Бронхопневмония. (катаральды пневмония)
Бронхылар мен өкпенің қабынуы (бронхопневмония) – катаральды қабыну, дақты қабыну, нақтыланбаған қабыну – бронхылардың және өкпенің жекелеген бөліктеріннің қабынып, альвеолалар мен бронхылардың қуыстарына катаральды жалқықтың толуымен сипатталынатын дерт.
Себептері. Ірі қара малды өсіріп, бордақылайтын шаруашылықтарда көп жағдайда бронхопневмонияның пайда болып, көп таралуына зоогигиеналық қалыптылық технологиясының бұзылғандығы себеп болады.
Шошқа өсеретін шаруашылықтарда, әдетте, шошқаларды төсемесіз, суық, едені цемент не асфальт (цемент ауруы), ауасының ылғалдылығы жоғары және аммиак жиналған қораларда ұстауы бронхопневмонияның көп таралуына себепкер болады.
Бронхопневмонияны тудырып, әрі қарай дамытуда микроорганизмдердің маңызы өте зөр. Бронхопневмониямен ауырған не сол дерттен өлген малдың көпшілігінің өкпелерінің қабынған жерлерінен стрептококк, стафилококк, сарцин, протей, ашытқылы саңырауқұлақ, микоплазма және микроорганизмдердің басқа да түрлері бөлініп алынады.
Белгілері. Жіті түрде өткен аурудың бастапқы кезеңінде бронхиттің белгілерінен басқа жалпы жабығу, сыртқы әсерге реакциясының бәсеңделуі, әлсіздік, азыққа зауқы соқпау не бәсеңдеу, дене қызуының 1–20С-қа көтерілуі байқалады. Әлсіреген және қатты арықтаған малдарда дене қызуы көтерілмеуі де мүмкін. Аурудың 2–3-күндері тыныс алу жүйесінің зақымдалу белгілері: жөтел, күшейген ауыр тыныс және демікпе, танаудан ұйымалы-катаральды не катаральды ақпа ағу, қатаң везикулярлы қырылдар естілу айықындалынады. Біраз тәуліктерден кейін перкуссиялап тексергенде өкпелердің алдыңғы ұштарынан күңгірттенген дыбыс шығатын жерлер анықталынады.
Бронхопневмония созылмалы түрде өткенде көбінесе жүрек-қан тамыр, ас қорыту жүйелерінің, бауырдың қызметтерінің бұзылғандығының белгілері, терінің ауырғаны (экзема, дерматит), қан құрамының азғындағаны айқындалынады.
Анықтау. Ауру жайындағы жиналған мәліметтер, ауруға тән клиникалық белгілер және өлекседегі болатын өзгерістер арқылы бронхопневмонияны еш қателеспей дәл анықтауға болады.
Емі аурудың бастапқы кезеңдері тиімді. Бронхопневмониямен ауру жануарларға антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, гемотерапия, новокаин блокадалары, витаминді препараттар, ақуыздық гидролизаттар тағайындалады. Антибиотиктер пайдаланылуы кезінде оған патогенді микрофлораның сезімділігін жҥйелі тҥрде тексеріп отыру керек. Пенициллиннің натрий не калий тұздарының 0,5%-дық новокаиндегі ерітіндісін бұлшық етіне тәулігіне 3–4 реттен 1 кг салмағына шаққанда 7–10 мың ӨБ енгізеді, ем курсының ұзақтығы – 5–8 тәулік.
Бициллинді суспензия түрінде методикалық нұсқауына сәйкестендіріп, тәулігіне бір реттен не күнара 1 кг салмаққа шаққанда 10–15 мың ӨБ енгізіледі, емдеу мерзімі 4–5 енгізу.
Стрептомицин сульфатын, тетрациклин гидрохлоридын не окситетрациклин гидрохлоридын бұлшық етке тәулігіне 1–2 реттен 5–7 күн қатар 1 кг салмаққа шаққанда 8–15 мың ӨБ еңнізеді. 1–1,5 айға дейінгі төлдерге аузы арқылы тәулігіне 3–4 реттен 5–7 күн қатар 1 кг салмаққа шаққанда 0,005–0,01 г левомицетин не эритромицин береді.
Сульфаниломидті препараттардан ішіне 0,04 г/кг мӛлшерінде тәулігіне 2-3 реттен норсульфазол немесе сульфадимезин, сульфацил, фталазол, этазолды 1-2 г мӛлшерінде тәулігіне 2-3 реттен 5-6 кҥн бойы енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |