Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит


Ревматизм (ревматикалық қызба)



бет20/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   105
Terapia

Ревматизм (ревматикалық қызба)осы ауруға бейім адамдарда, көбіне жасөспірімдер мен балаларда А топты В гемолиздеуші стрептококтың әсерінен дамитын және жүрек – тамыр жүйесін басым зақымдайтын дәнекерлік ұлпаның жүйелік инфекциялық – аллергиялық ауруы.
Ревматизм көбіне балалық және жасөспірім шақта, шамамен 7-15 жас аралығында басталады.
Этиологиясы. Стрептококк организмге мұрын, көмейден енеді. Ревматизмнің алғашқы шабылуы және оның, қай жаста болсада, барлық рецедивтері стрептококтың қатысуымен жүреді. Бірақ, стрептококтық инфекциямен аурығандардың барлығы ревматизммен ауырмайды (0,3-3% ғана).
Клиникалық көрінісі
А.Н.Нестеров ревматизм дамуының 3 кезеңін айырған:
Латентті – стрептококтық инфекциядан кейін 2-4 аптада өтетін кезең
Ревматизмнің алғашқы шабылуы. Аурудың барлық белгілері кездеседі, дер кезінде емдесе, өзгерістер қалмай, толық сауығуы мүмкін.
Ревматизмнің қайталамалы өршулерінің кезеңі. Дерттің рецидив түрінде қайталанып жүрек ақауын, жүрек шамасыздығын дамытады.
Ревматизмде клиникалық белгілерін 2 топқа бөлген: жүректің және жүректен тыс тобы.
Жүрек белгілері:
Ревматизмдік кардит (ревмокардит) – белсенді ревматизмнің негізгі белгісі-миокард пен эндокардтін зақымдануы.
Ревматизмдік миокардит ревматизмнің негізгі, кейде жалғыз ғана белгісі. Науқастарда жалпы жағдайы бұзылып, әлсіздік, ентігу, кардиалгиялар, жүрек қағу пайда болады.
Алғашқы объективті симптомдары: тахикардия, брадикардия, тыныс алу аритмиясы, жүректің көлемінің ұлкеюі, жүрек тондарының әлсіреуі немесе тұйықталуы. Жүрек ұшында систолалық шудың естілуі. Рентгенде миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуі байқалады.
Ревматизмдік эндокардит –жүре дамитын жүрек ақауларының басты себебі (80%), негізгі белгісі жүрек ұшында және Боткин нүктесінде состолалық шу, жүрек шегарасының солға кеңеюі, жүректің ауырсынуы, лабильді қозғыштық дене қызуының көтерілуі.


Жүректен тыс зақымдануының белгілері.
Ревматизмдік полиартрит – буындардың зақымдануы. Ерекшелігі: ірі буындар симметриялы түрде зақымданады, ауырсынудың көшпелілігі, қабынуға қарсы емнен тез жойылуы, буындардың толық қалпына келуі. Бұл синдром 3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Объективті белгілері: буындар қызарған, ісінген, ыстық, деформация, қимылдың шектелуі.
Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы - кіші хорея: клиникалық белгілері біртіндеп дамиды. Алдымен астенизация, көңіл күйінің тұрақсыздығы, ашуланшақтық, агрессия немесе пассивтілік, селқостық, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы, сабаққа деген үлгерімнің төмендеуі. 8-10 күннен кейін гиперкинездер дамиды – еріксіз, ретсіз қимылдар. Қимылдың дискоординациясы дизартрияға, жазудың, мимиканың еріксіз бұзылысына әкеледі.
Бүйректің зақымдануы: аз уақытта протеинурия, гематурия, бірақ сирек кездеседі.
Терінің зақымдануы: сақиналық эритема, ревматизмдік түйіндер және түйінді эритемамен білінуі мүмкін. Сақиналық эритемада теріде сақиналар тәрізді қызғылт эритемалық дақтар, кейде бірнеше сағатқа ғана пайда болып жойылады. Сақиналық эритеманы көргенде бірден ревматизм диагнозын қоюға болады.
Ревматикалық түйіндер коллагенге бай аймақтарда, сіңірлердің бойында буындардың сыртында орналасады, көлемі тары дәніндей, оларды табу үшін осы жерлерді қолмен мұқият сипап тексеру керек. 1-2 айдан кейін тарап кетеді.
Тексергенде: жалпы қан анализінде - лейкоцитоз, ЭТЖ-ның көтерілуі, диспротеинемия, С–реактивті белоктың пайда болуы, Сиал қышқылдарының мөлшерінің көбеюі. Антистрептококты антиденелердің титрінің көтерілуі. ЭКГ-да өзгерістер: гипертрофия, миокардтағы зат алмасу процестерінің бұзылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет