Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Хорезмидің «Махаббатнамасындағы» эстетикалық бейнелер



Pdf көрінісі
бет21/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
annotation23044

 
Хорезмидің «Махаббатнамасындағы» эстетикалық бейнелер 
XIV ғасырда өмір сүрген, Сыр бойын мекендеген Хорезми есімді автордың 
«Махаббатнамасы» Шығыстың даналыққа деген құштарлығымен қатар 
әсемдікті де жоғары бағалағанындығын әлемге танытты. Хорезми өзінің 
шығармасын асқақ сезімнің биігіне көтеріліп, түркілік сипаттағы сезімнің 
нәзіктігін, табиғи кіршіксіздігін, жалпы алғанда эстетикалық бейне ретінде 
көрсете білген. Ақын мұрасын біршама зерттеушілер ақын шығармашы-
лығындағы негізгі ұстанымдарды дөп басып айта алған десе де болады /5/. 
Шыныменде шығармасында Хорезми ұлы махаббатты, адалдық пен іңкәрлікті, 
адамгершілік пен кішіпейілділікті жырлай келіп, қанағат, сабыр, ар-ұят 
мәселесін көтереді, бұрынғы салт-дәстүрлерімізді барынша қадірлеуімізге 
шақырады. 
«Оғызнаманың» бірнеше аудармасы болған сияқты елімізде «Махаббат-
наманың» қазақ тілінде шыққан бірнеше тамаша аудармалары бар екенін айта 
кеткен жөн. Біздің қолданған мәтініміз Алма Қыраубаеваның аудармасы болып 
табылады. Ол «Мәдени мұра» бағдарламасының философия секциясында 
қабылданған мәтіндерді таңдаудағы антологиялық принципке сай келеді. 
Сонымен қатар 1986 жылы жарық көрген «Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме» 
Алматы, Ғылым, 1986-206 б. (Текстерді баспаға дайындаған, қазақ тіліне 
аударған және зерттеу мақалаларды жазған Ә.Дербісәлин, М.Жармұхамедов, 
Ө.Күмісбаев) еңбегі өзінің көлемділігімен, зерттеулердің терең ойлылығымен 
танылады. 
Авторлардың өз жеке басының өмір тарихының ғылым үшін жұмбақ болып 
қалып отырғандығын жасырмайды. Ол туралы төмендегідей сипатта-малар 
беріледі: «Мұхаббат-наме» - ХІ-ХІV ғасырларда түркі тілдес халықтар тілінде 
туған тамаша жазба ескерткіштердің бірі. Оның нақты 1353 жылы Сыр бойында 


162 
жазылғаны туралы шығарманың өзінде айтылады. Авторы жөнінде дерек жоққа 
тән. Хорезми – автордың лақап аты (псевдонимы), өзінің шын аты кім екені 
белгісіз. Шығарманың соңғы жағында Хорезми-Равани деген қосымша атау 
кездеседі. Ә.Нәжіптің айтуынша, Равани Хорезмидің тағы бір псевдонимы. 
Қалай болғанда да, Хорезми өз дәуірінің ең көрнекті ақындарының бірі /6/. 
Шынымен де Хорезмидің ақындық деңгейі жоғары болғанына шүбә келтіруге 
болмайды. Ол сонымен қатар ежелгі қыпшақ тіліндегі халықтың 
дүниетанымдағы эстетикалық бейнелерді әрлеуші, көрнектеуші, жетілдіруші 
тарихи тұлға болған десек те артық емес.
«Махаббатнама» әлемнің бірнеше тілдерінде жарық көргені белгілі. Со-
лардың ішінде араб тіліндегі жырдың вариантын орыс тіліне аударып, ондағы 
түсініктемелерді салыстырмалы түрде зерттеген ғалым-тюрколог Э.Н.Нәжіптің 
еңбегі жоғары бағаланады /7/. 
Ақын өмір туралы, әлем туралы барлық түсініктерін бір сұлуға деген ға-
шықтық сезімдерге негіздейді. Егер ғаламды ұстап тұрған керемет күшті 
іздейтін болсаңыз, онда оны адамның ыстық ықыласын білдіретін жүректің 
қалауынан іздеңіз дегендей кеңесті аңғарамыз. Адамаралық қатынастың түрлі 
астарлы жақтарынан сүйіспеншілік тақырыбын биіктету, асқақтату дәстүрі 
Хорезмиге дейін де, кейін де Шығыстың рухани мәдениетінде жиі кездеседі. 
Оларда авторлар әйелдің әсемдігін суреттей отырып жалпы табиғаттың 
үйлесімділігін, көркем келбетін оқушысына жеткізетін іспетті. Шынымен де 
егер адамға ақылдылық, рухтың беріктігі, тіршіліктегі ерлік қадамдар жарасып 
тұратын болса, онда әйел бейнесі көбінесе әсемдікті, сұлу-лықты, нәзіктікті, 
пәктікті және жылықтық сездіретін құбылысқа айналады. 
Адамзатқа тиесілі табиғат мүшелерінің басқаларынан артықшылыққа са-
наны, ақылды жатқызу үйреншікті түсініктер екені белгілі. Шын мәнінде кез 
келген тіршілік иесінде өзіне тән ақылдың жеткілікті мөлшері бар және соның 
арқасында және табиғи инстинктің көмегімен олар үлкен Ғарыштық 
үйлесімділікті бұзбай тіршілік етуде. Ал адамға берілген табиғи қасиеттермен 
қатар, оның рухани мәнін сипаттайтын махаббатқа деген бейімділігі бар. 
Хорезми осы қасиетті барынша жырлаумен болады. 
Дегенмен махаббаттың адамға тән сипаттамасын кеңірек тарқатуға ты-
рысқанымыз жөн. Хорезми жырлаған еркек пен әйелдің арасындағы 
сүйіспеншілікті білдіретін махаббатты табиғи махаббат деп атауға болады. Ол 
махаббаттың алғашқы баспалдағы және оның көрінісі көбінесе өзімшілдік 
деңгейінде танылады. Міне, сондықтан рухани деңгейі төмен адамдар табиғи 
махаббатын өте тұрпайы кейіпте білдіруі мүмкін. Ал Хорезми махаббаттың осы 
деңгейін аса көркем биікке көтере жырлайды. Өзінің сезімін ақылға, ру-
ханилыққа жеңдіре алатындығын көрсетеді.
Махаббаттың адамға сәйкес екінші деңгейі туысқандық махаббат болып 
табылады. Ол ананың балаға, әкенің балаға, баланың әке-шешесіне, бауырла-
рына, туысқандарына махаббаты, ыстық сезімі. Бұл деңгейде адамдар өздерінің 
керемет қасиеттерін таныта алады, тіптен, өз жақыны үшін өздерін құрбан етуге 
дейін барады. Қазақтың ғасырлар бойғы дәстүрі бойынша жетім-жесірге көмек 
беріп жүру қасиеті де кең жалада капитализм заманына дейін сақталып келген 


163 
болатын. Әрине, ананың балаға деген махаббаты нағыз риясыз махаббаттың 
қатарына жатады. Ол қатынаста ешқандай есептесу, пайда іздеу болмайтыны 
белгілі.
Махаббаттың биігі рухани махаббат деңгейі болып табылады. Ол адамның 
рухани деңгейінің біршама жетілгендігін білдіреді. Адам ешқандай адамды 
алаламайды, барлығына құрметпен қарай алады, табиғаттың үйлесімдігіне 
нұқсан келтірмейді, барлық тіршілік иесін бағалайды, сонымен қатар Жоғары 
Рухани Күштердің құдіретті күшіне бас иеді, яғни Ақиқат заңдылығына сәйкес 
өмір сүруге тырысады. Хорезми рухани махаббат туралы кеңінен айтып 
бермесе де келер ұрпақтың солай қарай ұмтыларына сенген сияқты. Сондықтан 
да осындай жыр халықтың санасына терең бойлаған.
«Махаббатнама» жыры табиғаттың көркіне, үйлесімділігіне, құдіретіне таң 
қалудан басталады және сонымен қатар әлемдегі процестердің барлығы 
айрықша заңдылық ретінде ерекше бір ғаламат күшке, яғни Тәңірінің 
бұйрығына бағынатындығы ескертіледі. Автордың пайымдауынша, тікендер 
арасына әсем гүл шықса, тастар арасында гауһар пайда болса оған еш таң қа-
лудың қажеті жоқ. Ол дүниенің ішкі заңдылығы, адамдарға көрінбейтін керемет 
қасиеті болып табылады. Өйткені, ғаламның кереметінің құпиясын адам өз 
санасымен ғана аша алмайды, қанша тылсым дүниені түсінуге, пайымдауға 
тырысқанымен ол жоғарғы күштердің қолынан келетін іс-әрекеттердің түпкі 
мәнін игеруі, немесе барынша кең мағынада қамтуы мүмкін емес дегенге 
мегзейді. Ал адамның қолынан келетіні - сол әсемдік әлемін барынша аялау, 
оған қамқор болу, нәзіктікті өз тұрғыңнан туындаған асыл сезімдер арқылы 
барынша адал ниетпен сыйлау деген ойды астарлап беріп тұрғандай әсер 
қалдырады. 
Әсемдіктің өмірдегі құдіреті мен маңызы жырда көрсетілгендей, тіптен, 
әлеуметтік иерархия мен субординацияның кейбір тәртіптерін кейін ысырып 
тастайды, өзіне тән ерекше жол салады. Мәселен, төмендегі жыр жолдары 
шығармадағы эстетикалық бейненің шарықтау биігін, ерекше сипатын көрсе-
тетінін байқаймыз: 
Әсем жымиысыңнан шекер ұялар
Інжудей тісіңнен гауһар ұялар. 
Жамалың әлемге жайылды кемел, 
Сен тұрғанда батыр да, патша да жер өбер. 
Хорезмидің эстетикалық түсінігі бойынша әлемдегі ең жоғарғы құндылық 
әлеуметтік болмыс үшін өзінің әсемдігімен, сұлулығымен, яғни қоғамдағы кез 
келген адам мойындайтын деңгеймен танылуы тиіс. Ал, енді бұл өлшемге сай 
келмеген жағдайда кез келген құбылыстың эстетикалық деңгейі төменгі сатыда 
деген қорытынды туындайды, ол және өзінің биігіне көтерілуі үшін 
эстетикалық жетілу баспалдағымен бірнеше сатыға көтерілуі тиіс деген ой 
тұжырымдалғандай болады. Эстетикалық сынақтан мүдірмей өткен субъектінің 
этикалық мағынадағы құбылыс ретінде де оңды бағалануы шығыс менталитеті 
үшін үйреншікті құбылыс. Ондай түркі әлеміндегі өзара қатынастардың 
қисынын төмендегі жыр жолдарынан аңғарамыз: 
Әсемдік әлемінде сұлтансың, ей жан, 


164 
Тұрған бойың мейірімдісің, ей жан. 
Әрине, ғашық болған жан өзінің сүйіктісін барынша асқақтата бағалайды, 
оның кемшіліктеріне аса назар аудармайды. Бұл ғашықтық феноменінің адамға 
тән сипаты. Ондай кезеңнен адам көбінесе жасөспірім шағында өтеді. Алғашқы 
махаббаттың осындай ерекшеліктерін әрбір адам сезінуі мүмкін. Көп жағдайда 
адамның алғашқы ғашықтық сезімдерде өте әсерлі образдары болғандықтан 
жастық шақта ол қызу да, әрі жылдам процестер түрінде көрініс береді. Ал, енді 
сол алғашқы махаббаттың осындай сезімді абсолюттеуге ұмтылған 
талпыныстарының нәтижесі кейде сәтсіз аяқталады. Ондай оқиғаларды көп 
халықтар жырға қосып, сан ғасырлар бойы өздерінің қайталанбас рухани 
кұндылықтары ретінде мәдени болмысында сақтауға тырысып келді. Мәселен, 
қазақ халқының рухани тарихындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз 
Жібек» махаббат дастандары жүзеге аспаған табиғи махаббаттың 
қасіретнамасы іспетті. (Жырда Хұсрау мен Шырын және Ләйлі мен Мәжнүн 
аттары аталып, солардың бір-біріне деген ынтызарлығы үлгі ретінде 
ұсынылады). 
Халқымыздың жоғарыдағы дастандарына ұқсас дүниелер көптеген ха-
лықтардың рухани әлемінде кездеседі. Ондай болатын болса, онда оқырманда 
«әр түрлі мәдениеттегі махаббат дастандарындағы бір-біріне ұқсас қайғылы 
финалдардың себебі қандай» деген сұрақ та туындауы мүмкін. Әрине, барлық 
табиғи махаббатқа тән нәрсе қайғылы аяқталуы тиіс деп сыңаржақты пікір де 
жасауға болмайды. Онда адамзат ұрпағы табиғатта жоғалып кетер еді-ғой. 
Дегенмен, махаббат дастандарының ақырын түсіндіргенде зерттеушілер 
арасында жете айтылмай жүрген нәрсе бар. Ол еркек пен әйелдің бір-бірін 
дүниеде тапқандағы мақсаты қандай. Екі адам бір-бірін таңдаған соң некеге 
отырумен, олардың отбасын құруымен мәселенің бәрі біте қоя ма? Әрине, 
бітпейді. Одан кейін күйеудің нағыз еркекке айналуы (рухани жетілу 
мағынасындағы) процесі мен қалыңдықтың нағыз аяулы жарға айналу процесі 
басталады. Міне, екі адам Ұлы Рухани Күштің Құдіретімен табысып, бір-бірінің 
адам ретінде жетілуіне, шыңдалуына көмектеседі. Тіптен, кейбір теріс 
қылықтарға барғанның өзінде бір-біріне көмегін беріп отырады. Өйткені, өз 
жұбайының кемшіліктерін кешіруі арқылы, оған сабырлылықпен қарау арқылы 
олар отбасы деген үлкен құндылықты сақтайды, рухани жағынан өсу жолына 
түседі. Ал, енді өзінің қосағына меншік ретінде қараушылық тек өзімшілдіктің 
көрінісі, рухани жетілмегендіктің белгісі. Әсіресе, еркек рухани дүниеге толық 
жауап беретін болғандықтан табиғи сезім шеңберінде шектеліп қалмауы тиіс, 
өйткені, оның одан да биік дүниедегі қызметтері бар. Ал егер әйел шын ғашық 
болатын болса, ол өзінің түгел табиғатымен, жан-тәнімен берілуге құқылы. Ол 
үшін жауапкершілікті әйел баласына жүктеуге болмайды. Себебі, өз табиғаты 
бойынша әйелдің сезімдері табиғи ортаның заңдылықтарына жақын. Ал табиғат 
болса үйлесімділіктің заңына ғана бағынады. Осыған байланысты адамзат 
тарихында негізінен қосылуға тиісті жұптардың отбасын құрып, дүниеге 
тіршілікті жалғастыратын ұрпақтар әкелгенін байқаймыз. Сәтсіз ма-
хаббаттардың қиындығын, қайшылығын, жүзеге аспау себептерін іздегенде 
көбінесе әлеуметтік ортаны, белгілі бір кейіпкерлерді, кейбір кездейсоқтық-


165 
тарды теріп беру мәселені түбегейлі түсіндірмейді. Ол тек қараңғы үйде қара 
мысықты іздеген харакетпен бірдей тірлікке айналады. Ал енді ол кеңістікте 
мысық жоқ болып шықса, онда, тіптен, босқа әурешілік болып шықпай ма? 
Жалпы махаббат философиясы өмір философиясының бір бөлігі болып 
табылады. Ал адамның өмірінің мәні неде? деген сұрақ туындауы ғажап емес. 
Ал енді жоғарыдағы жырдың жалпы қисынына сүйенетін болсақ, онда адам 
өмірінің мәні махабббатта. Дәлірек айтсақ, онда ол табиғи махаббатта. Енді осы 
ойды әрі қарай жалғастырсақ. Адам өзінің әрбір қадамын махаббаттың сырлы, 
нұрлы күшімен атқаратын болса, өмірде ешқандай кикілжіңге, ұрыс-керіске, 
адамаралық қайшылықтарға орын қалмаған болар еді. Оның әрбір ісінің нағыз 
шығармашылыққа толы боларына сенуге болар еді. Бірақ табиғи махаббат 
адамға онша биік руханилықты сыйлай қоймайтындықтан және ол адамның 
бойындағы өзімшілдіктің элементтерін толығымен жоя алмайтындықтан 
әлеуметтік ортадағы адами жетілудің биік үлгілеріне назар аударуымызға 
қажеттілік туындайды. Оны адамның руханилығы деп атауға болады, яғни 
басқаша айтқанда әрбір адам табиғи махаббат пен қатар туысқандық және 
рухани махаббаттың биік деңгейіне көтерілуі тиіс. Сонда ғана дүниедегі 
қайшылықтардың көбісі өзінен өзі шешіле бастайды, біз революциялар мен 
төңкерістер, реформалар мен әр түрлі саяси технология-ның ойындарына 
тәуелді болмаймыз. Ал кез келген жаппай өзімшілдік принципі жайлаған 
қоғамда адамның шынайы деңгейде бақытты болуы екіталай деген ойдамыз. Ол 
тек қана өзінің ғана емес, өзгелердің де өзімшіл екенін көріп жақсылыққа, 
қайырымдылыққа сенімін жоғалта бастауы мүмкін. 
Хорезмидің табиғи махаббатқа деген беріктігі шыныменде үлкен құрметті 
қажет етеді. Ол былай деп сезімін жырлаған: 
Ғұмыр өтті ғашықтықпен сүйгенге, 
Ағысымен дарияның жүзгендей, - 
деген сөздерден нағыз жанқиярлықты, берілгендікті байқаймыз. Ақын 
әлемнен өзінің сүйіктісін бөлектеп, оған иеленуге құқының бар ма, жоқ па 
екендігіне қатынасын анықтауға асықпайды. Оған нәтижеден гөрі сол процестің 
өзі маңыздырақ болғанға ұқсайды. Бірақ адамның принципшілдігі, өрлігі, нағыз 
тауға өрмелеуші альпинистке ұқсайтын қасиеттері бас идіреді.
«Руханилық – іс жүзіндегі Махаббат, барлығына және барлық нәрсеге деген 
Махаббат, ол негізінен әрбір адамға тән және ол оның шынайы адами дамуына 
қажетті дүние»,- дейді қазақстандық руханилық құбылысын зерттеуші 
мамандар /8/. Әрине, адам ғаламдық керемет әмбебап рухани зерде Иесі. Ол 
өзінің ақылын, ерік-жігерін көбінесе жеке басының мүддесіне арнайды.Тіптен, 
махаббат мәселесіне келгенде де өзінің жеке Мені барлық әлеуметтің 
мәселелерін қапсырып кететіндей жағдайға жетеді. Ал біздің рухани 
махабббатымыз осындай жағдайда солғын тарта бастайды. Ал шын мәнінде 
«Адамды адам ететін басты қасиет – рухани даму» /9/.
Хорезмидің «Махаббатнамасының» қазіргі заманғы мәдениет үшін зор 
философиялық, эстетикалық және этикалық маңызы зор. Бұл жырда айтылған 
ойлармен, паш етілген сезімдер техника мен ақпараттар ағынына бас ұрған 
жастарымызды өзінше үлкен биік дүниетанымдық қатынастарға шақырады 


166 
деген үміттеміз. Махаббатты жырламаған ақын да жоқ, оған азды-көпті 
тоқталып өтпеген жазушы да жоқ. Сондықтан осындай қадірлі сезімнің фи-
лософиялық астарына да үңіле түссек рухани кемелдене түсеріміз анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет