Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы


Салар-Қазанның тұтқынға түсуі, оны баласы Ораздың



Pdf көрінісі
бет40/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

11. Салар-Қазанның тұтқынға түсуі, оны баласы Ораздың 
кұтқаруы туралы жыр. Гәуірлер Қазанға сұңқар сыйлапты. Бір күні 
құсын алып аңға шығады. Аңға салғанда сұңқары аң алмай алысқа 
ұшып кетеді. Оны Қазан куа береді. Ақыры гәуірлерге дейін келеді. 
Қазан ұйқысы келіп жатып қалады. Жау тыңшылары мұны біліп, 
Қазанды байлап, арбамен апарып, зынданға тастайды. Гәуір ханымы 
Қазанның кім екенін білгісі келіп, зынданды аштырып, сұрау салады. 
Қалай жатқанын сұрайды. Қазан жауап береді: Жер асты жақсы екен, 
Сіздің өлген ағайын-тумаларыңның бәрін көлік етіп, ат орнына мініп, 
оларға берген астарынды жеп жүрмін, - дейді. Ханым бұған сенеді. 
Менің жеті жасар қызым өліп еді. Оған мініп жәбірлей көрме деп 
жалынады. Қазан айтады: Мініп жүрген көлігімнің ішінде ол қыздан 
асқан жүйрігі жоқ. Оның үстінен түспеймін, - дейді. Ханым қатты 
қайғырады. Еріне келіп, мына татарды қайдан қамадың, ол тірімізді 
ғана корлап коймай, өлімізге тыным берер емес. Өлгендердің аруағын 
қорлатпай қуып жібер, дейді. Гәуірлер Қазанды шығарып алып, біз 


148
сізді босаттык, бірақ ендігәрі бізге шаппаймын, оғыздарды қыруға 
бізге көмектесемін деп ант бер - дейді. Казан: «Түзу жолым тұрғанда 
қисық жолға түспеймін, - деп сіздердің алдында ант етем» - дейді. 
Мұны ең адал ант деп түсінген гәуірлер оның қобызын береді. Қазан 
жауға ешқашан берілмейтін, жауын мақтап жа-лынбайтынын қобызға 
коса айтады. Жаулары Қазанның қайтпасына көзі жетіп, оны енді 
шошқа сарайына қамайды.
Қазанның баласы Ораз өсіп қалады. Ол әкесінің жау тұтқынында 
жатқанын естіп аттанады. Бұлардан қорыққан гәуірлер Қазанды 
шығарып, жауымызды жеңіп бер, босаталык - дейді. Келісіп, жау 
алдына келеді. Тілдеседі. Баласын таниды. Өзін танытады. Жауды 
қосыла шабады. Гәуірлерді қырады. Қорқыт бұл жеңісті де жыр 
кылады.
12. Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы көтеріліске шығуы, 
Бейректің өлімі туралы жыр. Қазан хан бірнеше рет өз мүлкін ішкі 
оғыздарға бөліп береді. Сыртқы оғыздар бөлістен құр қалады. Осыны 
ілік етіп, сыртқы оғыздар Қазанға қарсы шығады. Қазан Құлбашты 
жіберіп, сыртқы оғыздар басшысы Аруздың сырын біледі. Аруз Казанға 
қарсы топ жияды. Оған жақтас Бейректі шақырып алып, өздеріне 
қосылуды талап етеді. Ол Қазаннан өлсе айрылмайтынын айтады. Сол 
үшін оны өлтіреді. Қазан Бейректің жазықсыз өліміне ренжіп, кек aлy 
үшін аттанады. Қазан қолы Аруздарды жеңеді. Қазан алпыс тұтам ақ 
найзасымен Арузды шаншып өлтіреді. Жеңісті той лайды. Қорқыт жыр 
шығарады.
* * *
Міне, жырлардың мазмұны осылайша халықтық эпостарға сай 
баяндалып отырады. Аталған жыр оқиғаларын көп елдің аңыз 
әңгімелері мен ертегі-жырларынан кездестіруге бола ды. Жер, су, 
ру, мекен аттары, түрлі атаулар мен есімдердің түп қазығы алыска 
кетпейді. Өз жерімізден табылып жатады. Қорқытты көп ел біледі. 
Кіші Азия, Орта Азия, Азербайжан, Түркия, Кавказ, Қазақстан 
елдеріне тегіс мәлім. Бірі – оны әулие, пайғамбардың досы, екіншісі 
– имам, бақсы, үшіншісі – Қызыр аруақ, төртіншісі – батыр деп, 
бесіншісі – өнер иесі, кобызшы, жыршы, ақын, алтыншысы – асқан 
ақыл иесі, ізгі істерді бастаушы, алдын болжағыш, көріпкел – деп 
ұғады. Бәрі де Қорқытты меншіктеп сөйлейді. Оны өз атам, бабам 
деп ұғады. Өздерінше аңыздап, дәріптейді. Соның бірі – қазақ халқы. 
Қазақ арасында тараған аңыздарда Қорқыт әр түрлі бейнеде көрінеді. 
Мысалы, Шоқан есіткен аңызда Қорқыт – қазақтың бірінші бақсы-
шаманы, елге қобыз үйретуші ұстазы, күйші, өлең сазының шебері. 


149
Потанин Қорқыт – қазақтың тұңғыш жырауы десе, И.Кастенье 
Қорқытты казақты қобызға үйретуші, өнерпаз, ұстаз, балгер деп 
танытқан. 
Қорқыт туралы аңыздардың біразын Ә.Диваев жазып алған. Ол 
Қорқыттың моласын 1898 жылдары тауып, суретке түсіріп, көп 
мәліметтер жариялаған. «Мола туралы бірер сөз» деген еңбегінде ол: 
Корқытты қазақ әулие тұтады, моласына түнейді, – дейді. 
Қазақтар арасында көп тараған аңыздын бірі – Қоркыттың өлімі 
туралы В.Вельяминов-Зернов оның бірін 1867 жылы қазақтардан 
жазып алған. Ол Қорқыттың өлімінен кашып, ақыры Сыр суның үстіне 
кілем төсеп отырып, өлімді өзіне жолатпай, 100 жыл өмір сүргенін, 
оның бойының ұзындығы екі сажын болғанын аңыздайтынын айткан.
Осы аңызды И.А.Кастенье де естіп жазып алған. Бұл сияқты 
аңыздардың бір түрін П.С.Спиридонов Төлес Айшуақовтан 1899 
жылы жазып алған. Қазақ жерін көп аралап, бағалы этнографиялық 
деректер жазып қалдырған. И.В.Аничков та Қорқыт қабірін көріп, 
Сыр қазақтарынан ол туралы көп мәліметтер жазып алған.
60
«Қорқыт атаның» сюжетін 1921 ж. Ғалымжан Шарипов Қазан 
каласында «Арслан бек» деген атпен кысқаша баяндап шығарды. 
Бірақ аталған басылым тым еркін болғандықтан, ғылыми жағынан 
маңызы аз дерлік еңбек болды.
Жоғарыда аталған зерттеушлірдің бәрі де қазақ еліне тараған 
Қоркыт ата туралы аңыздардың мұсылман дінінен әлдеқайда бұрын 
шыққандығын атап көрсетеді.
Қазіргі қазақтың көрнекті әдебиетшілерінің де көпшілігі Қорқыт 
туралы аңыздарға тиісті дәрежеде көңіл бөліп отырды. Әсіресе, 
М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, 
А.Жұбановтар Қорқыт аңызының мазмұны негізінде қазақ халқының 
да Қорқытты өз адамы катарынан санайтынын, оның тарихта 
болғандығын растаған. Осыған орай Сыр бойындағы Қорқыт қабірінің 
жанынан 1980 жылы үкіметіміз ескерткіш орнатты.
Енді жоғарыда сөз болған «Қорқыт ата кітабының» сюжеттік 
ұқсастықтарына тоқтала кетелік. Он екі жырдан тұратын кітаптың 
сюжетіндегі кейбір эпизодтарға сай не жақын келетін жайларды 
қазақ жырлары мен аңыз-ертегілерінен көптеп кездестіреміз. Сондай-
ақ түркімен, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, т.б. халықтардың жыр-
аңыздарында да ұқсас сюжеттердің ұшыраса беретіні анықталған 
нәрсе. Қазақ жырларының ішінде «Қобыланды», «Алпамыс» сияқты 
жырлардың көптеген оқиғасы «Қорқыт ата кітабына» ұқсап жататынын 
1947 жылы жазған бір мақаласында Ә.Қоңыратаев айқын көрсетеді. 
60
И.В. Аничков. О некоторых местностях Казалинскога уезда, интересных в археологическом 
отношении. Ташкент, 1897 ж, стр. 54-98.


150
Біздіңше «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Қырымның қырық баты ры», т.б. 
жырлардан да ұқсас көріністерді көптеп кездестіруге болады. Аталған 
жырлардың жалпы әуені өте жақын екенін атап көрсеткен орынды. 
Оғыз батырлары мен қазақ батырлары мінездерімен де, ерлік дәстүр, 
әр түрлі түсінік әрекеттерімен де үндес. Олар әулиелердің араласуы 
арқылы дүниеге келеді, алыптарша жыл санап емес, күн санап өседі, 
ерте ер жетіп, жауға бөрідей тиеді. Тәңірі колдағандықтан, кандай 
қиындықты да жеңеді. Олар ер, бірақ аңғал. Аты мен жыры өзіне 
сай. Батырлар жырында түс көру, аян беру, қоштасу, жоқтау, үйленуге 
байланысты салт, ата жолын сыйлау сияқты дәстүр-жоралғылар 
үнемі кездеседі. Батырлар әрқашан үстемдікке, зұлымдыққа карсы 
күреседі, мүсәпірге жәрдем береді, т.б. моральдык сапаларымен, 
адамгершілік қадыр-қасиеттерімен көрінеді. Дерсеханның Токтарбай 
мен Бозмұнайлар сияқты бір балаға зарығуы, сол үшін бар мал-мүлкін 
сарп етіп, кезуі, әулиелерге түнеуі, ақырында оның ұл көру мотиві 
мүлде ұксас. Қазанның өзі жорыққа кеткенде елінің шабылуы, оның 
түс көруі, шабылған жұртын көріп зарлауы, оның баласы Ораздың 
тұткындалуы, елдегі жауыздық, әке-шешенің жоқтауы, зар жылаған 
сүйген жарының әрекеттері, батырдың жарасын емдеудегі анасының 
әдістері, қойшылар ісі, қазақ жырларын, әсіресе «Қобыланды» жырын 
еске салады. Құртқа мен Қарлыға бейнелеріне де ұқсас көріністер 
көп. Баласыз Байбөрі, Бозмұнайлардың бала тілеуі, той-думаны бәрі 
келеді.
Қорқыт кітабындағы: «Ат тұяғы асқар, ақын тілі қақсар», «Отыз 
екі тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар», «Жалғыз шауып жауды 
жеңіп», т.б. мәтел сөздер қазақта әлі де кездеседі.
Жырдағы түсінде Қазанның елін жау шапқанын көріп, Қара көне 
деген ағасына айтқан монологінен бір үзінді келтірелік:
Кара көне ағамыз, 
Бүгін мен бір түс көрдім, 
Түсімде қара күш көрдім.
Қолымдағы сұңкарым, ұшып кетті. 
Ақ түндікті үйіме найзағай түсті,
Ордамды калың тұман, нөкер басты. 
Үйіме кұтырған қасқыр шапты.
Қара түйем бұқама тап берді,
Қара қарғадай шашым көзімді жапты. 
Он саусағым қанға боялды... 
Батырлардың түс көру арқылы камдануы, аруақтармен тілдесуі 
ескі түсініктегі ел ұғымына сай баяндалады. Бұл сияқты халық жыр-


151
аңыздарда жиі ұшырайтын ұғымдар өте көп. Елінің кайғылы жайын 
қойшысынан сұрап білуі - Алпамыс, т.б. қазақ батырлары әрекетіне сай. 
Мысалы: Қазанды көріп, болған жайды хабарлаған Карақойшының сөзі 
мынадай:
Тірі ме едің, өлі ме едің Қазан хан,
Қайда жүрдің әкем Қазан хан?!
Кеше емес, үш күн бұрын өтті.
Үйдің шабылғанын осы арадан, Қазан хан
Қарт анаңды гәуірлер,
Қара нардың мойнына іліпті,
Әйелдің Бурыла катын еңселі, 
Қырық кызы сындарлы, 
Катар түзеп қасында, 
Жылай кетіп барады. 
Қырық жігіт касында, 
Жалаң аяқ, жалаң бас, 
Балаң Ораз о дағы, 
Кұл боп кетіп барады. 
Жүйрігіңді мініп, жылқынды 
Гәуірлер айдап барады. 
Алтын, күміс қазынанды, 
Гәуірлер айдап барады.
Қорқыт кітабында халыққа тән ерлік, өз еліне деген сүйіспеншілік өте 
сенімді суреттеледі. Әрбір кейіпкерлер іс-әрекеттері бұған айғақ. Әсіресе 
Қарақойшының жауға қарсы айтқан ерлік сөздері бұған айқын дәлел. 
Ол бес қаруы сай, көп дұшпан камап алып, тізе бүгуін талап еткенде
қайсарлықпен мына сөзді айтады:
Бос сөйлеме ит гәуір,
Итіммен бірге ас ішерсін,
Бурылды міндім деп мақтанба,
Ол да бір алабас текеме тең келмес.
Дулыға кидім деп мақтанба.
О дағы тері бөркіме тең келмес.
Алпыс тұтам найзанды мақтама,
О дағы қызыл шоқпарыма тең келмес.
Қылышым бар деп мақтанба,
О дағы кисық таяғыма тең келмес.
Беліңдегі тоғыз-он оққа мақтанба,
О дағы шұбар сапты пышағыма тең келмес,
Жігіттерім қуатын байқап қара
Жақын келіп біздерге ит гәуір!


152
Жау қолына түскен жазықсыз жас батыр Ораз дарға тартылмақ 
болады. Осы жағдайдың өзінде соңғы сөз сұрап, өз арманын дар ағашына 
қаратып былай дейді:
Ағаш-ау, ағаш, ағаш десем ұялма, 
Мекке менен Мединеге калқа болған сен ағаш! 
Аллаға өзі тілдескен Мұсаға аса болған ағаш! 
Үлкен өзендерге көпір болған бұл ағаш. 
Кара теңізге кеме болған сол ағаш. 
Әли патша дүлдүліне ер болған да бұл ағаш. 
Зұлқарнайын кылышын атуға, қынап та болған сол ағаш. 
Хұсайын, Хасан патшаға бесік болған бұл ағаш. 
Әйел менен ерлерді қорқытқан да сол ағаш. 
Жоғарыға қарасам, мәуең сенің көрінбес.
Төменге егер көз тіксем, тамырыңды көрмеспін.
Мені саған асқанда шыдармысьң, сен ағаш?! 
Егер шыдап сынбасаң, жас өмірім киылса, 
Жазаңды да тартарсың сен, кара ағаш,
Кес деп әмір берер ем, кара кұлдарыма,
Халқыма керек болдың сен ағаш...
Келтірілген жолдар қазақ ақындарының кейбір шығармаларын 
еске салады. Мысалы, Қашағанның Есқали сопыға айтқан 
өлендеріндегі домбыраның «Қуағаш» емес екенін түсіндіруі 
әуендес сияқты.
Жас, кінәсіз бала батыр Ораздың сөздері оқушыға әсерлі. Оның 
кайғысы, зары өмірге құштарлығы аянышты. Халық, жырлары 
сюжетімен әуендес:
Тағы да Ораз сөйледі, сөйлегенде ханым не деді? 
Ағайынды жақтаған жолдастарым қымбат болмаса,
Шұрқырасып кісінеген жылқыларым кымбат болмаса, 
Тұғырында түлеген сұңкарым қымбат болмаса, 
Бек бола алмай бос өткен өмірім қымбат болмаса, 
Жастықтың кызығын көре алмай арманда 
Қыршын қиылған жаным кымбат болмаса...–
деп Ораз дар алдында тұрып зарлайды. Бұл сияқты зарды Жәдігердің 
басынан да кездестіреміз ғой. 
Ер Сайын, Қобыланды, Алпамыстар сиякты Дерсеханның жалғызы 
да күн санап тез өседі. Он бес жасында-ақ өзі тұстас балалардан 
өзгеше күшті, ақылды, ересек болып көзге түседі. Болашақ 
батырдың алғашқы ерлігі аңшылықта, қауіпті жыртқыштарға қарсы 


153
күресте көрінеді. Жолбарыс сияқты кауіпті жыртқышпен жекпе-жек 
арпалысып, оны жеңеді. Жалғыз көзді дәуді тұншықтырады... Жас 
батыр-аңғал, жауы-керісінше, айлакер, қатыгез, қатал. Бұқашханның 
анасы түс көріп, баласының басына түскен қасіретті сезеді. Ол 
қырық қыз ертіп, баласын іздеп жолға шығады. Өлім халінде жатқан 
ұлын тауып оны өзі емдеп жазып алады. Бұл көріністер түгелдей 
қазақ жырларындағы Қобыланды мен Ерсайынды емдеп жазған ана, 
жар әрекеттерімен үндес.
«Қорқыт ата кітабындағы» Қазан мен Қобыландының елін сүюі, 
шабылған жұртын азат етулері де ұқсас. Қобыланды Қызылбастарға, 
Көбіктіге қарсы жорықта жүргенде елін Алшағыр шабады. Жаудан 
жеңіспен оралған батыр елінің жұртын көріп зарлайды. Сондай-
ақ Қазан да шүйкелі гәуір келіп елін шапқанда алыста жорықта, 
аң аулап жүреді. О да елінің жұртын көріп зар шегеді. Есін жиып, 
жауын куып, өш алады. Қырық қыз, қырық жігіт, тоғыз батыр, 
жеті күн, жеті күн сияқты үғымдар да «Қорқыт» кітабында қазак 
аңыз жырларындағыдай ұғымдас. Мысалы, Қазаннын тоғыз 
батыры бірінен-бірі күшті болып, әсірелене суреттеледі. Бұл 
сияқты көріністерді қазақтың XVI ғасырда жасаған жырауларының 
«Жуанхан», «Шона батыр» жырларынан айқын сезінеміз.
Қорқыт кітабындағы Бейректі тұтқыннан босату эпизоды да 
«Қобыланды» жырындағы батырлардың Көбікті тұтқынынан 
босанғандары сияқты. Екеуінде де гәуірдің кыздары батырларға 
ғашық болып, сол ғашыктық сезімдері үшін іс қылады. Бұл 
қыздардың бәрі де батыр. Өздері де жеке ерлік көрсете алады.
«Қорқыт» эпосының жетінші жырында Дирек деген алып батыр 
бейнеленеді. Оның бойы - 60 аршын, 60 пұтты өзі ғана көтеретін 
ертегілік қаһарман. Бұл сияқты дәулер қазақ жы рында да кездеседі. 
«Қобыланды» жырынның бір нұсқасында Қырык құлаш Қызыл Ер 
деген бар. Мұның сиқы сол Дирекпен шамалас.
«Қорқыттың» оныншы жырында Үйсін қожа Секрек өзінің 
ағасы Әкіректін жау қолына түсіп қамауда ұзак жатып қалғанын 
балаларымен ойнап жүргенде, бір баланың одан өш алу ретімен айтқан 
сөзі арқылы алғаш естіп, үйіне келіп шешесінен анық-қанығына көз 
жеткізеді. Бұл сияқты көріністерді қазақ жыр-аңыздарынан да жиі 
ұшыратамыз. Ағасын, босатпақ болып аттанған Секрек ұзақ жүріп, 
арып-талып жау қамалына жетеді. Бірақ, жаудан сақтану орнына, 
қамал кақпасының алдында қаннен-қаперсіз бірнеше тәулік ұйықтап, 
аңғалдық жасайды. Бүл мотивтердің де батырлық эпостарға тән екені 
дәлелдеуді тілемейтіні айдан анық жай.
Қазақ жырларында кездесетін бел кұда, бесік кұда салты Қорқыт 
атада да ұшырайды. Бамсы мен Бану-шешекке (Гүлбану) аналарының 


154
белінде жүргенде құдаласады. Бұл да «Қозы Көрпеш, Баян Сұлу» 
жырындағы Сарыбай мен Қарабайдың құдалық уағдаларын еске 
түсіреді (Қорқыттың үшіншіжыры).
«Қорқыт ата» кітабында нақылдар да көп кезігеді. Олардың 
мазмұны жалпы адамгершілікке тәрбиелейді. Мысалы: Инабатты 
болса, әйел көрікті. Ақ сақалы жарасқан - шал көрікті, сүйікті 
(сыйлас) болса - ағайын көрікті. Үлкен шаңырақтың қасында отау 
көрікті. Жібек шатырдың жібі көрікті. Өнегелі болса бала көрікті. 
Дүние-малы шашылмай, Мырза деген атақ жоқ. Тәкаппарлықты 
тәңірі сүймес. Мықты, жүйрік бедеуге қорқақ жігіт міне алмас. 
Ананың хақы (парызы) - құдайдың хақы. Күйеу бала - ұл болмайды. 
Ұл - атаның ері, екі көзінің бірі. Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін 
көрмесе, ұл жарытып ас бермес - әке үлгісін кермесе. Әдепті 
сөйле де, тыныш отыр. Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл 
атадан үйренбей сапар шекпес. Қабырғасы бүтін көтеріледі, сүйегі 
бүтін - өседі. Жалғыз жігіт қол (әскер) болмас, бос ыдыстың түбі 
мықты болмас. Көрші ақысы - құдай қақысы. Қонақ келген үйдің 
құлағаны артық. Көп қорқытады, терең батырады. Дұшпанның 
біреуі өлсе - куанба, жүрттың бәрі де өледі. Сауыт күші - қылышпен 
қылшылдатып ұрғанда (білінер), аттың күші - жігітті (жаудан) 
алып шығып құткарғанында. Шіріген мақтадан мата шықпайды, 
нағыз жаудан дос шықпайды. Қиып түсер кылышты мұқалтқанша, 
шаппаған жақсы. Ат жемейтін ащы шөптің өспегені игі, адам ішпес 
ащы судың аққанынан ақпағаны игі. Атасының атын шығармаған 
жігерсіз үлдың туғанынан тумағаны игі, жалған сөздің болғанынан 
болмағаны игі. Өтірік сөз өрге баспас. Ат арытпай жол бітпейді. 
Ұра білген жігітке оқ пен қылыштан гөрі шоқпардьң өзі артық. 
Қаратаудың басындай байлық жиса да, бұйрығынан артық ешкім 
ештеңе жей алмайды. Ұлдың күні күн емес, атадан мал қалмаса, ата 
малы пайдасыз, баста дәулет болмаса. Дәулетті ұл - ошақтың коры, 
дәулетсіз ұл атаның көрі (адамның қоры). Жердің соны (шүйгін) 
шөбін киік білер, жайылымның шалғынын құлан білер. Әр жолдың 
сүрлеуін түйе білер, жеті бұлақтың иесін түлкі білер, керуеннің 
түнгі жүрісін торғай білер, ердің батқанын ат білер, ауыр жүктің 
михнатын тұлпар білер, саз орайын бөкен білер, қапелімде бастың 
ауырғанын ми білер, ер жомартын, кісі ақылын жырау білер?! Отыз 
тістен шыққан сөз барлық ордаға жайылар. Ескі киімнің (тонның) 
биті ащы, жетім баланың тілі ащы. Ат тұяғы ақсауық, акын тілі 
қақсауық. Топырақ төбе болмайды. Қанша тасып тулағанмен өзен 
суы теңізді толтыра (тасыта) алмайды, канша қалың жауғанмен кар 
көктемнен калмайды. Гүл жайнаған шалғын да қара күзде қалмайды, 
қара есектің басына жүген салғанмен қашыр болмайды. Әр жердің 


155
отын бұғы біледі, тегістік отын құлан біледі. Ат шапса, ер мақтанады. 
Ажал жетпей өлмек жоқ. Өлген кайтып тірілмес, шыққан жан кері 
оралмас.
Қысқасы, қазақ эпостарына жақын келетін жайлар мен нақылдар 
өте жиі ұшырасады. Қазақтың өткен дәуір ақындары жырларына 
сай келетін көріністерді де көптеп кездестіру қиын емес. Ең бір 
таңқаларлық жай, Қорқыт ата кітабының тілі қазіргі қазақ тіліне 
аудармасыз-ақ түсінікті. Біз Анкара (Түркия) қаласында 1964 
жылы басылған «Қорқыт ата кітабының» түпнұсқасын окып 
көрдік. Қазақ оқушысына түсініксіз сездерді ол кітаптан өте сирек 
үшыратқанымызды батыл айта аламыз. Киіз үй жабдықтары, мал 
аттары, үй саймандары, адамның, малдың әрекеттері, айғырдың 
кісінеуі, құлынның куануы, қымыз пісіліп, қанып ішіп қызған 
бектердің дау-далабалары, т.б. көріністер Қорқытты қазақтарға 
мүлде жақындата түседі.
1970 жылдың аяғында «Қорқыт» жырларының көркемдік сырын 
ашуға жас зерттеуші Ш.Ыбыраев назар аударып, осы жырдың 
поэтикасын, эпитеттерінде тән құбылыстарды айқындап, еңбек 
жазды
61
. Асылы, «Қорқыт ата кітабы» қазаққа жат емес. Оның 
әдебиетіміз тарихында сөз болуы орынды.
61
Қараңыз: Ш.Ибраев. Некоторые аспекты исторического развитие развития эпитета и его 
функции в «Книга моего деда Коркута» / Известия АН КазССР, серия филолгии. 1979. стр. № 2


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет