35.Гемодинамикалық қан алмастырушылар, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері. Орташа молекулярлы қан алмастырушы сұйықтықтар негізінен гемо-
дилютант болып есептеліп, АҚК жоғарылатуға және осы арқылы артери-
алды қан қысымының деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады.
Олар қантамыр арнасында ұзақ уақыт айналымда болып, жасуша аралық
кеңістіктегі сұйықтықты қантамырға тартады. Бұл қасиеттерін шок, қан
жоғалту кезінде пайдаланады.Төмен молекулярлы қан алмастырушы
сұйықтықтар капиллярлық перфузияны жақсартады, қанда аз уақыт айна-
лымда болады, артық сұйықтықты өзімен бірге бүйректер арқылы тезірек
сыртқа шығарылады, Бұл қасиеттерін капиллярлық перфузияның бұзылысын
емдеуде, организмнің дегидратациясы үшін, және интоксикациямен күресуде
токсиндерді бүйректер арқылы шығаруда пайдаланады.
Декстран [ор. мол. масса 50 000-70 000] - декстранның коллоидты
ерітіндісі (декстрозаның бактериалды текті полимері). Оның кұрамында ор-
таша молекулярлы (60 000110 000) декстран фракциясы бар, оның молеку-
лярлы массасы адам қанының коллоидты-осмостық қысымын қамтамасыз
ететін альбуминге жақын келеді. Препарат натрий хлоридінің изотониялық
ерітіндісіндегі 6% декстран ерітіндісінен тұрады. рH=4,5-6,5. Залалсызданған
түрде 400 мл флакондарда шығарылады. Сақтау температурасы -10 "С-тан
+20 °С-ка дейін. Жарамдылық мерзімі 5 жыл. Препарат қатуы мүмкін,
еріткеннен емдік касиеті қалпына келеді.
Декстранның [ор. мол. масса 50 000-70 000] емдік әсер ету механизмі,
оның АҚК қантамыр арнасына жасуша аралық кеңістіктен сұйықтықты тарту
есебінен көбейтуі және ұстап тұру, және оны өзінің коллоидты қасиетінің (ге-
модилюция) аркасында сақтап тұру мүмкіндігіне негізделген. Декстранды [ор.
мол. масса 50 000-70 000] қолданғанда қан плазмасының көлемінің жоғарылауы
енгізілген препараттың көлемінен асып түседі. Препарат қантамыр арнасын-
да 3-4 тәулік айналымда болады, оның жартылай шығарылу кезеңі 1 тәулікті
құрайды.
Декстранның [ор. мол. массасы 50 000-70 000] гемодинамикалық әсер етуі
бойынша барлық белгілі қан алмастырғыштардан асып түседі, өзінің кол-
лоидты осмостық қасиеттерінің есебінен АҚ және ОКҚ қалпына келтіреді,
қанайналымды жақсартады. Декстранда [ор. мол. массасы 50 000-70 000]
диурезді жоғарылататын және организмнен токсиндерді шығаратын
20%-ға дейін төмен молекулярлы декстран фракциясы болады. Декстран
[ор. мол. масса 50 000-70 000] қантамыр арнасына тіндік токсиндердің
шығуына және олардың бүйрекпен шығарылуына мүмкіндік туғызады.
Қолданылуға көрсеткіштер келесідей:
• шок (жарақаттық, күйіктік, операциялық);
жедел канжоғалту,
• ауыр интоксикация кезіндегі жедел циркуляторлы жетіспеушілік (пери-
тонит, сепсис, ішек түйілуі, т.б.); гемодинамика бұзылған кезінде қанды алмастырып құю.
Препаратты бас сүйек жарақатында және ішкі қан кетумен жалғасатын бас
сүйек ішілік қысымның жоғарылауында қолдануға болмайды.
Препараттың бір реттік дозасы - 400-1200 мл, қажет болғанда оны
2000 мл дейін көбейтілуі мүмкін. Декстранды [ор. мол. массасы 50 000-
70 000] көктамыр ішіне тамшылатып және сорғалатып енгізеді (науқастың
жағдайына байланысты). Шұғыл жағдайларда сыздықтатып құюдан бастай-
ды, АҚ жоғарылағанда минутына 60-70 тамшы жылдамдыкпен тамшылатуға
ауысады.
Декстран [ор. мол. массасы 30000-40 000] - натрий хлоридінің изотониялык
ерітіндісіндегі декстранның 10% төмен молекулярлы (молекулярлык масса
35 000) ерітіндісі. Әрбір 20 мл ерітіндісі қосымша 10-15 мл суды тінаралық
кеңістіктен байланыстырып, АҚК жоғарылатуға қабілетті.
Препарат эритроциттерге катысты күшті дезагрегациялаушы әсерін
көрсетеді, канның стазын жоюға, оның тұтқырлығының төмендеуіне және
қан ағысының күшеюіне мүмкіндік туғызады, яғни канның реологиялық
қасиетін және микроциркуляцияны жақсартады. Күшті диурездік әсер ету-
ге ие болғандықтан, оны интоксикация кезінде жан-жақты колдана беруге
болады. Декстран [ор. мол. массасы 30 000-40 000] қантамыр арнасыннан
2-3 тәулік ішінде шығып кетеді, бірақ негізгі мөлшері бірінші тәулікте несеп-
пен шығарылады. Препараттыколдануға көрсеткіші басқа да гемодинамикалық
қан алмастырғыштарға арналған сияқты, одан басқа оны тромбоэмболиялық
аурулардың, посттрансфузионды аскынулардың алдын алу және емдеу үшін,
жедел бүйрек жетіспеушілігінің алдын алу үшін пайдаланады. Препарататың
дозасы - 500-750 мл. Оны қолдануға қарсы көрсеткіш болып бүйректің со-
зылмалы аурулары саналады.