БӨЛІМ. СЕРТИФИКАТТАУ НЕГІЗДЕРІ
1 Тарау. Сәйкестікті растау және
сертификаттау саласындағы негізгі
түсініктер
1.1 Сертификаттау туралы жалпы үғым
Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-өрекеттің бірі болғандықтан бүл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.
Сөйкестікті бағалау - өнімге, процеске, түлғаға не-месе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сөйкестікті бағалау іс-әрекет-терінің айңын мысалы болып табылады. Сөйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайын-даушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жақңа да төуелді емес түлға немесе орган.
Сәйкесті растау нөтижесі - объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарын-да белгіленген талаптарға сәйкестігін қүжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сөйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рөсімі.
Сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген та-лаптарға сөйкестігінің дөлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы.
Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:
1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының
(орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойын-
ша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процес-
тердің стандартқа, өзге де қүжатқа немесе өтінім бе-
рушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзе-
ге асыратын рөсім.
Дайындаушының (орындаушының) айналысқа шыға-ратын өнімінің, көрсетілетін қызметінің белгіленген та-лаптарға сөйкестігін куөландыратын қүжат - сәйкестік туралы декларация деп аталады.
2. Сөйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық
регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін рас-
тау жүзеге асырылатын рәсім. ■
Сөйкестікті растау саласындағы қүжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сөйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган бер-ген сөйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.
Сөйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қыз-меттің техникалық регламенттерде белгіленген талап-тарға, стандарттардың немесе өзге де қүжаттардың ере-желеріне сәйкестігін куәландыратын ңүжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де қүжаттарда белгіленген талап-тарға сөйкестігін растау рөсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.
Сөйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгі-ленген талаптарға сәйкестігін осы жүмысты жүргізудің наңты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік жөне техникалық қүжаттаманы талдау ж.б.) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.
Сөйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор -уөкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.
Сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік қүжаттарды белгіленген талап-тарға сөйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы.
Достарыңызбен бөлісу: |