Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Лимфаденит. Жіктелуі, клиникасы, емделуі, Лимфангиит. Этиологиясы, клиникасы, алдын алуы, емделуі



бет70/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

Лимфаденит. Жіктелуі, клиникасы, емделуі, Лимфангиит. Этиологиясы, клиникасы, алдын алуы, емделуі.

Лимфа түйіндерінің қабынуы. Әртүрлі қабыну ауруларының және арнамалы инфекция асқынуы ретінде пайда болады. Жіктелуі: жәй және іріңді. Жәй: катаральды, фибринозды, гемаррагиялық, гиперпластикалық, аралас.
ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗІ. Қоздырушы лимфа тамырларымен лимфа түйіндеріне енетін іріңдеуші микроорганизмдер.
Қабыну процессі іріңдіге ауысуы мүмкін болатын серозды ісінуден басталады, (қарапайым, катаральды лимфоденит). Ал, аденофлегмона қоршаған тіндердің іріңді қабынуы кезінде дамиды.
Инфекция қабыну ошақтарынан лимфа тамырларымен таралғанда дамиды.
Клиникасы: лимфа түйіндері ылғалды, ісінеді, ауырсыну п.б. негізгі белгісі: айналасындағы терінің қызаруы. Дене температура жоғарылауы, пульс жиілеуі, кейде қалтырау, тоңу. Қан анализінде лейкоцитоз, лейкАсқынулары: аденофлегмона – инф лимфа түйінінен қоршаған шел майына дейін тарағанда дамиды.
Абсцессті лимфаденит – лимфа түйіні іріңді ыдырауға ұшырап, флюктуация белгісі п.б.
Емі: 1. Біріншілік ошақты жою
2. антибактериалды ем
3. жергілікті физиотерапия
Хирургиялық ем жүргізіледі абсцессті лимфаденит пен аденофлегмона дамыса. Ошақты тіліп, дренаж қойылады.
Лимфангиит – лимфа тамыларының жедел іріңді қабынуы. Инфекция мен оның улары іріңді ошақтан таралып, лимфа тамырларының қабынуын тудырады. Бұл кезде лимфа тамырларының саңылауы тромбпен бітеледі.
Клиникасы: дене қызуы көтеріледі.ауырсыну п.б. Жергілікті б: жайылмалы, ретикулярлы, торлы гиперемия. Қызыл түсті жолақтар п.б. беткей орн-н ірі лимфа тамырлары зақымдалса. Пальпаторлы лимфа тамырлары ауырсынып, тығыз жіп болып сезіледі.
Асқынулары: лимфаденит, флегмона, сепсис, пілаяқ.
Емі: 1. Иммобилизация
2. біріншілік ошақты жою
3. антибактериалды ем
4. жергілікті ем: антисептиктермен компресс, физитерапия.

Ъ98. Тромбофлебит. Этиологиясы,патогенезі, жіктелуі,клиникасы, Жылжымалы тромбофлебит пен флеботромбоз түсінігі. Тромбофлебит пен флеботромбозды емдеу принциптері.
Жедел венозды жетіспеушіліктің негізгі себебі тромбоз, тромбофлебит,жарақаттану,ағзалардағы қанның ағып кетуін қамтамасыз ететін ірі веналарлы таңу болады.Тромбофлебит қанның ағысы терең веналар арқылы іске асырылады;беткей веналардың бітелуі , коммуникантты веналардың кең торларының арқасында компенсацияланады.Беткей веналардың тромбофлебиті кезінде қабыну белгілері жетекші болып қалады.Магистралды веналардың өткізгіштігінің бұзылуы ,жедел венозды жетіспеушілікті шақырады.Бұл қолда бұғана асты және қолтық асты веналары , аяқта -жалпы сан және мықын веналары.
Сан венасының жедел тромбозы , тромбофлебиті үшін аяқтардың ісінуі венозды суретпен цианозды тері тән .Саннын ішкі бетінде кенеттен пайда болатын немесе біртіндеп өршитін айқын ауырсынулар байқалады.
Жамбастың және санның магистральды веналарының жедел тромбозы ,шат аймағындағы және санның ішкі бетіндегі ауырсынумен қабаттасады
Зақымданған жағындағы аяқтың ,шат аралығының , іштің төменгі бөлігінің айқын ісінуі ,сандағы венозды сурет күшейген пальпацияда шап және мықын аймағында айқын ауырсынулар айқындалады.Жамбас және санның магистральды веналары тромбозының бұл алуантүрлілігін ақ флегмазия деп атайды.
Аяқ және жамбастың барлық веналарының тоталды тромбозы ,жедел венозды жетіспеушіліктің өте ауыр формасы -көк флегмазияға -венозды гангренаға ,жиі өліммен аяқталатын ағымға әкеледі .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет