Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет35/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Бүйректің шаншыуы кезінде: жылы мұйық, ыстық ,оған қоса спазмолитіктерді (но – шпа, папаверин) және 0.1% атропин +1% омнопон немесе промедолды енгізу,курорты ем, хирургиялық ем.
Бүйректің зақымдануы
Олардың түрі – жабық (тері асты жарылуы) және ашық (жарақаттан) болуы мүмкін.
Жарақатты ашық түрі: шабылған, кесілген.
Белгілері: бел аймағының ауруы,ісінуі, гематурия, іш перденің тітеркенуі,
ас қорыту мүшелері қызметінің бұзылуы, ішпен қан кету белгілері,тахикардия,
ҚҚ төмендеуі, гемоглобиннің төмендеуі.
Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру,жараға таңғыш салу,ауырсынуды басу,
тасымалдау, хирургиялық ем.
Қуықтың жарақаттары.
Себебі:биіктен құлағанда, оқ тиген жара, жамбас сүйектерінің сынығы,
кесілген жара
Белгілері:зәр сындыруға жалған шақырым, несепағардан қанның шығуы, жарадан зәр иісі шығады, 2-3 күннен кейін жалпы улану белгілері: гипертермия, тахикардия , ауырсыну.
Диагностика:УДЗ,Рентген контраст зерттеуі, КТ
ЕМІ:Тек ғана ота арқылы.
Несепағар түтігінің зақымдануы
Түрі: тері асты жабық, ашық түрі.
Белгілері:іш пердеден тас жамбас белдеуінің астындағы ауырсыну, жайылманың пайда болуы, басып сипағанда қатты ауырсынуы.
Анықтау жолы:
цистография кезінде - контрасты зат зәр шығару түрінде тыс іш пердеге не жамбас қуысының тіндеріне қарай өтеді.
Алғашқы көмек пен емі:
тыныштандыру, ашық жараға таңғыш салу,ауырсынуды басу,тасымалдау, әркезде әр түрлі хирургиялық ем қолданылады.
Үрпінің зақымдануы
Зақымдануы – ашық және жабық болады.
Жабық түрі - кавернозды дененің ақ қабығының зақымдануында және де аталық жынысс мүшесі мен оның қосушы таяқшаларының, жамбас сүйек аралығының жарылуы кезінде пайда болады. Ең ауыр түрі – қобу (эрекция) кезіндегі зақымдануы.
Белгілері: ақ қабықтың және кавернозды дененің сықырлауы, қатты ауырсыну,
кей кезде шок болуы.
Жабық түрінің белгісі: уретрорагия – несеп шығатын өзектен қан шығуы,
урогематома - несеп шығатын өзекке қанның ұюы.Зәрдің шықпауы,зәр шыққанда түтікшеден үйіп қалған қанның шығуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет