Развитие инновационной экономики: теория и практика



бет14/16
Дата25.02.2016
өлшемі2.67 Mb.
#22212
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Литература:

  1. Г.Я. Гольдштейн. Инновационный менеджмент. Учебное пособие. Таганрог: Издательство ТРТУ, 1998. 132с.

  2. Колоколов М.А. Инновационные механизмы функционирования предпринимательских структур //Менеджмент. — 2002. — №1. Экономическая газета. — 2000. — №46. — С.3.

  3. Н.А. Назарбаев. Послание Президента РК народу Казахстана «Ускоренная экономическая модернизация – продолжение Программы форсированной инновационной индустриализации», Казахстанская правда, январь, 2010 г.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
Н.М. Төлеу

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

Қазақстан Республикасы

E-mail: nur_ulytau_93@mail.ru

«Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы

нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың

жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық

табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз

етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік

маңызды нәрсе.»



Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан.

//2012-27 қантар
Инновация аясының динамикалық өсімі - инновациялық экономиканың негізгі көрсеткіші. Мұндай жоғарғы технологиялы экономика тиімді инновациялық жүйе болып табылады және инновациялық процестің институттарын құруға қолдау көрсетеді. БҰҰ-ң мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстан әлемнің жоғарғы технологиялы елдердің үздік жиырмалығына да кірмейді. Инновациялық экономиканың бірінші ондығына Финляндия, АҚШ, Швеция, Жапония, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Сингапур, ары қарай Қытай мен Үндістан да енеді. Қазақстанда экономиканың жаңа типін қалыптастырудың көзі болып жаңа технологиялы ауқымды инвестициялар табылады және жаңа жоғарғы технологиялы тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыру үшін ұдайы өндірісті керекті біліммен қамтамасыз ету керек. Мемлекеттің жаңа инфрақұрылымының негізі болып табылатын, коммуникациялық ақпараттық технологиялар экономиканың қарқынды дамуында аса маңызды рөл атқарады. Олар экономиканың даму деңгейімен бірге ілгері қарқын алуы керек. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі тауар өндірудің ең төмен қайта өңдеу деңгейімен байқалады. Отандық өндірушілердің саладағы басымдылығының инновациялық белсенділігі айрықша байқалады. Бұл тамақ, кокс және мұнай өнімдері өнеркәсібіне қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен 2003 жылдың 17 маусымында Қазақстанның үдемелі индустриалды инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Осы стратегия елдің қарқынды дамуын экономиканы жетілдіру мен диверсификациялау негізінде экспорттың өсуі мен тауарлардың бәсекеге қабілеттігін арттырады. ҮИИД стратегиясы 2015 жылға дейінгі мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіруге бағытталған [1].

Экономикалық жаңғырту - бұл объективті және маңызы зор қажеттілік. Ұзақ уақытқа әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап, мемлекеттің ұлттық мүддесін жақтауға ұмтылуды, әлемдік дәрежеде орнын бекітуді, халықтың әл-ауқатын жақсартуды, экономикалық қуаттылықты, тауарлар мен қызмет нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруды, қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздікті (оның ішінде экономикалық және технологиялық) қамтамасыз етеді.

Іс жүзіндегі экономикалық қауіп-қатердің, мүмкіндіктер мен шектеулердің есебімен экономикалық жаңғырту кез келген мемлекетте ауқымды проблемаларды (әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, техникалық) жеңуімен байланысты.

Жалпы алғанда, экономикалық жаңғыртуды тек қана балама жолдармен емес, сондай-ақ, кең көлемді белгіленген іс-әрекеттер мен басқа да өзгерістермен жүзеге асырылады [2].

Экономиканы жетілдіру және жаңғыртудың шетелдік экономикалық тәжірибесі ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін экономиканы жаңаша арнаға салудың өзіндік моделі болуға тиіс пе? Шетелдік тәжірибелерге сүйену үшін оны толығымен қарастырып, тиімді жағын және басқа да факторларды ескере отырып мемлекетке қай модель келе алатынын алдын ала ескеру керек.

Әлемнің алдынғы қатарлы дамыған елдерінің экономиканы инновациялық жаңғыртудағы тәжірибесі өз тиімділігін көрсеткен. Экономикасы қарқынды даму үстіндегі мемлекеттердің келесідей тәжірибелері:



АҚШ-ң экономиканы инновациялық жаңғыртудағы тәжірибесі. 1980-жылдарда АҚШ-ң мемлекет басшылары, ғалымдары және Конгресі «ұлттық инновациялық мүмкіндіктер» (national innovation capacity) атты концепциясын жетілдіру туралы алдын ала шаралар жасады. Қысқа мерзім ішінде мемлекеттің мүмкіндіктерін үздік технологиялармен арттыру, ұлттық экономика мен қауіпсіздікті бекітудің маңызды факторы ретінде меңгеру туралы шешім қабылданды. 1993-жылдың ақпан айында президент Клинтон өзінің «Американың экономикалық өркендеуіне арналған технология: экономикалық қуаттылықты құрудағы жаңа бағыт» атты баяндамасында жаңа ғылыми-техникалық саясатты жария етті. Ол мемлекеттің ғылым мен техника саласындағы күллі қызметі келесі мақсаттарға бағытталуын ұсынды:

  • америкалық өндірістің бәсекеге қабілеттігін арттыру және жаңа, ең бастысы, жоғарғы технологиялы жұмыс орындарын құру; инвестициялардың тек қана жаңа идеялармен байланысы бар, жаңа енгізілген технологиялардың өркендеуге апаратын кәсіпкерлік ортаны жасау;

  • федералды үкіметтің барлық ведомствосында үйлестірілген технология менеджментін қамтамасыз ету;

  • өндіріс, федералды ведомстволар, штаттар үкіметі және университеттер арасында тығыз жұмыстық қарым-қатынастарды құру;

  • информатика және коммуникация, тұрақты өндіріс, қоршаған ортаны қорғау технологиялары сияқты қазіргі заманғы бизнестің қиын-қыстау кезеңдеріндегі, даму үстіндегі экономика болып саналатын технологияларға барлық күштерді бағыттау;

  • барлық технико-технологиялық дамудың іргелі ғылым алдында мемлекеттік міндеттемесін растау.

АҚШ-ты жан-жақты қолдай бастаған феномендік өндірісі тиімді ұйымдастыруымен ерекшеленді. Ол фирмааралық және фирмалар коммуникацияларының ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану нәтижесінде мүмкін болды. Осы мақсатта өндірістік кәсіпорындардың интеграциясын қолдау арнайы бағдарламасы құрастырылды. Икемді немесе бірігіп өндіру-бұл бірнеше заңды тәуелсіз өндіріс фирмаларының келісім негізінде өзара шарт жасасып, белгілі бір уақытқа дейін қандай да бір тауарды өндіруге бағытталған серіктестігі. Бұл феномен АҚШ-та 1980-жылдардан бастап мәлім, бірақ XX ғасырдың соңына қарата ғана ол жеткілікті өрістей алды және өндірістік жүйеде үкіметтен толыққанды қолдауға ие болды. АҚШ үкіметі ЖИЕ (жаңа индуртриалды елдер) тиімділігі кадрлық ұтқырлыққа және құрылымдық тиімділікке ерекше әсер етеді деп таныды, яғни ғылым саласындағы жұмысшылардың бір зерттеу орталығынан екінші зерттеу орталығына ауысу, зерттеудің тақырыптық бағыттылығын алмастыру, оқытудан өндірістік зерттеулерге өту және керісінше. АҚШ-та 2000 жылдан кейін жаңа енгізілменің саудалық жағынан қолданылу ең шеткі шекарада орналасқан инновациялық процестің кезеңінде мемлекеттің рөлі ұлғая түсуде. Бірақ мемлекет инвестор немесе процестің өзінің тапсырыс берушісі ретінде емес, тиімділікті арттыруға мүдделі әртүрлі қатысушылардың (лаборатория, шағын бизнес, трансұлттық корпорациялар, банктер) үйлестірушісі ретінде көрінеді [3].

Францияның ұлттық экономикасының инновациялық жаңғыртудағы тәжірибесі. Бүгінде, инновация аясының дамуы Францияның мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы болып табылады және елдің келешекте экономикалық өсімінің басты факторы ретінде қарастырылады. Елдің әлемдік аренадағы орны мен болашағы осы бағытта дамуымен байланыстырылады. Франция инновациялық саясат пен ғылыми-технологиялық жағынан жүзеге асыру мен құрастыруда өзіндік жоғары тәжірибеге ие. Бұл басқа көптеген елдерге үлгі боларлықтай саясат. Францияның заманауи практикасының жағымды жағын көрсете кетсек:



Мемлекеттің ғылымды қаржыландыру мен инновациялық қызметке айтарлықтай көңіл бөлінуі. 2005 жылы Франция ғылым және инновация салаларын жаппай қаржыландыруға бағыт алады. 2008 жылы Франция үкіметі жоғарғы мектеп пен ғылым салаларын бюджет саясатының басты артықшылығы деп таныды және әр жыл сайын қосымша бөлініп тұратын 2009 -2011 жылдар аралығына осы салаларды 1,8 млрд. еуро қаражат көлемінде қаржыландырды. Әлемдік қаржылық дағдарыс ел экономикасындағы үкімет жоспарларын жүзеге асыруға еш кедергісін жасаған жоқ. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығына қарамастан (2009 жылы ЖІӨ-ң 7 %-на жуық), ел президенті Н.Саркози мемлекеттік қаржының қатаң экономиялық саясатын жүргізуден бас тартады және 2010 жылы Францияның стратегиялық басымдығын қаржыландыруға мемлекеттік заем жариялайды. Францияның болашағымен байланысты болатын кең масштабты ұзақ мерзімді үкіметтің инвестициялық бағдарламасын стратегиялық бағыттарда қаржыландыруды ұсынады. Жоғарғы білім беру, кадрларды кәсіби даярлау, ғылыми зерттеулер, бәсекеге қабілетті өндіріс, инновациялық шағын және орта бизнесті өркендету, қарқынды даму және сандық технологиялар үкіметтің келешекке жасаған инвестициялық бағдарламалары болып саналады. Бұл бағыттар, Н.Саркозидің ойынша, «Франция бюджетінің қатаң шеңберінде қамтамасыз ете алмайтын айтарлықтай қаражат талап етеді». 2010 жылға негізгі бюджетке үкімет қосымша 35 млрд. еуро қаражатты келесі стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бөледі: елдің инновациялық дамуының қарқынын арттыруға; әлемдік нарықта жұмыс күшінің дайындау сапасының міндеттерінің жоғарылауына қарап, жоғарғы білім беруді экономикалық дамудың маңызды тетігіне айналдыруға; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстың аясын кеңейтуге; іргелі зерттеу нәтижелерін өндірістік қолдануда процесті жандандыруға; «жасыл экономиканы» дамытуға.

Қазіргі заманғы экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдаяттық емес, құрылымдық сипатқа ие. Француздық мамандар есебі бойынша, егер ғылым мен білімді қаржыландыру қысқа мерзімді экономиканың тұрақтануынан кейінгі мемлекеттік басымдығының екінші жоспарына өтсе, онда Франция үшін қолайсыз жағдайлардың орын алуының дамуы айтарлықтай ұлғаяды [4].



Индустриялық-инновациялық дамудың шетелдік жағымды тәжірибесіне шолу. Экономикалық дамыған елдердің тәжірибесі жаһандық экономикалық бәсекелестіктегі экономиканың тұрақты өсуі өндіріске жаңа технологиялар мен әзірлемелерді енгізудің жоғары деңгейімен негізделген. Әр түрлі бағалар бойынша дамыған елдердің 70-тен 100%-ға дейін өсуі бүгінгі күні инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.

Әлемдік тәжірибеде жеке секторда ҒЗТКӘ-ны ынталандырудың екі негізгі әдісі қолданады: гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тікелей қаржыландыру және салық жеңілдіктері арқылы жанама субсидиялау.

Өнеркәсіпті дамыған елдерде мынадай салық жеңілдіктері анағұрлым жиі пайдаланылады:

  • жаңа жабдықтар мен құрылыстарға капитал салу көлеміндегі табысқа жеңілдік;

  • жиі ұлғаймалы коэффициентті қолдана отырып, ТҚЖ-ға шығындар мөлшерінде табыс салығына жеңілдік;

  • әдетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын жабдықтардың жеке арналған шығыстарды ағымдағы шығындарға жатқызу;

  • салық салынбайтын және ҒЗТКӘ-ны жүргізуге жіберілетін пайданың есебінен арнайы мақсаттағы қорларды құру;

  • зияткерлік меншіктен кірістерге төмендетілген мөлшерлемелер;

  • төмендетілген мөлшерлемелер бойынша табысқа салық салу (шағын кәсіпорындар үшін);

  • ҒЗТКӘ-ны жүзеге асыратын кәсіпорындарға салық несиелері мен демалыстары.

Бұдан басқа шетелде зерттеулердің перспективалық бағыттары үшін ұзақ мерзімді кредиттер беру жолымен ТҚЖ-ы үкіметтік кепілдігімен ынталандыру тәжірибесі кең пайдаланады. АҚШ-та ресми үкіметтік құжаттарда ғылыми-технологиялық салаға капитал салу тіптен «болашаққа инвестициялау» деп аталады, ал ТҚЖ саласы стратегиялық ұлттық мақсаттарды жүзеге асырудың тиімді тетіктері ретінде қарастырылады.

Әлемнің көптеген дамыған елдерінде мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың өңірлік құраушысын пайдалану үрдісі үлкен маңызға ие болып отыр, бұл жекелеген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының тең емес деңгейлерімен түсіндіріледі.

Бұдан өзге, индустриялық-инновациялық қызмет және тауарлық белгілерді қорғау саласындағы зияткерлік меншік объектілерін патенттеу жүйесі әлемдік практикада инновациялық белсенділікті жоғарылатудың құралдарының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы өңірлік халықаралық ұйымдар жоқ. ТМД елдерінің Еуразиялық кеңістіктегі тығыз ықпалдасуына байланысты (Кеден Одағын құру, Бірыңғай экономикалық кеңістік) тауарлық белгілерді қорғауды реттеу саласында проблемалар одан сайын туындайтын болады, өйткені тауарлық белгілердің аумақтық сипаттағы қорғауы бар.

Осыған байланысты, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы Еуразиялық ұйымды құру қажет. Қазақстан Республикасы болжамды ұйымның орналасу орны болуы мүмкін. Мысалы, Мәскеу қаласы, Ресей осындай Еуразиялық патенттік ұйымның (патенттерді қорғау саласында) орналасқан орны болып табылады [5].



Қазақстан экономикасын жетілдіру және жаңғырту үшін оның басқа шетелдің дамыған алдынғы қатарлы елдерінің тәжірибесін қолдана білуіміз керек. Бүгінгі таңда Қазақстан  экономикасын дамыту үшін инновация ауадай қажет. Біз өз еліміздің табиғи ресурстарын қолдана отырып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар жұмыссыздар санын мейлінше қысқартуымыз керек. Инновациялық дамуда нәтижелікке қол жеткізу үшін ғылым мен экономиканы байланыстыра отырып, сапалы білім жүйесін қалыптастыру керек. Сондықтан, мемлекеттің инновациялық дамуының негізі адамзат капиталы болып табылады.
Әдебиет:

  1. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003 – 2015 годы.

  2. Клейнер Г.Б. Эволюция институциональных систем. — М.: Наука, 2004.

  3. Technology for America’s Economic Growth: A New Direction to Build Economic Strength. — Office of the Press Secretary, the White House, Febr. 22, 1993.

  4. Черноуцан Е.М., Опыт Франции в области инновационной модернизации национальной экономики.

  5. Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 Қаулысы.

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ

ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Н.М. Төлеу

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.,

Қазақстан Республикасы

Е-mail: nur_ulytau_93@mail.ru

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.

Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 200-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Түркия, Иран, Сауд Арабиясы елдерімен ынтымақтастығы артып келеді. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттарда ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда. Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізуде [1].

Қазақстан 2012 жылы Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) жариялаған ғаламдық бәсекеге қабілетті мемлекеттердің рейтингісінде өзінің орнын тұрақтандырды. Бұл рейтингте (IMD) мемлекеттердің мына факторлар бойынша бәсекеге қабілеттілігі талданады:


  1. Экономикалық қызмет;

  2. Үкіметтің тиімділігі;

  3. Бизнестің тиімділігі;

  4. Инфрақұрылым.

Қазақстан әлемнің 59 елдерінің ішінде 32-ші орынға жайғасты, өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 4 мемлекеттің алдын ораған. Қазақстан барлық факторлар бойынша рейтингісі жақсарды деп көрсетіледі. Мысалға, экономика саласында – 28-ші орында, 7 сатыға көтерілген, үкіметтің тиімділігі – 3 сатыға жоғарылап, 18-ші орынға, бизнестің тиімділігі - 34-ші орынға орналасып, 2 сатыға, ал инфрақұрылым бойынша – 43-ші орынға жайғасқан. Қазақстанның осы рейтингтегі бәсекелестік басымдылығы мемлекеттік қаржылар (5-ші орын), еңбек нарығы (5-ші орын), фискалдық саясат (9-шы орын) және жұмысбастылық арқылы (14-ші орын) байқалады. Мамандардың пікірінше, IMD рейтингісі нәтижесі бойынша 2012 жылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы қабылданған шараларының өзектілігін атап өткен [2].

Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсіп келеді. Біздің серіктестеріміздің ішінде белгілі "Шеврон" мұнай – газ өндіретін компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан, республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін заңы қабылданды. Ол: Қазақстан Республикасының 2003.01.08. N 373 Заңы. Шетелдік инвестицияларды тарту және нәтижелі түрде қолдану – Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзаратиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда шетелдік инвестицияларға ұлттық мәртебе беріледі, яғни шетелдік және отандық компанияларға инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін тең жағдайлар жасалған. Осы «Инвестициялар туралы» заңы негізінде инвесторлардың Қазақстандағы инвестициялық қызметін атқару барысында туындауы мүмкін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін түрлі кепілдіктер беруді көздейді:



  • Қазақстан Республикасы аумағында инвесторлардың қызметтік құқығының қорғалуына кепілдік;

  • Кірістердіпайдаланукепілдіктері;

  • Инвесторларғақатыстымемлекеттікоргандарықызметініңжариялылығы;

  • Мемлекеттікменшіктеужәнереквизициялаубарысындаинвесторлардың  құқықтарынакепілдік [3].

Халықаралық экономикалық ұйымдардың қалыптасуы мен дамуы мемлекеттердің жақындасуы мен интеграциялануына негіз болып отыр. Сонымен бірге, Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.Алматыда Азиядағы өзара байланыс және сенімділік шаралары бойынша Кеңесті дайындау үшін арнайы жұмысшы топтың екі мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліс жұмысына 20-ға жуық Азия елдерінің сарапшылары қатысты.

Соңғы жылдардың өзінде Қазақстан ел орналасқан жерлер бойынша ЭКОСОС (БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік одағы) комиссиясының және ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды.

БҰҰ-ның даму бағдарламасының қызметі Қазақстанда қарқынды жүргізілуде және ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жәрдемдесуге, сонымен бірге, нарықтық реформаларды және экономиканың әр түрлі секторларындағы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп, сауда және т.б.) қайта өзгертулерді жүргізуге Үкіметке кеңестік көмек көрсетуге бағытталған.

Қазіргі кезде Қазақстанның белгіленген басымдық салаларында ЕЭК-ның қызметін тұрақты ынтымақтастықта белгілеу бойынша комиссиямен жұмыс жүргізілуде [4].

ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. Тәжірибе көрсеткендей, «бәрін бірден» деген принциппен интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға алып келуі тиіс. Сол себепті де ынтымақтастық шеңберінде көп деңгейлі интеграциялық үлгіні іске асырудың жаңа тетігін әзірлеудің маңызы зор. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің дамуы әлі баяу дамуда.

Экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2012 жылы қаңтар-желтоқсан айларының өзінде Қазақстанның достастық елдермен сыртқы сауда айналымы 34,7 млрд. долларды құраған. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып ТМД елдері жатады, оның ішінде біріншісі – Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдері– мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда – саттық жасау пайдалы [5].

Қазақ елі даму қарқыны жөнінен әлемдегі көшбасшылардың "үштігіне" кіріп отыр. Ernst&Young аудиторлық компаниясы Қазақстанның алдағы уақыта - 2011-2015 жылдар аралығында да экономикалық өсімі бойынша дүниежүзіндегі алғашқы үш мемлекеттің қатарында болатындығын жариялады.

Ernst&Young Қарқынды дамушы нарықтар орталығы өздерінің елімізді "әлемдік нарықтағы маңызды ойыншыға айналып келе жатқан" мемлекет санайтындарын жеткізді. Ұлыбритания сынды алпауыт елдер "0,27 пайыздық" өсім көрсеткішін қанағат тұтып отырғанда, Қазақстан Көшбасшысы ел Үкіметі алдына алдағы бес жыл бойы ең кем дегенде 7 пайыздық өсімді сақтауды міндеттеді.

Осындай қарқынмен ілгерілесек, Елбасының«әлемнің жоғары табысты елдері қатарына өту» бастамасы іске аспақ. Президент Н.Назарбаевтың бұл мұраты шетелдік сарапшыларды тамсандырады, бірақ қайран қалдырмайды.

Қатысушыларға Қазақстанда жағымды макроэкономикалық орта қалыптасқан. Бұған даму көрсеткіштері дәлел. Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында 6,5%-ды құрап, былтырғы жылдың сәйкес көрсеткішінен сәл асты. Инфляция жылдық шамада 8% деңгейінде және жоспарланған дәлізде болады [6].

Елбасымыз француздық «Valeurs actuelles» журналында биылғы 2012 жылдың қазан айында берген сұхбатында:«Қазақстанның ендігі 5 жылдан кейін өңдеу өнеркәсібінің ІЖӨ-дегі үлесі 12,5 пайызды құрайтын болады. Шикізаттық емес сектор үлесі 10-нан 40 пайызға дейін ұлғаймақ. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі қазіргіден 1,5 есе, ал агроөнеркәсіп кешенінде 2 есе көбейеді.

Біз өзімізді құрылыс материалдарымен 80 пайыз қамтамасыз ететін боламыз. Отынның әр түріне деген қажеттілікті отандық мұнай өңдеу зауыттары қанағаттандыратын болады. Басқаша айтқанда, алдағы жылдарда Қазақстан алға қарай өте үлкен қадам жасауға тиіс».

Әлемдік экономикалық кеңістікте Қазақстанның өз жолы бар. Сонымен 50 елдің қатарына қарай адымдап келеміз. Сол қиын уақытқа қарамай жетістіктерге қол жеткізген 10 елдің қатарындамыз. Мұны «Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры айтып отыр. Олар жүргізген сауалнама осыны растаған. Ал, оған емес әлемнің 57 елінің 247 жетекші экономистері, қаржы талдаушылары, ғалымдары, компаниялардың топ-менеджерлері, журналистері мен саясаткерлері қатысқан. Осы жылдың үш тоқсанында бізде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және байланыс салалары жедел дамыған. Тұрақты да қарқынды өсуді экономиканың барлық салалары көрсетіпті. Оның ішінде шағын және орта бизнес те бар.

Сонымен қатар бизнестің белсенділігі артты. Бұл өз кезегінде нақты жалақының 6,8 пайызға өсуіне ықпал етіп, бөлшек сауда айналымының 13 пайызға артуына септігін тигізді. Осының арқасында ішкі сұраныс өсіп, ІЖӨ деңгейі көтерілді. Қазіргі жағымды жаңалық энергия тасығыштар, металдар, астық бағалары қалпына келуде.

Жан басына шаққандағы инвестициялар бойынша Қазақстан ТМД-да көшбастаушы болып табылады. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетел инвестициялары былайғы Орталық Азия мемлекеттерін бүтіндей алғандағы шетел капиталы салымдарынан айтарлықтай асып түседі. Қазақстандағы инвестициялық ахуалға берілетін басты баға да осы. Инвестициялардағы бизнестің жеке қаражатының үлес салмағы өткен жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы 32,9 пайыздан 46,0 пайызға өскен. Бұл бизнестің инвестициялық әлеуетінің қалпына келуінен хабар беретін жақсы көрсеткіш. Негізгі капиталға салынатын жалпы инвестиция көлемінде дәстүрлі түрде көшбасшы орын алатын шетел капиталының көлемі керісінше қысқарған. Олардың үлесі 40,9% -дан 25,3% – ға азайған. Соған қарамастан негізгі капиталдағы жалпы салымдар көлемі өзгермеген.

Биылдан бастап іске асырыла бастаған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстанның өзіндік даму жолы. Оның негізгі мақсатының өзі экономиканы әртараптандыру және еліміздің ұзақ мерзімде бәсекелестік қабілеттілігін арттыру. Мұнда жеке бизнес пен мемлекеттің мүмкіндіктерін біріктіруге баса назар аударылған. Мемлекет күш-жігерін шикізаттық емес бағытты дамытуға жұмсайтын болады. Бизнес болса әртараптандыру мақсаттарына жауап беретін салаларды көтеруге атсалысады. Осы бағдарламаны іске асыру арқылы экономика 46 млрд. АҚШ долларынан асатын жылдық қосымша құн құруға мүмкіндік алады [7].

Қазақстанның әлемдік қауымдастықта өзінің беделін көтерудің жолында кең көлемде жұмыс атқаруда. Бұл өз кезегінде, өзге де дамушы және дамыған мемлекеттермен тығыз сауда-саттық және экономикалық жағынан қарым-қатынас жасауда тиімділігін көрсетеді деп біледі.Себебі беделі артқан мемлекеттерге аса сенімділік білдіріледі. Әлемдік нарықта өзінің орнын орнықтырып, тұрақтанған мемлекетіміз келешекте ірі келісімдер мен шетел инвестицияларға ие бола алады. Мемлекеттің ІЖӨ-ң деңгейін жоғарылатып, әлемнің түрлі рейтингтерінде орнын біршама жақсартады. Халықтың жағдайы көтеріліп, орташа жалақы көлемі артып, жұмысқа деген құлшынысын жақсартады. Бұл тиісінше, мемлекеттің дамуында айрықша маңызды рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет