. Тек­ уақыты­ның­ қауырт­тығына бай­ла­ныс­ты кейін ол бұ­л ко­мис­сия құрамы­нан­ шығарылады.

Съезде Мұс­тафа­ның­ баяндамасы­нан­ соң­ А­лаш­ автономиясы мен­ Түркістан Мұх­тарияты ара­сын­дағы қа­рым­-қаты­нас мәселесі қызу тал­қыланады. Жа­рыс­сөз нәтиже­сін­де Түр­кі­стандағы қа­зақ­ об­лыс­тары­ның­ А­лаш­ қа­зақ­тарына қосылуы жө­нін­де тө­мен­дегі­дей­ қаулы алынады: 1. Бір­ ай­дың­ і­шін­де Ала­шор­да Түр­кі­стан қаза­ғын­ бү­кіл­ А­лаш­қа қо­сып­ алады, қо­сып­ алса, алмаса да бір­ ай­дан­ кейін ха­лық­қа біл­діреді. 2. Бір­ айда Түр­кі­стан қаза­ғын­ А­лаш­қа қо­сып­ ала алмаса, өз алдына рес­ми иғ­лан­ етуге е­рік­ті. 3. Е­гер­ бір­ ай­дан­ кейін А­лаш­ баласы қо­сыл­маса һәм­ қал­ған А­лаш­қа автономия иғ­лан­ е­тіл­месе, әр­кім­ өз кү­нін­ өзі көреді. 4. Е­гер­ Түр­кі­стан қазағы бір­ айда біз­ге қо­сыл­са, автономияны қа­шан­ иғ­лан­ ету ықтияры Ала­ш­ор­даға бе­ріл­сін [47].

М. Шо­қай­ мен­ Ә. Бө­кей­ха­нов­ Сыр­дария қа­зақ­тары­ның­ съе­зін­ шақыру туралы ше­шім­ге келеді де, Сыр­дария облысы­ның­ хал­қына мына маз­мұндағы же­дел­хат жол­дайды: “1918 жыл­дың 5 қаң­та­рын­да Сыр­дария облысы­ның­ съезі шақырылады. Съезге бо­лыс­ басы бір­ ө­кіл­ кел­сін. Уа­қыт­ ты­ғыз­, шұ­ғыл­ мәселе бол­ған­дық­тан шақы­рыл­ған ө­кіл­дер съезге айт­ыл­ған күн­нен қал­май келу ке­рек­” [48].

Сыр­дария қа­зақ­тары­ның­ съезіне бо­лыс­ басы бір­ кісі­нің­ үстіне Әли­хан­ мен­ Мұс­тафа мына кісі­лер­ді шақырады:

Бай­сын­ ақса­қал­ Көл­дейұлы, Жү­сіп­бек Басығараұлы, Ибра­һим­ Қасымұлы, И­ман­берді ақса­қал­ (Бай­зақов­), Са­быр­құл Алда­бер­ге­нов­, Мәу­лен­құл Бай­зақов­, Алдияр­бек­ Ра­қым­құ­лов­, Ә­зім­хан Кенеса­рин­, Мұха­мед­жан Ты­ныш­пайұлы, Ерғали Қасымұлы, Әл­мұ­ха­мед­ Көтібарұлы, Сан­жар­ Ас­фен­диярұлы, Қо­ңыр­қожа Қожы­қов­, Се­рік­бай Ақаев, Ғабд­рах­ман­бек­ Оразаев, Сейіт­жап­пар Бек­сейітұлы, Қожа Ах­мет­ һәм­ Ах­мет­, Ора­зай­ балалары, Са­дық­ Өтеге­нов­, Зұл­қар­най Сейдалин­, Алда­бек­ Ман­гел­дин, Мұс­тафа Шо­қай­, Әуез Дос­болұлы, Қал­жан­ Қоңы­рат­байұлы, Тә­шім­ Ай­пен­ ұлы.

Осы кез­де Сыр­дария облы­сын­да бар­лығы 2 142 200 а­дам­ тұ­рып­ жатады, о­лар­дың 62,3 пайы­зын­ (1 млн 272 мың­ 290) қа­зақ­тар құ­рай­ды [49].

“Бір­лік­ туы”, “Қа­зақ­” га­зет­те­рін­де М. Шо­қай­дың­ Сыр­дария қа­зақ­тарына үндеуі жарияланады. Ондағы “Сыр­дария хал­қына өз тара­пым­нан айт­а­рым­, тегін­де А­лаш­ баласы­ның­ басы қосыла­тын­ кезі осы бү­гін­. Бү­гін­ айы­рыл­сақ мұнан­ соң­ жұрт­тың­ ба­сын­ қосуы­мыз­ қиын. А­лаш­ ұранына шап­пайт­ын­ қа­зақ­ баласы бол­мас. Сыр­дария қазағы ке­шік­тір­мей­ А­лаш­ туы­ның­ ас­тын­да жина­лар­ де­ген­ үміт­те­міз­” [50] де­ген­ сөз­деріне қара­ған­да, М. Шо­қай­ қа­зақ­ хал­қы­ның­ біртұ­тас­ты­ғын­ сақ­тау жө­нін­дегі а­лаш­ зиялылары­ның­ ұстаны­мын­да бол­ған.

Съезд 6–9 қаң­тарда Түр­кі­стан шаһа­рын­да өтеді. О­ған­ Түр­кі­­с­тан уезі­нен­ 20 ө­кіл­, Ақме­шіт­ уезі­нен­ – 5, Шым­кен­т уезі­нен­ – 10, Әулие­ата уезі­нен­ – 3, Ташкен­т уезі­нен­ – 9, Ала­шор­да­дан­ – 3 ө­кіл­, ар­най­ы шақы­рыл­ған­дар­дан 14 а­дам­ келеді.

Елдегі жағ­дай­дың­ қиындауы­нан­ бай­ла­ныс­ты съезге М. Шо­қай­, Ә. Оразаев­, М. Ты­ныш­паев келе ал­май­ды.

Ала­шор­да ө­кіл­дері (М. Дула­тов­, Б. Құл­жа­нов­, Т. Құ­нан­баев) “Е­гер­ біз­ 6 миллион­ А­лаш­ баласы айы­рыл­май бас­ қос­сақ, іргелі ел бол­ғаны­мыз­, бас­ қоса ал­май­ быты­рап­ бет­-беті­міз­ге кет­сек ө­мір­ге іргелі ел бол­май, кім­ кө­рін­ген­нің­ қолын­да кетуі­міз­ ықти­мал­. Ата­мыз­дың мақалы бар­: “Пай­даны бас­қа, ба­стан соң­ дос­қа” де­ген­. Әуелі өзі­міз­ бас­ қо­сай­ық, мұ­нан­ соң­ бас­қа бауыр­лар­мен бірігу жағын­ қа­рай­ық” деп­, Сыр­дария қа­зақ­тары­ның­ бір­ден А­лаш­ автономиясына қосылуын қуат­тай­ды.

Ақы­рын­да бір­ тоқ­тамға келе алма­ған­нан кейін екі жақ­тың ө­кіл­дері­нен­ комис­сия құрылады. А­лаш­ жағы­нан­ о­ған­ ен­ген­ М. Дула­тов­ мына­дай­ ұсы­ныс­ жа­сай­ды:

А­лаш­ автономиясы жария­лан­ғанша Сыр­дария Түр­кі­стан Автономиясында тұра тұр­сын; 2) А­лаш­ автономиясы жария е­тіл­ген бой­да Сырдария А­лаш­ об­лыс­тары­ның­ бірі бо­лып­ са­нал­сын; 3) А­лаш­ астанасы Түркістан шаһары бол­сын; 4) Ала­шор­да мен­ Түр­кі­стан автономиясы о­дақ­ болсын.

М. Дула­тов­тың жоба­сын­ 10 а­дам­ қуат­тап­, 38 дауыс қар­сы болады, 8 дауыс қа­лыс­ қалады [51].

Үш күн­ге со­зыл­ған пі­кір­та­лас­ты кейін ымыра қаулы алынады:

Сыр­дария облысы осы күні те­гіс­ Түр­кі­стан Автономия­сын­да болғандықтан ә­зір­ге осы автономия құра­мын­да қалады; 2) А­лаш­ автономиясы жар­ қылы­нып­, Түр­кі­стан­мен­ о­дақ­ бол­са, Сыр­дария қа­зақ­-қыр­ғыздары А­лаш­ автономиясына қосылады; 3) Сыр­дария қа­зақ­-қыр­ғыздары қо­сыл­ған А­лаш­ астанасы Түр­кі­стан шаһары болады [52]. Соны­мен­ Сыр­дария облысы­ның­ бөлініп­ кетуі Түр­кі­стан ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысына соқ­қы бо­лып­ тиеді де­ген­ пі­кір­ ба­сым­дық танытады. Жиында Таш­кент­тен­ өз беті­мен­ кел­ген П. Г. Пол­то­рац­кий сөз­ сөй­леп­, “Түр­кі­стан Автономиясы уа­қыт­сыз, о­рын­сыз һәм­ жал­пы жұр­т пайда­сын­ көз­де­ген­ автономия е­мес­” дей­ді, больше­вик­тер­дің­ оны мойындамайты­нын­ мә­лім­ етеді. Бі­рақ­ о­ның­ сө­зін­ еш­кім­ еле­мей­ді.

Съезде боль­ше­вик­тер­дің­ қа­зақ­тарға көр­сет­кен­ тағы­лық­тары туралы арнай­ы баяндама тың­да­лып­, Ке­ңес­ өкіме­тін­ танымау, “боль­ше­вик­терге е­ріп­ халық­тың береке­сін­ ке­тір­ген қа­зақ­-қыр­ғыз­дар­ бол­са, о­лар­ды ел мен­ ұлт дұшпаны деп­ жариялау” жө­нін­де қаулы қа­был­данады.

Сыр­дария облысы қа­зақ­тары съезі ше­шім­дері­нің­ жүзеге асуы екіта­лай­ еді. Себебі Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ дала­сын­дағы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы үл­кен­ қауіп­тің­ ал­дын­да тұр­ған-ды.

1917 жыл­дың 28 жел­тоқса­нын­да Қо­қан­ қала­сын­да мұ­сыл­ман жұмысшылары, сол­даттары мен­ ди­қан­дары­ның­ тө­тен­ше съезі­нің­ өтуі және оның­ қа­рар­лары Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ бү­кіл­ өлке хал­қы­ның­ аты­нан­ сөйлеуіне заң­ды не­гіз­ жа­сай­ды. Съезде Уа­қыт­ша ха­лық­ кеңесі өз құрамы­ның­ үш­тен­ бі­рін­ сол­ жер­де сай­лан­ған жұ­мыс­шы және ди­қан­дар ө­кіл­дері­мен­ толықтырады [53]. О­ған­ қа­тыс­қан 200 деле­гат­ Түр­кі­стан Автономиясы жал­ғыз бур­жуазия үкіметі ғана е­мес­, ол “біз­дің қоғамы­мыз­дың ал­дың­ғы қа­тар­лы жіктерінен құ­рал­ған” [54] деп­ үндеу таратады.

Мұ­сыл­ман жұ­мыс­шылары, сол­даттары мен­ ди­қан­дары­ның­ съезі жоғары өкі­мет­ билігі ре­тін­де ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесіне елді а­нар­хия мен­ зор­ а­пат­қа ұшыратпас ү­шін­ Таш­кен­т Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесіне өкі­мет­ билі­гін­ Түркістан­ның­ Уа­қыт­ша ха­лық­ кеңесіне тап­сыру жө­нін­де нұс­қау беруге өті­ніш­ біл­діреді.

Боль­ше­вик­тер Қоқандағы оқиға­лар­ бары­сын­ жіті қадаға­лап­ қана қоймайды, мұ­сыл­ман ең­бек­шіле­рін­ өз жағына тар­туға әре­кет­тенеді. П. Г. Полторац­кий­ біз­дер “жар­лы­лар­ға е­мес­, бай­лар­дың автономиясына қарсымыз­” деп­ екі­жүз­ді мә­лім­деме жа­сай­ды. Бі­рақ­ Түр­кі­станда Ке­ңес­ өкіметінің­ ұлт­тық­ тірегі­нің­ жоқ­тығы кім­-кім­ге де аян еді.

Түр­кі­стан Мұх­тарияты мен­ о­ның­ та­лап­тарына Бү­кіл­ре­сей­лік­ мұ­сыл­ман кеңесі “Мил­ли Шуро” қол­дау көр­сетеді. 1918 жыл­дың 12 қаң­та­рын­дағы Ұлт істері жө­нін­дегі ха­лық­ ко­мис­сариатына жол­дауында “Қоқандағы жалпымұсылман съезі төрағасы­ның­ Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ атына жібер­ген үндеуін тал­қы­лай­ ке­ліп­, “Мил­ли Шуро” ... жал­пымұ­сыл­ман съе­зін­де сай­лан­ған Автономиялы Түр­кі­стан­ның­ Уа­қыт­ша үкіметі мен­ жер­гілікт­і халықтың екі пайы­зын­ ғана құ­райт­ын­ о­рыс­ тұр­ғындары­ның­ органы – Таш­кен­т Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі ара­сын­дағы жан­жал мен­ қосөкі­мет­ті­лік­ті жою жөнін­де ба­тыл­ да ке­зек­ күт­тір­мес­ шара­лар­ қа­был­дауға” [55] ұсы­ныс­ жа­сай­ды.

Мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ өті­ніш­теріне Орта­лық­та мән­ бе­ріл­мейді, қайт­а Таш­кент­тегі боль­ше­вик­тер билігі­нің­ әскери-ст­ратегия­лық­ жағ­дайы жақ­сара түседі. 1917 ж. жел­тоқ­сан­да Таш­кент­тегі бей­біт­ ма­ни­фес­тацияны бас­қан­нан­ кейін о­лар­ За­кас­пий облы­сын­ бақылауға а­лып­, тү­рік­мен әскери бө­лім­де­рін­ қару­сыз­дандырады.

Түр­кі­стан хал­қы­ның­ тө­тен­ше съе­зін­де Уа­қыт­ша үкі­мет­ бағ­дарламасы­ның­ жал­пы ба­ғыт­тары а­нық­та­лып­, ең алды­мен­ онда елді Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналысына дай­ындау қажет деп­ бел­гіленеді. Соны­мен­ бір­ге тез­ арада Мұхтарият­тың­ қарулы күш­те­рін­ (ха­лық­ милиция­сын­) құру, қар­жы, са­лық­ жүйеле­рін­, бас­қару ор­ган­да­рын­ қа­лып­тастыру тап­сырылады. А­лай­да Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ мем­ле­кет­тік функ­цияла­рын­ жол­ға қою сан­ алуан ке­дер­гі­лер­ге ұшы­рай­ды. О­ның­ өзі­нің­ де және жақ­тастары­ның­ да қала банк­те­рін­дегі шо­тын­ боль­ше­вик­тер­дің­ рек­визиция­лап кетуі Автономияны қар­жы тап­шылығына ұшыратады және бұ­л жағ­дай Уа­қыт­ша үкі­мет­тің жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың құқын­ қор­ғауға қабі­лет­тілігіне се­нім­сіз­дік­ туғызады. Өзі­нің­ қарулы күш­тері бол­мауына, ұлт­тық­ кадр­лар­дың жоқ­тығына бай­ла­ныс­ты ко­ман­да­лық­ құ­рам­ға орыс­ офи­цер­лері, та­тар­лар, по­ляк­тар мен­ әскери тұт­қын – тү­рік­тер шақырылады. Қо­қан­ милиция­сын­ бас­қаруға бас­машы Ер­гаш­ та­ғай­ындалады. Ф­ран­цуз та­рих­шысы Ж. Ка­стань­е: “Қо­қан­ үкіметі боль­ше­вик­тер тарапы­нан­ төніп­ келе жат­қан қауіпті се­зіп­, бас­машы­лар­ды қыз­метке ша­қыр­ды” [56] деп­ жазады. Бұ­л қа­дам­дар­дың­ бар­лығы да Мұх­тариятты дағ­да­ры­стан шығара алмай­ды. О­ның­ үстіне үкі­мет­ мүшелері ара­сын­да ке­ліс­пеуші­лік­тер бас­талады. “Шуро-и-Улема” ұйымы­ның­ та­лап­тары о­рын­далмады де­ген­ желеу­мен­ С. Ла­пин­ Уа­қыт­ша ке­ңес­ құрамы­нан­ шы­ғып­ кетеді. Бұ­л жағ­дай “Шуро-и-Улема­ның­” Түр­кі­стан Мұх­тарияты­нан­ қол­ үзуін тез­детеді.

Түр­кі­стан Мұх­тарияты үкіметі­нің­ өз і­шін­де де, автономия одақтастарының­ ара­сын­да да Ке­ңес­ өкіметіне көз­қа­рас­ жік­теле түседі. Қаң­тар­ айы­ның­ бас­ кезі­нен­ нақ­ты би­лік­ “Шуро-и-Улемаға” көше бас­тайды. 5 қаң­тарда С. Ла­пин­нің же­тек­шілігі­мен­ Таш­кент­тегі Жұма меші­тін­де “Улема­ның­” жиналысы ө­тіп­, онда Түр­кі­стан Автономия­сын­ танымау жө­нін­де ше­шім­ алынады. Қаулыда “Бұ­л автономия­ның­ біз­ге пай­дасы жоқ­, оны біз­ таны­май­мыз­ һәм­ Уа­қыт­ша үкі­мет­тің дегеніне жү­ріп­, айт­қа­нын­ тыңдап­, артына ер­мей­міз­” [57] делінеді. Бұ­л жағ­дай жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ ара­сын­да түр­лі а­лыпқаш­па сөздер­дің­ таралуына түрт­кі болады, і­ріт­кі туғызады. Осы­дан­ соң­ С. Ла­пин­ 6 қаң­тарда Түр­кі­стан қала­сын­да өтуі тиіс Сыр­дария облысы қа­зақ­тары­ның­ съезіне қатысу­дан­ бас­ тар­тады. М. Шо­қай­дың­ съезге бара ал­май­ қалуы да осы оқиғаға бай­ла­ныс­ты еді.

10 қаң­тар күні С. Ла­пин­ Таш­кен­тте мұ­сыл­ман тұр­ғындары­ның­ ми­тин­гі­сін­ ұйым­дас­тырады. Онда Өлке­лік­ Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі мен­ Түр­кі­стан Мұх­тарияты ара­сын­дағы текеті­рес­тің қан­тө­гіс­ке ұ­лас­пауы ү­шін­ о­лар­ бір­ле­сіп­, ха­лық­тық автономия құру ке­рек­тігі жө­нін­де бі­тім­герші­лік­ ұсы­ныс­ біл­діреді. Оны ұлт­тық­ күш­тер­дің­ көп­шілігі қа­был­ ал­май­ды. Келесі күні Таш­кен­т маңындағы Қой­лық­ де­ген­ жер­де өт­кен­ Таш­кен­т уезі мұ­сыл­мандары­ның­ съезі С. Лапин­нің ұсыны­сын­ е­мес­, Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ қол­дайт­ын­дығы туралы қаулы қа­был­дайды. Ке­ңес­ өкіметі­мен­ ымыраға келу жол­да­рын­ із­дес­тір­ген­ “Шуро-и-Улема” 1918 жылы 17 қаң­тарда о­рыс­ социа­лис­теріне мә­лім­деме жолдайды. Оны “Улеманың” Таш­кент ұйымы аты­нан­ дай­ында­ған­ С. Ла­пин­ бола­тын­. Ла­пин­нің пікі­рін­ше, Түр­кі­стандағы саяси оқиға­лар­дың түп­кі тамы­рын­ бір­неше жыл­дар бой­ғы идея­лық­ кү­рес­тен, х­рис­тиан­дық­тың ис­лам­ дү­ниесі­мен­ бәсекелесуі­нен­, империа­лис­тік со­ғыс­тар­дан­ іздеу ке­рек­. Ис­лам­ның жалпыадамзат­тық­ құн­ды­лық­тарына құр­мет­пен­ қарауға шақыра оты­рып­, ол “еуропа­лық­ социализм­ ис­лам­нан бас­тау ала­ды” [58] деген қоры­тын­дыға келеді. С. Ла­пин­нің бұ­л пікірі ұлт­тық­ күш­тер мен­ Ке­ңес­ өкіметі ара­сын­да та­қап­ қал­ған қан­тө­гіс­ті бол­дырмауды көз­дегені­мен­, мұ­сыл­ман­дар­дың саяси а­ғым­дары­ның­ арала­рын­дағы ке­ліс­пеуші­лік­ті өз мүд­десіне о­рай­ пай­дала­нып­ кел­ген большевик­тер­дің­ іс-әрекеті­нің­ қан­ша­лық­ты қауіпті е­кен­ді­гін­ ес­кер­мейді.

С. Ла­пин­ өлкені бас­қаруды мына не­гіз­де құруды ұсынады:

1) Түр­кі­станды бас­қару фор­ма­сын­ а­нық­тау ү­шін­ Таш­кен­т қала­сын­да Түркі­стан Құ­рыл­тай жиналы­сын­ шақыру;

2) Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналысына сай­лау ереже­сін­ және оны шақыру мер­зі­мін­ Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі мен­ бола­шақ­ Түр­кі­стан мұ­сыл­ман федерациясы Уа­қыт­ша ха­лық­ үкіметі­нің­ бір­лес­кен­ отыры­сын­да шешу;

3) Түр­кі­станды бас­қару фор­масы Құ­рыл­тай жиналысы арқылы анықталған­ға дейін Сыр­дария, Фер­ғана, Са­мар­қан және За­кас­пий об­лыс­тары Ре­сей­ Федера­тив­тік рес­публикасы­ның­ құра­мын­да қала оты­рып­, бұ­л об­лыс­тар мұ­сыл­мандары­ның­ ішкі өмі­рін­ ... Шариғат ережелері мен­ әлеу­мет­тік принциптері негі­зін­де Уа­қыт­ша мұ­сыл­ман ха­лық­ үкіметі­нің­ бас­қаруы;

4) Жоғарыда а­тал­ған об­лыс­тарды ме­кен­дейт­ін­ және о­рыс­ қалалары мен­ қо­ныс­та­рын­да тұ­рып­ жат­қан еуропа­лық­тар (мұ­сыл­ман е­мес­тер) өз істері бойынша Ре­сей­ рес­публикасы орта­лық­ үкіметі­нің­ заң­дары мен­ қаулыларына бағынуы [59].

Ис­лам­ мен­ марк­сиз­м идеяла­рын­ ұш­тас­тыру арқылы жер­гі­лік­ті тұрғындардың бас­қару ор­ган­дарына қатысуын қам­тама­сыз­ етуге әрекеттенушілік­тен ештеңе шық­пайды. Таш­кен­т боль­ше­вик­тері өздері­нен­ өзге би­лік­ті тануға құ­лық­ та­ныт­пайды.

Қо­қан­ қаласы­ның­ банк­те­рін­дегі Мұх­тарият­тың­ Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ өздеріне тиесілі қар­жылары­нан­ айыры­лып­ қалуы, о­ған­ қоса Ер­гаш­ бас­қар­ған­ төр­т мың­ға жуық мили­ция­ның­ дінбасылары ықпалына көшуі үкі­мет­ төрағасы М. Ты­ныш­паев­тың­ отс­тав­каға кетуіне әкеледі. О­ның­ орнына М. Шо­қай­ тағайындалады. Үкі­мет­ құрамы да өзге­ріс­терге ұшы­рай­ды. С. А. Герц­фель­д­тің­ орнына Ша­хис­лам Шагиахме­дов­, қазынашы­лық­ жұ­мыс­қа Саидна­сыр­ Миржали­лов­ барады.

М. Шо­қай­ ең алды­мен­ қар­жы сала­сын­ қол­ға алады. Бар­лығы о­тыз­ миллион ал­тын­ руб­льге қыс­қа мер­зімді зай­м шығары­лып­, облигацияға мемлекет­тік банк­тің­ фер­ғана­лық­ мүшелері, жеке­мен­шік банк­тер­ мен­ Са­мар­қан мем­ле­кет­тік бан­кі е­рік­ті түр­де жазылады. “Ұлы Түр­кі­стан ұлт­тық­ бан­кін” құру туралы үкі­мет­ жобасы дай­ындалады.

Зай­м таратудағы сәт­ті­лік­ боль­ше­вик­терді­ а­быр­жытады.­ Кузь­ми­н де­ген­ біреу бас­па­сөз­де Қо­қан­ үкіметі тарапы­нан­ Таш­кент­тегі Ке­ңес­ билігіне қауіп­тің­ кү­шейе түс­кендігі, Қо­қан­ үкіметі­нің­ зай­м шыға­рып­ таратуы Түр­кі­стандағы бүкіл­ о­рыс­ үс­тем­дігіне қа­тер­ төн­діре­тін­дігі жө­нін­де жа­зып­, о­тан­даста­рын­ күрес­ке шақырады.

М. Шо­қай­дың­ бас­шылығы­мен­ са­лық­ салу­дың­ жаңа тәр­тібі туралы заң­ жоба­сын­ дай­ындау ү­шін­ қар­жы қыз­мет­кер­лері­нің­ жиналысы өткізіледі. Оқу-ағар­ту ми­нист­рі Нә­сір­хан Төре­нің­ бас­шылығы­мен­ бас­тауыш мек­теп­тер­ ұйымдас­тыру жұ­мыс­тары жүр­гізіледі және ва­куф­ мү­лік­те­рін­ пай­далану туралы заң­ жобасы ә­зір­ленеді. Үкі­мет­ Автономия төңірегіне бар­лық түркістандықтарды – шаруа­лар­ды, жұ­мыс­шы­лар­ мен­ дін­ иеле­рін­ топ­тасты­рып­, ө­зін­ көп­те­ген­ мекеме­лер­дің мой­ындауына қол­ жет­кізеді. Фер­ғана автономиялық­ бас­қаруға көшіріледі, сот­ жұмысы Авто­ном­ды Түр­кі­стан республикасы­ның­ жар­лығы бой­ынша жүр­гізіледі. Бақылау палатасы, Мемлекет­тік Бан­к, Сот­ палатасы се­кіл­ді мекеме­лер­ де Автономия ұстанымы мен­ бағ­дарлама­сын­ қа­был­дайды [60]. Мұ­ның­ өзі автономия­лық­ үкі­мет­тің үл­кен­ же­тіс­тігі еді.

Ми­нист­р А­бид­жан Мах­му­дов­тың бас­шылығы­мен­ ас­тық­ жет­кізуді ұйымдас­тыруға Сол­түс­тік Кав­каз­ға бір­ топ­ қыз­мет­кер­лер ісса­пар­ға аттанады. Ми­нист­р Хидоят­бек­ Юргули-Ағаев жел­тоқ­сан­ айы­ның­ аяғына қа­рай­ жер­ туралы заң­ жоба­сын­ жа­сап­ бітіреді.

М. Шо­қай­ бас­қар­ған­ үкі­мет­ актілері­нің­ бірі ісқа­ғаз­дары мен­ бас­па­сөз­ қажетіне о­рай­ жет­кі­лік­ті кө­лем­де қа­ғаз­ са­тып­ алу жө­нін­дегі 1918 жыл­дың 6 қаң­та­рын­дағы қаулы бола­тын­. Соны­мен­ бір­ге С. Мир­жали­лов­ке Қо­қан­ қаласын­дағы Вай­нер­дің баспаханасын­ жал­ға алу шығы­нын­ төлеу ү­шін­ 100 мың­ сом­ ақша бөлінеді [61]. Бұ­л құ­жат­ Мұх­тарият­тың­ он бе­сін­ші нор­ма­тив­тік актісі бол­атын.

Мұ­ның­ бар­лығы М. Шо­қай­ бас­қар­ған­ үкі­мет­тің азғана уа­қыт­ і­шін­де қыруар жұ­мыс­ бі­тір­ге­нін­, ұлт­тық­ идея­ның­ да, Автономия­ның­ да түп­теп та­мыр­ жаюы ү­шін­ ба­тыл­ да жүйелі іске кі­ріс­ке­нін­, өз бағ­дарламасы бол­ға­нын­ дәлелдейді.

Де­мок­ратия­лық­ жаңа мем­ле­кет­тік құры­лым­ның құ­қық­тық не­гіз­де­рін­ қалып­тастыру мақ­са­тын­да Конс­титуция жобасы, Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналысы туралы заң­ дай­ында­лып­, Ха­лық­ кеңе­сін­де бекітіледі [62].

Ү­гіт­-наси­хат­ жұ­мыс­тарына, үкі­мет­тің ал­дын­дағы мақ­сат, мін­дет­тер­ді халық­қа жет­кізуге үл­кен­ мән­ беріледі. 1917 жыл­дың 13 жел­тоқсаны­нан­ Түркістан Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ бас­па органы (“Из­вес­тия Вре­мен­ного правительст­ва авто­ном­ного Тур­ке­стана”) шыға бас­тайды. Ұлт­тық­ идея­лар­ды таратуда Таш­кент­те 1917 жыл­дың 24 маусымы­нан­ 1918 жыл­дың 9 сәуіріне дейін шы­ғып­ тұр­ған “Бір­лік­ туы” газеті ма­ңыз­ды рөл­ атқарады. М. Шо­қай­ мұнда Сұлтанбек Қожа­нов­, Хай­рет­дин Бол­ған­баев­пен­ қоян-қол­тық арала­сып­ жұ­мыс­ іс­тей­ді.

Ф­ран­цуз ға­лым­дары А. Бен­ниг­сен мен­ Ш. Ле­мер­сье-Кель­кеже
М. Шо­қай­дың­ “Бір­лік­ туы” газеті­нің­ бас­ ре­дак­торы бол­ғанды­ғы­ және өзі­нің­ идея­лық­ бағы­тын­да бұ­л басы­лым­ның “Қа­зақ­” газетіне е­лік­тегені жө­нін­де жазады [63].

“Қа­зақ­” газеті­нің­ жабылуына о­рай­ “Бір­лік­ туы” газеті 1918 жыл­дың 20 ақпа­нын­да бы­лай­ деп­ мә­лім­дейді: “Қа­зақ­” газеті жа­был­ды де­ген­ ха­бар­ды естіген­де әр­бір­ А­лаш­ баласы­ның­ жүрегі су е­тіп­, қа­быр­ғасы қайы­сар­. Біз­ бұ­ған­ сене­міз­. “Қа­зақ­” газеті – А­лаш­тың қа­раң­ғы за­ман­да жол­ көр­се­тіп­ тұр­ған шамшырағы, сас­қанда а­қыл­ айт­ып­ тұр­ған көсемі”.

М. Шо­қай­ бас­шы­лық­ жаса­ған­ “Бір­лік­ туы” мен­ А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дулатов­, Ә. Бө­кей­ха­нов­тар шыға­рып­ тұр­ған “Қа­зақ­тың” арала­рын­дағы идеялық­ са­бақ­тас­тық­ты осы­дан­-ақ аңғаруға болады.

“У­луғ­ Тур­ке­стан”, “Тур­ке­станс­кий­ вест­ник­”, “Тү­рік­ елі” басы­лым­дары да Түр­кі­стан Мұх­тарияты жө­нін­де объек­тив­ті ақпа­рат­тар тара­тып­ отырады.

М. Шо­қай­ “Үкі­мет­тің екі ай і­шін­де ат­қар­ған жұмы­сын­ аз деп те, көп­ деп­ те бағалауға болады. Тарихи ке­зең­нің та­лап­тары тұр­ғысы­нан­ аз көрінуі мүм­кін, ал түр­кі­стан­дық­тар­дан дай­ын­дал­ған тех­ника­лық­ ма­ман­дар­дың­ жоқ­ты­ғын­ ескер­генде, үкі­мет­ же­тіс­тігі­нің­ едәуір е­кен­ді­гін­ мой­ындауға әб­ден­ болады” [64] деп­ жазады.

М. Шо­қай­ ха­лық­ты Түр­кі­стан Автономиясы төңірегіне топ­тастыра отырып­, боль­ше­вик­терге қару қол­дана­тын­дай еш­бір­ сыл­тау бер­меуге тырысады, русофобия­дан­ ау­лақ­ болады. “Оң­түс­тік-шы­ғыс­ одағына” қо­сыл­май қалу­дың­ да бір­ себебі о­сын­да еді. Уа­қыт­ ұту Мұс­тафа саясаты­ның­ стратегиялық­, так­тика­лық­ бағытына айналады. “Сол­ уа­қыт­тағы біз­дің саяси діні­міз­ ха­лық­тар дос­тығы мен­ ұлт­тық­ келі­сім­ге не­гіз­делді. Біз­ аза­мат­ соғысы де­ген­нің, әлеу­мет­тік тап­тар ара­сын­дағы со­ғыс­тың Түр­кі­стан жағ­дайында ұлттар­ ара­сын­дағы со­ғыс­қа, мұ­сыл­ман­дар­ мен­ о­рыс­тар ара­сын­дағы күш­тері әркел­кі со­ғыс­қа жете­лейт­і­нін­ жақ­сы біл­ген­біз­” [65] дей­ді М. Шо­қай­.

М. Шо­қай­ “Ұлт­тық­ келі­сім­ құ­дай­ы” жо­лын­да бар­лы­ғын­ да құр­бан­дық­қа шалуға, орта­лық­тағы Ке­ңес­ өкіме­тін­ мой­ындауға дейін барады. О­ның­ сөзі­мен­ айт­қанда, ұлт зиялылары тек­ “алаяқ­тар­ мен­ қыл­мыс­кер­лер билі­гін­ таны­май­ды, Таш­кент­те ұйым­дас­ты­рыл­ған “таза о­тар­шыл­дық­ би­лік­тің” ал­дын­да бас­ и­мей­ді.

Сол­ ке­зең­дегі саяси ахуалға, күш­тер ара­сал­мағына си­пат­тама бере ке­ліп­, боль­ше­вик­тер­дің­ жер­гі­лік­ті ха­лық­қа үс­тем­дік жүр­гі­зіп­ кел­ген о­рыс­тар­дың­ өктем­ психологиясына қар­сы кү­рес­те ұлт­тық­ күш­тер түр­кі­стан­дық­тар­дың мораль­ды­қ қол­дауына ғана­ сүйенеді. Түр­кі­стан­дық­тар әлі де бол­са бұйығы психология­дан­ а­рыл­ма­ған­, “мен­” де­ген­ ұлт­тық­ санасы жаңа ояна бас­та­ған­ күй кешуде бола­тын­.

Түр­кі­стан Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ ба­рын­ша қару­лан­ған және орта­лық­ мемлекет­тік би­лік­тің қол­дауына ие Таш­кент боль­ше­вик­тері­мен­ қақ­тығыста басым­ түсе­міз­ де­ген­ үміті бол­ған е­мес­. Осы­ған­ қара­ма­стан М. Шо­қай­ өзіне жүк­тел­ген­ мін­дет­тер­ді о­рын­дауда, ел мен­ жұр­т ал­дын­дағы пары­зын­ өтеуде кіршік­сіз­ а­дал­дық танытады.

1918 жыл­дың қаң­тары айында да ол ү­шін­ қиын-қыс­тау мәселе ұлт­тық­ стихияны бір­ арнаға ба­ғыт­тау, о­ның­ ішкі тұ­рақ­тылы­ғын­ қам­тама­сыз­ ету бо­лып­ қалады.

Мұх­тариятта ұйым­дас­қан әскери кү­ш те, сырт­қы о­дақ­тас­тар­ да бол­мады.

Украина­ның­ Орта­лық­ Радасы, Баш­құр­т автономиясы, Ала­шор­да үкіметі, Хиуа ханы Мұх­тариятты Түр­кі­стандағы бір­ден-бір­ заң­ды үкі­мет­ ре­тін­де таныды. А­лай­да о­лар­дың еш­қай­сы­сын­да әскери кө­мек бере­тін­дей мүм­кіндігі жоқ­ еді.

М. Шо­қай­ “Автономия үкіметі Түр­кі­стан­ның­ жер­гі­лік­ті тұр­ғындары­ның­ мо­раль­ды­қ қол­дауымен ғана күш­ті еді және ол боль­ше­вик­тер жарияла­ған­ әр халық­тың Ре­сей­ден­ бөлі­ніп­ шы­ғып­, өзі­нің­ дер­бес ұлт­тық­ мем­леке­тін­ құруға құқылы е­кен­дігі туралы ұраны­ның­ сал­та­нат­ құра­тын­дығына се­ніп­ кел­ді” [66] деп­ жазады.

Ал, боль­ше­вик­тер өздері­нің­ Түр­кі­стан­ның­ Уа­қыт­ша үкіметі­мен­ еш­қан­дай ымыраға бар­майт­ын­ды­ғын­ а­шық­ түр­де мә­лім­дейді.

1918 жыл­дың 19 қаң­та­рын­да Қы­зыл­ г­вар­дия­ның­ О­рын­борды а­лып­, Түркістан мен­ Мәс­кеу ара­сын­да бай­ла­ныс орнатуы Таш­кент­ті қару-жа­рақ­пен қам­тама­сыз­ етуге жағ­дай тудырады.

Енді Таш­кен­т боль­ше­вик­тері Түр­кі­стан автономиясы жө­нін­дегі мәселені түп­кі­лік­ті шешуге кіріседі.

Сол­ күні, яғ­ни 19 қаң­тарда Түр­кі­стан өлкесі Ке­ңес­тері­нің­ ІV өлке­лік­ съезі шақыры­лып­, онда Таш­кен­т боль­ше­вик­тері­нің­ же­тек­шісі И. О. Тобо­лин­: “Өлкенің­ Ре­сей­ден­ бөлінуі жө­нін­дегі ха­лық­ еркі рефе­рен­дум арқылы біл­ді­ріл­се, біз­ о­лар­дың құ­қығын­ ма­құл­дай­мыз­. Бі­рақ­ автономияны қа­зір­, тез­ арада жариялауға бол­майды, себебі бұ­л жағ­дай Ре­сей­ әс­кер­ле­рін­ өлке­ден­ шығаруға әке­лер­ еді. Автономия түсінігі­нен­ туа­тын­ бұ­л та­лап­ты о­рын­дайт­ын­ бол­сақ, онда ол революция­ның­ ту сыр­ты­нан­ соқ­қы бер­ген­мен­ бір­дей бо­лар­ еді” [67] дей­ді.

Тобо­лин­нің софизм­деріне сәй­кес­ боль­ше­вик­тер тө­мен­дегі­дей­ қарар қабыл­дайды: “Конт­рреволюция­мен­ кү­рес­ бары­сын­да революция өз жо­лын­дағы Қо­қан­ авто­ном­ды үкіметі се­кіл­ді бар­лық ке­дер­гі­лер­ді жоя­тын­ды­ғын­ ескере оты­рып­, біз­ ха­лық­тар­дың­ ө­зін­-өзі билеу п­рин­ци­пін­ жал­пы ал­ған­да социа­лиз­м мүд­десіне ба­ғын­дыра­мыз­... Біз­ ха­лық­тар­дың­ ө­зін­-өзі билеуін тек­ қана ең­бек­ші тап­тың ө­зін­-өзі билеуі ре­тін­де ғана түсіне­міз­” [68]. Осы не­гіз­де съезде “Қо­қан­ автономиясы заң­сыз” деп­ таны­лып­, о­ның­ мүшеле­рін­ тұт­қындау жө­нін­де ше­шім­ алынады [69].

М. Шо­қай­ Уа­қыт­ша үкі­мет­ аты­нан­ ІV съезге “мұ­сыл­ман е­мес­ ұлт­тар­ға үш­тен­ бір­ о­рын­ бөлуге, әр топ­қа тең­ ө­кіл­дік п­рин­ци­пін­ сақ­тай оты­рып­, жал­пыға бір­дей тең­ де төте, жасы­рын­ дауыс беруге не­гіз­дел­ген­ Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналы­сын­ өткізуге” келі­сім­ алу мақ­са­тын­да же­дел­хат жол­дайды.

Уа­қыт­ша үкі­мет­ 1918 жыл­дың 20 наурызына та­ғай­ын­дал­ған Құ­рыл­тай жиналысына дейін еш­қан­дай қақ­ты­ғыс­қа жол­ бер­меуге аса мүд­делі бола­тын­. Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ Таш­кент­тегі Ке­ңес­ өкіме­тін­ заң­сыз деп­ та­ни­тындығына еш­бір­ кү­мән­ жоқ­ еді. Мұн­дай жағ­дайда боль­ше­вик­терге тәуел­сіз­ Түр­кі­стан өкіметіне қар­сы күресуге тура келе­тін­. Сол­ се­беп­ті о­лар­ оқиға­ның­ алдын­ алуға, Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ тез­ арада жоюға тырысады.

Большевиктердің бұл жоспары ұлт­тық­ күш­тер ара­сын­да бір­шама қобалжушы­лық­қа әкеледі. 1918 жыл­дың 21 қаң­та­рын­да боль­ше­вик­тер­мен­ ымыраға келу жол­да­рын­ із­дес­тір­ген­ Түр­кі­стан мұ­сыл­ман жұ­мыс­шыларының, әс­кер­лері мен­ диқан­дарының өлке­лік­ кеңесі­­ бар­лық жағ­дай­лар­ды а­нық­тағанға дейін Уа­қыт­ша үкі­мет­ті тұт­қындау, бар­лық өкі­мет­ билі­гін­ өз қол­дарына алу және милиция бас­тығы е­тіп­ М. Чаны­шев­ты та­ғай­ындау [70] туралы қаулы шығарады.

Мұ­сыл­ман жұ­мыс­шылары, әс­кер­лері мен­ диқан­дары­ның­ өлке­лік­ кеңесі Чаны­шев­ты та­ғай­ындау арқылы Таш­кен­т боль­ше­вик­тері­мен­ ке­ліс­сөз жүр­гізуге тырысады. А­лай­да бү­кіл­ха­лық­тық қоз­ға­лыс­ бұ­л ке­ңес­тің ырқы­нан­ шығады да, көтері­ліс­ші­лер­ге бас­шы­лық­ты Ер­гаш­ өз қолына алады [71].

О­рыс­ әс­кер­леріне қар­сы тұра­тын­дай автоно­мияшылдарда ұйым­дас­қан күш­тің жоқ­тығы­нан­ кү­рес­ бір­ден жал­пыха­лық­тық си­пат­ алады. Боль­ше­вик­тер шабуылға шы­ғар­ ал­дын­да тап­тық ұ­ран­да­рын­ ысы­рып­ тас­тап, сла­вян­ солдаттары­ның­ ді­ни-ұлт­тық­ се­зім­деріне жүгінеді. Қо­қан­ мұ­сыл­мандары қаланың­ еуропа­лық­ бөлі­гін­ қира­тып­, о­рыс­тар мен­ ар­мян­дарды “бауыз­дап­” жатыр­ де­ген­ ө­сек­-аяң таратады, мұ­ның­ өзі мұ­сыл­ман­дар­ға қар­сы өш­пен­ді­лік­ті өршітеді.

О­тан­дық және ше­тел­дік та­рих­намада қарулы қақ­ты­ғыс­ты кім­ бас­тағаны туралы пі­кір­та­лас­ оқиға сипа­тын­ а­нық­тауға қан­дай да бір­ өзге­ріс­ енгізе қоймайды. Та­рих­шы­лар­дың бірі автоно­мияшылдар 28 ақ­пан­да со­ғыс­ қимылдарын­ бі­рін­ші бо­лып­ бас­тап, 29 ақ­пан­да Қо­қан­ бекіні­сін­ ба­сып­ алды десе, е­кін­шілері Қо­қан­ үкіметіне қар­сы аг­рес­сияны боль­ше­вик­тер бас­тады деп­ жазады.

Шын­дығына кел­генде Таш­кен­т боль­ше­вик­тері Түр­кі­стан Автономиясының­ кө­зін­ жоюды ал­ғаш­қы күн­дер­ден­ бас­тап-ақ жос­парлы түр­де жүзеге асыра бас­тағаны бел­гілі. О­лар­дың же­тек­шісі И. О. Тебо­лин­нің бұйрығымен­ Қо­қан­ рев­комы­ның­ мүшесі Н. Сазо­нов­ бас­та­ған­ бір­ топ­ сол­дат шабуыл­дың­ ал­дын­да Қо­қан­ бекінісіне құпия түр­де 300 вин­товка жет­кізеді. 30 қаң­тарда Фер­ғана­дан­ Қо­қан­ға ауыр ар­тил­лерия­мен­ қару­лан­ған Қы­зыл­ гвар­дия отряды кө­мек­ке келеді. Осы­дан­ кейін-ақ о­рыс­ әс­кер­лері Қо­қан­ды екі жақ­тан – Таш­кен­т және Әнди­жан­ ба­ғыт­тары­нан­ атқылау астына алады. Қала­ның­ өз ішінде пуле­мет­тер­мен­ және вин­товка­лар­мен қару­лан­ған әс­кер­лер шабуылға шығады.

Автономия­лық­ үкі­мет­ о­лар­ға қар­сы он ­шақ­ты вин­товка­дан­, жүз­ге тар­та шиті мыл­тық­тан­ бас­қа ештеңе қоя ал­май­ды [72].

Мұ­сыл­ман­дар­ ты­ғыз­ орна­лас­қан қала орамда­рын­ атқылау­мен­ қа­тар­ Н. Сазо­нов­ Түр­кі­стан Мұх­тариятына ультима­тум­ тап­сырады. М. Шо­қай­ большевик­тер пар­ла­мен­терле­рін­ і­зет­ті­лік­пен қар­сы а­лып­, “Ке­ңес­ өкіметі­мен­ бей­біт­ келі­сім­ге келу жө­нін­де қаулы а­лын­ға­нын­” [73] айт­ады. Осы­ған­ қарамастан боль­ше­вик­тер депутациясы “келесі күні күн­дізгі са­ғат­ 3-ке дейін толық­ қару­сыз­дануды, автономия­лық­ өкі­мет­тің өз өкі­лет­ті­гін­ тап­сы­рып­, ке­ңес­ өкіметіне бағынуын” [74] та­лап­ етеді. М. Шо­қай­ “он­дай­ мәселені өзі шешуге өкі­лет­тігі­нің­ жоқ­ты­ғын­, ультима­тум­ның ми­нистр­лер­ кеңесі­нің­ отыры­сын­да тал­қылануы ке­рек­ті­гін­” [75] жет­кізеді.

А­лай­да тізе бүгу жө­нін­дегі та­лап­тары­ның­ мер­зімі біт­пей жа­тып­, большевик­тер тарапы­нан­ со­ғыс­ қи­мыл­дары қайт­а бас­та­лып­ кетеді [76]. Н. Сазонов­қа ең алды­мен­ М. Шо­қай­ды және о­ның­ хат­шы­сын­ тұт­қынға алуға бұйры­қ беріледі. Осы тап­сырма­мен­ кел­ген Қо­қан­ әскери-революция­лық­ комитетіне М. Шо­қай­ е­гер­ боль­ше­вик­тер қаланы атқылауын тоқ­татса және бейбіт­ ха­лық­қа зор­лық-зом­бы­лық­ көр­сету­ден­ бас ­тарт­са рев­комға берілуге дайын е­кен­ді­гін­ мә­лім­дейді.

17 ақ­пан­да М. Шо­қай­дың­ кабине­тіне жи­нал­ған мұ­сыл­ман жұ­мыс­шылары мен­ ди­қан­дары ө­кіл­дері­нің­ араласуы­мен­ Қо­қан­ рев­комы­мен­ ке­ліс­сөз­дер­ қайт­а бас­талады. Боль­ше­вик­тер жаңа та­лап­тар қояды. О­лар­ енді:

1) автономия­лық­ үкі­мет­ тарапы­нан­ Ке­ңес­ өкіметіне бағыну туралы Түркістан хал­қына үндеу таратуды;

2) ха­лық­тың бар­ қаруын боль­ше­вик­терге тап­сыруды;

3) милицияны таратуды та­лап­ етеді.

Ультима­тум­ды қа­был­дап ал­ған­ М. Шо­қай­, Ә. Оразаев, Хидоят­бек­ Юргули-Ағаев, Мирә­діл­ Мыр­зах­ме­дов­ оны о­рын­дау­дан­ бас­ тар­тады [77]. Ревком­ ө­кіл­деріне М. Шо­қай­: “Кү­ш сіз­дер­дің­ жақ­тары­ңыз­да. Біз­де өз құқығымыз­дан бас­қа ештеңе жоқ­. Сіз­дер­дің жеңе­тін­дері­ңіз­ді біле­міз­, бі­рақ­ сіз­дер­дің­ билеу құқықтары­ңыз­ды мой­ындау­дан­, Түр­кі­стандағы Ке­ңес­ өкіметі талап­та­рын­ о­рын­дау­дан­ бас­ тар­та­мыз­” дей­ді.

О­лай­ жауап беру­дің­ де ө­зін­дік мәні бар­ еді. Ұлт­тық­ үкі­мет­ мүшелері­нің­ боль­ше­вик­тер билі­гін­ мой­ындауы алдағы уақытта­ боль­ше­вик­терге қар­сы жүргізіле­тін­ ұлт-а­зат­тық күресіне қа­ты­суға о­лар­ға мо­раль­ды­қ құ­қық­ бер­мейт­ін­. “Мүм­кін­, біз­дер елі­міз­дің ең лай­ықты ө­кіл­дері бол­ма­ған­ да шы­ғар­мыз. Бі­рақ­ тағ­дыр біз­ді ұлт­тық­ ісі­міз­дің көш­басына қой­ды. Біз­ өзі­міз­ бас­та­ған­ және бү­кіл­ ха­лық­ қол­да­ған­ іс­тің­ дең­гейіне көтерілуге ты­рыс­тық. Біз­ өзі­міз­ге жүк­те­ген­ міндетті сезіне біл­дік. Біз­дің­ ұлт­тық­ ісі­міз­ге қа­тер­ төн­ген шақ­та ке­ңес­ өкіметіне бағынуды және ел мен­ ха­лық­ты билеуді е­рік­ті түр­де боль­ше­вик­терге беруді өзіміз­ ү­шін­ және і­сім­із ү­шін­ лай­ық­сыз­ деп­ тап­тық. Себебі, өкі­мет­ билі­гін­ больше­вик­терге өз еркі­мен­ беруге ке­ліс­кен а­дам­дар түгілі, ол жө­нін­де өз пікірін­ біл­дірме­ген­дер­дің­ де ұлт­тық­ кү­рес­ті бас­қаруға, не бол­маса бұ­л кү­рес­те жауапты рөл­ді иемденуге мо­раль­ды­қ құқы бол­майды” [78] дей­ді М. Шо­қай­.

19 ақ­пан­да “Шуро-и-Улема­ның­” ықпа­лын­дағы Ер­гаш­ төң­ке­ріс­ ұйымдасты­рып­, М. Шо­қай­ды орны­нан­ алады, о­ның­ кабинеті­нің­ кей­бір­ министрлері мен­ жақ­таста­рын­ тұт­қын­дай­ды. Бар­лық­ өкі­мет­ билігі Ер­гаш­қа көшеді. М. Шо­қай­ Бас­ штабы­ның­ бас­тығы по­ляк­ офицері­мен­ бір­ге қа­шып­ шығады [79].

20 ақ­пан­да он мың­ға тар­та жасағы бар­ Ер­гаш­ “қасиетті жері­міз­ді гяурлерден боса­тай­ық” де­ген­ ұ­ран­мен бекі­ніс­ке жаңа шабуыл бас­тайды. Осы уа­қыт­та Қо­қан­ға Қы­зыл­қия­дан­ 330 сол­дат­тан­ тұра­тын­ от­ряд­, 21 ақ­пан­да Ташкен­т Түр­кі­стан өлкесі әскери істері жө­нін­дегі хал­комы Е. О. Пер­филь­ев бас­та­ған­ 600 а­дам­дық тағы бір­ бө­лім жетеді. Ол Қо­қан­ қала­сын­ то­лық­ қор­шауға а­лып­, он екі зең­бі­рек­тен атқы­лай­ бас­тайды. Келесі күні қалаға жаяу әс­кер­ басып­ кіреді [80].

Түр­кі­стан Автономия­сын­ жою ке­зін­де Ке­ңес­ өкіметі “мұ­сыл­ман­дар­ мекен­де­ген­ Қо­қанды­ жер­мен-жек­сен е­тіп­, қала көшеле­рін­ қан­ға бояды” деп­ жаз­ды “Бір­лік­ туы” газеті. Ке­ңес­ қыз­меткері А. М. Тиш­ковс­кий­дің­ мәліметі бой­ынша, Қо­қан­да он мың­ға тар­та а­дам­ қаза табады, “Гүл­ден­ген бай­ қала­дан­ үйінді мен­ бой­ таса­лап­ үл­гер­ген­дер­дің мәң­гі қар­ғысы ғана қалады” [81] Больше­вик­тер­дің­ ойраны­нан­ көп­ ке­шік­пей Қо­қан­ қала­сын­да бол­ған австралиялық­ А. Б­рун­ “қала жар­ты­лай­ бос­ қал­ды, қаланы жау­лап­ алуға қатысқан не­міс­, авс­трия және венг­р жал­дамалылары 100 мың­ руб­ль­ден­ ас­там­ мү­лік­ті то­нап­ алды” [82] деп­ жазады өз естелі­гін­де. Даш­нақ­тар жер­гі­лік­ті халық­ты шеті­нен­ то­нап­, қыр­ғынға ұшыратады [83]. Х. Бол­ған­байұлы “Бір­лік­ туы” газеті­нің­ бе­тін­де осы қыр­ғын туралы бы­лай­ дей­ді: “Ол күн­дер – Түр­кі­стан тари­хын­да сия­мен­ е­мес­, қан­мен жа­зыл­ған күн­дер. А­дам­ пі­шін­ді жыртқыштардың­ ол күн­дерде Қо­қан­ көшеле­рін­де істе­ген­ сұм­дықта­рын­ естігенде де­нең­ түр­ші­гіп­, қа­ның­ мұз­дайды” [84].

Түр­кі­стан Ком­пар­тиясы­ның­ ІV съе­зін­де жаса­ған­ баяндама­сын­да Н. Төреқұ­лов­ Түр­кі­стан Рес­пуб­лика­сын­дағы соғыс қи­мыл­да­р­ынан­ өл­ген­ және жара­лан­ған а­дам­дар саны­ның­ 200 мың­ға жет­кенді­гін­ [85] жария етеді. Бұ­л жағдай өлкеде Ке­ңес­ өкіметі­нің­ орнауы жер­гі­лік­ті ха­лық­ты қы­рып­-жою арқылы жүзеге асқа­нын­ көр­сетеді.

1 нау­рыз­да Түр­кі­стан Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі “Қо­қан­ автономиясының­” бар­лық бас­шыла­рын­ заң­нан тыс­ деп­ жария­лап­, о­лар­дың мүлкін тәр­кі­лей­ді. Түр­кі­стан Мұхтарияты Уа­қыт­ша кеңесі мен­ Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ о­тыз­ мүшесі тұт­қында­лып­, Ре­сей­дің­ түк­пір-түкпіріне айдалады. Хидоят­бек­ Юргули-Ағаев, М. Мыр­зах­ме­дов­ ұс­тал­ған же­рін­де атылады. “Шуро-и-Исламия”, “Шуро-и-Улема” т. б. ұлт­тық­ ұйым­дар­ таратылады [86].

Құла­ған­ үкі­мет­ пен­ қыр­ғынға ұшыра­ған­дар­дың­ орнына дү­ниежүзіне “басмашы­лық­” де­ген­ ат­пен­ бел­гілі бол­ған, ке­ңес­терге қар­сы кең­ кө­лем­дегі халық­ қоз­ғалысы келеді.

Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ жеңілу се­беп­тері М. Шо­қай­ ең­бек­те­рін­де егжей­-тег­жейлі са­рап­тал­ған­. Де­ген­мен осы мәселе жө­нін­дегі кей­бір­ ше­тел­ автор­лары­ның­ да пі­кір­лері на­зар­ аударады. А. Ха­лид­ “жә­дит­тер­дің­ ұлт мүд­десі жө­нін­дегі түсі­нік­те­рін­ қала тұр­ғындары­ның­ көп­шілігі қол­дамады, ал ен­жар­ ауыл­ тұр­ғындары мұ­сыл­ман зиялылары­ның­ саясатына ық­пал­ ете алмады. Осылай­ша жә­дит­шіл­дер­ та­рих­ мүм­кін­дік­те­рін­ өз мүд­делеріне о­рай­ пай­далана алмады, ұлт тағ­дыры боль­ше­вик­тер­дің­ бақылауына көшеді” [87] деп­ көр­сетеді.

Түр­кі­стан Мұх­тарияты өз­бек­, қа­зақ­, қыр­ғыз, та­тар­, түр­ік­мен­, тә­жік­ халық­тары­ның­ бір­лес­кен­ кү­ш-жігері арқа­сын­да дү­ниеге келеді. Сол­ се­беп­ті Х. М. Тұр­сын­ның Түр­кі­стан ұлт-азат­тық қоз­ғалысы­­ жеке бірұлт­тық­ е­мес­, көпұлт­ты­ си­пат­та [88] дамыды деген тұжырымдамалық­ ұстанымы әб­ден­ орынды.

Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ орнатуда қа­зақ­ зиялылары­ның­ бел­сенді рөл­ атқар­ғаны [89] жө­нін­де Г. Сафа­ров­ та айт­ып­ өт­кен­.

Түр­кі­стан Автономиясы­ның­ жариялануы мен­ о­ның­ екі ай шама­сын­да бол­са да ө­мір­ сүруі­нің­ тарихи маңызы жер­гі­лік­ті халы­қты­ң ө­зін­-өзі билеуге бағыт­тал­ған­ нақ­ты қа­дам­ жасауында, өз тағ­ды­рын­ өзі шешуге құқылы е­кен­ді­гін­ ә­лем­ жұрт­шылығына паш­ етуінде бол­са ке­рек­. Бұ­л мем­ле­кет­тік құрылым­ның­ бас­шысы және идеологы болу М. Шо­қай­дың­ маң­дайына жазылады.

Қо­қан­ қыр­ғыны М. Шо­қай­дың­ бұдан ілгергі өміріне, көз­қа­рас­тарының эволюциясына е­рек­ше ә­сер­ етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет