Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


 Хан Бураның (Байбурабек) баласы Бамсы-Бейрек туралы жыр



Pdf көрінісі
бет35/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

3. Хан Бураның (Байбурабек) баласы Бамсы-Бейрек туралы жыр. 
Хандардың ханы Баяндүрхан той жасайды. Оған келген бектердің ішінде 
Байбурабек пен Бай-Биджан бектер де болады. Той қанша қызық болып 
өтіп жатса да бұл екеуінің көңілі көтерілмейді. Олар кайғылы болады. 
Себебі бірі ұлсыз, бірі кызсыз екен. Бұлар жиылған бектерге шағынып, 
құдайға жалбарынып, перзент сұрап әперуін өтінеді. Ол кездерде 
бектердің «ақ дегені алғыс қара дегені карғыс болып», айтқандары келеді 
екен. Бұлардан қол жайып, перзент сұрап, бата алады. Көп ұзамай екі 
бай бірі ұлды бірі қызды бола ды. Олар бектердің алдына баталасып, кұда 
болысады.
Байбурабектің ұлы алып болып өседі. Байбурабек баласы өскенше оған 
ең қымбат сый даярлау үшін саудагерлерін алыс сапарға аттандырады. Ол 
Стамбулға барып, балаға лайық сыйлықтар алып қайтады. Олар келгенше 
16 жыл өтеді. Бала далаға алыс кетіп, жалғыз аң аулайды. Келе жатқан 
саудагер-лер керуенін гәуірлер тонап алады. Тоналғандар далада жалғыз 
шатыр тігіп жатқан жас батырды көріп шағынады. Батыр гәуірлерлі 
куып, саудгерлердің мүлкін кері иелеріне әпереді. Бұл Байбурабек 


142
баласы болып шығады. Әкесі оның ерлігін естіп, той жасап, Бамсы деп 
ат қояды. Ол саудагерлер әкелген көк тұлпарды мініп, қару-жарағын 
асынып, аң аулайды. Бір күні ол, ойламаған жерден, әдемі көп қыздар 
ерткен Бануше-шек (Гүлбану) деген әрі батыр, әрі сұлу қызға кезігеді. 
Оның өзіне болашақ некелі болуға жаралған сұлу екенін аңғал ба тыр 
сезбейді. Қыздарға өзі атып алған қанжығасын сыйлайды. Банушешек 
жігіт сиына риза болып, атын ерттеп онымен бірге аңға шығады. 
Банушешектің ешкімді алдына салмаған атынан Бейректің көгі озып 
жол бермейді, атқан оғынан оғы озып түседі. Бұған намыстанған ер қыз 
жігітпен белдесіп күш сынасады. Жігітпен үзақ тірессе де жыға алмайды. 
Осы күрес үстінде олар бірін-бірін ұнатады. Бейрек өз әкесіне келіп, құда 
түсуді өтінеді. Бірақ қыздың Қарашар деген әпербақан ағасы болады. Ол 
құда түсуге келгендерді аяусыз өлтіріп отырады. Сөйтсе де Байбурабек 
Қорқытты шақырып қүдалыққа аттан дырады. Ол Ешкібас, Қойбас дейтін 
екі атты тандап алып, қыз ағасына барады. Құда болуға келгенін қобызға 
коса жыр етіп айтса да оған тұра үмтылып, өлтірмекші болады. Қорқыт 
екі атты кезек мініп кашады. Ақылсыз қыз ағасы құтқармайды. Қорқыт 
кұдайға жалбарынып аман қалады. Ақылсыз қарашар алла әмірімен тілге 
келіп, Қорқытқа мынадай талап қояды. Егер ешбір інгенді қайытпаған 
мың бура, ешқашан үйірге салынбаған мың айғырды, кой көрмеген мың 
қошқарды, құйрығы мен құлағы жок мың төбетті, мың бүргені тауып 
берсең қарындасымды ұзатайын дейді. Бұл талапты Қорқыт өте шебер 
орындап, кыз ағасын бүргеге талатып сазайын береді. Ақыры үйлену 
тойы болады. Ғадет бойынша қыз жақтан оқ атып, оқтың түскен жеріне 
күйеудің отауы тігіледі. Күйеу түсіп жатқанын естіген гәуірлер түнде 
келіп, Бейректі қырық жолдасымен ұйықтап жатқанда байлап әкетеді. 
16 жылға дейін бұлардың кайда екенін ешкім білмейді. Байбурабекке 
кімде-кім баламның тірі екенін біліп хабар етсе көп сый берем, ал 
кімде-кім өлгенін анықтаса, қалындығы Банушешекке үйленсін деп 
жарлық шашады. Осыны естіген жаланшы ба ласы (Яланчи) қарғалған 
Жарташөк (Яртачук) Бану сыйлаған Бейректің ақ көйлегін ұрлап алып 
кетіп, қанға бояп, соны дерек етіп, балаң өліпті деп, Банушешекті 
айламен алмақшы болады. Осы кезде гәуірлер Бейректі 39 жігітімен 
тұтқында ұстайды. Басқа елдерден келген саудагерлер қатысқан бір 
тойда гәуір бегі Бейректі алдырып қобыз тартқызады. Сол жиынға 
Байбурабек елінің іздеуші саудагерлері қатысады. Бұлар тұтқынмен 
жасырын тілдеседі. Бірақ олар көмектесе алмайды. Гәуір бегінің қызы 
ғана Бейректі босатады. Себебі, ол Бейрекке ғашық болады. Екеуі 
қосылуға уағда қылады. Бей рек тұтқыннан шығысымен өзінің көк атын 
тауып мініп, еліне келеді. Елде Банушешекті қарғыс аткан Жарташөк 
алғалы той жасап жатады. Ел-жұрт батырды жоқтап, жылауда, әке-
шеше, ағайын-тума көңілсіз сүйген жары Банушешек аса қамыққан. Бір 


143
ақын жоқтау айтып зар шегіп отырады. Көңілді жүрген тек Жарташөк 
оңбаған екен. Бейрек қыздар шатырына келіп қобыз тартады. Қыздар 
билемейді. Қыздардың қасіреті өзі екенін көреді. Биге тек Қысырша-
Бике (Қысырча-Бике) де ген бейбақ әйел мен үйде отырып жүкті болып 
калған бейшара Яғыз-Буазча-Фатима шығады. Бейректің келгенін 
Банушешек сезіп, оны таниды. Қыздар қуанып батырдың әке-шешесіне 
хабарлап қуантады. Қуанышты ел-жұрт, ата-аналар жылайды. Тек 
Яланчи баласы Жарташөк кана үрейленіп, кірерге жер таппайды. Ол 
Тана өзені бойындағы қамысқа тығылады. Бейрек оны қуып келіп 
қамысты өртейді. Өрттен қорыққан бейбақ батырдың алдына келіп
аяғына жығылады, қылышының үстінен өтеді. Бейрек оның кінәсін 
кешеді өлтірмейді. Байбу рабек баласына енді дегеніңе жет, үйлен, хан 
бол дейді. Бірақ Бейрек өзінің 39 досы жау қолында, тұтқында жатқанын 
айтады. Жау камалын бұзып, достарымды азат етпей тұрып, оны 
істемеймін дейді. Ол оғыздың жеті батыры бастаған ауыр қолын ертіп 
барып, гәуірлердің жеті батырын өлтіріп, қамал бұзып, жолдастарын 
азат етеді. Еліне келіп қырық күн ойын жасап, дегендеріне жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет