110. Эхинококкоз, альвеококкоз. Этиологиясы, патогенезі. Эхинококкоздың клиникасы. Зерттеудің қосымша әдістері. Емі. ЭХИНОКОККОЗ Эхинококкоз – көбіне жануарлар және адамның таспалы гельминт-
Пен – эхинокок (Echinococcus granulosus) тудыратын ауруы. Жануарлардың
Кейбіреулерінде – қой, ешкілерде, сиырларда, шошкаларда – ол көпіршікті
Пішіндегі түрінде паразиттенеді, ал иттер, қасқырлар, ши бөрілер және
Түлкілер эхинококкоз жұктырылған жануарларды жеп өздеріне жұқтырып
Алады және адамдарға жұғу көзі болып қалады. Эхинококкоз әсіресе мал
Шаруашылығымен айналысатын аймактарда таралған (мысалы, Кавказ,
Кырым, Еділ бойы, Батыс Сібір, Орта Азия).
Гельминттер жұмырткасы адам ішегіне түсіп, кабығынан босап шығады,
Одан ішек қабырғасына енетін және қантамырларға және лимфатамырларға
Түсетін дернәсіл шығады. Қақпа венасының жүйесімен дернәсіл бауырға
Түседі. Осы жерде кідіреді және 60-70%-ға дейін паразиттер дами бастайды,
Алайда олардың кейбіреулері бауырлық тосқауылдан өтіп, кіші қан айналым
Шенберіне, содан соң өкпе капиллярларына (10-15%-ға дейін дернәсілдер)
Түседі. Кей кезде паразит өкпелік тосқауылдан өтеді және өкпе веналарымен
Сол жақ жүрекшеге түседі, содан соң қарыншаға және әрі қарай – үлкен қан
Айналым шеңберіне. Бұлардан өткен дернәсіл кез-келген ағзаға жеткізіледі –
Бүйректер, көкбауырға, бұлшық еттерге, қалқанша безге, жыныс ағзаларына
Және т.б. Көбінесе бауырдың (70% жуық) және өкпелердің (15% жуық), си-
Рек – басқа ағзалардың зақымдануы болады.
Дернәсіл бекінген орнында ілмегін жоғалтып, жаңа пішінде дами бастай-
Ды – гидатидозды немесе көпіршікті. Эхинококты көпіршік, өзіне тән ки-
Стозды қуысты түзілім – хитинді қабыкты, мөлдір ақ немесе жылтырайтын
Сұйықтықлен толған киста. Көпіршік баяулап өсе бастайды, 1 айда оның
Диаметрі 1 мм-ге ұлғаяды.
Эхинококты киста алып өлшемдерге дейін жетуі мүмкін – диаметрі
15-20 см. Өзінің өсу барысында киста айналасындағы тіндерді басып, атро-
Фиясын шақырады, мысалы бауырдың, өкпенің. Тіндерге түсетін қысым, ки-
Ста айналасында асептикалық, продуктивті қабыну және фиброзды капсула
Түзілуін тудырады.
Эхинококкоз
Хитинді қабықтың дернәсілдік қабат деп аталатын ішкі бетінде жаңа
Көпіршік (ішкі) және сколекстер, ішкі көпіршіктерде – сколекстердің
Жаңа ұрпағы (немерелік көпіршіктер) түзіледі. Ішкі көпіршіктердің
Түзілуі, олардың хитинді қабыктың сыртына да бөлініп шығуы мен және
Жана кисталардың түзілуімен болуы мүмкін. Көп мөлшердегі (1000-ға
Дейін) көпіршіктердің әркайсысы және жекеленген сколекстер жұктыру
Жөнінен потенциалды қауіпті, егер операция уақытында сақтық шарала-
Рын ескермесе немесе кистанын кездейсоқ жарылып кетуінде сколекстер
Плевраның, ішастардың, ішкуысы ағзаларының айналасындағы тіндерге
Тұқымы шашылып, іш немесе плевра қуысына түседі. Эхинококтың
Өздігінен өліп қалуы, кистаның іріңдеуі, оның капсуласының әктенуі сирек
Кездеседі.
Клиникалық көрінісі
Эхинококтың патогеномдық клиникалық белгілері болмайды. Паразит
Жылдар, тіпті он жылдар бойына өсуі немесе дамуы мүмкін, кейде
30-40 жылдарға дейін. Көп жағдайда кисталар өзін ешбір білдірместен үлкен
Өлшемдерге жетеді.
Клиникалық ағымына қарай эхинококтық аурудың үш сатысын ажыра-
Тады.
• І саты – симптомсыз, дернәсілдің (онкосфералар) ағза тініне енген
Уақытынан басталады және клиникалық белгілері көрінгенге дейін. Бұл
Сатысының ұзақтығы әртүрлі және кистаның орналасу орнына байланы-
Сты: көздің, мидың эхинококкозы кезінде, кезең қысқа, ал бауырдын,
Өкпелердің закымдануында – ұзак.
II саты – клиникалық көріністердің сатысы, үлкен өлшемдегі кисталар-
Мен сипатталады. Әртүрлі қарқындылықтағы аурусезімдері байқалады –
Кистаның орналасу орнына байланысты, бауырдың (глиссон капсу-
Ласын) фиброзды қабығының, көкбауыр капсуласының, плевраның,
Сүйекүсті қабығының өспемен керілуінен және басылуынан; бұл кезде
Оң жақ немесе сол жақ қабырға астында, кеудеде, қол-аяқтарда ауыр-
Сыну пайда болады. Әлсіздік, көңіл күйдің болмауы, есекжем, терінің
Қышынуы, жүрек айнуы, жөтел болуы мүмкін. Науқасты клиникалық
Тексерген кезде, бауырдың, көкбауырдың ұлғайғанын, бұлшық еттерде,
Сүйектерде, бауырдағы киста аймағында, ауырсынусыз томпайған және
Ісінуді анықтайды.
• III саты – эхинококкоздың асқынған сатысы. Перфорация, кистаның
Куысты ағзаларға жарылуы (іш, плевралды қуыстарға) айкын ауырсы-
Ну синдромы мен ауырсыну шогына дейін барады (тахикардия, әлсіз
Тамыр соғысы, АҚ төмендеуі), перитонит, плеврит белгілерімен қатар
Жүреді. Эхинококты кистаның іріңдеген кезіңде (барлық асқынулардың
Өте жиісі) ісіну орнында ауырсыну күшейе түседі, қалтырау, профузды
Тер, ауыр интоксикация, гектикалық сипаттағы дене температурасының
40-41 °С-қа дейін жоғарылайды.
Асқынуы Эхинококкоздың асқынуына тіршілік үшін маңызды ағзалардың басы-
Лып қалуы және осының нәтижесінде асциттің, механикалық сарғаюдың,
Иннервацияның бұзылуы (парестезиялар, ұйып тұрған сезім, ауырсыну син-
Дромы) әсер етеді. Кистаның бронхқа жарылуы кезінде көп мөлшердегі
Қақырық пайда болады, ол іріңді (кистаның іріңдеген кезінде) болуы мүмкін.
Қақырықпен бірге эхинококк көпіршіктері, хитинді қабықтың қалдықтары
Шығады. Сүйектердің зақымдануы кезінде патологиялық сынықтар, буын
Шығулары, буындар қызметінің бұзылысы, кистаның іріңдеуі кезінде іріңнің
Және көпіршіктердің, хитинді қабықтардың бөлінуімен жыланкөздердің
Түзілуі мүмкін.