Сабақ тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы кім? Будан сөздер емлесі Модуль/Пән атауы Қазақ тілі



бет1/8
Дата04.09.2022
өлшемі31.52 Kb.
#460189
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
3 тақырып


Тараз инновациялық көпсалалы колледжі

Тексерген







Сабақ тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы кім? Будан сөздер емлесі

Модуль/Пән атауы

Қазақ тілі

Дайындаған оқытушы

Әлімғазиева Жанерке

Күні:




ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Курс: 1

Оқу жылы: 2021 - 2022

Топ:



Сабақ типі

Аралас сабақ.

МАҚСАТЫ
Міндеттері:

Сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы шығарманың идеялық мазмұнын түсіну

Оқу сабақтары барысында білім алушылардың игеретін кәсіби біліктерінің тізбесі

Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды:
1) кейбір дыбыстардың жазылуы;
2) түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;
3) сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;
4) шылаулар мен одағайлардын жазылуы;
5) бас әріптердің қолданылуы;
6) сөздерді тасымалдау

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Оқу-әдістемелік құрал-жабықтар, анықтамалық әдебиеттер

- Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады;
- Таныстырылым

Техникалық құралдар, материалдар

Интер белсенді тақта. Электронды оқулық

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Ұйымдастыру
Оқушыларды 4 топқа бөлу.
Қызығушылығын ояту
Студент өз ойын тақтаға түсіреді. Ассоциациялық аймақ құрғызамын.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін белгілеу.


Будан сөздер емлесі
Әр түрлі тілдердің иелері (тұтынушылары,елдер, мемлекеттер) арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың жолға қойылуы, жаппай компьютерлендіру, ғылым мен техниканың дамуы мен техникалық құралдардың қолжетімді бола бастауы, жалпыға таралуы тілдегі кірме сөздерді көбейтті және сөз тудыру процесінің жандануына әкелді. Сөз тудырудың бір қыры сөз қабылдаумен байланысты, ол сөздерге балама табумен, толығымен болмаса жартылай аударумен, кірме сөздің мән-мағынасын толық жетткізумен байланысты болып келеді. Өзге тілден сөз алуға-қабылдауға, алмасуға байланысты дүниедегі тілдер донор тілдерге және реципиент тілдерге бөлінеді.
Донор тілдердің бәрі дерлік экспансиялық тілдер, яғни халықаралық мәртебесі зор тілдер. Ондай тілдердің қатарына Қазақстанда барлық қоғамдық салада қызмет етіп отырған және қызмет аясы кеңи бастаған ағылшын және орыс тілдері де жатады. Бұл тілдердің тек қазақ елінде ғана емес, әлемдегі қолданыс аясы кең, өте белсенді, өзге тілдерге ықпалын еркін жүрізіп отырған тілдер, соған орай донор тілдер саналады. Ал олармен қатар өмір сүріп келе жатқан мемлекеттік тіл мәртебесін алған қазақ тілі, негізінен, қабылдаушы яки реципиент тіл. Ал тіл мен әлеуметтік заңдылықтар бойынша реципиент-қабылдаушы тіл донор-тілдің ықпал-әсеріне тез ұшырайды.Тілдің тілге ықпал-әсері,әсердің тілдегі көріністеріәр түрлі және нәтижелерікөрер көзге байқалып тұрады: солардың бірі – тілдегі гибрид сөздердің пайда болуы, олардың көбеюі, соңында тілде орнығуы. Қазақ тіл білімінде гибрид сөздерді бірде «қоспа», бірде «будан» деген баламамен атап жүр. Біз «гибрид» сөзінің өзін әзірше қалдыра тұрамыз.
Гибридтену - қазіргі интеграция, яғни жақындасу, араласу барысындағы тіл атаулының бәрінде де көрініс тауып отырған құбылыс. Құбылыс ретінде үнемі күшейіп келе жатқаны да күмән келтірмейді. Интеграциялану процесінен ешқандай тысқары қалмай келе жатқан елдің тілі ретінде қазақ тілі де осы құбылыстың әсеріне шалдыққан. Оның бірнеше себептері бар:а) ғылым мен техникалық жаңалықтардың өзге елдерде ашылуы, көп болуы; ә) тілдері донорлық дәрежеге жеткен елдерде қоғамдық-саяси өзгерістердің болуы және қоғамдық-саяси жаңалықтардың сол елдердің үлгі-моделіне салынуы, үлгіге алынуы; б)сол елдердің экономикалық басымдығының болуы; в) жазудың және жазудың негізгі қаруы саналатын әдеби тілрөлінің артуы; г) жазудың көмегіне сүйенетін жазба коммуникацияның күшіне енуі.
Гибридтенужазба коммуникацияның тікелей туындысына жатады, тілдегі графоорфографиялық құрылымдардың көбеюі де, жандануы да жазба коммуникация қызметінің күшеюімен байланысты болып келеді. Ал жазу өркениет қанатын кеңге жайған сайын орны мен қызметі өлшеусіз құралдардың негізгісіне айнала береді. Гибридтенумен бірге гибрид сөздер тілдегі қабаты қалың, жасалу жолдары көңіл аударатын құбылысқа айнала бастады.Гибрид сөздердің түп негізі кірмелік, қазіргі тіл білімінде шеттілдік лексиканың ана тіл жүйесіне кірігіп, интеграциялануы ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі кезде тек қазақ тілі емес, басқа тілдерде де, оның ішінде орыс тілінде де шеттілдік элементтердің ішінде ағылшын тілінен енген сөздерге, ағылшын тілінің сөздік қорынан сөз алуға ерекше көңіл бөлінеді. Ерекше көңіл бөлудің өзіндік себебі жоқ емес. Тілші-ғалымдар ағылшын тілінің сөз қабылдаушы реципиент тілге әсері, олардың таралуы мен көлемінің өсуіне алаңдайды.Алаңдаудыңсебебі -кез келген ұлт үшін туған тілдің тазалығы, тілдің сақталуы, ұлт пен ұлыстың тілі ретінде әрі қарай өмір сүруі, өміршеңдігін жоғалтуы қаупінің күшеюі. Соған орай бұл проблемаға еріксіз көңіл бөлінеді. Ал екініші себебі ағылшын тілінен енген сөздер халықаралық (интернационал) сөздер мәртебесімен кең таралған сөздер. Оның ішінде ағылшын тілінен енген/енетін кірме сөздердің көбі кәсіби лексиканы байытатын салалық сөздер болып келеді. Салалық терминдер ғылым салаларымен байланысты, ал ғылымда шекара жоқ деген қағида қалыптасқан. Сондықтан бұл сөздер - халықаралық қатынастарда жиі қолданылатын, ғылым мен техникадағы креативті және трендтік, басым бағыттарды нақты әрі тура бегілейтін, сонымен қатар тілдегі бірліктерді ықшамдаудың талаптарына жауап беретін, сол ықшамдауды жүзеге асыруға қолайлы сөздер. Ағылшын тілі сөздерінің көп болуы мен тез таралуының ең басты себебі: жаңа (супер жаңа) ғылым салаларының осы тілді тұтынатын елдерде (көбінесе АҚШ-та, тіпті техника салалары мен жаратылыстану ғылымдарынан өзге лингвистикада да американдық фундаментализм кең таралған) пайда болуымен; осы ғылым салаларына байланысты жиындардағы жұмыс тілінің ағылшын тілі болуымен түсіндіріледі. Осылайша өзге елдердегі белгілі бір сала терминдері біртіндеп гибрид-терминдермен, гибрид сөздермен толыға береді. Кірме сөздер мен төл тілдік элементтердің араласуынан құрамы (композиттерінің бірі)ағылшын – орыс тілі элементтерінен, ағылшын – орыс – қазақ тілі немесеағылшын – қазақ тілі элементтерінен құралған гибрид сөздер дүниеге келді. Шеттен сөз қабылдаудың осы қыры қазіргі Қазақстандаүштілділікпен байланысты өткірлене түсуде. Жазу үлгі-модельдерінің негізгілері:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет