Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы биологиялық химия кафедрасы Нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі Барлық факультеттің студенттеріне арналған


РНҚ молекуласының түрлері және олардың қызметі



бет7/9
Дата12.10.2023
өлшемі101.5 Kb.
#480569
1   2   3   4   5   6   7   8   9
LнуклеинKZ

РНҚ молекуласының түрлері және олардың қызметі.
Тасымалдаушы РНҚ. Жасушадағы РНҚ-ң жалпы санын алғанда оның үлесіне шамамен 15 %-і келеді.
Қызметі: 1. амин қышқылдарын байланыстырады; 2. Рибосомаларға амин қышқылдарын тасымалдайды; 3. амин қышқылына дәл сәйкес келетін, мРНҚ-дағы дұрыс кодондарды табады.
Синтезделу орны – нуклеоплазмада және митохондрияның матриксінде. Алғы тРНҚ синтездеуші - РНҚ-полимераза III.
Құрылысының ерекшеліктері: тРНҚ комплементарлық негіздерінің қосақтануының арқасында екінші реттік құрылымды құрайды, яғни беде (жоңыршқа) жапырағын еске түсіреді. тРНҚ молекуласында екі активті орталық бар: 1. акцепторлы бөлік деп аталатын, 3`-соңында –ССА-ОН тобы, оған ферментті жолмен амин қышқылдары жалғанады. Сонымен, егер бұл аргинин болса, онда тРНҚ-н тРНҚ Arg деп атайды. Бұл активті орталық беденің сабағында орналасқан. 2. Антикодонның триплеті, ол рибосомдық комплексте мРНҚ-ң комплементарлы кодонын табады. Ол беде жапырағының бірінде орналасқан. Активті орталық тРНҚ біріншілік транскриптерінің посттранскрипциялық түрленуі процессінде құрылады. тРНҚ молекуласы бірнеше түрленген негіздерден тұрады, олар оның кеңістіктік құрылымын шамамен тұрақтандырады.
Белгілі бір тРНҚ тек қана амин қышқылының бір түрін ғана тасымалдайды, бірақта жасушадағы 20 амин қышқылына 50-ден аса тРНҚ келеді. Амин қышқылдары тРНҚ молекуласының бірнеше түрімен байланысуға қабілетті. Бұл молекулалар изоакцепторлар деп аталады.
Рибасомалық РНҚ. Синтезделетін орны: нуклеоплазмада, ядрошықта, митохондрияның матриксінде. Жасушадағы РНҚ-ң жалпы құрамын алғанда оның үлесіне шамамен 80 %-і келеді. рРНҚ негізін құрушы түрінде синтезделеді. Синтезді РНҚ-полимераза-I жүргізеді.
рРНҚ молекулалары спиральді бөлікті құрай отырып молекула ішінде негіздердің қосақталуы арқылы екінші реттік құрылымды құрайды.
Алға-рРНҚ посттранскрипциялық түрленуінің және спецификалық белоктармен байланысу барысында рибосома пайда болады.
Эукариот рибосомасы 2 субъбірліктен тұрады: үлкен (60S) және кіші (40S). Екі субъбірлікте 75 белоктан және көлемі жағынан айырмашылықтары бар рРНҚ-ң 4 түрінен тұрады, оның ішінде кіші субъбірлікке белоктың 50 %-і және РНҚ 18 S 1 молекуласы келеді. 60S суббірлік қалған белокты және рРНҚ 3 молекуласын құрайды: 5 S, 5,8 S,және 28 S. 5,8 S, 18 S, және 28 S молекулалары ядрошықта, . 5 S молекуласы – нуклеоплазмада синтезделеді.
рРНҚ қызметі: 1.рибосомның құрылымдық компоненті; 2. мРНҚ спецификалық бөліктерімен әсерлесу жолымен трансляцияға қатысу; 3. белоктармен бірге рибосома жұмысын қамтамасыз етеді.
Матрицалық немесе информациялық РНҚ. Синтезделетін орны – нуклеоплазмада және митохондрияның матриксінде. Қызметтері: 1. генетикалық информацияны тасмалдаушы; 2. белок синтезі үшін матрица. Эукариоттың әрбір мРНҚ молекуласы бір белоктың амин қышқылдық кезектескен реті туралы информацияны ұстайды. мРНҚ-ң өмір сүру мерзімі анағұрлым қысқа: транскрипциядан кейін-ақ ол бұзылады. Бірақта және ұзақ жасайтын- мРНҚ бар, ұрық жасушасының РНҚ, ол ұрықтанғаннан кейін активтеледі.
ДНҚ-матрицасындағы РНҚ-ң синтезін транскрипция деп аталады. Рибонуклеозидтрифосфаттар (АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ) РНҚ-ң синтезі үшін энергия көздері және субстраттары ретінде.
Алғы мРНҚ синтезін РНҚ-полимераза II катализдейді.
РНҚ-полимеразаның матрицамен байланысу аймағын промотор деп аталады (ДНҚ спецификалық кезектескен реті). РНҚ-полимеразасы терминдеуші кезектескен ретіне жеткен кезде (терминация сайты), синтез аяқталады. Промотормен және сайт терминациямен шектелген ДНҚ бөлігі, транскрипция бірлігі – траискриптонды құрайды. Эукариоттарда транскриптонның құрамына, дұрысын айтқанда, тек қана бір ген кіреді.
Транскрипция процессінде 3 кезең бөлінеді: инициация, элонгация және терминация. Промотордың активациясы белоктық фактордың көмегімен жүреді (ТАТА-фактор), ол өзінің атын алғаны, яғни промотор ТАТА-бокс нуклеотидтермен спецификалық кезектесіп әрекеттеседі. ТАТА-фактордың жалғануы промотордың РНҚ-полимеразамен әрекеттесуін жеңілдетеді. РНҚ-полимеразаның промоторға жалғануы инициация факторына ферменттердің жақындығын жоғарылатады (А, В), олар ДНҚ-ң қосқабатты спиральінің бір жібінің шамамен тарқатылуын иницирлейді.
Элонгация факторлары (Е, Н, F) РНҚ-полимеразалардың активтілігін жоғарылатады және нуклеотидтік тізбектің айырылатын жерін жеңілдетеді. РНҚ молекуласының синтезі 5`- тан 3`-соңына қарай ДНҚ-ң матрицалық тізбегіне комплементарлы жүреді. ДНҚ тізбегінде РНҚ-полимеразаның жылжуына байланысты оның алдында айырылысу, ал артында – қосқабатты спиральдің қалпына келуі болады.
Терминацияның сайт аймағында ДНҚ-ң қосқабатты спиральінің айырылысуы терминация факторы үшін оны қолайлы етеді. РНҚ-полимераза сайт терминацияға жеткен кезде, транскрипция тоқталады. Терминация факторы матрицадан біріншілік транскриптің бөлінуін жеңілдетеді. Пайда болған нуклеин қышқылы матрицаға комплементарлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет