Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты


Шығараманың композициялық құрылысы



бет7/15
Дата11.11.2019
өлшемі1.08 Mb.
#447439
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
лекция


Шығараманың композициялық құрылысы




Шығарама композициясы

Дәлелдеме

1.

Оқиғаның басталуы

Қарашаштың хан Кенеден күйші сұрап алуы

2.

Оқиғаның байланысы

Күй құдіретінен өрбіген сезім

3.

Оқиғаның дамуы

Күйші мен қыз арасындағы жұмбақ сезім

4.

Оқиғаның шиеленісуі

Бозбалашылықтың соңы дауға ұласады

5.

Оқиғаның шарықтау шегі

Сапақты жазаға тарту

6.

Оқиғаның шешілуі

Күйші сезімімен бірге күй әуенінің өзгеруі

Қыз түйсігі.Дүниеге «Азат» күйінің келуі



Күй аттарын теріп жаз.

«Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз інген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек»,

«Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара»,

«Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой,бауырым!», «Азат».



Күй туралы аңыздарды әңгімеле.

Күй әуенінің түрлері Зарлы күй

Ащы күй


Тәтті күй

Мұңды күй



Күй ырғағын берудегі ақынның градацияны қолданған тұстарына мысал келтір.

Ақтарып,лекілдетіп,лепілдетіп,талдырып,тамшылатып,сығып,сарқып т.б.



Ақынның Қарашаш портретін түрліше жасауына баға бер.

Қара қас,қылаң қабақ,керқұба қыз,

Қара шаш,алма сағақ,құралай қыз.

Сырықтай ордадағы сымдай бойы.

Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз.

... Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін.

Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ.

Шөп желке,шолақ бұрым қотыр-қотыр,

Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр.

Жыландай жиырылған кесерткі қыз ...



Күйшінің Қарашаш портретін деген сезімнің суреттелуі


Күйші сезімінің оянған сәті

Сезімнің өшкен сәті

Қызыл алтай

Жалмауыз

Кер марал

Айдаһар

Ақ қоян

Қанішер

Боз байтал

Жауыз торай

Ақша нар

Әзірейіл


Көмекші нұсқау

Сыныпқа проблемалық сұрақтар



  • Күйшінің қызға деген көңілі неге өзгерді?

  • Қыздың сезімталдығы қандай әрекетінен байқалды?

  • Қыз күйшіге неге бостандық берді?

  • Қарашаш әрекетіне баға бер. (ойталқы)

Бекіту жұмысы




«Күй» поэмасы

Ұқсастығы

«Күйші» поэмасы

1.

2.

3.


4.

Күй қобызда

7 күй


Аңыз күйінде
Інгеннің ботасын

аңсауы


Халық апаптары

Халықтың байлығы

Өнер құдіретімен

халыққа тарады

Сағыныш


Күй домбырада

30-ға жуық күй

Еліне,анасына деген сағыныш



Қорыту.Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығына ғалымдар берген баға.

«Жасынан ән-күйді терең сезініп,жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің, құдіретті күйшінің туын көтере келді»



Қажым Жұмалиев.

«Күйші» өлімді,зұлымдықты жеңген өнер құдіреті туралы симфониялық сарын,романдық қуаты бар, кең тынысты.асқақ әуенді күрделі шығарма» Рымғали Нұрғали.


Қарасам өлең-дария ағысына,

Көнермес көңіл толды табысыңа.

«Құлагер»,»Күйші», «Дала» көтеріпті

Атыңды ақындықтың ғарышына.



Кәкімбек Салықов.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақ тақырыбы: Айтыс шебері – Жамбыл
Сабақтың мақсаты: білімділік – а) айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы,айтыс ақыны ретінде танылуы,айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі, ә) Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі туралы мағлұмат беру; дамытушылық – а) оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту,ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, ә) өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту; тәрбиелік – ақын бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға,адамның жан дүниесін тани білуге,көркем әдебиетті сүйіп оқуға,өлеңді талдату арқылы елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ,танымдық сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,салыстыру,әңгімелеу,талдау,іздену,зерттеу.

Сабақтың көрнекілігі: ілестірме қағаздар,тест тапсырмасы,ақын өмірі туралы буклет,тірек сызбалар,нақыл сөздер,фотослайдтар,көркем әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс:тіл,халықтық педагогика,тарих.
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық жүргізіледі.

Сынып үш топқа бөлінген.Әр топ жетекшісі өз топтарының сабаққа әзірлігін тексеріп шығады.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Ақын,жазушы,Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде жазып келген «Ілияс Жансүгіров – қазақ өнерінің жыршысы» атты тақырыпта шығармалары оқылады.Оқушыларға екі нұсқада тест жұмысы таратылып орындалады.



ІІІ. Ой ашар.

Жаңа сабақа әзірлік.

1.Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңі мәнерлеп жатқа оқылады.Өлеңнің мазмұны 1916 жылғы Ұлт-азаттық күреске байланысты жазылғандығы айтылады.

2.Айтыс өнері,оның даму кезеңі,айтыс ақындары,Жамбылдың айтыстары туралы ойлары ортаға салынады.



IV.Мағынаны тану.

Жаңа сабақ.

Тақтада ілінген көрнекіліктер арқылы сабақ түсіндіріледі.

1.Өмірі туралы мәлімет. Халықтың мұң-мүддесін қорғаған,қазақ халқының бақытты болашағын армандаған бұқарашыл бағыттағы Абай,Махамбет,Сүйінбай,Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі – жыр алыбы Жамбыл.

Жамбыл өмірімен де,шығармашылығымен екі ғасырды молынан тұтастыра қаусырып жатқан ұлы тұлға!

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы ақпан айында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген...

2.Шығармашылығы. Жамбыл шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады.Өзі кедейлікті көп көрген ақын алдымен байларды,халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайды.Ондай көріністер «Сәт сайланарда», «Мәңке», «Шалтабайға» т.б. өлеңдерінде жиі кездеседі.

Малы көп бай жылайды қар жауғанда,

Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.

Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,

Әйелі шелек толы сүт сауғанда.

Тағы бір өлең-жырлары соғыста жүрген майдангерлерге қуат беріп,ерлікке үндейді.



3.Айтыстың асқан шебері. Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан.Өз тұсында небір бұлбұл,небір дүлдүл ақындармен айтысып тізе бүктірген.Алғашқы айтыстары ойын-тойларда өтеді.Жамбыл жастықтың салтын сақтап,Айкүміс,Бұрым,Сара сияқты қыздармен айтысады:

Сыртың бір сұлу жан екен,

Сыпайы көзге көрінген.

Сыр мінезің бар екен,

Сөйлесуге ерінген.

Қамқа камзол киінген,

Қас қабағың керілген.

Жамбыл Құланаян Құлманбетпен 1881жылы,Сарбас ақынмен 1895 жылы,Досмағанбетпен 1902 жылы, Шашубаймен 1909 жылы айтысады.

Жамбылдың атақ-абройын аспандата көтерген айтысы – Құланаян Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет өз сөзі арқылы қарапайым халықты көнбістікке,кіріптарлыққа, бағыныштылыққа шақырып,ақындық өнерді байлықтан,барлықтан төмен қояды.

Жамбыл:


Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт- , дейді.Сөйтіп,Жамбыл айтыстарда аттың басын соны сонарға бұрып,елінің мәртебесін көтере,ел қорғаған азаматының атын атойлай,езілгендер мен жәбір шеккендерге ара түсе шырқайды,ел мүддесін қорғайды.



4.Іздену жұмыстары.

Оқулықтағы мәтін іштей оқылып әр топқа тапсырмалар беріледі.



І топ

Жамбылға ұстазы Сүйінбайдың айтқан сөзін тауып оқыңыз. «Балам,өз өлеңіңді шығар,бірақ оны жұрт жаттап алатын,ешкім ұмытпайтын өлең болсын.Шындықты айт,әділдікті жырла».



ІІ топ

1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып,мағынасын таныстырыңыз.



Үйсін,Найман саңлағы, Желді күнгі қамыстай

Өстепкеде жиылдың. Жапырылып иілдің.

Елде жүрген егейлер, Келтіріңдер намысты,

Ұлық көрсең ұйлығып. Бек қорланып күйіндім.

Бай болыстардың,жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.



ІІІ топ

Жамбыл мен Құлмамбеттің ақындар айтысына кіріскен қызулы шағын суреттеген жерді тауып оқыңыз.



Ақыры,міне,екі әйгілі ақын алқалы топтың алдында,үлкен тойдың қызба шағында батырлардай айқасып,палуандай шайқасып ұстаса кетеді,дүйім жұрттың бүйірін қыздырады.
Дәптермен жұмыс. Ақынның Құлмамбетке айтқан жауабын (1 шумақ) жазып,өлең ұйқасына талдау.

V. «Ой толғаныс»

Жаңа сабақты бектіту. «Зерттеу» жұмыстары.
1-тапсырма. Ақын мұрасының өрнек кестесін құрастырыңыз.Ақын мұрасының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз?

2-тапсырма.Сүйінбай мен Жамбылдың қарым –қатынасын қалай бағалауға болады?(«бала Жамбылға бата» өлеңі мәнерленіп оқылады.)

Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық.Жамбыл ұстазы Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап,ұстазының есімін ардақ тұтумен өтеді.



3-тапсырма. Жамбыл айтыстарын қазіргі кездегі айтыстармен салыстыра сипаттаңыз.(Венн диаграммасы)
VI. Үйге тапсырма.

1.Ақын туралы көркем әдебиеттермен танысу.Әр айтысынан үзінді жаттау.


VII. Поэзия минуты.Әр оқушы өз шығармашылығынан өлең оқиды.
VIII. Топ бойынша бағаланып, көп ұпай жинаған топ «Жамбылдың шәкірттері» атанады.

Күні: 8.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев

«Сұраншы батыр» дастаны

Сабақтың мақсаты: а) «Сұраншы батыр туралы түсініктерін кеңейту, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,і здендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Ж.Жабаев өлеңдерінің тақырыптары не жайында?

2. Ж.Жабаевтың дастандарын ата.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Ж.Жабаевтың «Сұраншы батыр» атты дастанының негізіне Құдияр хан бастаған Қоқан басқыншыларына Ұлы жүз қазақтарының тойтарыс бергендігі туралы тарихи оқиға арқау болған. Шығармада елін, жерін сүйген Сұраншыдай батырдың Отан алдындағы парызын орындауы суреттеледі. Қ.Р Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың және Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов «Ту ұстап жауға шапқандар» атты зерттеу еңбегінде «Сұраншы батыр» дастанының маңызына тоқталып, терең әдеби талдау жасайды: «Сүйінбай шығарған Сұраншы туралы өлең-толғауды Жамбыл дамытып, үлкен эпосқа айналдырған. Жамбыл жырлаған «Сұраншы батыр» - тарихи жыр, мұнда тарихи оқиғалар ежелгі эпостық үлгіде баяндалып суреттеледі. Жыр үлкен екі бөлімнен тұрады, екі бөлім екі оқиғаны әңгімелейді. Кіріспеде заманның тарылғанын, қазақ елінің қиналған жайын, хал-күйін сипаттайды да, тыңдаушыны басты оқиғаға дайындайды: бұл шақта Ресейдің әскері қазақ жеріне кіріп, Оралдан өтіп, Ертісті бойлап, Алтайға жеткенін, Жетісуға қол сұққанын, бұған қоса қоқандықтардың орыстармен соғыспақ болып, Қапалға барғанын да баяндайды.

Орыс әскерлерінің зеңбірегінен жеңіліс тапқан Құдияр ханның қашқанын, қашып бара жатып, жолдағы қазақ ауылдарына зорлық көрсеткенін, Қоқан құсбегіне қосылып, қырғыз Орманның Қордайдан асып, Сарыкемердегі Тілеуқабыл мен қасқарау руларын шапқанын баян етеді. Құсбегіден қорыққан Дулат елі үшке бөлініп, үш жаққа қашып, Іледегі түбектің тоғайына тығылғанын, елдің көрген қорлығын айтады.Қасқараудың екі шалы Сұраншыны іздеп шығады да, әрең табады. Өйткені Сұраншы тауда жалғыз өзі қалған.

Жырдағы негізгі оқиғалар - екеу.Бұлар екі сюжетті құрап, екі бөлімде әңгімеленеді. Алғашқысы – қоқандықтар мен қырғыздардың Сарыкемердегі Дулат руларына шабуылы мен Сұраншының өз сарбаздарымен барып, шапқыншыларды талқандап, қуып шығуы туралы оқиғалар. Екіншісі – қырғыздардың басшысы Орманның Сұраншыны хат арқылы ұрысқа шақыруы, Сұраншының жеке барып, қырғыз қолымен айқасуы, Жагор бастаған қырық жігіттің Сұраншыға қосылып, қырғыздарды жеңуі туралы әңгіме.Сұраншы да, Орман да соғыстан кейін елдеріне барып, қайтыс болады.

Сұраншы қырғыздың көп қолын елге келтірмеу мақсатымен Орман ханға өзі жалғыз барады да, Орман ханды жекпе-жекке шақырады. Екі рет шақырса да, қырғыз ханы шықпайды. Оның орнына Бұқай, Байтыл, Битуған деген батырлар шығады. Алдымен Бұқай шығады, бірақ Сұраншы: «Маған хан керек «, - деп оны қайтарады. Одан кейін майданға Битуған келеді. Ол өзін мақтап, талай жауды жеңгенін, Кенесарыны өлтіргенін айтып, Сұраншыға сес көрсетеді, бірақ өзі емес, үшеулеп Сұраншыға жабылады. Үшеуін де жер жастандырады. Орманның қасындағы барлық қырғыз Сұраншыны қоршап алады.

Әлі кеткенімен Сұраншы өлмейді. Дәл осы кезде батырдың жан досы Жагор қырық жігітімен келіп үлгереді.Қырғыздар көп манабынан айырылып, жаралы ханын өңгеріп, ордасына қайтады. Орман хан «Найза тиген жерінен қағынып кетіп, ем қонбай, ордасына кеп өлді», - дейді Жамбыл. Сұраншы батыр да еліне қайтып, бабына келген шақта қайтыс болады.

Сұраншының образы – халық армандаған батыр бейнесі. Сұраншы – тарихи тұлға, ол – елін, жерін отаршылардан қорғаған қаһарман.



Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың «Сұраншы батыр» дастанынан үзіндіні мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту: 1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?

2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың «Сұраншы батыр» дастанының толық нұсқасын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың айтыстары

(1846-1945)

Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Ж.Жабаевтің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. .

1. Ж.Жабаев пен Жетісу ақындары туралы не айтасыңдар?

2.Бүгінгі күн көзқарасымен қарағандағы Жамбылға берілетін баға қандай?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақын атағын шығарған,елге танытқан – айтыстары.Жамбыл айтыстарының ерекшелігі қашанда бір бағытты ұстап,сол жолда бар өнерін жарқырата көрсететіндігі.Айтыстағы Жамбыл тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік,ел ішіндегі қиянат.Халық басындағы мұң-мұқтажды,арман-тілекті айтып,қашанда ел атынан жырлаған ақын жеңіске жетіп отырған.

Жамбыл айтыстарының ішіндегі ең көрнектісі,ең кең жайылғаны – 1881 жылы Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет Албан,Дулаттың бай,билерін мақтап,өз руын көтеріп,барын әспеттейді. Жамбылдың жеңісі – адамдық байлық мал,дәулет емес,батырлық,татулық, ынтымақ, әділдік сияқты қасиеттер екнін жеткізе айтқанында.Жамбл рулық мақсат,мүддеден халық,жалпы адамшылық тілекті жоғары қояды.

Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт.

Досмағамбетпен айтысы 1902 жылы өткен.Бұнда Жамбыл:

Екі жүзді болмасаң,

Байды неге мақтайсың?

Қайыры көпке тимеген,

Әкімдікпен билеген,

Жарлыжалшы сүймеген

Ханды неге мақтайсың?

Халыққа тиген пайдаң жоқ,

Қайтіп тұзыңды ақтайсың? – дейді ,ел тілегі,ой,арманымен қабысыпортақ арна табады.

Жамбылдың Айкүміспен,Жамбылдың Бөлектің қызымен (1880жылы) айтыстарында жастық,мөлдір сезім,сыйластық,жарасым бар.

Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған,көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.


Кітаппен жұмыс: кітаптан Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың айтыстарын оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов

(1897-1961)

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу ;

б) Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келуге берілген.Сол тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Кеңестік әдебиет» атты түсінікке не айта аласыңдар?

2.Қазақ даласында өткен төңкеріске өз көзқарастарыңды білдіріңдер?

3.Қазіргі қазақ әдебиетіне өткен ғасырдағыдай қауіп бар ма?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұхтар Әуезов Семейдің Абайында,қазіргі шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Абай ауданының Қасқабұлақ-Бөрілі аулында 1897 жылы туған.Атасы Әуез,әкесі Омархан елге қадірлі,сауатты,әдебиет пен өнерге құмар жандар болған.Абай аулымен сыйлас,аралас-құралас,туыс болған жандар.Атасы Әуез кішкене кезінен немересіне Абай өлеңдерін жаттатып отырған.Немере ағасы Қасымбекпен бірге Семейдегі,орыс гимназиясында,оны бітірген соң осындағы мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды.1922 жылы Ташкент Мемлекеттік университетіне түсіп,1923 жылы Петербург университетіне ауысып,1928 жылы бітіреді.

Орта Азия мемлекеттік университеті Шығыс факультетінің аспирантурасынан білім алады.Тұңғыш жарық көрген еңбегі (1917) «Адамдық негізі - әйел» деп аталады.Көсемсөзде әйелдің тең құқығы,бостандығына назар салып,қызмет бір ғана әйел үшін емес,қоғам үшін екенін айтады.Қазіргі нақыл сөзге айналған: «Ал,қазақ,мешел болып қалам демесең,тағылымыңды,бесігіңді түзе! Оны түзейін десең,әйелдің халін түзе!», - деген ойды айтқанда М.Әуезов не бары 20 жаста ғана болатын.Жиырмасыншы жылдары «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Оқыған азамат», «Үйлену», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелері», «Жуандық» т.б. шығармаларын жазды.30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Қасеннің құбылыстары», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.М.Әуезовтың,қазақ әдебиетінің,ұлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші,1947 жылы екінші кітабы жарық көрді.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1897 жылы дүниеге келген

1922 жылы Ташкенттегі университетке түседі

1923 жылы Петербургке ауысады

1928 жылы бітіреді

1942 жылы «Абай жолы» жарыққа шығады.



Білімді бекіту: 1. М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы қандай мәселені көтерді?

2.М.Әуезовтің 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды?



Білімді бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтың өмірін және шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы:Мұхтар Әуезовтің әңгімелері,повестері

(1897-1961)

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) адам баласында кездесетін жаман мінез-құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету ;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?

2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жазушының алғашқы прозалық шығармасы – 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» әңгімесі.Асыраушысы,сақтаушысы,қорғаншысынан айырылған жас Ғазиза,оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары.Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы,қиянат атулының шегі жоқ дегенге сендіреді,жан түршіктіреді.Жазушы табиғат суретін,Күшікбай жайындағы әңгімені тарата отырып,психологизм,символдық бейнені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан дүниесімен үйлесімділік табады.

Жазушының алғашқы шығармаларының бірі «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен» т.б. әңгімелері әлеуметтік теңсіздік,қоамдық әділетсіздік қана емес,адамдардың қым-қиғаш,қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан дегенді айтады.

М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің,нәзік лиризмнің,сондай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.

Жазушының «Шатқалаңда», «Бүркітші» т.б. әңгімелері – саясат ықпалымен колхоз құрылысын,социалистік қоғамды көрсетуге арналған шығармалар.

«Кім кінәлі?», «Сөну-жану», «Қыр суреттері», «Жетім» әлеуметтік тақырыптарды қозғайды.Жазушының «Қыр суреттері», «Барымта» шығармалары құлашты суреткерлігін,баяндау тәсілінің кеңдігін,кейіпкер сомдау шеберлігін көрсетті.

Жазушының табиғат,табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күресі,айқасы «Көксерек» повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген.Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас,суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етеді.Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түскен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады.Қанша қолдан тамақ беріп,түнде қойнына алып жатқанымен де,тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны,оның әр қимылынан,әр айла,әрекетімен көрінетіні көркем жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет