Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Цистицеркоз қоздырушысы - таспа құрт



бет47/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Цистицеркоз қоздырушысы - таспа құрт дернәсілдері (личинкалары). Құрт дернәсіл-дері бұлшық етті зақымдап, ауру тудырады. Ауру көзі ауруды тасымалдаушы ит болып табылады, ол сыртқы ортаға құрттың жұмыртқаларын нәжісі арқылы бөліп, азықты, суды, құрал-жабдықтарды ластайды.
2.3 Кенелермен шақырылатын аурулардың ішінде қышыма қотыр кең тараған. Ауруды тері кенелері тудырады. Ауру контагиозды жолмен, яғни ауру жануарлармен тікелей жанас-қанда немесе күтім құралдары арқылы жұғады. Кенелер тері ішіне еніп, теріде қабынулар тудырады. Кенелер тері арқылы қозғалған да, жүрген жерлерін қышытып, жануарлардың мазасын кетіреді.
3. Зертханалық жануарлардың жұқпалы емес аурулары
Зертханалық жануарлардың жұқпалы емес ауруларының этиологиясы әр түрлі. Сапасыз азықтың әсерінен ішек-қарын жолдарының қабынуы, ауа температурасының күрт төменде-уінен, ауаның дымқылдығынан тыныс жолдарының қабынуы, үсік шалу, шаңдану салдары-нан көздің кілегейлі қабығының қабынуы, азықта дәрудәрмендердің (витаминдердің) жетіс-пеуінің салдарынан түрлі гиповитаминоздар дамиды.
Мыс.: азықта А дәрудәрменінің жетіспеуі көздің кілегейлі қабығының құрғап, қабы-нуына, Д дәрудәрменінің және кальцийдің жетіспеуі организмде кальций фосфор алма-суының бұзылуына, рахитке, Е дәрудәрменінің (витаминінің) жетіспеуі жыныстық жеті-луінің төмендеуіне әкеп соғады.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
1. Зертханалық жануарлардың инфекциялық аурулары.
2. Зертханалық жануарлардың инвазиялық аурулары.
3. Зертханалық жануарлардың жұқпалы емес аурулары.
4. Зертханалық жануарлар ауруларының алдын алу және жою іс-әрекеттері мен шара-лары.
Сабақтың қорытындысы: конспект жазу, мазмұндау
Рефлексия: қосымша сұрақтар беру
Бағалау____________________________________________________________
Үй тапсырмасы: Зертханалық жануарлардың аурулары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет