Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет57/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   143
Кітап Тәрбие

Менмендік мінезді тәрбиелеу
Өзімшілдік, өркөкіректік, өзін білермендік, өктемшілдік, өрескелдік, өрсіздік арқылы пайда болатын менмендік мінез басшының басқаның сағын сындырады.
Өзімшілдікпен «мен білемін, менікі дұрыс, мен артықпын, мен озықпын, мен жақсымын яғни мен, мен, мен» деп, өзін-өзі артық санап, өрікпеген адам менмендік мінезбен өзінің «осалдығын» білдіріп опық жейді.
Өркөкірек адам өзгенің жақсылығын «жақтырмай, жетістігін жете білмей, өзін мақтап, өзгені табалап, көкірегін көтеріп, асылдан алға батырмайды» «Мен деп кеуде қақпаңыз, адамдықты сақтаңыз».
Өзін білермандық жасап, менменшіл адам, басқаның байыбына бармайды, өз ойын, өзшешімін ұсынып, ұрыс-керіс шығарып, теріс ойын тексініп, тепсініп, айтқанынан қайтпайды.
Өктемшілік пен менменшіл адам, өзгенің құқығын құртса, өзінің жаман ойын жариялайды. Көбінесе, бүлік басында жүрген адам басынан басып жіберіп, әділдікті бұзады.
Менменшіл адам өрескел «қылық» көрсетіп, құқұқтық құлықты базады. Мазмұнсыз мақтаныш жеңген менменшіл адам, қылмыстық әрекет жасағаннын өзі де білмей қалады. «Өзімдікі дұрыс!» деп, өре тұрады.
Өре тұрып, өзгенің мысын басып, доңайбат көрсетіп, менменшілдікті көпшілік жек көріп, «жеріне жеткізеді».
Менмендік мінез көбінесе өрескіл ойдан, ақмақтықтан пайда болады да, мінез иесінде әдептілік байқалмайды. Әдепсізді әлем жек көреді, оның халық тәліміне көп кедергісі тиеді. «Өресіздің өңмені биік, ойы аласа болады да» оны арсыздыққа апарады.
Менмендік мінезді менмендік мерт қылады деп дәлелдеу, мойындату, мәжбүрлеу, талап ету тәсілдерімен, ұжымдық және жеке тәлім арқылы тәрбиелеу керек.


Салғырттық мінезді тәрбиелеу
Немқұрайлықтан, кернаулықтан, бейберекеттіктен, еріншектіктен, жауапсыздықтан, санасыз, салақтықтан пайда болатын, салғырттық мінез.
Әрбір іске, құбылысқа немқұрайлы қарап, «арқан ессе, бас ессе» адам салғырттық мінездің кесірінен, сан соғады. Әрбір істің, құбылыстың құрылымы, реті бейқамдықтан бұзылады.
Салғырт адамның іс-әрекеті бей-берекет болады. Өйткені ол, іс жүзесін қалыптастыруды ойламайды. Жүйесі қалыптаспаған, іс-әрекет толық нәтижесі болмайды. «Салғыртттық сағыңды сындырады» дейді халық. Салғырт болма, саналы бол.
Еріншектік салғырттық мінезге себепші болады. «Еріншектің ертеңі таусылмайды» дейді халық. Ертеңін ойламаған адамның ертеңі жүйесіз болады. «Жүйесіз еңбек иесіз» болып, қырсығын табады.
Салғырт адам әрнәрсеге жауапсыз қарайды. Іс-әрекеттің әр түрлі құбылыстарына жауапсыз қарау – адамның адами қасиетін бұзды да, қилы әрекетте қырсығын тигізеді. «Салғырт деме, сал қырт» де деп, халық, салғырттықты қарғайды.
Салғырттық негізінде санасыздықпен байланысты. «Салғыртта сана жоқ, саяқта пана жоқ» дейді халық. Есті адам ақыл жинап, адамдық әрекетке тура қарап, тұлғалық бейнесін көрсетеді. Санасын сауықтырмаған адам опық жейді.
«Салақтықтың салы суға кетеді» дейді халық. Салғырттықтан пайда болған салақтық, «сананы бұзып» ұятқа қалдырады. «Олақтан салақ жаман» деп халық бекер айтпаған.
Салғырттық мінезді сынау, дәлелдеу, мойындату, талап ету, мәжбүр ету, көрсету тәсілдері арқылы тәрбиелеу керек.
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет